Файл: Оу дістемелік кешеніне тсіндірме жазба Курсты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 63

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
 — Ұлттык Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Овердрафт заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҮБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қаражаттарын тартуға байланысты қолданылады.

2005 жылғы 1 кыркүйектен бастап тікелей репо операцияларын жүргізу практикасы, сондай-ак мерзімдері 1 жүмыс күнінен аспа- ғандықтан «овернайт» және «овердрафт» заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.

Ең төменгі резервтік талаптар. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін қолданады.

Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама акшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сактандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үдерісін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген Қазақстан Республикасынын, коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы нұсқауға сәйкес, бастапқыда міндетті резерв нормасы депозиттік міндеттемелердің 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Кейіннен оның мөлшері 6%-ға дейін темендеді.

Банк резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар
 шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқгы резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын еңтөменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде, міндетті резервтердің ете жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал еңтөменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдық нормативтерді орыңдауына байланысты еңтөменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

  • міндетті резервтер;

  • резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық Банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінін. 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төлейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің «Ең төменгі резервтік талаптар туралы» ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті.

Осыған байланысты 2004 жылдан бастап, банктер ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең теменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады.

Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі қолданылды:

  1. Баламалы — ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін еңтеменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.

  2. Балшасыз — қаражаттарды Ұлттық Банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.


2006 жылы ең төменгі резервтік талаптар бұрынғы 6% деңгейінде сақталғанына қарамастан, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейді және резервтік активтердің тізбесі қысқарды.

2006 жылың 12 шілде айынан бастап, міндетті резерв нормасын белгіленетін банктік міндеттемелер құрылымы төмендегідей түрлерге өзгертілді:

  • банктердің ішкі міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасын 6% деңгейінде белгілеу. Мұндағы банктің ішкі міндеттемелері қайтару мерзіміне байланыссыз резиденттердің алдындағы банктің міндеттемелерінің сомасын сипаттайды.

  • банктердің өзге де міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасы — 8%-ға белгіленді. Мүндағы банктің өзгеде міндеттемелері бейрезвдент алдындағы банктің міндеттемелері мен резидентгік белгісіне байланыссыз қарыздық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің сомасын білдіреді.

Ашық нарықтағы оперяциялар — бұл Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасының келемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің етімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттык Банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шыға- руды ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Айналыстағы акша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің кысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және диллерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының конънктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарына сай аукционға қатысушылардың өтініштерін қанағаттандыруға құқылы.


Қазақстан Ұлттық Банкісінің алғашқы агенттерімен келісім бойынша айналысқа шығарылған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуге немесе айналыстан толық не жартылай алуға құқығы бар.

Алғашқы агенттер аукционға қатысуға өтініш беру ұсынысын екі түрде жасайды: бәсекелестік және бәсекелестік емес.

Қазақстан Ұлттық Банкі бәсекелестік емес сипаттағы өтінішті қанғаттандыруды, қаржы нарығының конънктурасына сәйкес аукционның шартын хабарлау арқылы алғашқы агенттерге және бейрезиденттерге қысқа мерзімді ноталарды сату көлемінің үлесің дербес түрде анықтайды.

Аукционды өткізу барысында бастапқы кезекте аукционның шартында хабарланған шекте бәсекелестік емес ұсыныстары бар өтініштерді қанағаттандырады.

Осылайша, Ұлттық Банк ноталарды зейнетақы активтерін инвестициялау құралы ретіндегі тартымдылығын қысқарту және қысқа мерзімді мөлшерлемелер арқылы қаржы нарығындағы ахуалды реттеуге біртіндеп көшу жөніндегі ниетін жүзеге асыруды жалғастырады.

Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын-валюта резервтері есебінен жүзеге асырылды.

Еркін өзгермелі бағам режиміне өткенен кейін де Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валютаның айырбас бағамының алыпсатарлық өзгерістерінежол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.

Ұлттық Банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық 
ақша эмиссияланады жөне ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осындай теріс салдарларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «стирилизациялау» құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артықақшаны айналыстан алып отырды.

 

 

 

 

