Файл: Магистрлік диссертация.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 178

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
бойынша осы шкаланы пайдалана отырып, нормаларды анықтау тәртібі келесідей: 1 - адамдар жиынтығы ретінде таңдалады; 2 - олардың жетістіктері тесттер кешенімен анықталады; 3 - орташа мәндер мен стандартты ауытқулар (орташа квадрат) анықталады; 4 - x+0,5 мәндері орта норма ретінде қабылданады, ал қалған градациялар кезіндегі коэффициентке байланысты. x+ диапазонындағы барлық нәтижелер орташадан төмен және жоғары қарастырылады, мен 2 аралығындағы нәтижелер төмен және жоғары деп есептеледі. 2 шегінен тыс басқа ұпайлар өте жоғары немесе өте төмен.

Модельдік сипаттамалар көбінесе белгілі бір шашылым арқылы кейбір нәтижелердің орташа мәндері ретінде түсініледі.

Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасында математикалық статистика әдістерін қолдану арқылы әзірленген дене дайындығы процесін басқару және бақылау мақсатында спортшылардың дене дайындығының әр түрлі аспектілерінің деңгейін білдіретін модельдік сипаттамалар спорттың алуан түрінде өз қолданысын баяғыда тапты. Өткен уақыт ішінде модельдеу процедурасының жүйелілігі (реттілігі) туралы нақты түсінік қалыптасты.

М.Я. Набатникова [91], модельдік сипаттамаларды анықтау үшін келесілерді қажет санайды:

- жүйелердің жағдайын зерттеуді ұйымдастыру;

- алынған мәліметтер негізінде тиісті нормаларды тұжырымдау;

  • модельдік сипаттамалардың болжамын құру.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі міндеті осы спорт түріне арналған ең маңызды дене қасиеттерінің даму деңгейін тексеру негізінде гір көтерумен айналысатын 13-15 жастағы спортшылардың дене дайындығының сипаттамаларын анықтау болды.

Мәселен, спортшылардың арнайы дене дайындығының модельдік сипаттамаларын жасай отырып, С. В. Малиновский модельдік мәндер ретінде есепке алынған көрсеткіштердің топтық, орташа арифметикалық мәндерін алады. Басқалары жақсы жаққа кейбір мәнді қосады. Бұл әдісті қолдану арқылы спортшының жоғары деңгейге жетуі болжанады.


Біздің зерттеуімізде 13-15 жастағы гір көтерушілердің физикалық дайындығының модельдік сипаттамаларын болжау келесі ережелерге (тұжырымдарға) сүйенді:

1. Белгіленген модельдік деңгей – әр түрлі жастағы гір көтерушілердің жарыс жаттығуларында ең жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік беретін жоспарланған дене дайындығының бағдары, сонымен бірге бұл физикалық қасиеттерді дамытудың жоғары деңгейіне жетуге ынталандырудың бір түрі;

2. 13-15 жастағы гір көтерушілер дене дайындығының жоспарланған модельдік деңгейі жаттығу процесінде адекватты және шынайы түрде орындалатын болуы керек.

Гір көтеруші спортшылар дене дайындығының модельдік деңгейін анықтауды негіздеу үшін біз жарыстардағы көрсеткіштердің нәтижелерін талдадық. Біз гір көтерушіде спорт шеберіне кандидаттың деңгейі, әдетте, нәтижелердің жартысынан көбі жоғары мәндер ауқымында деген қорытындыға келдік.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, гір көтерудегі спорттық нәтижелердің заманауи өсу тенденциясын ескере отырып, жоғары нәтижелер шамасында 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығы көрсеткіштерінің модельдік деңгейі белгіленді (жоғары + ). Нәтижелердің модельдік мәннен 0,5 ауытқуы онымен «кіші» сәйкессіздікке сәйкес болады, - «орташа», 2 -ға дейін - «үлкен». Егер сәйкессіздік модельдік деңгейден 2 мәніне сәйкес келсе, онда ол «өте үлкен» болып саналады.

Осы ережеге сәйкес модельдік көрсеткіштер және осы модельге сәйкес келмеу көрсеткіштері болып саналатын көрсеткіштер кестесі әзірленді (12-кесте).

12-кесте. 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығының модельдік сипаттамалары




Бақылау тесті

Жасы

Модельдік деңгейге сәйкес келмеу дәрежесі

Модельдің деңгейі

дейін аз

дейін орташа

дейін көп

1

30 м (сек) жүгіру

13

4,75

0,1

0,2

0,4

14

4,43

0,14

0,28

0,56

15

4,2

0,2

0,4

0,8

2

Гірді кеудеге көтеру

(саны)

13

47

2

5

10

14

55

3

7

14

15

80

4

9

18

3

Толтырылған допты итеру (м)

13

8,95

0,21

0,42

0,84

14

9,8

0,2

0,4

0,8

15

10,48

0,19

0,38

0,76

4

Тіреле жатып қолды бүгіп-жазу

(саны)

13

39

2

3

7

14

43

3

6

12

15

44

3

7

13

5

Бір орыннан ұзындыққа секіру (см)


13

214

9

18

37

14

214

8

17

33

15

241

12

23

46

6

Допты екі қолмен алға лақтыру (м)

(м)

13

8,18

0,15

0,3

0,6

14

9,2

0,6

1,2

2,4

15

10,97

0,18

0,37

0,74

7

Биік белтемірге асыла тартылу

(саны)

13

8

2

4

8

14

13

1

2

4

15

16

2

4

7

8

1000 м жүгіру (сек)

(сек)

13

242,8

6,7

13,5

26,9

14

241,1

5,5

11,0

22,0

15

227,7

10,4

20,8

41,6

9

Алға еңкею (см)

(см)

13

9

2

5

9

14

9

2

5

9

15

14

4

9

17

10

Білек динамометриясы (кг)

13

22

0,95

1,9

3,8

14

28,45

1,2

2,4

4,8

15

34,40

1,2

2,4

4,8


Модельдік деңгейдің алынған нәтижелері жеткіншек жастағы гір көтерушілердің көрсеткен нәтижелерін сандық көрсеткіштер бойынша жедел талдауға мүмкіндік береді, мұндай ықпалдың қимыл-қозғалыс тесттерінің түгел кешені бойынша қорытынды баға шығаруға және жалпы спортшының дайындық деңгейін көрсетуге мүмкіндік бермейтінін атап өткен жөн. Біртұтас дайындық деңгейін анықтау үшін тест нәтижелерін ұпайға айналдыру қажет.

Бағалау процесі тест нәтижелерін ұпайға түрлендіруге болатын шкала таңдаудан тұрады. Таңдалған шкалаға сәйкес тесттерде көрсетілген нәтижелер ұпайларға немесе балдарға ауыстырылады. Бұл ұпайлар нормалармен салыстырылып, қорытынды баға шығарылады.

Ең көп таралған стандартты шкала - бұл біз қолданған стандартты ауытқу бойынша масштабталатын T-шкаласы.

Т-шкаласын қолданғанда орташа нәтиже 50 балға сәйкес келеді. Бұл модельдік деңгей ретінде алынған нәтижелер 60 ұпайға сәйкес келетінін білдіреді. Модельдік деңгейімен сәйкессіздіктің аз дәрежесі 5 бал, орташа - 10 бал, үлкен (көп) дәрежесі - 20 бал айырмашылығымен бағаланады.

Кешенге енгізілген барлық қимыл-қозғалыс тесттерін жинақтау нәтижесінде алынған, балмен көрсетілген қорытынды бағалар дене дайындығы деңгейін жалпы бағалаудың алғышарты болды. Осылайша, модель деңгейінің қорытынды бағаларын есептеу нәтижелері және онымен сәйкессіздік мәндері 13-кестеде келтірілген.

13-кесте. 13-15 жас аралығындағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығын қорытынды бағалау


Дене дайындығының деңгейі

Қорытынды бағалар

Модельдік деңгей

600 бал

Модельдік деңгеймен сәйкессіздіктің аз дәрежесі

550 бал

Модельдік деңгеймен сәйкессіздіктің орта дәрежесі

500 бал

Модельдік деңгеймен сәйкессіздіктің үлкен (көп) дәрежесі

400 бал


Тесттер кешені бойынша бағалау үшін 13-15 жас аралығындағы гір көтерушілердің барлық нәтижелері келесі формула бойынша балдарға айналдырылды:




Т = 50 + 10

мұндағы Т – тест нәтижесінің бағасы; Xi – көрсетілген нәтиже; x – орташа нәтиже; a – стандартты ауытқу [89].

Айта кету керек, 13-15 жас аралығындағы гір көтерушілердің модельдік сипаттамаларын әзірлеу процедурасы логикалық өзара байланысты алты кезеңнен тұрды:

1. Гір көтеруші спортшының аса маңызды дене қасиеттерінің даму деңгейін сипаттайтын қимыл-қозғалыс тесттерін анықтау;

2. Ұсынылған қимыл-қозғалыс тесттерінің кешеніне сәйкес жеткіншек жастағы спортшылардың дене дайындығының диагностикасын жүзеге асыру;

3. Стандартты сигма шкаласының көмегімен алынған нәтижелер бойынша дене дайындығының белгіленген нормаларын анықтау;

4. Дене дайындығының модельдік сипаттамаларының нормаларын анықтау;

5. Т-шкаласын қолданып тест нәтижелерін балға айналдыру;

6. Тесттер кешені бойынша модель деңгейінің қорытынды бағасын анықтау.

Әзірленген модельдік сипаттамалар бізге тест нәтижелерін модельдік деңгеймен салыстыру арқылы 13-15 жастағы гір көтерушілердің дене дайындығы деңгейін көрсетуге мүмкіндік береді.

Тесттер кешені бойынша жекелеген көрсеткіштерді салыстыру бізге жеткіншек жастағы гір көтерушілерді дайындауда артта қалғандарды анықтауға және алдағы уақытта оларды қатарға қосуға мүмкіндік береді.

Күлтелі диаграмманың көмегімен (7-сурет) графиктердің сызықтары сыналушы дайындығының күшті және әлсіз жақтарын көрсететін «профильін» анықтауға болады.

7-сурет. Күлтелі диаграмманы пайдалана отырып, сыналушының «профильін» құру
Зерттеу барысында біз келесі нәтижелерге қол жеткіздік:

1. 13-15 жас аралығындағы гір көтерушілердің дене дайындығы көрсеткіштеріне қойылатын нормалардың талаптары анықталды;

2. Жеткіншек жастағы спортшылардың дене дайындығының модельдік сипаттамаларының сандық көрсеткіштері және оларға сәйкессіздіктің дәрежесі анықталды;

3. Тест нәтижелерін абсолютті бірліктерден балдарға тез айналдыруға мүмкіндік беретін кестелік деректер жасалды.

3.3. Эксперименттік әдістемені әзірлеу, апробациялау және оның модельдік сипаттарын пайдалануды ескере отырып, 13-15 жастағы гір көтеруші спортшылардың дене дайындығын басқарудағы тиімділігін тексеру
Барлық спорт түрлерінде қол жеткізілген нәтижелер спортшының дене қасиеттерінің даму деңгейіне байланысты. Гір көтеру де солай. Спортшының дене қасиеттерінің даму деңгейін жарыс жаттығуларын техникалық жағынан дұрыс орындауы анықтайды. Жарыс жаттығуларының фазалары оны орындау техникасының талаптары гір көтерушінің қозғалу мүмкіндіктеріне сәйкес болған жағдайда ғана дұрыс орындалуы мүмкін. Сондықтан гір көтеру жаттығуларының техникасын меңгеру кезінде дене дайындығы оқытудың негізі болып саналады.

Осының негізінде спорттық шеберлікті арттыруда дене шынықтырудың маңызы зор екені анық. Кез келген біліктіліктегі гір көтерушінің дене қасиеттері адекаваты дамымаған болса оның шебер спортшы болуы мүмкін емес.

Өкінішке орай, көбінесе «дене дайындығы» деген сөз тек қана күш қасиеттерін дамыту де түсініледі, бұл қате түсінік. Кез келген басқа спорт түріндегі сияқты гір көтеруде де нәтиже қасиеттерді жеке емес, жиынтықта, кешенді түрде көрсете білуге ​​байланысты. Сонымен бірге дене дайындығын жарыстарда жетістікке жету үшін негіз болатын жетекші қасиеттерді дамытуға бағытталған процесс ретінде қарастыру керек.

Гір көтерушінің дене дайындығына спецификалық талап қойылады: ол жарыс жаттығуларын меңгеруге және білік пен дағдыларды қалыптастыруға, оларды бәсеке жағдайында сапалы орындауға негіз болуы керек. Гір көтерушінің дене дайындығы көп қырлы және бірқатар міндеттерді шешуді көздейтіні сөзсіз, ал жаттығу процесінің белгілі бір кезеңінде қойылған міндеттерге байланысты дене дайындығының мазмұны адекватты болуы керек.

Біз негіз ретінде қазіргі сәтте жетекші болып саналатын көрсеткіштерді алдық. Дене қасиеттері дамуының елеулі өзгерістерін сипаттайтын сезімтал кезеңдер ескерілді. Мұндай кезеңдерде арнайы жаттығу белгілі бір қасиеттерді дамытуға ең жоғары нәтиже береді. Егер жаттығу сабақтарында осы кезеңдердің қолайлы мүмкіндіктерін дер кезінде қолданбаса, келешекте оны толық қуып жету мүмкін емес. Әр түрлі қозғалыс қасиеттері үшін сезімтал кезеңдер әр түрлі.

Мектеп оқушыларының дене қасиеттерін дамытуда келесі сезімтал кезеңдерді бөліп карауға болады: