Файл: Білім беру йым атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 55

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Білім беру ұйым атауы

15 тірек мектебі

Бөлімі

Заманауи музыкалық мәдениет


Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:



Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Жобаны таныстыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.3.1.1 – шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу,

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану


Сабақтың мақсаты:

Ертегі негізінде жасаған мюзиклдерін таныстырады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы


Сабақтың соң



Сәлемдесу.

1 тапсырма

Таныстыру және орындау (топпен жұмыс) Таңдаған

  • «Гарри Потер»

  • «Алдар косе»

  • «Буратино»

  • «Шрек»

ертегілері аясында құрастырған мюзиклдерін таныстыру.

2 тапсырма

Ертегі әндері


Кері байланыс


Сахналық көріністер
Әндірді орындау

Оқушы пікірі



Ашық алақан
Бас бармақ




Сахна
Фонохрестоматия

Микрафон



Бөлімі:

Музыка және өнер түрлері

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Музыка және поэзия /2 сағат/

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.2.2.1 – музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: тыңдаған музыкалық шығарманы талдайды және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды.

Көпшілік оқушылар: көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстырады.

Кейбір оқушылар: музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығарады және импровизация жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы


Сабақтың соңы



Амандасу.

Миға шабуыл

-Қалай ойлайсың, музыка мен əдебиет арасында байланыс бар ма?

– Музыка мен əдебиеттің көркемдік құралдарын салыстыр.

Қазақ өнерінде музыка мен поэзия əрдайым егіз, біртұтас болып келеді. Сал, серілер əрі композитор, əрі ақын еді. Сондықтан қазақта «өлең» сөзі əн мағынасында қолданылып келді. Қазақ əнінің əр тармағында буын санының өзгермеу заңдылығы бар. Оны силлабика дейміз. Сондықтан дəстүрлі əндерде кездесетін өлең түрлері: 11 буыннан тұратын «қара өлең» жəне «жыр» деп аталатын 7–8 буынды өлеңдер.

«Романс» термині, ортағасырлық Испанияда пайда болған, алғашқыда испан тілінде (роман тілінде) «əн» деген сөзді білдірген. Испанша – Romance. Романс музыкасының əннен айырмашылығы – көңіл күйге көп назар аударылады. Романстың мəні – сүйемелдеуде емес, өлең мен əуеннің мазмұнында болады.

«Қамажай» әнін тыңдау
2-тапсырма: «Атамекен» Әнін жазған: Ж.Тұяқбаев Өлеңін жазған: Ш. Сариев

Кең ДАЛАМ!
Толған айым, толғайын,
ДОМБЫРАМ!
Қолға алайын, жырлайын,
Қазағымның даласындай!
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
ТЕҢІЗДЕЙ!
Тебірендім, тербедің,
САПАРДА!
Сағынышым сен менің,
Дүние-ай сырларындай,
Мөлдіреп тұнғанындай,
Сағындым сені-ай, АТАМЕКЕН-АЙ!
Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай!
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті,
Кімдер-ай!

Рефлексия

-Мен не білдім?

-Бүгін мен не үйрендім?

-Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

-Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым.

Оқушылар музыка мен поэзия арасындағы байланысты анықтайды.


Әнді үйрену,орындау


Оқушы пікірі







Оқулық

http://youtube.com/watch?v=OHbHwaVsraQ

Оқулық




Бөлімі:

Музыка және өнер түрлері

Педагогтің аты жөні:

Махметова Г.К.

Күні:

24.01.2023

Сынып:

6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Музыка және бейнелеу өнері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру;

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:Қазақ оюы заңдылықтарының дүниетанымдық негіздерімен танысады;

Көпшілік оқушылар:Қазақ оюының музыкамен байланысы жайында дерек алады;

Кейбір оқушылар:Шығармашылық жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы


Амандасу.