16 – Дәріс. Әлемдік қаржылық дағдарыс және ҚР банктерінің дамуы

Жоспары : 1. Әлемдік қаржылық дағдарыс

                     2. ҚР банктерінің даму жолы

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы әлемдiк ауқымдағы және сол сияқты ұлттық деңгейдегi қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерiнiң кемшiлiктерiн көрсеттi. Әлсiз жақтары мемлекеттiк реттеу құрылымында және қаржы институттарының өздерiнiң қызметiнде анықталды. Дағдарыстан бұрын 2010 және 2008 жылдары Қазақстанның қаржы-банктік жүйесі ТМД елдерінің басқаларымен салыстырғанда жақсы нәтижелер көрсеткен болатын, бірақ «домино» қағидасы бойынша АҚШ та бастау алған қаржылық дағдарыс еуропа елдерін қозғап өтіп 2008 жылдың күзінде Қазақстанға да келіп жетті. Нәтижесінде қазақстандық банктердің негізгі мәселелері белгілі бола бастады: несиелердің қайтарылмауы, өтімділіктің төмендеуі, салымдар мен депозиттердің кетуі және т.б. Ғылыми жұмыстың мақсаты – дағдарыс кезіндегі Қазақстанның банк секторы мен дағдарысқа қарсы жүргізілген іс шараларға тоқтала отырып, бүгінгі таңдағы, яғни, дағдарыстан кейінгі банк секторының жағдай мен мәселелеріне теориялық және статистикалық талдау жасау. Ғылыми жұмысының өзектілігі - Қазақстанның банктік секторының даму тарихында соңғы екі жыл ең ауыр және қалыпты жағдайдың бұзылған жылдарына айналды. 2008 жылдың бірінші жартыжылдығында халықаралық қаржылық рыноктардың тұрақсыздығына қарамастан, банктік сектор тұтастай алғанда негізгі көрсеткіштердің барынша жоғары қарқынмен өсуін көрсетті. Қыркүйек айынан бастап шиеленісе түскен ғаламдық дағдарыстың, қалыптасқан рыноктардан түскен капитал ағымының күшеюінің және экспорттық тауардың бағасының төмендеуінің әсерімен қазақстандық банктік рыноктың жағдайы сенім дағдарысын анықтай бастады. Сол уақытта ҚР қаржы рыногы елдегі басқа да рыноктар сияқты баға кесудің едәуір төмендеуін бастан кешірді, көптеген коммерциялық банктерде өтімділікпен және ағымдағы міндеттемелерді орындаумен байланысты проблемалар туындады, банкаралық рынокта барынша шиеленіскен жағдай орын алды. Салымшылардың абыржушылығы халықтың банкке салым салуының жылыстауының жағымсыз тендецияларын қалыптастыра бастады. Қалыптасқан тендецияның заңды салдары Қазақстанның банктік жүйесінің беріктілігін жоғалту қаупіне айналды. Банктік сектордағы дағдарыстың асқынған белесі негізінен еңсерілді, дегенмен, экономикалық белсенділіктің төмендеуі банктерді қабылданған тәуекелдерді қайта бағалауға бағыттайды, осыған байланысты банктік тәуекелдерді басқару проблемалары ерекше маңыздылыққа ие болады. Әлемдік дағдарыстан кейін көптеген коммерциялық банктер өткен ғасырдың 80-90 жылдары жасалған тәуекелдерді басқару технологиясын (тәуекел-менеджмент) енгізу қажеттігі жайлы енді ғана ойлана бастады. Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды. Аталмыш ғылыми жұмыс дағдарыс жағдайындағы қазақстандық қаржы банк секторының проблемаларына арналады. 1-бөлім. Әлемдік қаржылық дағдарыстың Қазақстанның банк секторына әсері және оның салдары 1.1 Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның банк секторына әсері Бiздiң банктер ТМД-дегi теңдессiз жүйе деген теңеуге үйренiп қалды. Бiз қазiр «ТМД-дегi ең мықты банк жүйесi Қазақстандiкi»- деп мақтанамыз. Оның мықтылығының астарында бiздiң ата-бабамыздан қалған жердiң байлығы: мұнай факторы жатыр. Банктердiң айналымындағы ақшаны сол мұнайдан түскен ақша көбейтуде. Соңғы 15 жылда бiзде банк жүйесi емес, ақша жүйесiнiң ғана пайда болғанын айту керек. Ал, банк жүйесi бұрыннан да дамыған, мықты жүйе едi. Себебi, мамандары мықты болды. Қазақ ССР Мемлекеттiк Банк мекемесiнiң басшысы болып 27 жыл iстеген В.Бондаренко деген қаржыгер болды. Сол Бондаренко шалғайдағы бөлiмшелердегi ахуалға шейiн алаңдап отыратын едi. Қазiргi банкирлердi халықтың ахуалы, тiптi, алаңдатпайды. Олардың мақсаты тек пайда табу. Бiздiң банктер тек алып-сатумен айналысады. Алып-сату да керек шығар. Бiрақ, банк саласының негiзгi қызметi экономикаға тiрек болу. Ал бiздегi банктер соңғы 15 жыл бойында бұрынғы Кеңес үкiметiнен қалған мемлекеттiк компаниялар (қазiргi ұлттық компаниялардың) ақшасын айналдырумен келедi. Мемлекеттiк компанияларға қызмет көрсетушi банктер мықты да, қалғандарының жағдайы керемет емес. Елдегi өнеркәсiптi дамытпайынша, банк саласы бұдан әрi дамымайды. Қаржы саласында уақытша тұрақтылық болатын шығар. Алайда, ұзақ мерзiмге қанат жая алмайды. Банк активтерiнiң көбейгенi, қайталап айтамын: мұнайдың буы, шикiзаттың ақшасы. Қазақстан банктерiне мемлекеттiң қауiпсiздiгi, елдiң тұрмысы аса маңызды емес. Банктер несиенi қарша боратуының кесiрiнен қалған-құтқан тауарға, (әсiресе, автөкөлiктер) сұраныстың молынан туғанын түсiнгiсi келмейдi. Елдi тiптi, металлоломдар орталығына айналдыратын болды. Үкiмет заң дайындап жатқанда «Алдымен менiмен ақылдасып ал» деп қай кәсiпкер айтушы едi? Ал бiздiң банк басшылары солай деп айта алады. Билiк оларға кезiнде еркiндiктi молынан берiп қойды. Ол бар болғаны шектеу қойды: «Өз меншiк капиталыңның көлемiндей ақшаны ғана шетелден қарыз ретiнде алуға мүмкiндiгiң бар» дейдi. Яғни, банктердi өз капиталын жоғарылатуға шақырып отыр. Банктердiң капиталын көбейтуге кiм кедергi? Шетелден әкелген ақшаны осы жерде жаратсын. Қазақстанға келген бiр тиын осы Қазақстанда қалуы керек. Ол ақша халыққа, өндiрiске жұмыс iстеуi керек. Шетелден әкелген ақшаны неге қайтадан шетелге шығарады? Сол бiздiң банктер ақша салып жатқан елдердiң банктерiнiң де қарыз алуға мүмкiндiгi бар. Қазақстан банктерiнiң арада делдал болуының аса қажетi де жоқ. Банктер өз бизнесiн диверсификациялап, бөлiп жатыр. Қазақстандағы капиталы кейiннен ыңғайсыз жағдайға тап болатын күн туса, соның алдын алайын деген ой бар. Ертеңгi күнi елдегi банкке бiрдеме болса, арғы жақтағы капиталы аман қалады емес пе? Олар ең алдымен өздерiне ыңғайлы жағдай жасауда. Бүгiнгi бизнестiң деңгейi сондай. Бәлкiм, ұрпақ ауысқан соң, жағдай басқаша болатын шығар. Әбден қарыны ашқан адамды дастарханға жiберсе, ол ондағы тамақты таңдап iшпейдi ғой, қолына келгеннiң бәрiн ала бередi. Бiздiң бизнес те сондай. Шүкiршiлiк жоқ. Үкiметтiң кезiнде мемлекеттiк банктердi жекешелендiргенi үлкен кемшiлiк болды ма деп ойлаймын. Мемлекетке кейiннен жеңiл несиенiң керек болатынын үкiметтегiлер қаперден шығарған. Яғни, қолындағы өз құралынан айрылып қалды. Қазiр Үкiмет банктердi «шағын бизнеске көмектеспейсiң» деп жазғырады. Ал нарықтық тұрғыдан қарасақ, жекеменшiк банк не iстесе де өз шаруасы. Сондықтан, банктер мен халық арасында алшақтық пайда болды. Мемлекеттiк банктердiң жекешеленуiнен халық еш пайда көрген жоқ. Қазiр несиенiң пайыздық көрсеткiшi төмен түсетiн емес. Ол инфляцияға қатысты мәселе. Ал инфляция мәселесiн шешпей, Үкiметтiң жоспары орындалмайды. «БТАбанкі» Қытайда банк ашпақшы болып едi, жарғылық қорының жеткiлiктi болмауына байланысты Қытай Үкiметi рұқсат бермеді. Шетелдiк банктерге осындай саясат ұстанған дұрыс. Қытайлар өзге елдердiң экспансиясын қаламайды. Сондықтан да осындай қадамға барады. Ал бiзде кез келген шетелдiк банктiң елге кiрiп, жұмыс iстей беруiне жағдай жасап қойған. Бiздiң елдiң банктерi әлi орнынан тұра алмай жатқанда, басқа елдiң банктерiнiң келуiнен отандық банктер зардап шегедi. Бәсекеге шыдай алмай қалады. Елбасы қаржыгерлер мен банкирлердің басын қосып, елдегі қаржы саласының жалпы бүгінгі жағдайы мен дағдарыстан кейінгі келбетін, сондай-ақ оның қандай бағытта, қандай жолдармен дамитынын талқыға салды. Әрине, айтылғанынан айтылмағаны көп болған жиын талайларды ауыр ойға салды десек те, артық айтқандық емес. Осы орайда сондағы шешімін таппаған сауалдардың бір дестесін арқалап, еліміздің қаржылық күре тамырларының бірін жүргізіп отырған «БТА Банк». Дағдарыс кезінде аса маңызды шешімдер қабылданып, талай да сындарлы оқиғалар болып өтті. Оның ішіндегі ең бастысы, Қазақстан Үкіметі «БТА Банкі» акцияларының 78,14 пайызын «Самұрық-Қазына» қоры арқылы сатып алғанын айта кетсек те болады. Мемлекеттің