Файл: ысамерзімді жоспар 1 саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4-сабақ

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылардың саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интернеттегі қауіпсіздік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.1 желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсіну.

1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсінеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Біз де» ойыны

Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.

1. Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.

Топтастыру:

«Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру

1-топ: «Интернет».

2-топ: «Вирус».

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

  • Суреттерге қарап ойыңмен бөліс (1-сурет).

  • Интернетте жеке саяхат жасау қауіптіме?

  • 2-суреттегі кейіпкерлер жайлы не білесің?

  • Интернетке олардың қандай қатысы бар?

ҚБ: Мұғалім ұжымдық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта

Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалімнің сөзі.

Интернетте қызықты ақапарат көп. Оны қолданғанда сақ болу керек. Интернеттің өз қарақшысы, вирусы және ұрысы бар. Интернетке өзің жайлы жеке ақпарат қойма (3-сурет). Бұл ақпаратты теріс пиғылды адамдар пайдаланып саған зиян жасайды. Қауіпсіздігің үшін Интернетті пайдалану ережесін сақта.

Жаңа сабаққа кіріспе. «Білетініңіздің барлығы» әдісі.

Оқушылар тақырыпты оқуға кірісудің басында жаңа білім туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(МК, Т). Оқушылар топтық жұмыста бір-бірімен ақылдасады, ойларын ортаға салып, ортақ шешім шығарады. Өз көзқарастарын топ арасында айтады.

1- тапсырма:

4-суретке назар аудар. Интернетті қолдану ережесін сақтамасаң қандай қауіптер туындайды?

Дескриптор:

  • Берілген суретпен танысады.

  • Топ ішінде талқылайды.

  • Интернетті қолдану ережесін сақтамаған жағдайда туындайтын қауіптер туралы айтады.

ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

(Ж) Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыста ақылдасып, тапсырманы орындайды.

2- тапсырма:

Кестеде Интернеттің жақсы жағымен бірге теріс жағы да берілген. Жақсы жағын «+», теріс жағын «–« таңбасымен белгілейді

Дескриптор:

  • Жұбымен ой бөліседі, талқылайды.

  • Интернеттің жақсы жағын дұрыс белгілейді.

  • Интернеттің жаман жағын дұрыс белгілейді.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

(Ө) Дәптермен жұмыс Оқушылар өз дәптерлеріне төмендегі тапсырма бойынша шағын эссе жазады.

3- тапсырма:

Интернетте зиян келтірмеу үшін қандай ережелерді сақтау кажет?

ҚБ: Оқушылар өзін-өзі «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ө). «Жетістік баспалдағы» әдісі.

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

ҚБ: Мұғалім сабақта белсенділік танытқан оқушыларды «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Сабақтағы қорытынды бағалауын шығарады.

5 жұлдыздан жоғары – Жарайсың!

4 жұлдызша – Жақсы!

3 тқ– Орташа!

3 жұлдызшадан төмені – Талпын!

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Жұлдызша» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

5-сабақ

Бөлімі:

2-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Әрекеттер реті. Оқиға

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Әрекеттердің реті, оқиға ұғымымен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушылар-ды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Жұмбақ зат» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.

4. Топтастыру:

Топтастыру: «Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру

1-топ: «Мысық пен тышқан»

2-топ: «Екі лақ»

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

  • Қазақ халқы ертегіге бай. 1-суреттегі ертегіде екі лақтың әрекеті бейнеленген.

  • Әрекеттер реті дұрыс берілген бе?

  • Әрекеттер реті қалай болу керек?

ҚБ: Мұғалім ұжымдық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

Қағаз қиындылары

Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе. « INSERT» әдісі

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.

INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Мұғалімнің сөзі

Күнделікті бір-бірімен байланысты түрлі іс-әрекеттерді орындаймыз.

Интерактивті тақта

жұмыс дәптерлері

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(МК, Т) Топтық жұмыста мұғалімнің көмегімен төмендегі тапсырманы орындайды.

1-тапсырма

Берілген Математикалық мысалдарды орында.

1) Сұрақ белгісінің орнындағы сандарды тап.

2) Мысалды орындауды неше іс-әрекетке бөлуге болады?
Дескриптор:

  • Топта бір-бірімен ақылдасады, ой бөліседі.

  • Белгісіз сандарды табады.

  • Есептің орындалу іс-әрекетін қадамдарға бөледі.

ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

(Ж) Дәптермен жұмыс.

2-тапсырма Суретте мысық пен тышқанның әрекеті берілген.

1) Іс-әрекеттердің ретін дұрыс қой.

2) Суретке қарап ертегі оқиғасын құрастыр.

Дескриптор:

  • Суретте берілген оқиғаның іс-әрекетін дұрыс реттілікпен қояды.

  • Суретке қарап, оқиға желісімен ертегі әңгімесін құрастырады.

ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптерлері

(Ө) Дәптермен жұмыс. Сабақта өтілген жаңа ақпараттарды пайдаланып, дәптерге өз мысалдарын жазады.

3-тапсырма

Әрекет, оқиғаға қандай мысал келтіресің?

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Смайликтер» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

6-сабақ

Бөлімі:

2-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Алгоритм. Сызықтық алгоритм

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін

Алгоритм ұғымымен танысады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы
«Жылдам фото» ойыны

Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.

Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/.

4. Топтастыру:

«Жыл мезгілдері» әдісі. Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

1-топ: «Қыс»

2-топ: «Көктем»

3- топ: «Жаз»

4-топ: «Күз».

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

  • Бәйге – қазақтың ұлттық ат жарысы. Шабандоз бәйге алаңын толық бір айналып шықты (1-сурет).

  • Шабандоздың әрекетін ретімен ата.

  • Алаңды толық бір айналу оқиғасын неше әрекетке бөлесің? (2-сурет).

ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беру барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе.

Мұғалім сөзі: Күн сайын түрлі іс-әрекеттерді, үлкендердің тапсырмаларын орындайсың. Бір-бірімен байланысқан белгілі бір іс-әрекеттердің ретін алгоритм деп атайды.

(МК, Д) Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, мысалдармен танысып, өзара бір-бірімен ой бөліседі. Мұғалім толықтырып отырады

ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Оқулық

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(МК, Т) Дәптермен жұмыс.

1 тапсырма: Асқардың қысқартылған қозғалыс алгоритмі берілген. Осы алгоритмге блок-сызба құрастыр.

Дескриптор:

  • Топта бір-бірімен ақылдасып, ой бөліседі.

  • Берілген алгоритмге блок-сызба құрастырады.

  • Топтар арасында бір-бірімен бөліседі.

ҚБ: Топтық жұмыста оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптерлері

(Д) Дәптермен жұмыс.

2-тапсырма Гауһардың таңертенгі іс-әрекеті 4-суретте берілген. Оның іс-әрекетін ретімен орналастыр. Алгоритімін сөз және блок-сызбамен ұсыныңдар.

Дескриптор:

  • Берілген суретпен танысады.

  • Гауһарың іс-әрекетін реттілікпен сөз түрінде жазады.

  • Жазылған алгоритмнің блок-сызбасын құрастырады.

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.

3-тапсырма Домино тастарын біреуі қалып кетпейтіндей орналастыру алгоритмін тап. Алгоритмнің блок-сызбасын құрастыр.

Дескриптор:

  • Жұптасып өз-ара ақылдасады, ой бөліседі.

  • Орналастыру алгоритмін жазады.

  • Алгоритмге блок-сызба құрастырады.

ҚБ: Жұптық жұмыста оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.

  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ҚБ: «Кемпірқосақ» әдісі
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

Интерактивті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Басбармақ» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

7-сабақ

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

2-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор»)

Педагогтің аты-жөні:

Жанас Салтанат Жанасқызы

Күні:

21.11.2022ж., 22.11.2022ж., 23.11.2022ж.

Сыныбы: 1 а,ә,б

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Scratch программасында жоба құру.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.2.1. программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch).

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Программа ортасының терезесімен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1-7 мин.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы: «Комплименттердің бұрқасыны» ойыны.

Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырады. Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды/.

4. Топтастыру:

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

Топтастыру. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналу арқылы үш топқа бірігеді.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдар, нұсқауымен) жауап іздейді. Өз ойларымен бөліседі.

  • Ұнататын компьютер ойындары, мультфильмдер жайлы әңгімеле (1-сурет).

  • Сен білесің бе, ойын, мультфильмдер қалай жасалады?

ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды

Интерактивті тақта

Жаңа сабаққа дайындық.

Жаңа сабаққа кіріспе

(МК, Д) Оқулықпен жұмыс істеу

Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Мәтіннен өзінің түсінгендері бойынша пікір алмасады. Мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, толықтырып отырады.

Оқулық

Сабақтың ортасы

(26 мин)

(МК, Ж) Оқулықта берілген тапсырманы орындап үйренеді.

1-тапсырма

Мұғалімнің көмегімен сахнаға жаңа спрайт қоямыз. Баланың аты – Тимур. Сахнадағы оқиға: Тимур алға қозғалды, сәлем берді, күтті, қозғалды, қоштасты, сахнадан шықты. Тапсырманың скрипті 4-сурет, орындалуы 5-суретте берілген.

(Т) Берілген скрипт бойынша топпен бірлесіп, тапсырманы орындайды.

2- тапсырма

Программадағы кейіпкердің әрекеті қандай?

1. Мысықтың оқиғасын ауызша сипаттаңдар.

2. Мысықтың оқиғасын блок-сызбамен сипаттаңдар.

Дескриптор:

  • Топтық жұмыста бір-бірімен пікір алмасады.

  • Программадағы кейіпкердің әрекетін анықтайды.

  • Оқиғаны ауызша және блок-сызбамен сипаттайды.

ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптерлері.

(МК, Д) Дәптермен жұмыс.

Сабақта мәтінді оқып, практикалық тапсырмаларды орындау барысында кездестірген таңбалардың атқаратын қызметін жұмыс дәптерлеріне ретімен жазады.

3- тапсырма

6-суретегі таңбалар қандай қызмет атқарады?

ҚБ: Мұғалім топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

7 мин.
Сабақты бекіту. Рефлексия.

(Ж). «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі.

Бұл әдіс оқушылар сабақты қорытындылау бойынша өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

· сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;

· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;

·оқушыларға өткен тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білген барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Қошеметтеу» әдісі