Файл: Биохимия оди 100 балл Ауызды толы емес млшерін андай тсті реакциялар кмегімен растауа болады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


17. Науқаста пируват декарбоксилазасында генетикалық ақау бар. Мұның салдары қандай?

1)Осы ферментті катализдейтін реакция сызбасын жазыңыз. Бұл реакция қалай аталады? Қандай негізгі коферменттер қатысады?

Лиазалар класы,декарбоксилазалар тобы

Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары – екі компонентті,коферменті тиаминдифосфат, құрамына В1 витамині және 2Н3РО4 кіреді.Апофермент пен кофермент бір-бірімен магний ионы арқылы байланысады.Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары мультиферменттік комплекстің құрамына кіреді, тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді.Кето декарбоксилазалардың негізгі 2 өкілі бар:

а)Пируватдекарбоксилаза ПДК – пируватдегидрогеназды мультиферменттік комплекстің құрамына кіріп, ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді:

Пируват + HSKoA = ацетилKoA + СО2 реакция барысында НАД НАДН2-ге тотықсызданады
2)Осы реакцияның өнімі қандай процестерде (реакцияларда) қолданылады?

1)Энергия алмасудың 2-сатысы:Кребс циклі

АцетилКоА = 2СО2+3НАДН2 +ФПН2+АТФ

Ацетил-КоА (АСҚ) цитратсинтетазаның әсерінен қымыздық сірке қышқылымен ҚСҚоксалоацетат конденсацияланып, лимон қышқылы (цитрат) түзіледі.

3) осы процестерді бұзудың салдары туралы қорытынды жасаңыз.

Егер бұл процес бұзылса адам организмінде тиамин жетіспеушілігі пайда болады.Оның салдары адамдарды БериБери ауруына шалдықтыруы мүмкін.

Алкогольді үнемі тұтынатын адамдарда тиамин жетіспеушілігі пайда болады,себебі бізалатын энергия көп бөлігін алкогольдің бос калориясына кетеді.Бұл пируват тотығуының бұзылуына акелуі мүмкін.

Тыныс алу мен энергия алмасу бұзылады.Кребс циклі 1-реакциядан ақ тоқтап қалады.

18. Науқаста жедел панкреатит бар, ұйқы безі қабырғасының қабынуы және ісінуі, түтік люмені төмендеген, тоқырау бар. Бұл науқастар шұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Ұйқы безі сөлінің кетуіне кедергі жасау қаупін түсіндіріңіз.

1) Ұйқы безінде синтезделетін ферменттерді атаңыз. Осы ферменттер катализдейтін реакцияларды сызба түрінде жазыңыз. Химотрипсин,трипсин ферменттері синтездееді

Трипсинжәне химотрипсин – гидролазалар класы,пептидазалар тобы,эндопептидазалар топшасына жататын ферменттер.Пептидазалар бір компонетті фермент, яғни жай белоктарға жатады.Құрамында тек белоктар ғана болады,простетикалық тобы болмайды, сондықтан оларды протеиндер деп атайды. Эндопептидазалар нәруыз молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзеді, соның нәтижесінде ұзындығы әр түрлі полипептидтер түзіледі.


Белок + Н2О = полипептидтер

Лейцилцистеилглицин + Н2О = лейцин+цистеин+глицин

Глицилаланин + Н2О = глицин + аланин

Казеиноген + Н2О = казеин + альбумоз

Панкреатидтік липаза

ТАГ-- ДАГ--- В МАГ

2) Оларды активтендіру әдістерін көрсетіңіз, проферменттердің активаторларын атаңыз.

АКТИВСІЗ,АКТИВАТОРЫ — ӨТ ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ТҰЗДАРЫ Ж\Е КОЛИПАЗА рН=8



Трипсин ұйқы безінде трипсиноген проферменті түрінде синтезделеді және осы формада панкреатин сөлінің бөлігі ретінде он екі елі ішекке енеді.Трипсин сілтілі ортада протеолитикалық фермент энтеропептидаза әсерінен трипсиноген молекуласынан гексапептид алынып, трипсиннің биологиялық белсенді құрылымы қалыптасады.Трипсинді оның активаторы энтеропептидазамен белсендіргеннен кейін автокатализ процесі басталады және трипсин ұйқы безінің басқа да ферменттерін,оның ішінде химотрипсиноген проферменттерін белсендіретін фермент ретінде әрекет етеді.Трипсиннің активтендіруі арқылы профермент химотрипсиноген белсенді формадағы химотрипсин ферментіне айналады.Трипсин үшін оптималды орта рН 7,8-8

3) Ұйқы безі тінінде олардың активтенуінің салдарын түсіндіріңіз.

