Файл: Оу дістемелік кешеніне тсіндірме жазба Курсты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 62

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
акцияны сатып алуынан бастап, «Самұрық-Қазына» қорының депозит кепілдемесі бойынша шамамен 7 миллиард доллар көлемінде қаржы құйғанына дейінгі аралықта «біз өз биігімізден көріне білдік» дей аламыз. Себебі болған соң, салдары да сезіліп жатыр. Бірақ бұл – заңдылық. Қалай десе де, бұл – Қазақстан Үкіметі тарапынан жасалған ұтымды қадам еді. Дәлірек айтқанда, Қазақстанның қаржы жүйесін қалыптастыруға арналған бірден-бір дұрыс та батыл шешім болды. Өйткені осы уақыт ішінде «БТА Банкінің» қалыпты жұмыс жүйесі бұзылған жоқ, өз тұтынушыларымен жұмыс жасауды жалғастырып, кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындап келеді. Жалпы, «БТА Банктің» сыртқы қарызы пайызымен қосып есептегенде, қаңтар айының басында 13,5 млрд. доллар шамасында болатын. Қарызды қайтару ең бірінші рет бірінші тоқсанда жасалды. Ол 1,5-2 млрд. доллар шамасындағы қаржыны құрады. Ол тұста банктің корпоративтік есеп- шотында ешқандай да қаржы жоқ-тын. Сондықтан мемлекет дер кезінде көмек қолын созды деп есептеймін. Бұны дұрыс бағалау керек. Банктің ол тұстағы жағдайы мен қазіргі жағдайы арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Біз күндіз-түні талмай жұмыс істедік. Жан-жақты іздендік. Сан алуан жобаларды талқыладық. Сондықтан да оң нәтижелерге қол жеткізді. Банк секторы 2008 жылдың екінші жартысында басталған дағдарыстың екінші «толқынынан» елеулі қысым көрген отандық қаржы секторының негізгі сегменті болып қала берді. Атап айтқанда, сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландырған екінші денгейдегі банктер өткен жылы өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында жэне қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-әрекет жасауға мэжбүр болды, бүл олардың активтерінің өсу қарқынының баяулауына жэне өз кезегінде нақты сектордағы халықты несиелеу көлемінің төмендеуіне алып келді. Бұл ретте, жылжымайтын мүлік пен құрылыс секторларын несиелеу көлемі төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырган шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу де барынша азайды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы түрақсыздық жэне бағаның өзгеруі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен қатар несиелеу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта бағалау, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілеттілігінің кемуі банк секторының тұрақты жүмыс істеуіне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі болып табылатын банктердің несиелік портфелінің сапасына кері әсер етті. Мемлекет басшысы дағдарыс кезіндегі «маңызды міндет – бұл біздің еліміздің банк секторының орнықтылығын қамтамасыз ету» деп атап өтті. Мемлекет басшысы Ұлттық инвесторлар кеңесіндегі өзінің баяндамасында атап өткендей «Біздің еліміздің азаматтары, кәсіпкерлер мен инвесторлар Қазақстанның банк жүйесі қалыпты жұмыс істейтіндігіне, өз міндеттемелерін мүмкіндігінше және қажеттілігіне орай орындайтындығына сенімді болуға тиіс. екінші жағынан банктердің акционерлері өз банктерін нығайтуға ақша салуды жалғастыруға тиіс. немесе өздерінде бар активтерді сатуды жалғастыратын немесе басқа жинақтарды пайдаланатын болады, егер қарсы қозғалыс болса ғана үкімет қолданатын шаралар жұмыс істейтін болады». Бұл ретте ол «халық осының айналасында алыпсатарлық жасамауы қажет, бұл бюджеттің ақшасы, яғни халықтың ақшасы және олар жағдай тұрақтанған кезде пайдамен мемлекетке қайтарылатын болады». Үкімет Қазақстанның банк жүйесін қолдау жөнінде қосымша шаралар қабылдауға ниет білдірді. Тек банктер ғана экономикаға қаражат тиімді құю үшін қажетті пәрменді, ашық және нарықтық тетіктерді қамтамасыз ететін болады. Мемлекет банктерге қолдау көрсете отырып, оларды басты міндетті – экономиканың шикізат емес секторына, оның ішінде шағын және орта бизнеске кредит беруді шешу үшін делдал ретінде пайдаланатындығын атап өткен маңызды. Екінші деңгейдегі банктерді Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру жөніндегі шараларын іске асыратын негізгі арна ретінде пайдалана отырып, мемлекет құрылыс саласы кредиттік ресурстар есебінен қаржыландырылатындықтан және осылайша, банктердің қаржылық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болатындықтан, оны одан әрі дамыту үшін жанама жаңа қарқын береді. Сонымен бірге құрылыс секторын дамытудың мультипликативті әсері болады, себебі құрылыс материалдары индустриясының ілеспе құрылысының дамуына, ал, ізінше, құрылыс секторының маңына шоғырланған шағын орта бизнестің дамуына ықпал ететін болады, сол сияқты жаңа жұмыс орындары пайда болады. Банктер мемлекет пен экономика арасындағы делдал рөлін орындай отырып, мемлекет беретін қаражатты пайдалана отырып, кредиттер беруден түсетін меншікті кірісті алу есебінен зор қолдау алады. 1.2 Қаржылық дағдарыс кезіндегі банк секторының жағдайы туралы тәжірибешілер мен ғалымдардың пікірлері Қазақстанның банк жүйесінде Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан араласуды қажет ететін мәселе жоқ, "Нұрбанк" басқармасының төрағасы Марат Заиров: -Әрине менің қазір ірі және кіші банкті салыстыруға мүмкіндігім бар. Бұрын мен ірі, жүйекұрушы банктерде қызметте болғанмын, сондықтан маған белгілі дәрежеде кіші банкте, сондай-ақ бірінші басқарушы лауазымында жұмыс істеу дағдылықсыз. Менің ойымша кіші банктер нарыққа анағұрлым бейімделген, сұраныс пен шешім қабылдау үрдісін жылдамдатуға мүмкіндік береді. Банкті бас офисінен аймақтарға дейін, тіпті клиенттерге қызмет көрсету сапасын бақылап отыруға болады. Егер барлығы дұрыс қалыптасса, біз үшін ең маңыздысы жақсы, үздік технологиялы, халыққа жайлы банк құру. Батыста осы тектес банктер үлкен сұранысқа ие, олардың өздерінің тұрғылықты клиенттері бар-оларды "үй" банктері деп айтады, адамдар онда жылдар бойы есеп-шоттарын сақтайды және оларға қызмет көрсетіледі. Дағдарыс, менің ойымша, біз үшін қалыптасқан 4 жүйеқұрушы банктер гегемониясы түріндегі стереотипті өзгертүі мүмкін. Қызмет көрсете алатын басқа да банктер бар емес пе? Екіншіден бұл банктер дағдарысқа қалай төтеп береді деген сурақ туындайды. Егер бұл банктер дағдарысқа ойдағыдай төтеп бере алса, онда біз банк қызметінің нарығындағы тұтынушылардың жүріс-тұрысының толық өзгергендігін байқайтын боламыз, бұл орайда бізге қосалқы жауапкершілік артылатын болды. Бұл сонымен қатар инвесторлар, салымшылар және клиенттер үшін банкке қызығушылығын арттырады - сол үшін қазір жақсы серпіліс жасалуда. Қайткенмен де, жақында "Standard & Poor's" рейтингтік агентіктің өкілдерімен өткен кездесуде "Нұрбанкке" сонғы өзгертулерге қатысты сұрақ жоқ делінді. Астанада өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форум аясында журналистерге берген сұхбатында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов осылай мәлімдеді. «Осы жылдың тамыз айында басымыздан өткерген сынақ еліміздің банк жүйесінің тұрақты екенін тағы бір мәрте көрсетіп берді. Біздің банктік жүйе тұрақты әрі онда Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан араласуды қажет ететін мәселе жоқтығын тағы да бір мәрте ресми мәлімдеймін», деп атап көрсетті К. Мәсімов. Үкімет басшысының пайымдауынша, Қазақстанның банк жүйесі ТМД аумағында, тіпті одан да тысқары елдердегі ең үздік әрі бәсекеге қабілетті жүйе болып табылады. «Біздің банк жүйеміз алдында тұрған кез-келген проблеманы өздігінен шешуге қабілетті», деп тұжырымдады сөзін Үкімет басшысы. Н.Ә.Назарбаев атап өткендей «Дағдарыс мәңгілікке созылмайды. Дағдарыс жағдайында болашақта даму үшін шара қолданған мемлекеттер жетістікке жететін болады». Қазақстанның банктік секторы дағдарыспен байланысты проблемалардың өткір кезеңнен өтті, деп санайды республиканың премьер-министрі Кәрім Мәсімов. «Менің пікірімше банктік сектор, қаржылық сектор жалпы олардың алдында тұрған барлық проблемалардың өткір кезеңінен өтті», - деді Мәсімов «Қыс-2011» ұлттық бизнес-форумда сөз сөйлеген кезінде. Оның пірікрінше, банктік жүйе өзінің тұрақты жағдайына оралды, «(банктердің) пайдалылығы жақсы деңгейде». «Біздің назар аударуымызға тиіс мәселелер бар: қалай бұл қозғалыстарды бәсекеге қабілеттірек жасайтынымызды әлі талқылаймыз», - деп қорытындылады премьер. 2-бөлім. Дағдарысқа қарсы жүргізілген іс-шаралар нәтижесі және дағдарыстан кейінгі Қазақстанның банк секторы 2.1. Дағдарыс кезіндегі Қазақстанның банк секторының жағдайы және оны тұрақтандыру жолдары 2009 жылдың аяғында Ұлттық банк Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі, Алматы өңірлік қаржы орталығымен және қаржы нарығы ұйымдарымен бірлесе отырып, Қазақстанның дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржы секторын дамыту тұжырымдамасының жобасын жасаған. ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченконың мәліметінше, бұл тұжырымдамада "дағдарыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның қаржы саласын дамытудың шешуші төрт бағыты айқындалған". "Бірінші бағыт ел экономикасын дамытуды қаржыландырудың негізгі тетігі ретінде мемлекет пен жеке меншіктің серіктестік институтын пайдалануды көздейді", Тұжырымдаманың екінші принципінде қаржылық секторды қадағалауды реттеу қарастырылған. Ұлттық банк басшысының түсіндіруінше, "экономикалық өсім кезінде қадағалау күшейтілсе, ал құлдырау кезеңінде - керісінше бәсеңсиді". "Үшінші бағыт қаржы секторындағы тепе-теңсіздікті ерте анықтау және оның алдын алудың, нақты қаржылық активтердің рыноктарында көпіршіктер түзілудің алдын алудың, сондай-ақ, жүйелік тәуекелдерді азайтудың тиімді тетіктерін дәйектеуді көздейді", - деді Г. Марченко. Төртінші бағыттың аясында "қаржылық дағдарысқа байланысты қаржылық сектордағы қарым-қатынастарды реттейтін заңнама қабылдау қарастырылған". Атап айтсақ, оның айтуынша, "шетелдерге заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтаруды қамтамасыз ету жолдарын анықтау мақсатын шешу қажет". Сондай-ақ, "егер олардың қызметі заңмен белгіленген тәртіппен заңсыз деп танылып, Қазақстанның қаржылық секторына айтарлықтай шығын келтірген жағдайда қаржылық институттардың, олардың қызметкердерінің, аффилиирлік тұлғалары мен лауазым иелерінің қызметіне қатаң шектеулер енгізіледі, тіпті Қазақстандағы қызметіне толық тыйым да салынады". Жалпы алғанда, елдің банк секторын дамыту Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың дағдарыстан кейінгі кезеңге мақұлданған тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. (1-кесте) 1-кесте. Қаржы банк секторын дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар 2020 жылға қарай 1.қаржы ұйымдарының институционалдық базасы ұлғайды және олардың инвестициялық мүмкіндіктері артты 2.банк секторының сыртқы міндеттемелерінің үлесі оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде 30 %-тен аспайды 3.қаржы нарығы қызметтердің кең спектрін ұсынады және инвесторлар мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың арасында сенімі бар 4.отандық қор нарығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Орталық Азия елдерінің ішінде ислам банкингінің өңірлік орталығына айналады 2015 жылға қарай 1.халықтың жинақтарын тартудың баламалы көздерін дамыту үшін жағдайлар жасалды 2.халықтың қаржылық сауаттылығын және инвестициялық мәдениетін жоғарылату жөніндегі іс-шаралар сәтті іске асырылды 3.мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңыздылығын жоғарылату жөніндегі шаралар кешенінің іске асырылуы қамтамасыз етілді Қазақстан Республикасы тәуелсіз кредиттік рейтингінің және отандық банктердің рейтингтерін арттыруға қазақстандық банктердің сыртқы капитал рыноктарына шығуы көмектесті. Бір жағынан шеттен қарыз алудың артуы экономиканың өсуіне жағымды әсер етті, сонымен бірге қазақстандық экономика сыртқы қаржылық қиыншылықтарға аса сезімтал бола білді. Дағдарыс жағдайларының алғашқы белгілері сыртқы қарыздарға қол жеткізуге шектеулер туындауынан және олардың құнының қымбаттауынан коммерциялық банктер тапшылыққа тап болған кезде, яғни 2010 жылдың тамыз айында пайда болды. Бұл ішкі экономиканы несиелеудің қысқаруына және банктердің несие беру шарттарын қатаңдатуға әкеліп соқтыратын негізгі фактор болды. Банктердің несиелік белсенділігінің төмендеуін ең алдымен құрылыс саласы сезінді, ал соңында макроэкономикалық өзара байланыс нәтижесінде жағымсыз салдарлар басқа да салаларға әсерін тигізді. Әлемдік тәжірибе дағдарыс кезінде экономиканы басқаруға мемлекеттің қатысуының артуы қажеттігін айғақтап отыр, дегенмен мемлекеттің қатысуы тек уақытша болуы керек. Егер біздің мемлекетіміздің Үкіметінің әрекетіне тоқталатын болсақ, онда ол мынадай: 2010 жылдың соңында Үкіметте Қазақстан экономикасын тұрақтандыру бойынша бірінші кезектегі әрекеттер Жоспары жасалды және қаржы тұрақтылығы мәселелері бойынша Ұлттық Банк пен қаржылық қадағалау Агенттігі арасында біріккен Меморандум жасалды. 2008 жылдың екінші жартысында әлемдік нарықта мұнай бағасының 145,7 АҚШ долларынан 37,9 АҚШ долларына дейін түсуі нәтижесінде әлемдік қаржылық дағдарыс жаһандық экономикалық дағдарысқа айналды. Осы жағдайда мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі және Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу Агенттігі арасында экономиканы және қаржылық секторды тұрақтандыру жөнінде біріккен жұмыстар Жоспары жасалып, мұнда Ұлттық қордан ІЖӨ 8 % құрайтын 10 млрд. доллар бөлу қарастырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде қаржы нарығында және тұтастай экономикада жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді. Өткен жылғы жеткен басты жетістіктеріміздің бірі Қазақстанның банктік жүйесінің дағдарыстың жағымсыз әсерлерімен табысты күресе білуі болды, қазақстандық бірде бір банкте сыртқы міндеттемелер бойынша дефольт болған жоқ.



 

 

 


17 – Дәріс. Банктік шарттардың ұғымы

Жоспары : 1. Банктік шарт ұғымы

                     2. Банктік шарт жасасу

26.03.2014

___________ қаласы/ауыл                               20__жылғы «__» __________

 

Бұдан әрi «Мемлекеттік мекеме» деп аталатын, ____________________                                                               (мемлекеттiк мекеменiң атауы)

атынан, 20__ жылғы «__» ___________бекiтiлген Ереже негiзiнде әрекет ететiн ______________________ басшысы, бiр тараптан және бұдан әрi Жарғы және 20 __жылғы « __ « ________ №_____ сенiмхат негiзiнде әрекет ететiн _______________ екiншi тараптан, бұдан әрi «Тараптар» деп аталатындар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiне сәйкес төмендегi туралы осы Банктiк қызмет көрсету шартын (бұдан әрi – Шарт) жасады:

  1. Шарттың мәнi

1.1. Шартта көзделген жағдайларда Мемлекеттік мекеме ұсынған тiзiмдер негiзiнде Мемлекеттік мекеме қызметкерлерi мен стипендиаттарға (бұдан әрi – Алушылар) тиесiлi ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерiн есептеудi Мемлекеттік мекеме өз қызметкерлерiнiң өтiнiштерi негiзiнде тапсырады, ал Банк жүзеге асырады.

1.2. Ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия есептеудiң тәртiбi, Мемлекеттік мекеменiң Банкпен өзара iс-қимыл жасасуы, нақты есептелген ақша үшiн қаржылық қызметтер үшiн ақы төлем мөлшерi және мерзiмi, олардың кезектiлiгi Шартпен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

1.3. Алушыларға Банк ақша салымдары бойынша жинақ шоттарынан немесе ағымдағы шоттарынан жалақы және стипендия есептеудi жүзеге асыру жөнiндегi ұйымдастыру шарттары Алушы мен Банк арасында қызмет көрсету шарттарын жасаған кезде айтылады.

  1. Тараптардың мiндеттемелерi

2.1. Банк:

2.1.1. Келесi банктiк күннен кешiктiрмей Банктiң корреспонденттiк шотына Мемлекеттік мекеме аударған қаражат шегiнде ақша салымы бойынша жинақ шоттарына және ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерiнiң сомасын есептеудi және Алушы мен Банк арасында жасалған шартта белгiленген мерзiмде Алушылардың бiрiншi талабы бойынша оларды қолма-қол ақшамен төлеуге;

2.1.2. Алушылардың шоттарындағы ақша қалдығына сыйақыны Алушының ақша салымдары бойынша жинақ шотына және/немесе ағымдағы шотына ақша есептеу сәтiнде әрекет ететiн Банк тарифтерiне сәйкес мерзiмде және ставкалар бойынша есептеуге
;

2.1.3. Алушының шартында көзделген тәртiппен Алушыға көшiрме ұсынуға;

2.1.4. Алушылардың ақша салымдары және ағымдағы шоттары жөнiндегi жинақ шоттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттың әрекет ету мерзiмiне қарамастан, олар бойынша жасалатын операциялар бойынша банктiк құпияны сақтауға кепiлдiк беруге мiндеттенедi.

2.2. Мекеме:

2.2.1. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарын немесе шот карталарының нөмiрiн тiркейтiн, төлемдер аударудың тiзiмiн жасайтын, Алушыларға қызмет көрсетуге байланысты Банктiң ағымдағы жұмысын жүзеге асыратын жауапты тұлғаны айқындауға;

2.2.2. Мемлекеттік мекеме мен қызметкер арасында жасалған жеке еңбек шартында белгiленген мерзiмде Алушылардың пайдасына Банкке ақша аударуды жүзеге асыруға;

2.2.3. Алушыларды ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына түсетiн ақша сомалары туралы ақпараттандыруға;

2.2.4. Алушы Мемлекеттік мекемеден жұмыстан босатылған немесе Алушы Мемлекеттік мекемемен еңбек қатынастарын бұзған жағдайда бес күнтiзбелiк күн iшiнде бұл туралы Банкке жазбаша хабарлауға;

2.2.5. Банкке тиiстi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi куәландырған, ал республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бойынша – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес куәландырылған екi данада қол қою үлгiлерi және мөрбедерi бар құжатты беруге;

2.2.6. Мөртаңба жоғалған және құжаттардағы қол қою үлгiлерi өзгерген жағдайда келесi күннен кешiктiрмей Банкке хабарлауға;

2.2.7. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шотына немесе ағымдағы шотына есептелетiн жалақы, стипендия және басқа да ақша төлемдерiнiң аударылатын сомасының %-ы ______ есебiмен айырысудан аударған күнi Банкке қаржылық қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi.

  1. Тараптардың құқықтары

3.1. Банк:

3.1.1. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзғаны туралы айғақтайтын фактiлердiң болуы, сондай-ақ, егер төлем құжатында көрсетiлген сома тiзiмде көрсетiлген сомадан асып кеткен жағдайда Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерiн есептеу бойынша операциялар жасаудан бас тартуға;

3.1.2. Мемлекеттік мекеменiң ұсынылған төлем құжатына және тiзiмiне сәйкес жүргiзiлген Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына есептеудiң күшiн жоюға арналған сұрауынан бас тартуға құқылы.

3.2. Мемлекеттік мекеме:


3.2.1. Тозу немесе мөрлердiң жоғалуы туралы, сондай-ақ атауы өзгерген жағдайда өтiнiш негiзiнде мөр әзiрлегенге дейiн қол қою үлгiлерi бар құжатта көрсетiлген қолдары болған кезде мөрдiң жоқтығы туралы белгi қойып, төлем құжаты арқылы қызмет көрсетiлуге құқылы.

  1. Тараптардың жауапкершiлiгi

4.1. Алушылардың ақша салымдары бойынша жинақ шоттарына немесе ағымдағы шоттарына уақтылы жалақы, стипендия және басқа да ақша төлемдерiн есептемегенi үшiн, сондай-ақ ақшаны заңсыз есептен шығарғаны, Алушының өтiнiшiн тиiсiнше орындамағаны немесе орындамағаны үшiн Банк Шартқа сәйкес Алушының пайдасына айыппұл төлейдi.

4.2. Төлем құжаттарында көрсетiлген деректемелердiң толықтығына және дұрыстығына, сондай-ақ Банкке электронды және қағаз нысандарында ұсынылған тiзiмдердегi ақпараттың анықтығы үшiн оларды ұсынған Мемлекеттік мекеме жауап бередi.

  1. Шарттың қолдану мерзiмi және оны өзгерту және бұзу тәртiбi

5.1. Шарт әрбiр Тарап үшiн бiр-бiр данадан екi тiлде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде заң күшi бiрдей 2 (екi) данада жасалды. Шарт ол аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде ____ тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 20___жылғы 31 желтоқсанға дейiн әрекет етедi. Бюджеттiк шығыстар сыныптамасының _____________ коды бойынша мiндеттемелер сомасы ________ теңгенi құрайды.

5.2. Шартқа енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар жазбаша түрде ресiмделген және оларға екi Тараптың да уәкiлеттi тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады, одан әрi олар Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

Шарт бойынша жұмыстардың (қызметтердiң) құнына байланысты өзгерiстер олар _____________________________ аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеген кезде күшi бар.

5.3. Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапты бұл туралы жазбаша нысанда оны бұзу ұйғарылып отырған күнге дейiн кемiнде он күн iшiнде хабарлап, Шартты бұзуға құқылы.

  1. Дауларды шешу

6.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келiссөздер арқылы шешiледi. Тараптар уағдаластыққа келмеген келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

6.2. Тараптар Шарт бойынша барлық мүмкiн болатын талаптарды Тараптардың оларды алған сәттен бастап он күн iшiнде қарауы тиiс деп белгiлейдi.

  1. Форс-мажор

7.1. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелердi iшiнара және толық орындамағаны үшiн, егер бұл орындамаушылық мынадай жағдайлардың себебi болып табылса: Шарт бойынша мiндеттемелердi орындауға тiкелей ықпал еткен қауiптi табиғи жағдайлар, өрт, су тасқыны, зiлзала, iндеттер, соғыс қимылдары, уақытша электр энергиясының және телекоммуникациялық байланыстың болмауы және т.с.с. жауапкершiлiктен босатылады.