Файл: Оу дістемелік кешеніне тсіндірме жазба Курсты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 64

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

         Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

         Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;

         қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;

         Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

         11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат

         16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал — Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы

         Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі

         4 есеп беретін ұйым:

         «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

         «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

         «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

         «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Ұлттық Банк:

         «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»

         «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры»

         «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры»

         «Қазақстан Актуарлық орталығы»

         «„Q-BRO“ Қазақстан Ұлттық Банкі Резервтік Орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.

Ұлттық Банк «„ГНПФ“ жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:  ҚР Конституциясы 1995 ж 30 тамыз

ҚР Банк және банк қызметі туралы заңы 1995 ж 31 тамыз

Ұлттық Банк туралы ҚР Заңы

ҚР Лицензиялау туралы заңы

«Банк құқығы» Л.Давыдова, Д.Райманов – Алматы 2006 ж

Интернет беттері

Бекіту сұрақтары:

1.      ҚР Ұлттық банктің атқаратын қызметі

2.      Ұлттық банктің құқықтық мәртебесі

 

14 – Дәріс. ҚР Ұлттық банкі актілерінің жүйесі мен қолданысы


Жоспары : 1. Ұлттық банк қабылдайтын актілер

                     2. Актілердің жүйесі мен қолданысы

 Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау мақсатында өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметін тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.







Қазақстан Республикасының орталық банкісі және отандық банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.
Қазақстан Респбликасының Ұлттық банкі орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктер және басқа да несие-қаржылық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі өзінің міндеттерін орындау барысында табыс алу мақсатын ғана көздемеуі керек.
Екінші деңгейлі банктердің түрлерін, заңды статусын, құрылу ретін, жойылуы мен жұмыс атқаруын банктік және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасына байланысты анықталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз жұмысын Конституцияға, ағымдағы Қаулыға, сонымен қатар, заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президенті Қаулысына (ҚР банктер және банктік іс-әрекеттер туралы), басқа да заңдық актілер мен халықаралық дәрежеде бекітілген келісім шарттарға сүйене отырып атқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Президентке қаратылған.
Оның мәнісі мынада:
Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің төрағасын тағайындайды;
Қазақстан Ұлттық банкісінің төрағасының ұсынысымен Қазақстан Республикасының Президентінің Ұлттық банк төрағасы орынбасарларын алып тастау;
Қазақстан Республикасының Президентімен ұлттық валюта – қазақстандық теңге дизайнын өзгерте алуы;
Қазақстан Республикасы Президентімен Қазақстан Ұлттық банкісінің жылдық қаражатын бекіту.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы негізінде банктік операциялар жүргізетін (шетел валютасын сатып алу және т.б.) барлық банктер, мекемелерге орындалуға міндетті нормативтік актілерді құрастырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның барлық бөлімшелері салықтың барлық түрін, соның ішінде кедендік баж салығын да төлеуден босатылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі заңды тұлға болып табылады, оның өзіндік балансы бар. Ұлттық банк және оған тәуелді бөлімшелер жоғары деңгейлі банктің біріңғай құрылымын құрайды.

 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің функциялары.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің негізгі функциясы – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, Ұлттық банктің қызметіне мыналар жүктелген:
Қазақстанның экономикалық дамуы мақсаттарына жету және оның әлемдік экономикаға интеграциялануы үшін ақшаға, несиеге жүгіну, банктік есеп айырылысу және валюталық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жүргізу және өңдеу.
Ақша, несие және банктік жүйені тұрақты түрде қамтамасыщ ету.
Несие берушілердің және банк салымшыларының мүдделерін қорғау. Сонымен қатар, банктік және басқа да ұйымдардың реттеуші іс-әректеті және олардың орындалуын қадағалайтын алып сату және шетелдік валютаның акцияларын қабыладу операцияларын жүзеге асыратындарға да қолдау көрсетлуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасында ақша несиелік саясатты қайтадан қаржыландыру жолы арқылы жүргізеді;
— Банктердің, сонымен қатар алып-сатумен, айырбас ісімен айналысатын ұйымдардың іс-әрекетін бақылауға алады;
— Қазақстан Республикасындағы банктік пайыздық жарналарын ресми жарналарды өзгерте отырып реттейді;

 

 

15 – Дәріс. Ақша несие саясатының мазмұны, нысаны және негізгі бағыттары

Жоспары : 1. Ақша несие саясаты

                     2. Ақша несие саясатының негізгі бағыттары

Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады:

  1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

  2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік 
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (бұдан әрі — АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.

АНС-ның мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):

  • несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;

  • коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.


Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):

  • ашық нарықтағы операциялар;

  • міндетті резервтік талаптар;

  • несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

  • ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

  • ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;

  • РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

  • «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

  • овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

  • банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі— ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық Банкінің заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық Банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мелшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерін реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелерінің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі