Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 67

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
[26, 75].

Нарықтық экономиканың талап ету есебінен мамандық тізбелері қайта қаралып бекітілген. Осы тізбекте түлектер меншікті ісіне ашуға мүмкіндік алатын мамандық дайындықтар ашылып, оқытуда.

Жоғарғы білім беру. 1999 жылы жоғарғы білім беру деңгейін қос сатылы бөлімдерді бакалавриат және магистратураны заңды түрде бекіткен.

Шетел экономикалық әдебиеттерінде жоғарғы білім берудің рөліне әртүрлі төрт принциптік көзқарасты сипаттайд:

1. Білім беру кезінде студенттер кейін қызметтерінде қолданатын арнайы білімдер мен кәсіптік машықтарды алады.

2. Жоғарғы білім беру біліммен арнайы кәсіптік машықтарды оқыту болып табылмайды, ол студенттерге іргелі интеллектуалды ахуал мендайындықты қамтамасыз етеді, солар арқылы өмірлерінде кездесетін жұмыстарды арнайы кәсіптік мамандықтармен, білімімен тез және оңай шеше алады. Осы үлгіге сәйкесінше жоғарғы білім алуда нақты не оқытылатыны маңызды емес. Бастысы, білім интеллектуалды құралдармен түлекті қамтамасыз ету мақсаты, кәсіптік білімге және өмірде, жұмыста көтерілуінде өзгермелі талаптарға оңай бейімделуіне, тез үйренуіне мүмкіндік болып табылады.

3. Жоғарғы білім беру арнайы кәсіптік біліммен, кең интеллектуалды дайындықпен қамтамасыз етпейді. Ол техникалық, ғылыми, кәсіптік-әкімшілікке қажет негізгі интеллектуалды сапалықтарын иемденетін жастарды іріктеуінде қорытынды сатысы болып табылады.

4. Кез келген жоғарғы білім беру мен келесі жұмыстар арасындағыбайланыс кездейсоқ болып табылады және ол қайта қаралмайды. Осы көзқараска сәйкесінше Батыс Европада атақты білім беру теоретикерінің ойынша, жоғарғы білім берудің мақсаты әр индивидтің тұлғалық дамуы жұмыстарына қатынасыне пайдалы, не зиянды болып келеді. Осы концепцияға сай, мінсіз жоғарғы оқу орындарында сынақтар, дипломдар, деңгейлер болмауы керек. Адам не оқығасы келсе, соны оқиды.

Бұрында Қазақстан және орталық басқару елдері негізінен бірінше принципті ұстанған, алайда тәжірибеде үшіншінің элементтерін көруге болады. Көп деңгейі әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған елдер екінші үлгіні артық көреді.

Қазақстан қоғамының трансформациясы жағдайында мемлекет алдында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қалыптастыру өзекті мәселесі пайда болды. Бұл мәселені қарастыруда Қазақстан республикасының жоғары білім беру жүйесін реформалау үрдісін зерттеу керек. Бұл жерде өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан елдер үшін білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс болып табылмайтындығын атап кету қажет. Мұндай реформалар білім жүйесінің жақсаруын, даму динамикасын, эволюциясын көрсетеді және әрдайым болып тұрады.


Қазіргі Қазақстанда жоғары білім мәселесі-экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Бірақ, біздің ойымызша, бұл мәселені шешуде тек қаржылық-экономикалық жағдайға ғана сүйенуге болмайды. Білімді реформалауға кешенді түрде қарап, әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторларды да ескеру керек.

Әрбір әлеуметтік институт, соның ішінде білім беру жүйесі қалыптасқан жағдайларға бейімделуі тиіс, өткені ол оның өмір сүруіне қажетті шарт болып табылады. Біздің еліміздегі білім беру жүйесінің реформасы басқа да өтпелі мемлекеттердегідей “жоғарыдан” жүргізілді.

Қазіргі кездегі жоғары білім жүйесінің даму теңденциясын былай суреттеуге болады:

Біріншіден, ол Қазақстан Республикасы ҚСРО құрамында болған кездегі жүйелік әлеуметіне сүйенеді;

Екіншіден, нарықтық экономиканың талаптарына және шарттарына сәйкес өзеріп отырады;

Үшіншіден, білім саласында жаңа оқу құралдарын қалыптастырудың блсенді үрдісі жүріп жатыр

Төртіншіден, білімнің экономикалық фундамент өзгеруде

Бесіншіден, мемлекеттік емес оқу орындары көбейгендіктен, мемлекет білім сапасына бақылау мен оқу-ағарту бағдарламаларның басым бағыттарын қалыптастырумен шұғылданады.

Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға мүше болып қабылданғалы бері (1992 жыл) біз үшін халықаралық ынтымақтастық толыққанды мәселегі айналды. Дәстүрлі формалармен қатар, бұл жерде жаңа перспективалар ашылды. Бұл халықаралықоқу-ағарту жобаларына қатысу мүмкіндігі, тараптарды оқу-ағарту саласында қызықтыратын кең спектрлі мәселелер бойынша кеңестер өткізужәне ғылыми, педагогикалық технология алмасуларынжүзеге асыру, т.с.с. іс-шаралар. Осы ақиқаттарды ескеру отырып, бізге осы әлімгежас оқушы ретінде емес,ортақ процесске қызыға қатысушы ретінде кіргізетін бөлім құру керек [22].

Бұндай бөлімнің бірінші қадамы ретінде халықаралық келісімшарттардың талап көніл қою-қажет. Бұл іс-шара біздің оқу ағарту үйемізді әлемдік стандартпен салыстыра отырып, дамытуға және сараптауға мүмкіндік береді. Екінші қадамы ретінде екі жақтық клісімдердің шарттарын тең құқықты негізде жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының азаматтарына тиімді болатындай келісімдерге отыру керек.

Американдық жоғары білім беру жүйесінің ерекшелігі: жоғары оқу орындарының едәуір еркіндігі және автономиялылығы. Ал мұндай менталитет Қазақстан сияқты дәстүрлі қоғамда қалай көрініс табады? Білім беруде әлемдік стандарттың ұлттық санаға ықпалы қалай болады? Мәселен, ұлттық патриотизмге, ұлттық этикалық санаға, жеке тұлғаның өзіне өзінің тең келу мәселесіне, ұлттық мифтік санаға, ұлттық идентификация мәселесіне ықпалы қандай болмақ дейтін әртүрлі сұрақтар туындайды.



Болон Декларациясы, әлемдік бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру үрдісі бүгінгі глобализация феноменінің құрамдас бөлігі, оның іске асырылу формасы десек болады. осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда көрсетілгендей, білім берудегі бұл инновацияның түбірлі мәні мен сипатын әмбебап нарықтық-экономикалық рационализм, ал ол тікелей өндіріс қажеттілігі мен пайда іздеу мүддесімен байланысты болатынын мемлекет жасырмайды. Осының өзін методологиялық тұрғыдан пайымдайтын болсақ, кредиттік жүйенің идеологиялық мәндік болмысын білдірмек.

Неоклассик-экономист А.Маршаллдың пікірінше табиғат қайтарымы төмендеу тенденциясында болса, адам осы қайтарымды арттыру тенденциясына ие. «Білім біз үшін өндірістің ең қуатты қозғаушысы, табиғатты бағындырып, оның күштерін қажеттілігімізді қанағаттандыруға, пайдалануға мүмкіндік береді».

Адамның сапалық параметрлерін қалыптастырушы және жетілдіруші рухани өндірістің маңызды салаларының бірі-білім беру саласы. Білім беру бір жағынан, тұтас ұлттың интеллектуалды потенциалының дамуы және тереңдеуінің факторы болса, екінші жағынан-адам мүмкіндіктерінің барынша жүзеге асуының іргелі алғышарты. Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетудің және жұмыссыздыққа қарсы құрал ретінде қарастырыла басталды. Әсіресе білімі және біліктілігі жоғары адам прогрессивті қоғамдық өзгерістердің көзі және қуатты қозғаушы күші ретіндегі өзекті мәселеге айналды.

Қазақстанда халықаралық нормаларға сәйкес келетін заңдылық-шығармашылық қызметтің бастамасы 1990-шы жылдардың басына келеді. Бірақ бізге ғана емес, бүкіл әлемге тән интеллектуады қызметтің ерекшеліктерін ойластыру мен соған сәйкес келетін заңдылық базаға байланысты шешілмеген көптеген мәселелер бар.

Осы ерекшеліктердің кейбіреуін атап өтелік. Меншіктің объектісі ретіндегі интеллектуалды капиталдың басқа меншік объектілерімен салыстырғанда тиімді артықшылықтары бар. Ол физикалық жағынан өз иесінен ажыратылмайды. Мысалы, білім оны сатқаннан кейін де оны өндірушіде сақталады, ал ол жөніндегі ақпаратты нарыққа шексіз рет шығаруға болады. Оның үстіне білім тұтынған сайын ол тез қарқынмен толығады және сапалы бола түседі. Жоғары білімді адамдардың табыстарының бірнеше есеге артықтығы (шет елдердегі) бұл тезистің пайдасына қосылған салмақты үлес болып табылады. Интеллектуалды капиталдың тағы бір ерекшелігі – ол иесінің саналы қызметі мен оның мүдделілігінен тыс өндіріледі және тиімді қолданыла алады.


Тек білім, тәжірибе және адамның басқа да қасиеттері жөніндегі ақпарат қана нақты түрде оның иесінен ажыратылып тауар ретінде сатыла алады. Бұл ақпарат жинақталған білім мен сатып алушының ақпаратымен сәйкес, ал сатушы оны пайдалана алатындай жағдайда болуы керек. Бұдан білім жөнінднгі деректердің ең сенімді көзі оның иесі боуы қажет деген тұжырым шығады. Сондықтан да өнеркәсіптік шпионаж негізінен бұл білім туралы деректерді алуға емес, білім иелерін өздеріне тарту, шантаж жасау және басқа тәсілдермен қаратып алуға бағытталады.

Білім, технология мен техниканың прогресі, еңбек өнімділігінің өсуі, өндірістегі механизация мен автоматтандыру процесінің адамның физикалық күшін өндірістен ығыстыруымен, энергияның жаңа көздерін игерумен, білімнің артуы және жұмыскерлердің мамандық пен арнайы білім, тәжірибесінің маңыздылығының көтерілуі, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі қоғамның әлеуметтік-таптық мәнінің жойылуына алып келді.

Отандық экономикалық әдебиетте бұл түсінікке мағынасы жағынан жалпы білімдік және ғылыми әлует түсінігі неғұрлым жақынырақ келеді.

Білімдік әлеует табиғат және қоғам туралы базалық білім мен түсініктердің жиынтығы болып табылады. Мұндай білімді тарату және оны өсіп келе жатқан ұрпаққа беру қоғам дамуының қажетті шарты, ол экономикалықтан басқа көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады. Жалпы білімнің қызметтерінің бірі мамандық пен кәсіп алу болып табылады. Жалпы дайындық адам қызметінің барлық саласындада қайтарымдылық әкелуге қабілетті, сондықтан да ол экономикалық қызметтің барлық субъектілері үшін қызықты. Білімідірек тұлғалардың еңбегі (ең құрығанда дамыған елдерде) жоғарырақ төленетіндігі мәлім және де табыстардағы айырмашылықтың 60% жуығы әр түлі білім деңгейімен түсіндіріледі.

Ғылыми әлеует, оның қолданбалы мәні технология мен өнімдерді жетілдіруде болып табылатын, табиғат пен қоғам туралы фундаменталды білім жүйесін береді. ҒТП қатысты ғылымды қоғамның негізгі өндіргіш күші ретінде бұрыннан айтылып келеді және осы тұрғыдан алғанда ол капиталдың жалпы құрылымының элементі екендігі белгілі. Ғылыми білім мен зерттеулер фирмаларға тікелей қайтарымдылықты оларға салынған инвестициялар әкеледі деп есептелінеді. Қолданбалы зерттеулер үшін негіз жасайтын фундаменталдық зерттеулер тікелей тиімділік әкелмейді, сондықтан да оларды мемлекет өндіретін және бақылайтын қоғамдық игіліктерге жатқызу қабылданған.

Әлемдік шаруашылық прогресі бүгінде ең алдымен ақпараттық технология мен өнеркәсіптәң сонымен байланысты салаларының дамуымен анықталатындығы және әлуеттік мүмкіндігі шексіз болып табылатын ресурстың экономиканың осы секторында өндірілетіндігі белгілі.


Әдетте инвестицияның қысқаруы экономикалық өсу қарқынын төмендетудің алғышарты есебінде қарастырылады. Дегнмен бұл тұжырым инвестиция тұтыну саласынан алыну арқылы өндірісті ұлғайтуға бағытталатын ұлтық өнімнің бір бөлігі ретінде қарастырылғанда ғана әділетті болады. Постиндустриалды шаруашылық жүйесінің ерекшелігі, физикалық тұрғыдан алғанда, жеке тұтынудан бөлінбейтін жұмыскерлердің өздерінің қабілеттеріне салынған салымдардың анағұрлым тиімділігінде болып табылады.

Кең көлемді инвестициялар технологиялық жаңа енгізілімдер саласына бағытталған жағдайда ол еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етпейді, бірақ жаңа технологиялардың дамуы елдің бәсекелік қабілеттілігін анықтайды. Қорыта келгенде, еңбек өнімділігі постиндустриалды елдердің шаруашылық прогресінің нақты дәрежесін көрсетпейтіндігі анықталады.

Ақпараттық экономикада фирмалар да жаңа сапаға ие болады. Олардың бұл сапалық өзгерісі фирмалардағы интеллектуалдық капитал рөлінің өзгеруімен де байланысты. Қазіргі кезде капиаталдың бұл түрінің экономистерге белгілі болып табылатын басқа негізгі және айналмалы активтерден өзгешелігі - оның көзге көрінбейтіндігі және әдеттегі бағалауға берілмейтіндігі. Т. Стюарт бұл капиталға «Бұл жұмысшылардың білімдері...; фирмаға, бәсекелестеріне қарағанда, нарық жағдайлары өзгерісін тез сезінуге мүмкіндік беретін, компания ішінде сәуле жылдамдығымен таралатын электрондық торап; бұл компания мен клиенттер арасындағы байланыстарды бекітетін, тұтынушыларды қайта-қайта тартуға мүмкіндік беретін ынтымастық» - деген анықтама береді [10].

Басқаша айтқанда, интеллектуалдық капитал жұмыскерлердің ғылыми және қалыпты білімдерін, интеллектуалдық меншігін және жинаған тәжірибесін, қатынастары мен ұйымдық құрылымын, ақпараттық торабы мен фирма имиджін жинақтайтын «ұжымдық ми» ретінде көрініс табады. Аталған элементтердің барлығы қазіргі қоғамның байлығын жасауға белгілі дәрежеде қатысы бар факторлар ретінде қаратырылады. Осы факторлардың жиынтығы жоғары нарықтық бағаға ие болған, негізінен ең алдыңғы қатарлы салаларда әрекет етуші компаниялардың жасырын құндылық көздерін анықтайды.

Интеллектуалдық капитал құрамы біртектес емес. Олардың адам интеллектісімен туылғанына қарамастан, олардың бір бөлігі оларды игерген иесінен ажыратыла алмайтын білімдер түрінде өмір сүрсе, кейбуреулері фирманың бәсекелік қабілеттілігін көтеру үшін осы білімдерді пайдалануға қажетті орта, объективті жағдай жасайды. Интеллектуалдық капитал теориясын жасаушылар оның екі үлкен құрамын бөліп көрсетеді. Олар: