Файл: Магистрлік диссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 181

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Педагогикалық эксперимент

Педагогикалық эксперимент негізгі зерттеу әдісі болды және әзірленген әдістеменің 13-15 жас аралығындағы гір көтерушілермен жұмыс практикасындағы тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілді. Педагогикалық эксперимент схемалық түрде 3-суретте көрсетілген.


Бақылау және эксперименттік топты алдын ала тестілеуден өткізу

Гір көтеруші спортшыларды дайындау әдістемесіне модельдік сипаттамаларды енгізу

Тестілеуді қайта өткізу. Алынған мәліметтерді талдау

Дене дайындығының күшті және әлсіз жақтарын анықтау
3-сурет. Педагогикалық эксперименттің схемасы.
2.2 Зерттеудің ұйымдастырылуы

Зерттеу 2020-2022 жылдар аралығында Шыңғырлау аудандарының "Шыңғырлау" спорт клубы коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында ұйымдастырылды. Зерттеуге гір көтеру спортына маманданатын 13 пен 15 жас аралығындағы 80 спортшы (гір көтеру спортынан мектеп оқушылары арасындағы облыстық чемпионаттың қорытындысы бойынша) қатысты.

Бірінші кезең– зерттеу тақырыбымыз бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды; бапкерлердің практикалық тәжірибесі зерделенді; гипотеза мен ғылыми зерттеу аппараты қалыптастырылды; әдіснамасы және теориялық тұжырымдар анықталды. 13-15 жас аралығындағы гір көтеруші спортшылардың жаттығу процесінің ерекшеліктері зерттелді.

Екінші кезең – педагогикалық эксперимент жүргізу: педагогикалық бақылау сынақтарының нәтижелері бойынша 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығының модельдік сипаттамалары түріндегі нормативтік талаптарды әзірлеу; әзірленген модельдік сипаттамаларды дене қасиеттерін дамыту процесін басқару құралы ретінде гір көтерушілердің жаттығу процесінде қолданудың тиімділігін негіздеу.

Үшінші кезең – эксперименттік зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, талдау және жүйелеу, теориялық тұжырымдарды жинақтау және қорытындыларды тұжырымдау, диссертация мәтінін ресімдеу.

3-ТАРАУ. 13-15 ЖАСТАҒ
Ы ГІР КӨТЕРУШІ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ӘДІСТІҢ МОДЕЛЬДІК СИПАТТАМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ТИІМДІЛІГІН ӘЗІРЛЕУ, АПРОБАБАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ

3.1. 13-15 жас аралығындағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығы көрсеткіштерінің диагностикасы мен динамикасына негізделген модельдік сипаттамаларды әзірлеу және қолдануды негіздеу
Спорт бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде модель белгілі бір спорттық шеберлік деңгейіне жетуді және болжамды нәтижелерді анықтайтын спортшының дене дайындығы жағдайы мен деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.

Модельдерді таңдау және әзірлеу спортшыларды дайындау жүйесіндегі өте маңызды процедура екенін атап өткен жөн [69].

Гір көтеруші спортшылардың дене дайындығын диагностикалау үшін бізге екі негізгі мәселені шешу керек болды:

- біріншіден, гір көтерушілердің дене дайындығының құрылымын толық зерттеп, осы спорт түрінен спорттық жоғары шеберлікке жетуге ықпал ететін дене қасиеттерін анықтау;

- екіншіден, диагностика құралдарын нақтылау, атап айтқанда, гір көтерушілердің дене дайындығын анықтауға арналған ең ақпараттық қимыл-қозғалыс тесттер кешенін таңдау және негіздеу.

Дене дайындығын диагностикалауға арналған бақылау жаттығуларының кешенін анықтау ең ақпараттандырылған қимыл-қозғалыс тесттерін таңдау арқылы жүргізілді, олардың нәтижелері гір көтерушілердің ең маңызды дене қасиеттерінің күйінің деңгейін объективті талқылау болады:

- 30 м жүгіру - 30 метр қашықтықты қысқа мерзімде еңсеру. Тест төмен стартта орындалады. Спортшыға екі мүмкіндік беріледі, олардың ең жақсысы есептеледі.

- 1000 м жүгіру - Ең аз уақыт аралығында 1000 метр қашықтықты еңсеру. Тест жоғары стартта жүргізіледі. Спортшыға бір мүмкіндік беріледі.

Гірді кеудеге көтеру. Б.қ. сыналушы екі аяқтың арасында тұрған гірді тұтқасынан ұстап жұлқи кеудеге көтереді. Содан кейін жерге лактырады. Екі аяқтың арасына қойылған гірді тағы да жұлқи кеудеге көтереді. Бұл ретте жаттығу кезінде гірді тұғырға қоюға тыйым салынады. Жаттығуды орындау уақыты 5 минут.


