Файл: 1саба Жанды табиат блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 81

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ұжымдық композиция жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан

оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

«Көлемді-кеңістікті композиция» ұғымымен таныстыру.

Көлемді бейнелер жасап, ұжымда жұмыс істеп үйрену.

Бағдарламалық міндеті

3.2.1.1

3.2.3.1

3.3.3.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалімнің міндеті: «көлемді-кеңістікті композиция» түсінігімен таныстыру, көлемді бейнелер жасап үйрету, ұжымда жұмыс істеу барысында міндеттерді бөлу.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: көлемді- кеңістікті композиция жасап, оған атау беру.

Оқушылардың міндеті

Жасайтын жұмысының идеясын айтып, топтағы әрбір қатысушының міндеттерін белгілеу. Мұғалімнің сұрақ- тарына жауап беру. Жұмыстарын таныстырып, талқы- лау. Терминдерді үш тілде білу.

Тірек сөздер: көлемді-кеңістікті композиция, ұжымдық жұмыс, жұмысты жоспарлау, міндеттерді бөлу,

жұмыстарды таныстыру.

Талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптар:

  1. Көлемді-кеңістікті композиция дегеніміз не? Жауап. Бұл – жан-жағынан қарауға болатын компози- ция. Онда заттар бір-бірінен алшақ орналасады.

  2. «Хайуанаттар бағы», «Құстар ауласы» көлемді-ке- ңістікті композицияларында нені бейнелеуге болады? Жауап. Мұндай композицияда әртүрлі аңдар мен құс- тарды бейнелеуге болады (бірнешеуін атайды).

  3. Ұжымдық жұмыс пен жеке-дара жұмыстың айыр- машылығы неде?

Жауап. Жеке-дара жұмысты бір адам орындайды. Ұжымдық жұмысты бірнеше адам орындайды, олар идеясын ортаға салып, жұмыс ретін жоспарлап,

міндеттерді өзара бөліседі. Мұндай жұмыста бәрі бір мақсатқа жұмылады.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: көлемді-кеңістікті композицияның не екенін біледі. Ұжымдық композицияны талқылауға қатысып, ортақ композиция жасағанда өзіне

міндеттелген жұмысты атқара алады.

Оқушылардың көпшілігі: көлемді-кеңістікті компо- зицияны қалай, ненің көмегімен, қандай материалдар-

мен және құралдармен жасайтындарын анықтайды.

Кейбір оқушылар: ұжымда жұмысты ұйымдастырып,

міндеттерді бөледі.

Бұрын алған білімдері

Айналамыздағы түстер. 1-сынып.

Ермексаз және полимер балшықтан мүсіндеу тәсілдері.





1-сынып.

Жануарлардың құрылысының ерекшеліктері. 2-сынып. Симметрия дегеніміз не? 3-сынып.

Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жа- ратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар жа- ратылыстану сабақтарындағы білім-біліктерін

пайдаланады. Шығармашылық шабыттарын дамыту үшін №2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында сыныпта ақырын музыка ойнап тұрады, ол К. Сен-

Санстың «Жануарлар карнавалы» сюитасынан

үзінді болуы мүмкін. Ұжымдық композиция жасау үшін оқушыларды топтарға бөлу керек. Бір топта 5- 6 баладан аспау қажет . Осылайша, жасалатын композицияның саны да шығады (шамамен 5–6).

К. Сен-Санс

«Жануарлар карнавалы»: Carnival of The Animals Complete Full Version Le Carnaval des AnimauxComplet Camille Saint-Saëns https://www.youtube. com/watch?v=1L993 HNAa8M







Camille Saint-Saëns The Carnival of the Animals, Charles Dutoit https://www.youtube. com/watch?v=O9P1L OBepcY







Оқулық. Жануарлар







бейнеленген







фотосуреттер мен







репродукциялар.

Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Жануарларды топтарға бөлу үшін оқушылар іріктеу критерийлерін ұсынуы тиіс: құстарды бір топқа

біріктіріп, үй жануарларын немесе жабайы аңдарды мекен ету орындарына қарай топтауға болады.

Оқушылар идеяларын ортаға салады. Хайуанаттар бағында әртүрлі жануарлар бар. Бүгін әрбір топ өзінің шағын хайуанаттар бағын жасайды.

Оқулық. Анималист-сурет- шілер мен пейзаж- шылардың графи-

калық және кескін- деме жұмыстары-

ның репродукцияла-







ры.




Мұғалім көлемді-кеңістікті композиция дегеніміз не екенін түсіндіреді. Мұндай композициялардың

үлгілерін көрсетеді. Одан соң оқушылардың

Оқулық, 18–20- беттер. Табиғи

ортадағы әртүрлі


Материалды түсіндіру

міндеттерін атап шығады. Топта оқушылар

жұмыстарды бөліп алады: бірі жануарлардың бейнесін жасайды, екіншісі түрлі түсті қатты қағаздан ағаштар мен композицияның басқа да бөліктерін қияды, енді бірі көпірді, тастарды мүсіндейді. Дайын болғанда оларды қатырма

қағаздың бетіне қойып, жалпы композицияға назар аударады. Мұғалім композицияның кемшіліктері

болса, түзетеді не қолдайды. Бөліктерді қатырма қағазға желімдеп жапсырады. Жұмысқа атау ойлап табады.

жануарлардың иллюстрациялары. СD-диск, 3-сынып.
http://kidsmoy.su/ind ex/plastilinovyj_zoop ark/0-35
http://bondinfo.ru/deti

-i-roditeli/podelki- dlya-detey/podelki-iz- plastilina-dlya-detey- 5-8-let-zoopark/

Өздік

Оқушылар топпен жұмыстың ретін талқылап,

Өлшемі 50х50

жұмысты

міндеттерді бөледі. Мүсіндерді қатырма қағаздың

қалың қатырма

орындау

бетіне қойып, композиция құрады. Мұғалім компо-

қағаз, ермексаз,




зициядағы жануарлардың мүсініндегі кемші-

тақтайша, пышақ,




ліктерді түзетіп, одан кейін оларды қатырма

кескіш, қырғыш,




қағаздың бетіне полимер балшықпен немесе ПВА

ескі шүберектер,




желімімен жапсырады. Композицияны ұсақ

қайшы, желім.




бөліктермен толықтырады. Жұмыстарына атау







беріп, таныстырады.




Сабақтың қорытын- дысы

Сабақтың соңында топтар жұмыстарын

таныстырып, оқушылар жұмыстарының идеясын айтады. Таңдаған тақырыптарын түсіндіріп, ұжымда жұмыс істеудің ерекшеліктерін айтып

береді. Оқулықтың 20-бетіндегі сұрақтарға жауап береді.




Қосымша ақпарат

Дифференциациялау Оқушылардың бәрі көлемді- кеңістікті композицияның не екенін айта алады. Ұжымдық композицияны талқылауға қатысып, ортақ композицияны жасағанда өзіне тиесілі бөлікті орындай алады.

Оқушылардың тақырыпты мең- гергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);

  2. жасаған жұмыс- тарынан (жақсы

жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

  1. жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс

Мұғалім сабақтың барысында СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны да қолданады.

Оқушылардың көпшілігі көлемді-кеңістікті компози- цияны қалай, ненің көмегімен, қандай материалдармен және қандай құралдармен

жасайтындарын анықтайды.

Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін оқушылардың есіне түсіреді.

Кейбір оқушылар ұжымда жұмысты ұйымдастырып,

композиция жасау барысында міндеттерді бөледі.





Оқушыларға қалай қолдау

Бағалау
Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұға- лімнің және оқулық- тағы сұрақтарға жауа- бы;

  2. туындылардың ре- продукцияларын сурет- теуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз).

Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс-

тарын, жанды табиғат фото- суреттерін көрсетіп, таби- ғатқа, туған өлкеге сүйіс- пеншіліктерін оятып, эсте- тикалық көзқарастарын қа- лыптастыруға септігін тигі- зетін №2 қосымшадағы өлеңдер мен материалдарды қолданады.

көрсетесіз?

Сабақтың барысында

оқушыларды бағалайды:

Жарайсың, сен сұрақтарға

толық жауап бересің! Сен өте

байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің

(суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы

орындауға тырыстың! Сен

жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.

6-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Иллюстрация дегеніміз не? Композициядағы қарама- қарсылық. Қарама-қарсы түстер.

Қарама-қарсы композиция құрас- тырамыз

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП:3

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Адамгершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптас-

тыру. Түсті қабылдай білуді дамыту.

Бағдарламалық міндеті

3.1.3.1

3.2.4.1

3.3.2.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: мейірімді және зұлым әдеби кейіпкер- лерді еске түсіріп, оларды белгілі бір әсерлегіш құрал- дар арқылы беруді үйрету.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: ертегі ке- йіпкерінің мінезін көрсете алатын түсті композиция жа-





сау. №1 жұмыс дәптерінің 14–15-беттеріндегі тапсыр-

маларды орындау.

Оқушылардың міндеті

Мейірімді және зұлым ертегі кейіпкерлерінің мінезіне тоқтала отырып, оларды суреттеу. Қарама-қарсы және жақын түстерді сипаттау.

Тірек сөздер: жақсы, жаман, мейірімді ертегі кейіп- керлері, зұлым ертегі кейіпкерлері, иллюстрация, безен- діру, әсерлегіш құралдар, композициядағы қарама-

қарсылық заңы.

Талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптар:

  1. Сендер қандай ертегі кейіпкерлерін білесіңдер? Жауап. Алдаркөсе, қу түлкі, қасқыр, Дәу, Мақтақыз, Толағай, Алтын шаш, Ер Төстік т.б.

  2. Олардың қайсысы мейірімді (жақсы), қайсысы зұлым (жаман)?

Жауап. Мейірімді кейіпкерлер: Алдаркөсе, Мақтақыз, Толағай, Алтын шаш, Ертөстік. Зұлым кейіпкерлер: қу түлкі, қасқыр, Дәу.

  1. Иллюстрация дегеніміз не?

Жауап. Иллюстрация – оқулықтағы мәтінді безендіретін сурет.

  1. Суретші-иллюстратор кейіпкердің мінезін беру үшін қандай әсерлегіш құралдарды қолданады?

Жауап: түс, сызық, пішін, мимиканы беру арқылы.

  1. Сендер түс және сызықпен өздеріңнің жақсы, жаман көңіл күйлеріңді бере аласыңдар ма?

Жауап. Иә, бұл әсерлегіш құралдармен әртүрлі көңіл күйді беруге болады (түсті және сызықтық композициялардан нақты мысалдар келтіреді).

  1. Өздерің жаман деп санайтын әрекеттерді атаңдар. Жауап. Достарды ренжіту, кітапты жырту, жа-

қындарыңмен және достарыңмен ұрысу, біреуге кедергі жасау, төбелесу, сөйлеп тұрған адамды тыңдамау, мазақ қылу, өкпешіл болу, сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлу т.б.


  1. Өздерің жақсы деп санайтын әрекеттерді атаңдар. Жауап. Әлсізді қорғау, достарыңа көмектесу, сырқат жолдасыңнан хабар алу, әпкеңе, досыңа, анаңа көмектесу, жемсалғыш жасап, қыста құстарды қорек- тендіру, уәдеде тұру, құпия сақтай білу т.б.




  1. Ертегілер не нәрсеге үйретеді?

Жауап. Олар зұлымдармен күресуді, жақсылық жамандықты жеңу керегін үйретеді.


  1. Қарама-қарсылық заңы деген не?

Жауап. Қарама-қарсылық заңында өлшемі, пішіні, түсі, сипаты әртүрлі заттар кез келген нысанның (бейненің) әсерін күшейтеді.