1-тапсырма.Ақпарат іздеу

«Ертеде бүкіл əлемді су басқан заманда Жердің кіндігінде Əлемдік тау (Ұлытау), ал оның ұшар басында Бəйтерек жайқалып өсіпті. Үш əлемнің арасын байланыстырған Бəйтеректің жапырағында Самұрық құс ұя соғып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен əлемді түнек басса, құс тағы да жұмыртқа салып, қайтадан əлемді тіршілік жайлайды. Аспанды тіреп тұрған Бəйтеректің төбесі жоғарғы əлем – құдайлар мекені болып, Темірқазық жұлдызына жететін. Оның жапырағында құс бейнесіндегі аруақтар отырады. Ортаңғы əлемде адамдар, ал Жерді тамырымен тіреп тұрған Төменгі əлемде зұлым күштер өмір сүрген. Ағаштың етегінен əртүрлі өзендер бастау алған екен» Міне, осы аңыздағы үш əлем төкпе күйдің бас буын, орта буын жəне саға бөлімдеріне бөлінуімен сəйкес келеді. Күйдің шарықтау шыңы болатын саға бөлімі топан су басқан Төменгі əлемнің көрінісі іспетті. Табиғат заңдылықтарымен үйлесім тапқан өмір пəлсапасын жеткізудегі көркем құралдар саз өнері (күй жəне əн) мен ою-өрнекке ортақ болды. Ою-өрнек Ғарыш пен Табиғат заңдылықтарын жалпылама пəлсапалық белгілермен көрсетсе, күй адамның ішкі жан тебіренісін, көңіл күйін қоңыр үн арқылы күмбірлетті. Құстың сайраған дауысына еліктеген əн қайырмалары (гəгəгəй, ғағиға – ғақ-ғақ), əннің шырқау биіктен басталған иірімдері, қобыз сарынымен орындалған «Аққу» күйі – қазақтың Жоғарғы Əлем туралы саз түсінігінің айғағы. Жалпы, ою мен күйдің көп мағыналылығы, түпсіз тереңдігі қазақтың ойды астарлап, тұспалдап жеткізу əдетіне сəйкес келеді.

«Аққу» күйі
2-тапсырма. Орындау

« Дедімай-ау» халық әні

1.Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ,

Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,

Дедімай-ау.

Көрген адам қасыңнан кете алмайды,

Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,

Дедімай-ау.

Қайырмасы:

Алма ағаштың гүліндей-ау,

Текеметтің түріндей-ау,

Өтіп дәурен бара жатыр,

Сіз бен бізге білінбей-ау.

2.Құлағыңа таққаның күміс сырға,

Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,

Демімай-ау.

Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,

Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,

Дедімай-ау.

Қайырмасы:

Алма ағаштың гүліндей-ау,

Текеметтің түріндей-ау,

Өтіп дәурен бара жатыр,

Сізбен бізге білінбей ау.

4-тапсырма Шығармашылық жұмыс

Құстұмсық,Қазмойын,құсқанат оюларына қимыл қозғалыс келтіру.
Рефлексия



Оқушылар ою түрлерінің шығу тарихымен танысады.

Күйді тыңдайды.
Әнді үйренеді

Аталған оюлар арқылы қимыл-қозғалыс жасау.
-Мен үшін...

Сұрақ жауап











http://youtube.com/watch?v=40TeYHV-EQs

Фонохрестоматия

Рефлексия




Білім беру ұйым атауы

№15 Тірек мектебі

Бөлімі:

Музыка және өнер түрлері

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Музыка және бейнелеу өнері (жалғасы)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру;

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:Музыка және бейнелеу өнерінің байланысын біледі.

Көпшілік оқушылар:Шығармаларды тыңдап,көркемдеуші құралдарын салыстырады;

Кейбір оқушылар:музыкалық композициялар шығарады және импровизация жасайды;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы


Сабақтың соңы


Амандасу.

1-тапсырма.Ақпарат іздеу

Импрессионизм (французша «impression»- әсер) – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өнерде пайда болған ағым. Негізінен, суреткердің өмірден алған өткінші әсері мен бір сәттік көңіл күйін бейнелейді. Бейнелеу өнерінде импрессионизмнің жекелеген белгілері 1860 жылдары француз суретшілерінің еңбектерінде көріне бастады. Музыкадағы импрессионизмнің негізін салушы Клод Дебюсси өз шығармаларында музыканың бейнелеу тәсіліне көптеген жаңалықтар енгізді.

Музыкада – мажор мен минордың, тез және жай қарқындардың, қатты немесе ақырын дыбыстардың, жоғары немесе төмен дыбыстардың қарама-қайшылығын білдіреді. Контраст кез келген музыкалық шығармаларда бар.

М.Мусоргскийдің «Көрмендегі суреттер» циклынан «Екі еврей-бай және кедей» туындысын тыңда. Контрастың айшықты мысалы М.Мусоргскийдің «Екі еврей – бай және кедей» пьесасында берілген. Бұл жердегі контраст шығарма атауынан-ақ көрініп тұр.

2-тапсырма

«Жидебай түні»

Жүрегі жас, жаны бай,

Жастар тойлап келеді.

Желсіз түнде жарық ай

Тас төбеден төнеді.

Кең дүние керемет,

Көңіл күйін тасады.

Айдың нұры себелеп,

Жанға шуақ шашады.

Рефлексия:

3Қ әдісі


Импрессионизм терминімен танысады.