- Білек динамометриясы. Сыналушы қолына білек динамометрін алып, барынша қатты қысады. Бұл жағдайда қол түзу және кеуденің жанына бағытталады. Бір мүмкіндік беріледі.

  • Бір орыннан ұзындыққа секіру. Спортшы бір уақытта серпіліп қос аяқтап секіреді. Аяқтың табаны түскен бастапқы сызыққа ең жақын жанасу нүктесі нәтиже болып есептеледі. Үш мүмкіндік беріледі, ең жақсысы есептеледі.

- Биік белтемірге асыла тартылу. Тартылу б.қ. белтемірді үстінен ұстап асылу арқылы орындалады. Иек белтемірдің деңгейінен асатындай етіп үздіксіз жоғарыға тартылады. Қайталау саны тіркеледі.

- Толтырылған допты итеру. Бұл тест допты бір қолмен мойынға қысу арқылы орындалады. Сыналушыға үш мүмкіндік беріледі, олардың ең жақсысы есептеледі.

- Қолды тіреп жатқан қалыпта қолды бүгіп-жазу. «Тіреле жатқан қалыпта қолды бүгіп-жазу». Тіреле жатқан бастапқы қалыптан, сыналушы бастапқы қалыптағы көтеріліп түсу үшін платформаға тигенше қолын бүгеді. Орындалған қайталаулар саны жазылады.

- Допты екі қолмен төменнен алға лақтыру. «Допты екі қолмен төменнен алға лақтыру». Лақтыру қолды жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпта орындалады. Сыналушы допты екі аяғының арасына түсіріп, алға еңкейеді. Белсенді, шапшаң қозғалып арқаны түзей отырып, допты мүмкіндігінше алға лақтырады. Үш әрекеттен кейінгі ең жақсы нәтиже есепке алынады.

- Алға еңкею. Бастапқы қалыпта артқа тіреле отырып алға қарай еңкейеді.

Тестілеу әдістемесі келесі талаптарды көздейтінін атап өткен жөн:

1. Тестілеуге бір күн қалғанда орташа және ауыр жүктемелер оқу процесінен алынып тасталды, қалпына келтіру сабақтары өткізілді. Бұл спортшылардың тестілеу жағдайында тең болатынына әкелді және тестілеуге дейінгі бастапқы деңгей салыстырмалы түрде бірдей болды.

2. Тестілеу алдында қыздыру стандартты түрде жүргізілді (ұзақтығы, жаттығуларды таңдау, қарқындылығы, орындалу реттілігі бойынша).

3. Тестілеуді кешенге енгізілген барлық тестілер бойынша сол бір сарапшылар жүргізді.

4. Спортшыларды тестілеу кейінгі тестілеу кезінде де өзгертілмей, алдын ала белгіленген схема бойынша жүргізілді.

5. Бірдей тестті орындағаннан кейін толық демалыс берілді.

6. Әрбір спортшыға тестте ең жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылу ұсынылды. Ол үшін тестілеу жарыс түрінде өткізілді.


Гір көтеру спортындағы техника мен тактиканың ерекшеліктері және жарыс қимылдарындағы дене қасиеттерінің көрінісі

Гір көтерудегі дене дайындығының ерекшелігі оның осы түріндегі жаттығулар мен жарыс әрекеттерінің биомеханикалық сипаттамаларына байланысты. Сондықтан техникалық элементтердің биомеханикалық сипаттамаларын қарастыруды қажет деп санаймыз [70].

Гір көтеру жаттығуларын орындау кезінде жаттығуға барлық дерлік бұлшықет топтары көп немесе аз дәрежеде қатысады, бұл көп энергия шығындауға алып келеді. Ағзаның энергетикалық ресурстары шектеулі болғандықтан, жоғары нәтижеге жетуде тиімділік, жаттығуды орындаудың оңтайлы техникасы маңызды рөл атқарады: осылайша серпілу жаттығуларындағы келесі техникалық элементтерді бөліп қарауға болады, снарядты кеудеге көтеру (Б.Қ.), жүрелеу, итеріп түсіру; шығу; тіркеу; кеудеге түсіру (Б.Қ.).

Кеудеге көтеру: Бастапқы қалыптан тұғырдан гірді жұлып алады, кеудені алға қарай еңкейтіп, екі аяқтар арасынан серпіледі, содан кейін аяқ пен арқаны түзете отырып аяқты сәл бүгіп гірді кеудеге көтереді.

Жүрелеу: бұл элемент итеру жаттығуларының өте маңызды құрамдас бөлігі. Ол кеудеден гірді итеріп түсіруден бұрын жасалады Жүрелеу кезінде гірлердің салмағынан соққы сіңіру қызметін атқаратын аяқтар тізе және жамбастан сәл бүгіледі, гір ұстаған қол кеудеде тұрады және қозғалмайтын күйде болады.

Итеріп түсіру: бұл гір итерудің ең маңызды классикалық элементі. Аяқты шапшаң әрі белсенді түрде түзегеннің арқасында гір жоғарыға бағыт алады, ең бастысы итере түсіру гірді қажет биіктікке көтеруге жылдамдық беретіндей шапшаң әрі белсенді болуы керек. Итеріп түсіру шапшаңдық пен белсенділік аз болса, гір көтеру жаныштау ретінде бағаланып, сондықтан есепке алынбайтын болады.

Шығу: гірді кеудеден итеріп түсіргеннен кейін бірден орындалады. «Өлі нүктеге» жеткен гірді тізені шапшаң бүге, қолды шынтақтан тіктеп көтереді. Арқа қатты бекітіледі.

Тіркеу: гір ұстаған қолды одан әрі жоғары тік көтеріп, аяқты да түзу ұстау тоқтағанша жалғасады (қозғалыссыз күйде).

Түсіру: төреші тіркелгенін айтқаннан кейін спортшы гірді кеудеге түсіруге кіріседі. Бұл шынтақты бүгу арқылы орындалады. Гірді түсірген кезде аяқ ұшымен жүру керек, ал шынтақты кеудеге қысып, аяқты тізеден сәл бүгіп, осылайша бел мен тұтастай тірек-қимыл жүйесіне ауыр салмақ азайтылады.


Келесі түсіру алдындағы бастапқы қалып: аяқ тіктеліп, табандар иықтың енінде орналасады, шынтақтар белдікке тіреліп, кеудеге қысылады, гір білек пен иық үстінде болады, арқа тепе-теңдікті сақтау үшін сәл артқа шалқаяды.

Серпілу жаттығуының толық циклін шартты түрде келесідей техникалық элементтерден тұратын жаттығу ретінде қарастыру керек: старт (басталуы), сермеу, түсіру, бекіту (тіркеу), төмен түсіру, серпілу [71].

Старт (басталуы): Б.Қ. – екі аяқты алшақ қойып, гірді олардың арасына қою, «старт (баста)» командасы гірді тұтқасынан ұсап, кеудені сәл алға еңкейтеді, бос қолды босаңсытып, кеуде тұсында ұстайды, арқаны түзетеді.

Сермеу: Гірді тұтқасынан ұстаған соң, оны тұғырдан көтереді, содан кейін аяқтың арасына кері сермейді. Бос қол босаңсытылып, артқа жіберіледі, арқа тік ұсталады.

Түсіру: бұл жұлқа көтеру жаттығуларының негізгі және энергияны қажет ететін элементі. Аяқты жамбас буынынан және кеудені белсенді түрде түзетудің арқасында снарядты тік қолмен көтеруде өте маңызды қажетті шапшаңдық беріледі. Қысқа сәтке гір көтеретін қол гірден босатылады, шынтақ аздап бүгіледі, содан кейін түзетіледі. Бұл элементті орындау кезінде қолды гірдің түбі әрқашан төмен қарай бағытталатындай, ал гір корпусы соққы жүктемесін жұмсарту үшін иық тұсын айналып өтетіндей етіп айналдыру керек. Білек бұлшықеттеріне түсетін салмақты азайту үшін қолды гір тұтқасына тереңдете кіргізеді.

Бекіту: Гірді қолды тіктеп көтергеннен кейін, аяқтар мен кеуде де тіктеледі және төреші дұрыс көтердің деген белгі бергенше қозғалмай тұрады.

Төмен түсіру: Бекітілгеннен кейін гірді келесі сермеу үшін төмен төменге түсіреді. Қолдар мен аяқтарды бірте-бірте бүгілуіне байланысты гір жеке оңтайлы траектория бойынша (мысалы: спортшының бойы, салмағы, жасы және т.б. сипаттамалардың маңызы бар) төменге түседі. Бұл элементте гірді қолмен гірдің «ілмегін» келесі сермеуді ескеру қажет (бас бармақ сұқ саусақтың үстіне қойылғанда). Снарядты төменге түсіру кезінде аяқты ақырын бүгіп, арқаны еңкейту арқылы қолға салмақ түсірмеу керек.

Сермеу: Бос қолды босаңсытып, артқа жібереді, арқаны тіктейді.

Жаттығуды орындағаннан кейін, бір қолмен максималды серпіледі, гірді кеуде деңгейіне түсірген кезде снарядты тұғырға қоймастан гірді екінші қолмен ұстайды.

1. Бастапқыда көтерудің ең жоғары қарқынын таңдап, берілген уақыт ішінде