Ферменттердің белсенді емес бірінші түрлері ұйқы безінде шығарылады.Олардың белсенді түрге өтуі тікелей 12 елі ішекте жүреді, онда олар ұйқы безі мен жалпы өт жолдары арқылы өтеді. Әр түрлі факторлардың әсерінен (мысалы, өт жолын бітейтін тас) ұйқы безінің каналындағы қысым жоғарылайды, оның секрециясының ағуы бұзылады және ферменттердің мерзімінен бұрын активтенуі жүреді. Нәтижесінде, ферменттер тағамды сіңірудің орнына ұйқы безінің өзін сіңіре бастайды. Соның салдарынан жедел қабыну секілді аурулар дамиды.

19. Асқазан жарасы бар науқасқа оның бір бөлігі алынып тасталады. Бірақ операциядан кейінгі тексеру пациенттің ақуызды қорыту процесі айтарлықтай өзгермегенін көрсетті. Сауалнама нәтижелерін түсіндіріңіз.

1) Асқазанда синтезделетін пептидазаны, оның активтену механизмін және активаторларын атаңыз.

Пептидаздар проферменттердің синтездеу орны (асқазанның шырышты қабаты, ұйқы безі) және олардың активтену орны асқазанның, аш ішектің қуысы кеңістікте бөлінеді. Асқазандағы ақуыздардың қорытылуы пепсиннің әсерінен болады. Пепсиноген проферментін негізгі жасушалар шығарады және тамақ ішкенде асқазан қуысына шығарылады.


Пепсиноген 2 жолмен іске қосылады:

- HCL-баяу

- аутокаталитикалық (пепсин) – жылдам



Асқазан сөлінде пептидазалардың 2 өкілі синтезделеді,олар пепсин және гастриксин.Пепсин асқазанның шырышты қабығында активсіз профермент пепсиноген түрінде синтезделеді.Қышқыл ортада,пепсиногенде тұз қышқылының активтендіруімен глу-41 және иле-42 рарасындағы пептидтік байланыс үзіледі.Сонымен қатар активтену процесінде пепсиногеннің С-соңғы бөлігінен пепсиннің пептид-тежегіші бөлініп шығады және бірнеше кіші молекулалы кіші пептидтер гидролизденіп бөлінеді.


Пепсиноген + НСІ = пепсин + тежегіш + пептидтер

2) Ұйқы безінің пептидазаларын және энтероцит ферменттерін (ішек жасушалары) тізімдеңіз. Осы ферменттер катализдейтін реакцияларды сызба түрінде жазыңыз.

Ұйқы безі сөлінің пептидазаларына трипсин мен химотрипсин ферменттері жатады.Трипсиннің молекулалық массасы 24 кДа, 6 дисульфидтік байланыстан тұратын бір полипептидтік тізбегі бар, оған 223 аминқышқыл қалдығы кіреді.Химотрипсиннің молек.массасы 25 кДа,оған 2 дисульфидтік байланыс,241 аминқышқыл қалдығы кіреді.Белсенді орталығы серин мен гистидин аминқышқылдарының қалдығынан тұрады.Эндопептидазалар нәруыз молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзеді, соның нәтижесінде ұзындығы әр түрлі полипептидтер түзіледі.

Эндопептидазалар нәруыз молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзеді, соның нәтижесінде ұзындығы әр түрлі полипептидтер түзіледі.

Ұйқы безінің пептидазаларына:

Трипсин және химотрипсин

Ішек сөлі липазасы катализдейтін реакция

В-МАГ -Глицерин-БМҚ

3) Осы ферменттер пептидазалардың қай тобына жататынын атаңыз.

Бұл ферменттер гидролазалар класы,пептидазалар тобы,эндопептидазалар топшасына жататын ферменттер.Пептидазалар бір компонетті фермент, яғни жай белоктарға жатады.Құрамында тек белоктар ғана болады,простетикалық тобы болмайды, сондықтан оларды протеиндер деп атайды. Біркомпонентті ферменттер гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді.

