ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 91

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазақстанның қолданыстағы еңбек заңдарының өзіне тән ерекшеліктері еңбек шартының ролін күшейту болып табылады. Нарықтық қатынастарда еңбек саласындағы қоғамдық қатынастардың қатысушыларына жеке еңбек шарты негізінде еңбек жағдайларын реттеуде теңдей мүмкіндіктер ұсынылады. Шарт жалдамалы қызметкерлердің жеке қасиеттерін ескеруге, еңбек құқықтық қатынасының тараптарының құқықтары мен міндеттерін дербестендіруге мүмкіндік береді.

Еңбек құқықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуге күш салу орталықтандырылғаннан орталықсыздандырылуға, заңнан – шарттылыққа қарай өтеді. Сонымен бірге, негіздеме және жеке еңбек шартын бұзу бөлігінде заңмен реттеу қалады.

Еңбек заңдарының мақсаты – барынша ұзақ мерзімді құқықтық қатынасты қамтамасыз ету. Бұған әдетте, жұмыс беруші де, қызметкер де мүдделі. Жұмыс беруші өз ісін жақсы білетін және қажетті жұмысты орындай алатын оқыған, білікті қызметкерлерден тұратын кадрларды тұрақты иемденуді қалайды. Қызметкер тұрақты жұмыс пен соған төленетін ақыға мүдделі. Еңбек заңдарының құқықтық нормалары тап осындай жағдайды тудыруға бағытталған. Осы немесе басқа тараптың қалауына байланысты еңбек құқықтық қатынастарын еріксіз тоқтатуға әкелетін тараптардың әрекетіндегі кездейсоқтарды болдырмауды көздейді.

Еңбек туралы Заңның 26-бабының 3) тармақшасына сай жеке еңбек шартын бұзуға жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi немесе сынау мерзiмі iшiнде қызметкердiң жеткiлiктi бiлiктiлiгiнiң болмауы не белгiлi бiр жұмысты жалғастыруға кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе орындайтын жұмысына сәйкессiздiгi аңғарылған жағдайда жол беріледі.

Жеке еңбек шартының үлгісі
№ ______ ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ 

Алматы  қаласы                                                                         2007 жылғы  27 қазан 

«Арқау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрi – Жалдаушы  деп аталады, Жарғы негiзiнде iс-қимыл жасайтын Бас директор ___________________  арқылы, бiр жағынан және азамат ______________________________, бұдан әрi – Қызметкер деп аталады, екiншi жағынан, бұдан әрі –Тараптар деп аталады, төмендегі жайында осы Жеке еңбек шартын (бұдан әрі – Шарт)  жасады:
1. Шарттың мәні 

1.1. Тараптар Жалдаушының Әкімшілік бөлімінің бас маманы қызметінеҚызметкер жалдау туралы осы Шартты жасады.

1.2. Жалдаушы осы Шартқа сәйкес жалдайды және ақы төлейді, ал Қызметкер осы Шарттың талаптарында белгіленген  жұмысты орындауға міндеттенеді.

1.3. Осы Шарт еңбек қатынастарын және соған байланысты осы Шарттың талаптары мен міндеттемелерін орындау барысында белгілі бір жұмысты жүзеге асыруға байланысты Тараптар арасында пайда болатын басқа да құқықтық қатынастарды реттейді.


2. Қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері 

2.1. Қызметкердің:

1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес еңбек ақысының уақтылы төленуіне;

2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде басқа нәрсе ескерілмеген болса, кәсіподақтарға немесе басқа қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға;

3) дем алуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген кепілдіктер  мен  өтемақыларды алуға;

5) еңбек дауларын Тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен шешуге;

6) Жалдаушының еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен танысуға;

7) Республиканың азаматтарына Конституция және Қазақстан Республикасының заң актілері кепілдік берген құқықтар мен  бостандықтарды пайдалануға;

8) белгіленген тәртіппен өзінің қызметтік міндетін атқаруға қажетті ақпаратты және материалдарды алуға;

9) біліктілігі мен қабілетін, еңбек ету (қызмет ету) міндеттерін адал атқаратынын ескере отырып, қызметте жоғарылауға;

10) Қызметкердің пікірі бойынша ешбір негізсіз айып тағылған жағдайда, Жалдаушыдан қызметіне тергеу жүргізуді талап етуге;

11) еңбегін, денсаулығын қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмысқа  қажетті еңбек етерлік жағдай жасауды талап етуге;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақымен және әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілуге;

13) Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазымды тұлғаларына жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;

14) (лауазымы) жұмыс орны және орташа жалақысы сақталатын, денсаулық түзеу үшін дифференциясы ескерілген екі лауазымдық жалақымөлшерінде  жәрдем ақшасы төленетін, мереке күндерін есептемегенде ұзақтығы 30күнтізбелік күндік жыл сайынғы еңбек демалысын алуға. Қызметкерге жыл сайынғы ақылы демалысты қалауы бойынша  бөліп-бөліп  беруге  болады;

15) Жалдаушының қарамағындағы әлеуметтік-мәдени мекемелерді пайдалануға;

16) еңбек ету (қызмет ету) міндетін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін  және біліктілігін арттыруға;

17) Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазым иесінен Қызметкердің атқаратын қызметіне сәйкес міндеттерін және өзінің өкілеттіктерінің көлемін дәл белгілеп беруді талап етуге;


18) жеке басын сыйлауын, Жалдаушының лауазым иелерінің өзіне әділ және құрметпен  қарауын талап етуге;

19) денсаулығына немесе мүлкіне келген зиянның, сондай-ақ еңбек ету (қызмет ету) міндеттерін атқаруға байланысты науқастығының немесе еңбек ету қабілетін жоғалтудың орнын толтыруға;

20) осы Шарттың және еңбек туралы заңдардың талаптарына сәйкес Шарттың талаптарын өзгертуге және оны мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар.

2.2. Қызметкердің  міндеті:

1) өзінің еңбек ету міндетін Конституцияға, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң және нормативтік құқықтық актілеріне, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне (оның ішінде Басқарманың және Директорлар кеңесінің қаулыларына, Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазымды тұлғалары өздерінің өкілеттігі шегінде шығарған бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқауларына және тапсырмаларына), қызметтік нұсқаулыққа және осы Шартқа сәйкес  адал, уақтылы және сапалы орындау;

2) өзінің өкілеттігін өзіне Жалдаушы берген құқық шегінде және қызметтік міндеттерге сәйкес жүзеге  асыру;

3) Жалдаушы белгілеген ішкі еңбек тәртібінің ережелерін және еңбек  тәртібін орындау;

4) Жалдаушының тапсырмасы бойынша қызметтік іссапарға шығу;

5) Жалдаушының мүлкінің амандығын қамтамасыз ету және өзінің еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындау барысында Жалдаушыға мүліктік зиян келтірмеу;

6) Тараптар арасында материалдық толық жауапкершілік туралы шарт жасалған жағдайда, еңбек туралы заңдарға және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауап беру;

7) осы Шарт қолданылатын уақыт ішінде және ол аяқталғаннан кейін де заңмен қорғалатын, өзіне сеніп тапсырылған қызметтік, коммерциялық, мемлекеттік және басқа да құпия болып табылатын мәліметтерді және өзіне Жалдаушының қол астында жұмыс істеп жүрген кезде мәлім болған, қызмет бабында пайдалануға арналған:

– техникалық және арнайы құжаттаманы, оның ішінде статистикалық ақпаратты;

– Жалдаушының өзінің әрі оның істес серіктерінің қаржылық операцияларына байланысты  мәліметтерді;

– заң бойынша басқа нәрсе талап етілмейтін жағдайда, өзіне тағайындалған ақшалай сыйақының мөлшерін;

– Жалдаушының және оның серіктерінің қызметіне байланысты мәліметтерді, сондай-ақ Жалдаушының қызметкерлері туралы мәліметтерді құпия ұстау және жария етпеу;

8) еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерінің талаптарын орындау;

9) жоғары дәрежелі лауазымды тұлғаға адамдардың өміріне, денсаулығына, сондай-ақ Жалдаушының мүлкі мен қызметкерлерінің амандығына қауіп төндіретін жағдайдың  пайда болғаны туралы кешіктірмей хабар беру;


10) тығыз және алдын ала болатыны белгісіз жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда, өзінің еңбек ету міндетін демалыс, мереке күндері және түнгі мезгілде де орындау, сондай-ақ еңбек туралы заңдарға және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімнен тыс жұмыс істеу;

11) өндіріске қажет болған және Қызметкер келіскен жағдайда,  жыл сайынғы еңбек демалысын үзе тұру және өзінің еңбек ету (қызмет ету) міндетін орындауға кірісу;

12) этиканың қолданылып жүрген заңдарда және Жалдаушының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларын сақтау;

13) Қызметкердің жеке басының мүддесі өзінің өкілеттігімен түйісетін немесе оларға қайшы келетін жағдайда, Жалдаушының өзін тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғасына кешіктірмей хабар  беру;

14) Қызметкер Жалдаушының қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін арттырған немесе қайта дайындықтан өткен жағдайда, мамандарды оқыту туралы Тараптар арасында жасалған шартта белгіленген мерзімде жұмыс істеп беру немесе Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Жалдаушының шығындарын өтеу.

21 Дәріс. Еңбек кітапшасы, еңбек кітапшасын толтыру тәртібі.

Жоспар

  1. Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережесі

  2. Еңбек кітапшасы

  3. Еңбек кітапшасын толтыру тәртібі


Қолданыстағы еңбек заңдарына сәйкес еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі және еңбек өтілі туралы негізгі құжат болып табылады.

Жұмысқа қабылданған адам кадр қызметімен айналысатын адамға еңбек кітапшасын тапсырады, ал жұмысқа алғаш кірісіп отырған және еңбек кітапшасы жоқ адам осы жерде еңбек кітапшасын ашады.

Еңбек кітапшасында қызметкердің бүкіл қызмет істеген орындары, атқарған лауазымы мен марапаттаулары толтырылып отырады.

Еңбек кітапшаларымен жұмыс жүргізу және оған тиісті жазбаларды енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 75-п бұйрығымен бекітілген «Еңбек кітапшаларын жүргізу мен сақтау ережесіне» негізделуі тиіс.

Жеке еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскердің еңбек жолын куәландыратын құжаттарды талап етуге құқылы. Еңбек жолын куәландыратын негізгі құжат еңбек кітапшасы болып табылады.

Еңбек кітапшасына мынадай мәліметтер енеді:

- қызметкердің өзі туралы мәліметтер: фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы мен датасы, білімі, кәсібі, мамандығы;

- атқарған жұмыстары туралы мәліметтер: жұмысқа қабылданған уақыты, жеке еңбек шартының мерзімі, жеке еңбек шартының тоқтатылуы немесе бұзылуы;


- еңбектегі табыстары үшін ордендермен, медальдармен және ұйымның, кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібі ережелерінде қарастырылған ынталандыру сыйлықтарымен, ақшалай сыйлықтармен, жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан жасалған нормативтік актілерге сәйкес өзге де ынталандырулармен марапатталуы.

Жеке еңбек шартын жасау немесе оны тоқтату, бұзу, өзге жұмысқа ауыстыру, марапаттау, ынталандыру жөніндегі жазбалардың бәрінде сандық көрсеткіштер араб цифрымен (күні, айы екі цифрлы көрсеткішпен, жылы толық көрсетіліп) беріледі. Аталмыш жазбалар жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу т.б. туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Қызметкердің еңбек жолын куәландыратын құжаттар еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек шарты, еңбегі туралы анықтамалық, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері болып табылады. Бұл құжаттар жұмыскердің еңбек стажын неғұрлым нақты да айқын көрсетуі тиіс. Жалпы еңбек стажы жұмыскерді келешек зейнеткерлік қамтамасыз ету үшін қажет.

Қызметкердің еңбек кітапшасына өзге жұмыс беруші шығарған бұйрықтар көшірмелері негізінде оның атқарған қосымша жұмыстары, лауазымдық қызметтері туралы жазбалар ендіріледі.

Қызметкерге қатысты тәртіптік жазалар (сөгіс, ескерту) қолдану туралы жазбалар еңбек кітапшасына жазылмайды.

Еңбек кітапшасына жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартының мерзімі, марапаттаулар мен ынталандырулар туралы жазбалар жұмыс беруші тарапынан бұйрық шыққаннан кейін бір аптадан артық кешіктірілмей жазылады. Ал жеке еңбек шартын тоқтату немесе бұзу туралы жазбалар еңбек кітапшасына бұйрық шыққан күні түсіріледі. Жазбалар бұйрық мәтіндерімен дәлме-дәл сәйкес болуы тиіс.

Еңбек кітапшасын толтыруға байланысты мынадай ережелер белгіленген:

- қызметкер жөніндегі мәліметтерді ендіру;

- жұмыс жөніндегі мәліметтерді ендіру;

- марапаттаулар мен ынталандырулар жөніндегі мәліметтерді ендіру;

- еңбек кітапшасын жұмыстан босатылған кезде толтыру;

- еңбек кітапшасының жапсырмасын толтыру;

-еңбек кітапшасының төлнұсқасын (дубликатын) беру (төлнұсқа еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда, табиғи апат кездерінде және басқа да қызметкерге қатыссыз болатын жәйттерге байланысты беріледі).


22 Дәріс. Жеке іспарағы

Жоспар

  1. Жеке іспарағы туралы түсінік

  2. Жеке іспарағын тотыру үлгісі

Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ (сауалнама) – кәсіпорынға қызметкер туралы қажетті барлық ақпаратты беретін ең бір ыңғайлы құжаттың бірі.