Тыңдау
Өз ойларын айтады


Ашық алақан


Жапондық бағалау


Оқулық

http://youtube.com/watch?v=uhdh9K0Hub0





Білім беру ұйым атауы

№15 тірек мектебі

Бөлімі:

Музыка және өнер түрлері

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Музыка және театр

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: «Ортеке», «Ата-анаға көз қуаныш» музыкалық шығармаларын тыңдайды, талдайды.

Көпшілігі: Қазақ театрының туындыларымен танысып, өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды.

Кейбірі: Ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдаланады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Амандасу.

1-тапсырма

Ойланып, жауап беріңіздер:

- Сіздер театр туралы не білеіздер?

- Сіздер театрда болдыңыздар ма?

- Сіздер театр тарихын білесіздер ме?

- «антикалық театр» деген не?

- «амфитеатр», «спектакль», «театр

режиссері», «актер», «дыбыс режиссері»,

«костюм тігуші» сөздеріне түсінік

беріңіздер.

Қазақ театрының қайнар көзі қазақ халқының ежелгі фольклорлық салт дәстүрлерінде жатыр. Қазақтың тұрмыс салт әндері мен дәстүрлерінде театр элементтері бар. Қазақ халқының барлық өнер түрлері музыкамен байланысты. Дәстүрлі эпос әндер мен икүйлер орындау қазақ театрының пайда болуына негіз болды.
2 тапсырма. «Ортеке» күйі тыңдау,талдау

Синквейн жазу
3-тапсырма. «Ата-анаға көз қуаныш»

Ата-анаға көз қуаныш-

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі.

Еркелік кетті,

Ер жетті ,

Не бітті?

Оқытарсың молдаға оны,

Үйретерсің әрнені.

Медеу етіп ойы соны,

Жаны тыныштық көрмеді.

Жасында күтті,

Дәме етті,

Босқа өтті.

-Әнді үнтаспадан тыңда.

-Мәтінді мәнерлеп оқы.

-Әнге ырғақтық сүйемелдеу жаса.
Қорытынды сұрақтар:

-Қазақ театрының негізіне қандай фольклор түрлері жатады?

-«Ортеке» күйлерінің қандай ерекшелігі бар?

-Сен қандай театрға бардың немесе қойылым көрдің?


Cұрақтар ілмегі


Бейнесюжет арқылы жалпы тетар туралы мағлұматпен танысады,талдайды
Әнді тыңдайды,үйренеді.

Әнді орындау кезінде мұғалім

шығарманың негізгі мазмұны мен

дыбыстық биіктігіне көңіл бөледі.
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.


Ашық алақан


Ашық алақан

Жапондық әдіс


Музыка 6-сынып, 21-сабақ, lll-тоқсан. - YouTube


Оқулық

http://youtube.com/watch?v=O3GB2NSUsnQ





Білім беру ұйым атауы

№15 тірек мектебі

Бөлімі:

Музыка және өнер түрлері

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С Н

Күні:




Сынып:

6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Музыка және театр /жалғасы/

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.1.3.3 – музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерінің сипатын жеткізу, партия бойынша және (немесе) ансамбльмен аспаптарда орындау

Сабақтың мақсаты:

Барлығы:Әртүрлі стилдегі әндері орындайды.

Көпшілігі: Музыкалық шығармалардың сипатын жеткізеді.

Кейбірі: Шығармашылықпен жұмыс жасап,муз.аспаптармен сүйемелдейді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы


Сабақтың соңы

Амандасу.

1-тапсырма

-Театр дегеніміз не?

-Музыка мен театрдың байланысы қандай?

-Театрда кімдер қызмет етеді?

-Театр түрлерін ата.

-«Ата-анаға көз қуаныш» ән авторы кім?

-Осы ән арқылы автор қандай ой жеткізгісі келді?

Талдау

- сіздер «орындаушы» және «көрермен» сөздерін қалай түсінесіздер?

- театрлық қойылымдарды кім жасайды?

- режиссер, дыбыс режиссері, актер, костюм

тігуші, суретші-көркемдеушілер немен айналысады?

Жауапқа келесі сөз тіркестерін

пайдаланыңыздар:

- Режиссер ... ... ... жауап береді

- Актер – ... ... ... ойнайды

- суретші-көркемдеуші ... ... ... айналысады

- дыбыс режиссері ... ... ... көркемдейді.

- көстюм тігуші ... ... ... айналысады.

2-тапсырма.

«Вальс» сингвейн

Рефлексия

-Мен не білдім?

-Бүгін мен не үйрендім?

-Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?

«Сұрақтар легі» оқушылар қойылған сұрақтарға бірден жауап береді.

Талдау жұмыстарын жүзеге асырады

Осы тақырыпқа сингвейн құрастырады

Оқушы пікірі







Үлестірмелі қағаз

А4
Рефлексия тақтайшасы