Файл: ысамерзімді жоспар 1 саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар

1- сабақ

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:

Сетерхан А

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өз денсаулығымызды сақтаймыз.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Информатика кабинетіндегі құралдардың қызметін біледі.

Оқушылардың көбі үшін:

Информатика кабинетіндегі техникалық құралдарды пайдалануды біледі.

Кейбір оқушылар үшін:

Информатика кабинетінде тәртіп және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Айна» ойыны.

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/

Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Сандықша, қағаз қиындылары

4. Топтастыру:

«Құпия сандық» әдісі

Оқушыларға құпия сандықтан бір қағаз қиындысынан алуға нұсқау беріледі. Қағаз қиындысында берілген сөздер бойынша топқа жинақталып, бірігеді.

1-топ: «Информатика»

2-топ: «Компьютер»

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, ол туралы өз ойларын айтады.

5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

Интерактивті тақтадан төмендегі сурет көрсетіліп, суреттегі қалаға саяхат жасау тапсырмасы беріледі.

Балалар суретке саяхат жасап біткен соң, келесі сұрақтарға жауап береді.

  • Қалаға саяхаттан қандай әсер алдың?

  • Бұл қалаға қандай атау бересің?

  • Суретте мектептің қай кабинет бейнеленген?

Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.

Мұғалімнің сөзі: Балалар бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде АКТ сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балалардың өздері оқып жатқан информатика кабинетімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген кабинеттің суреттері ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі.

1- тапсырма:

Суреттерге назар аудар! Информатика кабинетінде не істеуге болмайды? Себебін түсіндіріп көр.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».

Интерактивті тақта

(МК, Т). Интерактивті тақтадан компьютер алдында отырған оқушыларды бейнелейтін 4 сурет көрсетіледі.

1-тапсырма:

Компьютердің алдында отырудың ережесі бар. Кім компьютер алдында дұрыс отыр?

Дескриптор:

  • Компьютер алдында жатуға болмайтынын айтады.

  • Компьютер алдында отырғанда мониторға жақыннан қарауға болмайтынын айтады.

  • Компьютер алдында отырғанда құрылғыларды дұрыс пайдалануды айтады.

  • Компьютер алдында орындыққа тік, түзу отыру керектігін айтады.

ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Интерактивтітақта

(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Интерактивті тақтада 3 сурет көрсетілгеннен кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (1-2 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

2- тапсырма:

Суретке назар аудар. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың қандай зияны бар? Ойыңмен бөліс.

Дескриптор:

  • Жұптасып өз ойларымен бөліседі.

  • Компьютер алдында дұрыс отырмаудың зиянын атайды.

  • Зиян келтіретін теріс әрекеттерді болдырмаудың алдын алу шараларын айтады.

ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта

(Д). Интерактивті тақтадан компьютер алдындағы балақайдың әртүрлі іс-әрекеті бейнеленген 3 сурет көрсетіледі.

3- тапсырма:

Информатика кабинетінде бала қандай ережені бұзды? Балаға қандай кеңес бересің?

Дескриптор:

  • Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерді есіне түсіреді.

  • Бала қандай ережені бұзғанын біледі.

  • Балаға ток көзінен шнурды қалай ажырату керектігін, қалай дұрыс отыруға болатынын, тамақтану ережесі бойынша өз кеңесін береді.

ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ж)

«Ұялы телефон» әдісі

Оқушылар бір-біріне СМС (хабарлама) жазу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап жазады.

- Бүгінгі тақырып не туралы болды?

- Бүгінгі тақырыпта не ұнамады?

Бүгінгі тақырып несімен ұнады?

- Мені қызықтырғаны ...

-Сабақта қандай сезімде болдың?

Тақырыпқа не қосар едің?

-Тақырыптан қандай үлгі алдың?

Менің қолымнан ... келеді.

ҚБ: Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөз» әдісі арқылы жүргізіледі: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».

Жұмыс дәптерлері

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

2-сабақ

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Компьютермен танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Компьютер құрылғыларымен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушылар-ды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Боди-арт» ойыны.

Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. /Бұл ойын арқылы сыныпта психологиялық жағымды ахуал туады/.

4. Топтастыру:

«Мозаика» әдісі

Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.

1-топ: «Монитор»

2-топ: «Пернетақта»

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.

5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

Миға шабуыл «Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

Интерактивті тақтадан төмендегі 1-сурет көрсетіліп, оқушыларға сұрақтар қойылады және жауап беріп, ұжыммен талқыланады.

