Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 57
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
ХХ ғасырдың 2-ші жартысында дамыған емдерде білімді адамдар қатары көбейе түсті. Адам капиталының бөлінбес факторы - білім.
Білім біріншіден, адамның қабілетін арттыра түсетін адам капиталының негізі.
Екіншіден, қазіргі әлеуметтік-экономикалық ортада іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді
Үшіншіден, қажетті білім алмайынша адам бойындағы табиғи дарындылық толық ашылмай қалуы мүмкін.
Адам капиталының даму индексі бойынша Канада алдынғы орында, АҚШ екінші орында, Жапония 3 орын, Ұлыбритания 18-ші, Ресей – 52, Қазақстан 56 орында,
Адам дамуы өте күрделі мәселе, ол БҰҰ-ң бағдарламасы деңгейінен асып түседі. Мемлекет тұрғындары санының өсуі үшін материалдық және рухани жағдай жасалуы керек.
Қазақстанда адам дамуына әсер ететін факторлар:
1. Өлімнің азаюы, орташа өмір сүру жасының өсуі;
2. Экологиялық факторлар әсерінен болатын физиологиялық және психикалық жағдайдын төмендеуі;
3. Отбасы, жастар, балалар жағдайның нашарлауы;
4. Білім мен ғылымның билік үшін қажетсіздігі.
Адам дамуының принциптері ескіге жаңаша көзқараспен ұмтылу болып есептеледі. Адам дамуының мәселесі туралы, әрине бұрын да талай пікірлер айтылған. Адам дамуының қайнар көзі – адамзат тарихының ерте кезеңінде көптеген мәдениеттер мен діндерде болған Аристотель былай деген: “Барлық нәрсенің жеткілікті болуы нағыз бізіздеген нәрсе емес, ол тек біз іздеген басқа нәрселерге ғана өз пайдасын тигізе алады”.
Біздің әрқайсысымыз өс келе дәл қазіргі кезеңде көңіліміз соққан көп нәрсеге қолымыздың жете бермейтінің білеміз. Өз өмірімізде біз ұдайы таңдаумен боламыз. Таңдау кез келген адамның алдында тұрады және адам баласының қажеттілігі шексіз.
Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады. Қажеттілік жоғары және төменгі деңгейлі, әлеуметті және төлем қабілетті т.б. болып келеді.
Адам баласының қажеттілігіне байланысты әртүрлі теориялар бар. Біз оны А.Маслоу теориясы бойынша қарастырамыз. Ол адам баласының қажеттілігін 5 топқа жатқызады:
1. Физиологиялық (аштық, шөлдеу және т.б.)
2. Қауіпсіздіктегі қажеттілік (қорқыныштан, ашу - ызадан, жанға батудан қорғану және т.б.)
3. Әлеуметтік байланыстағы қажеттілік (махаббат, достық, әлеуметтік теңестірумен жалғастыру т.б.)
4. Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі (қол жеткізу, мойындау, қостау және т.б.)
5. Өзіне-өзі көңіл қою қажеттілігі (түсіну және ойлау, өз мүмкіндіктері мен қабілеттері).
Адамның ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның да қажеттіліктері шексіз. Тауар өндіру мен қызмет көрсетуге арналған құралдар шектеулі немесе сирек. Адамдардың үздіксіз өсу үстіндегі материалдық қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыратын экономикалық мүмкіндіктердің арасында қайшылықтар болады.
Адам өз қажеттіліктерімен қиындықтарға ұрынады. Өндірістің заттай факторлары – капитал мен жерді, адам жандандырады. Атап айтқанда, оның кәсіпкерлік икемділігі өндірістің озат технологиясындағы толық жүйелерді тудырады, сол икемділік өзіне де, қоғамға да керекті нәрселерді өндіреді. Адам өндірістің басында тұрады, сонымен бірге өндірістің ортасы мен түйінді тұсынан да табылып, кез келген өндірістің адам капиталы көзбен көргенде әсерлі көрініс беріп, өндірістегі оның ықпалы белгілі болып тұрады. Демек, біз адам капиталының басқа түрлерімен бірдей экономикалық жүйенің нысаны деп қарай аламыз.Нарыққа өту адамды зерттеудегі жетімсіздік пен үйлеспеуңшілікті болдырмауды талап етеді. Өзіне бара-бар дамыған нарықтық қатынастар жағдайында адам-жұмысшының тиісті ғылыми негізделген әлеуметтік-экономикалық үлгісінің болмауы, Қазақстанның экономикалық жағдайларынан айқын көрініп тұрғандай, қоғам үшін шығындар мен кері кетушілікке әкеп соғады.
Нарықтық қатынастардың субъектілеріне барынша назар аударылуы керек және оларға тиісінше инвестициялар бөлінуі қажет.
Біз бұрынырақта металлургия зауыттарында,басқа өндіріс орындарында, жарқыраған әуежолдарда экономикалық прогрестің бет-бейнесі өте жиі көрсетіледі. Оларды ұқыптылықпен жасап, кеңістіктерге орналастыратын. Дж. Гэлбрейттің пікірі бойынша олардың салынулары үшін өте мол қаржы және білім жұмсалулары қажет болатын. Оны экономикалық жағынан “адам игілігі үшін капитал жұмсау” деген термин маңыздандырып тұратын [28, 180].
Жұмыскерге өндіріс ресурсының бағалы және баға жеткіліксіз деген мәртебесін, адам капиталына тиісті инвестиция беру-алдына мақсат қойған қарқынды әрі кешенді жұмыс жүйелеріне сай адам қабілетіне арналған игі шаралар арқылы айтарлықтай табыс әкеледі.
Адам дамуының концепциясы білімнің кен және көпжоспарлы әлеуметтік қызметтерін танып, оған қоғамның іргелі мәселлерін шешуде басты рөлді береді. Басқа сөзбен айтқанда, білімнің қазіргі заманғы қызметі- адамды қоғамдық жағдайлар мен міндеттерді ескере отырып, адамды оның өмірлік мақсаттарын жүзеге асыру құралы ретінде оқытуға қажетті жағдайлар жасау. Басқаша айтқанда, өмірдің барлық көрінісіне жеке адамды жан-жақты дайындау адамның әлеуметтік
жинақымен қамтамасыз ету құралы ретінде қызмет етіп, әртүрлі өмірлік жағдайларда мүмкіндігінше кең таңдау беру.
Адам даму деңгейі адам даму индексінің құрам бөліктерінің қатарына кірмейтін әртүрлі жанама себепкер шарттарға тәуелді болатындығын атап өту қажет: кедейшілік масштабы, басқару мәселелері, денсаулық сақтау деңгейі, экология мәселелері және гендерлік теңсіздік адам әлеуметі деңгейінің дамуына әсер етеді.
Кедейшілік. Қоғамдағы кедейшілік деңгейін бәсеңдетуге тұтастай елдің дамуында және әр адамның әлеуметтік мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуының да алғышарттарын жасау арқылы қол жеткізілуі мүмкін. Басқаша айтсақ, кедейшілікті жеңу үшін бірқатар шарттарды қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда, орнықты экономикалықөрлеу, тұрғындардың өнімді жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту, мемлекеттің пәрменді әлеуметтік саясаты, тиімді мемлекеттік басқару және қоғамның демокатиялық институттарын дамыту. Мысалыүшін, ең алдымен кедей адамдардың мүдделерін ескеретін кедейшілікпен күресудің ұлттық стратегиясының құрылуы және жүзеге асырылуы әлемдегі кедейшілік масштабын қысқартуға қол жеткізуге жасалған маңызды қадам болар еді.
Халық денсаулығы. Денсаулық сақтау деңгейі адам әлеуметінің дамуының негізін қалайды. Денсаулық сақтау жзүйесінің жағдайы және мүмкіндіктері мен білім деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, тұрмыс жағдайларының арасында тығыз байланыс бар. Тұрғындардың сапалыжәне көлемді шығындарға батырмайтын медициналық көмекке қол жеткізуінің мәселесі денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды мәселе. Қалыптасқан жағдайдан шығудың жалпы денсаулық сақтау жүйесін денсаулық сақтау мекемелерінің қызметінің тиімділігін арттыру бағытында реформалау және де ақысыз медициналық көмек беру бағдарламаларының қаржыландыруды кеңейту.
Қоршаған орта жағдайы. Адам әлеуметтік дамыту елдің қазіргі және кейіегі буындарының денсаулығының негізгі ретінде экологияға себепкер шарттарына тікелей тәуелді.
Қазақстанның экологиялық-экономикалық дауында экологиялық тәрбие мен ағарту шешуші рөл атқарады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі концептуалдық деңгейде экологиялық ағарту тұжырымдамасын (2002) құрды, онда білім жүйесінде барлық сатысында экологиялық ағартуды жүзеге асырудың шаралары айқындалған.
Қорыта келе, білім беру адам дамуы кнцепциясының мазмұны мен мәнін анықтайтын жүйе құрушы элементтердің бірі, мемлекет, қоғам және жеке тұлға үшін маңызды приоритет болады. Білім берудің әлеуметтік рөлін қабылдау тамыры білімі беру қызметіне сапалы жаңа көзқарас танытатын адам капиталының теориясын дамыту тарихына кетеді. Білім беру қызметінің мұндай анықтамасы әр адамның білімге деген құқығын жариялайтын және білім берудің мақсаты- адам тұлғасының толық дамуы мен адам құқығына, оның негізгі еркіндігіне құрметті нығайтуға баса көңіл аударумен сәйкес келеді.
Адам дамуы тұжырымдамасында білім ең өзекті және іргелі қоғамдық проблемаларды шешудің айқындаушы факторы, адам дамуы деңгейінің аса маңызды көрсеткіші ретінде қаралады. Адам дамуындағы білімнің ролін қамтамасыз етудегі халықаралық танылған бағдарлама «Баршаға бірдей білім» стратегиясы болып табылады. Сонымен бірге көпшілік елдердегі сияқты, республикамыз үшін де білім мүмкіндігі мен сапасын біріктіру өзекті проблема күйінде қалып отыр [23, 5-19].
Алайда білім беруді инвестициялаудың кез-келген басқа инвестициялар сияқты тәуекелділігі жоғары. Индивидтің оқуға жұмсаған еңбек және қаржы шығындары іс-жүзінде толыққанды қайта ма, алдына қойған каръерасын ойдағыдай жасай ала ма, т.б. жақтарын алдын ала білу мүмкін емес. Көп жағдайда білім беруге жұмсалған шығындардан алатын ұтым индивидтің өзіне тәуелді. Бұл мәселеде тек еңбек рыногындағы мамандарға деген сұраныс ғана емес, сондай-ақ, индивидтің жеке сапалары да шешуші роль атқарады. Оның мүдделілігі, талпыныстары, оқу мақсаты туралы түсінігі, т.б. оның үстіне адамды мамандығын өзгертуге немесе кәсіптік еңбекке кеш қосылуына әкелетін жеке жағдайларды да ескеру қажет. Осылардың барлығы оқудың басында ескеруге мүмкін болмаған мәселелер кешенін құрайды және білім беруге салынған инвестицияның қарапайым жылдамдығына және көлеміне әсер етеді. Жалпы алғанда, белгілі бір деңгейін алуға байланысты шығындар адамның өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрғанда ғана толық қайтарылады. Сонымен білім беруге жеке табыс көлемін арттырушы маңызды фактор болып табылады. Индивид білім алу барысында ағымағы табыс алу мүмкіндігіне бас тартады, өйткені, білім оған осы шығындарын болашақта қайтару мүмкіндігін береді.
Сондықтан да адам капиталына инвестиция салу оның әлеументтендіру тәжірбиесіне терең өзгерістер енгізіп жалпы адам капиталының жиынтық қорының мазмұнына, құрамына, қалыптасуына оң әсер етеді.
Білім беруге бағытталған қоғамдық тікелей инвестициялар-мемлекеттің, жергілікті органдардың, қоғамдық ұйымдардың, өнеркәсіп салаларының осы сфераға бағытталған қаржылары. Білім беруді инвестициялау әртүрлі жолмен жүргізілуі мүмкін:
- оқушыларға мақсатты бағытталған ұзақ мерзімді несиелер беріледі; мұндай несиелер еңбек ету кезінде жалақы немесе табыс есебінен қайтарылады;
- мемлекет білім беру қызметі ақысын төлеуге және тұтынушыларды материалдық қолдауға байланысты барлық шығындарды өз қолына алады;
- білім беру қызметі ақысын және оны тұтынушыларды метериалдық қолдау әртүрлі көздерден қаржыландырады:
а) мемлекеттік (оқу орындарын республикалық, жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, оқушыларға жәрдемақы және ұзақ мерзімді мақсатты несиелер беру) қаржыландыру;
б) оқушылардың өзіндік қаржылары есебінен (олардың ата-аналарының, асыраушыларының қаржылары);
в) кәсіпорындар және ұйымдардың қаржылары (тапсырыс бойынша маман дайындауды, жұмысшылардың біліктілігін көтеру және оларды қайта дайындауды қаржыландыру), қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының қаржылары есебінен.
Сондай-ақ, адам капиталына жұмсалатын инвестициялар, салымдар бірнеше сатыдан тұрады:
Бірінші сатыда- адам капиталына жұмсалған салымдар неғұрлым жақсы нәтижеге жеткізеді, өйткені мұндағы жоғары тиімділік салымның қарымы қайтатын уақыт мерзіміне байланысты. Оқытудың бастапқы сатысынан, арнаулы даярлық сатысына өткен сайын шығындардың өтелу мерзімі ұдайы қысқарып, адамға жұмсалатын салымның ұтымдылығы арта береді. Сонымен бірге, ықтималды адам капиталына салым оның неғұрлым жас кезінде жұмсалса, салым өлшемімен болатын өзгерістер серпіні соғұрлым жоғары болмақшы. Адамға жұмсалған салымның ертерек болуы қоғам тіршілік әрекетінің алдағы кезеңдерінде көрінетін ықтималды адам капиталының, оның шығармашылық қабілетінің бір реттеуіші есепті болады.
Екінші сатыда- ықтималды адам капиталын нақты іске қосылған адам капиталына айналдыру кезеңі. Бұл-еңбек субъектісінің адам капиталын іске асыру мен қорландыру кезеңі. Тіршілік әрекетінің бұл кезеңі еңбек қызметін атқаруға бейімделуімен, адам капиталының жетілдіруімен, жұмыскердің нақты адам капиталына біліми ықпал етуінің көптігімен сипатталады.
Үшінші сатыда- еңбек қызметінің қалыптасу кезеңі. Бұл кезеңде ықтималды адам капиталы ұдайы өндіріс жүйесіне неғұрлым көптеп тартылады, жалақының ұдайы өсуі мен оның ең жоғары деңгейіне жақындау байқалады. Мұнда жұмыскерлерді қайта даярлау жүйесі аса маңызды рол атқарады. Ол ғылыми-техникалық дамудың шарттарын бейнелейді. Өнімді еңбектен қол үзіп және қол үзбей білім алу жүйесі, парасатты адам капиталын, жұмыскердің қабілет қарымын, қоғам тіршілік әрекетінің осы кезеңіндегі ғылыми-техникалық талаптарына дейін көтеруге мүмкіндік беретіндей дәрежеде толықтырылуы керек [23, 21].
Қазіргі кезеңде, яғни экономикалық дамуымыз тұрақталынып, әлеуметтік мәселелерге бет бұрған уақытта, Қазақстанда адам капиталын қалыптастырып, оны ұдайы өндіру үрдісіне байланысты біршама қызметтер атқарылып жатыр. Бұған халқамызға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіп, осы мәселедегі қалдық принциптерін жойып, әлеуметтік саланы қаржыландыруды басымдылық ретінде қарастыру саясатының қалыптаса бастауын мысалға келтіруімізге болады.