Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 66
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
[21].
Осы теорияның негізін қолдана отырып, көп мәселелердің шешімін жаңаша қарастыруға болады: білім берудің экономикалық маңызы, адамға жасалынатын инвестициялардың және еңбек өнімділігі мен табыстар дәрежесі арасындағы байланыстарды, кәсіпкерлік әрекеттердің мотивацияларын және экономикалық өсу факторларын табысты бөлу.
Ұзақ жылдар бойы капитал мен материалдық факторлардың жинақталуының өсуі - адамның экономикадағы рөлін бекітті.
Адам капиталы теориясын Т.Шульц қалыптастырды оның еңбегіне арқау болған Э.Денисон жұмысы төнірегіндегі пікірталастар еді.
Денисонның көлемді статистикалық материалдары техника жетістіктері, өндірісте құрал-жабдықтарды кеңінен пайдалану ұлттық өнім шығарудың жартысын ғана қамтамасыз ететінің дәлелдеді. Осы идея негізінде Шульцтің адам капиталы туралы концепциясы қалыптасты.
Г.Боуэннің пікірінше, адам капиталы алған білімінен, қисындамадан және күш-қуаттан тұрады, адам баласының бойына біткен осы қасиеттер белгілі бір уақыт кезеңінде тауарлар мен қызмет түрлерін өндіруге пайдаланылуы мүмкін.
Кейбір авторлар адам капиталын “ресми оқу немесе білім алу, не практикалық тәжірибе арқылы табылған ақыл-ой қабілеті ретіндегі капитал” деп біледі.
Адам капиталы деген түсінікке тоқталар болсақ, ол екі жақты функцияны орындайтын білім мен біліктілік жиынтығы. Адам капиталы теориясы – білімінің әлеуметтік функциясының принципиалды әрі сапалы көрінісі. Американдық экономист, адам капиталы теориясының классигі Г.Беккер бұл ұғымды кең мағынада қарастырады. Оның пікірінше, “адам капиталы адамға инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық, денсаулық сақтауға жұмсалған қаржы, миграция және баға мен табыс туралы апарат іздестіру арқылы қалыптасады” [16].
Экономикалық әдебиетте адам капиталының монетарлық анықтамасы да бар. М.Фридмен адам капиталын еңбекке тұрақты, үздіксіз табысты қамтамасыз ететін қор ретінде түсінеді.
Ресейлік экономика ғылымындағы адам капиталының алғашқы анықтамаларының бірі М.Критскийдің еңбегінде берілген. Ол “адам капиталының негізінде экономикалық тұлғаның қоғамдық прогресс және интеллектуалды іс-әрекетінің жаңа күші ретіндегі қозғалысы жатыр”, деп есептейді.
Келесі авторлар адам капиталын “индивидтердің өзінің оқуына, білім алуына және басқа да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне уақытты инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар” ретінде анықтайды
[17]. С.К.Жұмамбаевтың пікірінше, “білім, дағды, іскерлік және жинақталған тәжірибе адам капиталын құрайды” және “жалдамалы жұмысшы кәсіпкерлік іс-әрекетке өзінің адамдық капиталын қосады”.
Адам капиталының капиталдың өзгеде түрлеріне қатысты ортақ белгілері болады. Осы теория жөніндегі ресейлік маман С.А.Дятлов оны бірнеше түрге бөледі. Олар:
1. Адам капиталы инвестициясының ұлғаюы оның жұмысқа қабілеттілігіне байланысты;
2. Адам капиталы жинақталады және көбейеді. Адам капиталының толықтырылып отырылуы белгілі бір уақыт аралығында жұмысшының білімін жетілдіру немесе өндірістік тәжірибенің молаюына байланысты. Егер бұл процесс үздіксіз жүріп отырса, адам капиталы саны мен сапасы жағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алады;
3. Адам капиталының жинақталуы жоғары деңгейге жеткен соң тез төмендейді. Бұған адамның жас мөлшері тікелей әсер етеді;
4. Адамның барлық іс-әрекеттері адам капиталы бола алмайды. Бұған қоғамға қатер төндіру мақсатындағы жоспарлары, қылмысқа қатыстылығы жатады;
5. Адамның қалыптасуына сол ұлттың салт-дәстүрі, мәдени, тарихи және ұлттық ерекшеліктері әсер етеді. Баланың білім деңгейі мен мамандық тандауы да көп жағдайда ата-анасының білім дәрежесі мен отбасылық тәрбиеге қатысты болады;
6. Адам капиталы – индивидуальды және қоғамдық болып табылады [20].
Адам капиталы деп әдетте адамның еңбек өнімділігінің өсуіне және табыстарының көбеюіне ат салысатын, адамға тән денсаулық, білімдер, дағдылар, қабілеттер, мотивациялар запасы түсіндіріледі. Мақсаты түрде жасалатын және адамның болашақ ақшалай табысын белгілейтін шығындардың барлық түрі “ адам капиталына жасалынған инвестициялар” деп аталады. Оған жататындар: денсаулық сақтауға, білім алуға жұмсалған шығындар, жұмыс іздеумен, өндірісте мамандық дайындықпен, баланың тууы және оны тәрбиелеумен байланысты шығындар. Пайда болашақта күтетін жоғары табыстар, беделді жұмысқа тұру, әлеуметтік статустың жоғарлауы бейнесінде болады.
Адамдардың әдеттері мен қабілеттері түріндегі адам капиталын жинақтауға болады, ол адамға тән болады және жеке тіршіліктен бөлінбейді. Макроэкономикалық түсінік бойынша адам капиталы экономикалық өсудің басты факторы.
Нақты өмірде адамға жасалынған инвестициялардың сан жағынан бағалануын бірнеше әдіспен жүргізуге болады. Ең көп тарағаны – уақытқа байланысты игіліктерді бағалау деген бағытқа негізделген, болашақтағы табыстарды капитализа-циялау принципі. Оның мәні: адамдар белгілі ақша сапасын немесе игіліктер жиынтығын олардын болашақта бағалануымен салыстырғанда жоғары бағалауға бейімді.
Экономикалық өсу мен ҒТП-тің басты факторы болып табылатын білімнің экономикалық аспектілерін зерттеуде адам капиталы теориясы маңызды рөл атқарады.
Еңбек ақының өсуіне білімінің қосатын үлесін былай анықтауға болады, белгілі білім дәрежесі бар жұмыскерлердің жалақысы екі бөлшектен тұрады:
1. Білімнің нөлдік дәрежесі болғандағы жалақының дәрежесі
2. Білімге байланысты жалақының өсуі немесе пайда болған адам капиталынан түсетін табыс.
Адам капиталы теориясының шеңберінде жалақы көп қырлы құрылым деп қарастырылады, әр түрлі қырына білімнің белгілі дәрежесіне сәйкес келетін нақты жалақы соның әкелетін табысы болыптабылады. Айталық, жоғары дәрежелі білімнің экономикалық тиімділігі екі адамның – университет бітірген немесе орта білім алған - өмірлік жалақыларының айырымына тең болады.
Мынадай заңдылық әрекет етеді – жұмыскердің табыстары оның білімі мен жас дәрежесінің өсуіне сәйкес өсіп отырады, бірақ бұның белгілі бір шегі бар - әдетте 55-60 жасқа дейін (зейнетке шығу уақыты). Осы жастан соң іс-жүзінде барлық білім дәрежесіндегі жұмыскерлердің табыстары күрт төмендеу тенденциясына ие болады.
Адам капиталының ақшалай бағалануы оның абсолюттік шамасын білуге мүмкіндік береді. Адам капиталының абсолюттік шамасын білу арқылы бірнеше көрсеткіштер құралады. Соның бірі - қор сіңіргішті сияқты, өндірістің интеллектуалдық сіңіргіштігінің көрсеткіші.
Осы көрсеткіш білім беру қорының жалпы ұлттық өнімге өзара қатынасы болып табылады. Бұл білім беру қорында жинақалған ақша бірлігінің қаншасы өндірілген өнімнің әр бірлігіне келетінін көрсетеді.
Білім беру қоры, білім берудің әр дәрежесінің бір жылдық құнының, білім берудің адам – жыл санының көбейтіндісіне тең болады.
Индивидке білім беру үшін жұмсалған шығындарға оны оқыту үшін жұмсалған төлемдер және жағымсыз ждеп қаралатын осы мерзімде түспей қалған жалақылар жатады. Білім беругежұмсалған шығындарды білім беріп болғаннан кейін күтіліп отырған жоғары жалақыдан түсетін пайдамен салыстыру керек. Егер білімге жасалған салымдардың бүгінгі таза бағалылығы деп қаралатын, білім тберуден кейінге жоғары жалақының пайдалылығы шығындардан артық болса, білімге жасалған салымдардың тиімді болғаны.
Дегенмен, адамға жасалған салымдардың барлығын адам капиталына жұмсалған инвестиция деп есептеуге болмайды. Өркениетті құқықтық қоғамның мүдделері бағытынан, тек өнегелік жағынан орынды және мақсатқа сәйкес келетін адамға жасалатын салымдар ғана адам капиталына инвестиция болып табылады.
Адам капиталы дегеніміз - инвестициялар нәтижесінде қалыптасқан және адамның жинақтаған денсаулығының, білімінің, еңбек дағдысының, қабілеттерінің запасы. Бұлар саналы түрде қоғамдық ұдайы өндірістің белгілі саласында қолданылады, еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігінің өсуіне көмек береді, сөйтіп адамның жалақысының өсуіне жол ашады.
Мемлекеттің, ұлттық құнды капиталы – адам, адам өмірі, оның жұмысқа қабілеттілігі /23/.
1.2. Адам капиталына салынған инвестиция нысандары
Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғанда бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет [26].
Инвестиция – белгілі бір уақыт өткеннен кейін ақталатын шығындар болып табылады. Еңбек нарығында инвестицияның 3 түрі ажыратылады:
- білім алу және кәсіптік оқыту;
- миграция;
- жаңа жұмыс іздеу.
Бұлар белгілі бір шығындарды қажет етеді және олар болашақта табыс алып келеді деп есептеледі. Басқа инвестициялардан бұл инвестициялардың ерекшелігі, олар адам капиталына салынады. Айырмашылығы, сонымен қатар, еңбек рыногындағы жұмысшының жалақысының мөлшерінен көрінеді. Миграция, жұмыс іздеу, білім алу сияқты адам капиталының құнының өсуіне алып келеді.
Жалпы түрде, адам капиталына салынған инвестициялар 3 бөліктен тұрады:
1) тура шығындар, ол өз кезегінде келесідей шығындардан тұрады:
а) оқуға төлем, кітаптар сатып алу және т.б.
ә) көшуге кеткен шығындар;
б) шығындар, мысалы, бензинге.
2) жоғалтып алынған табыстар (жұмыс іздегенде, көшкенде немесе оқу кезінде жұмыс істеу мүмкіндігінің болмауы);
3) психикалық мінезін жоғалтуы (жұмыс іздеу жүйкенің тозуымен байланысты, көшу достармен қоштасуға алып келеді және т.б [26, 75].
Нарықтық экономикадағы адам әр алуан экономикалық қызметтер атқарады. Жанды өндіргіш күш болғандықтан адамға өзінен бөлінбес көп сапа мен қасиеттер тән болады, оның бірнеше түрлі қажеттері мен қабілеттері бар. Қатынастардың белсенді творчестволық субъектісі болып, адам осы замандағы экономикалық жүйеде құрылымдық рөл атқарады. Жеке адамның жиынтық қасиеттері бар, олар оның өндіргіш күшін құрайды. Адамның өндіргіш күші құрамының екі жағы болады:
жұмысшы күші немесе еңбекке қабілеті және тұтынушылық күші немесе тұтынуға қабілеті. Еңбек – жұмысшы күшінің функциясы, тұтыну-тұтыну күшінің функциясы болып табылады.
Адамның еңбекке қабілетін және тұтыну қабілетін қалыптастырып, дамыту қажет. Осы замандағы экономикалық жүйедегі адамның рөлін сипаттау үшін бірнеше түсініктер қолданылады: экономикалық адам, жұмысшы күші, өндірістің жеке факторы, еңбек ресурстары, адам ресурстары, адам капиталы, кәсіпкер [25, 15].
Мемлекет байлығы - оның адамдары. Бұл концепцияның басты мақсаты адамдарға салауатты өмір сүретінжәне шығармашылықпен айналысатын орта қалыптастыру. Бұл қарапайым да маңызды қағида көбінесе материалдық жағдай тұрғысынан қарастырғанда ұмыт қалып жатады.
Адам дамуының концепциясы адамды саяси, әлеуметтік-экономикалық процестердің басты негізі ретінде қарастырады. Концепция адам дамуының екі жағына тоқталады:
1. Адам қабілетін қалыптастыру, яғни білімін жетілдіру, денсаулығын жақсарту;
2. Жоғарыда аталған қабілеттерді саяси-әлеуметтік сферада толық жүзеге асыру.
Бұл екі мәселе шешімін таппаса, адамның өз өміріне, қоғамға деген наразылығын туғызады.
Адам дамуы концепциясы адамдардың саяси-әлеуметтік. Экологиялық таза ортада ұзақ та салауатты өмір сүріп, өз мүмкіндіктерін іске асыруын көздейді.
Адамды экономикалық дамудың негізі ретінде қарауға деген талпынысты экономикалық теория классиктері жасады. А.Смит пен оның ізін жалғастырушылар адамды қоғамдық байлықтың қайнар көзі деп санайды.
Адам дамуы концепциясының негізгі аспектілері:
1. Ол адамды өз мақсатының манызды бөлшегі ретінде қарастыруы керек
2. Даму бағыты кіріс көлемін ғана емес, сонымен қатар адам таңдауын ұлғайтуды көздейді
3. Адам дамуы 4 принцип негізінде қалыптасқан. Олар теңдік, тұрақтылық, мүмкіндіктердің кеңеюі және өсімділік.
Адам дамуы концепциясына қызығушылық елімізде 1995 жылданбастап пайда болды. Бұл кезде БҰҰ-ң бағдарламалары бойынша мемлекеттімізде адам дамуы туралы ең бірінші ұлттық есеп беру болды.
Адам дамуы туралы декларацияның негізгі мақсаттары:
- аштық пен қайыршылықты тоқтату;
- жалпы бастауыш білім беру;
- әйелдер мен ерлер арасындағы теңдік;
- балалар өлімін азарту;
- ана денсаулығын жақсарту;
- СПИД, малярия және т.б. ауруларға қарсы күрес;