20. Іштің жедел ауыруы бар науқастың қан сарысуындағы амилаза, трипсин, липаза, ДНаза, РНаза белсенділігі жоғарылайды. Бұл органның жасушалық некрозы кезінде жоғарыда аталған ферменттер құрсақ қуысына және қанға енетіні белгілі.

1) тізімделген алғашқы үш ферменттер қандай класс, кіші класс болып табылады? Бұл ферменттердің құрылымы.

Барлық ферменттер химиялық табиғаты бойынша белоктар болып табылады.

Амилаза – гидролазалар класы,глюкозидазалар тобына жатады.Амилазалар бір компонетті фермент, яғни жай белоктарға жатады.Құрамында тек белоктар ғана болады,простетикалық тобы болмайды, сондықтан оларды протеиндер деп атайды. Біркомпонентті ферменттер гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді.Молекулалық массасы 48Д,молекуланың құрамына кальций атомы кіреді.Амилазаның жоғары сатылы жануарларға тән негізгі екі формасы бар:альфа-амилаза және гамма-амилаза.Ал бетта-амилаза тек бактериялар мен саңырауқұлақтарға және өсімдіктерге ғана тін.


Трипсин – гидролазалар класы,пептидазалар тобы,эндопептидазалар топшасына жатады. Пептидазалар да біркомпонентті ферменттер болып табылады,ыдыраған кезде қосымша заттар түзбей, тек жеке аминқышқылдарын түзеді.Молекулалық массасы 24 кДа, 6 дисульфидтік байланыстан тұратын бір полипептидтік тізбегі бар, оған 223 аминқышқыл қалдығы кіреді.Белсенді орталығы серин мен гистидин аминқышқылдарының қалдығынан тұрады.

Липаза – гидролазалар класы,эстеразалар тобы,карбоэстеразалар топшасына жатады.Липазалар – бір компонетті ферменттер,құрамында постетикалық тобы болмайды,тек белоктан тұрады.Липазаны біз 3 топқа бөліп қарастырамыз:асқазан сөлінің липазасы,ішек сөлінің липазасы және ұйқы безі сөлінің липазасы

2)Олар қандай органда және қандай түрде өндіріледі? Осы ферменттердің активаторларын.

Глюкозидазалар -жасушаларда,ас қорыту сөлдерінде кездеседі,бірақ ұйқы безі сөлінде болмайды. Альфа-амилазасілекейде,ұйқы безінде,ішек сөлінде және дәнекер тін жасушаларында өндіріледі.Гамма-амилаза тек бауырда ғана кездеседі.Амилазалар кальций тәуелді фермент болып табылады, олар оптималды рН=6,7-7,0 ортада кальций және хлор иондарының әсерінен белсендіріледі.

Трипсин – ұйқы безінде трипсиноген проферменті түрінде синтезделеді және осы формада панкреатин сөлінің бөлігі ретінде он екі елі ішекке енеді, онда сілтілі ортада протеолитикалық фермент энтеропептидаза әсерінен трипсиноген молекуласынан гексапептид алынып, трипсиннің биологиялық белсенді құрылымы қалыптасады.Трипсинді оның активаторы энтеропептидазамен белсендіргеннен кейін автокатализ процесі басталады және трипсин ұйқы безінің басқа да ферменттерін,оның ішінде химотрипсиноген проферменттерін белсендіретін фермент ретінде әрекет етеді.Трипсин рН 5,0-ден 8,0-ге дейін белсенді болады,оптималды ортасы рН = 7,0.

Липазалардың ішінде асқазан сөлінің липазасы асқазан сөлінде өндіріледі.Ол ересектерде активті емес,себебі оның оптималды рН-ы 4-5 тең,ал асқазан сөлінің орта рН-ы 1,5-2 құрайды.Сондықтан ол асқазанға түскен майларды ыдыратуға қабілетсіз.Олар сәбилерде активті болады,себебі сәбилердің асқазан сөлінің рН-ы 4-5 тең,олар сәбилердегі эмульсияланған майларды ыдыратады.Ұйқы безі сөлінің липазасы ұйқы безінде активсіз күйде синтезделіп,ащы ішек қуысында өт қышқылдарының тұздары арқылы активтенеді, рН-ы 8 тең және кездесетін жері – ұйқы безі сөлі. Ішек сөлінің липазасы ішек сөлінде активті күйде секрецияланады, рН ортасы 5,5-7,5.