  • 1-суретте қандай орындар бейнеленген?

  • Бұл орындардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

  • Сен осындай орындарда болдың ба?

  • Компьютерді қай жерден сатып алуға болады?

  • 2-суретте қандай құрылғылар бейнеленген?

  • Олардың арасындағы қызметі басқа қайсы?

  • Үйіңде компьютер бар ма?

  • Ол қандай бөліктерден тұрады?

  • Компьютердің саған тигізер көмегі қандай?

Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті тақта

Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

  • Компьютер-ақпаратпен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

  • Монитор – мәтін, сан, суреттерді экранда көрсетеді.

  • Пернетақта – компьютерге мәтін енгізеді.

  • Тінтуір – компьютерді басқарады.

Жүйелі блок – ішкі құрылғылар орналасатын қорап.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(Т) «Галерея» әдісі.

Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген құрылғылар бейнеленген суреттер ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі.

1- тапсырма:

Тәжірибеңе сүйеніп компьютерге қатысты құрылғыларды анықта (5-сурет). Бұл құрылғылардың қызметін білесің бе?

Дескриптор:

  • Қабырғада ілінген суреттермен танысады.

  • Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады.

  • Компьютерге қатысты құрылғыларды анықтап жазады.

  • Жазған құрылғылардың қызметін айтады.

ҚБ: Мұғалім топта белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша –«Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш –«Талпын!».

(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Интерактивті тақтадан әртүрлі құрылғылар бейнеленген 4 сурет көрсетіледі.

2-тапсырма:

Көрсетілген құрығылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығады (6-сурет). Түсіндір.

Дескриптор:

  • Экранда көрсетілген құрылғылармен танысады.

  • Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады.

  • Құрылғылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығатынын анықтайды.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті

тақта

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ұ). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Фигуралар» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

3- сабақ

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:

Сетерхан А

Күні:

23.01.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интернеттегі ақпараттың бәрі пайдалы ма?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.1 желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсіну.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Интернет және желідегі ақпаратпен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушылар-ды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны

Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңқаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлайды/.

Топтастыру:

«Мозаика» әдіс. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет бөлігі бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.

1-топ: «Интернет»

2-топ: «Браузер»

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.

5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

  • Инернет, ютуб, желі сөздері таныс па саған?

  • 1,2 -суреттерде не бейнелеген? Ойыңмен бөліс.

  • Интернет, Ютубты не үшін қолданасың?

Сен қажетті ақпаратты қайдан іздейсің? Оқулықта берілген 3-суретке қарап әңгімеле.

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабақ. «Броундық қозғалыс» әдісі

Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. Ары қарай оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі.

Желі – бір компьютерді екіншісімен жалғайтын сым.

Интернет – әлемдегі барлық компьютерді қосатын желі.

Браузер – компьютерден Интернетті ашатын программа.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

) «Суреттер сөйлейді» әдісі.

Интерактивті тақтадан екі түрлі бейнедегі сурет көрсетіледі. Оқушылар топта ақылдасып, өз ойларымен бөлісіп, суреттерді бейнелейді.

  • 5-суретке назар аудар. Балалар не істеп жатыр?

  • Олар бос уақытын қалай өткізуде?

  • Екі суретті салыстыр. Ойыңмен бөліс.

Дескриптор:

  • Топта бірігіп, суреттермен танысады.

  • Суреттерді салыстырады.

  • Топтар арасында өз ойымен бөліседі.

ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Интерактивті тақта

(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

Қай ақпараттық көзден басқасымен салыстырғанда көп ақпарат алуға болады (6-сурет)?

Дескриптор:

  • Берілген суреттермен танысады.

  • Суреттерді салыстырады.

Ең көп ақпарат алуға болатын ақпараттық көзді анықтайды

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш –

«Талпын!».

(Ө) Оқулықта берілген 7-сурет бойынша талдау жасайды.

Қай суреттегі ақпарат сен үшін пайдалы (7-сурет)? Себебін түсіндір.

Дескриптор:

  • Берілген суреттермен танысады.

  • Суреттерді саыстырады.

  • Пайдалы ақпаратпен қамтылған суретті анықтайды.

  • Себебін түсіндіреді.

ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ұ). Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

  • Интернеттің адам үшін қандай пайдасы бар?

ҚБ: Мұғалім сабақта белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».