Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы аза дебиеті (оыту аза тілінде).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 41

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Дескриптор

Білім алушы







  • шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды;

  • тірек сөздерді орынды қолданады;

  • өз ойын дәлелдейді, баға береді.




Оқылатын шығарма

тақырыбы Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры



Оқу мақсаты


7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Шығарманың эстетикалық құндылығын дәлелдейді

  • Сыни шолу жазады


Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Шығармада еркіндік, бостандық, тәуелсіздік идеясы қалай көрінеді? Ойыңызды жинақтап, эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Дескриптор

Білім алушы




  • шығарма идеясын анықтайды;

  • эстетикалық құндылығын дәлелдейді;

  • шағын сыни шолу жазады.






Оқылатын шығарма

тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»



Оқу мақсаты


7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Кейіпкер бейнесін ашатын үзіндіні жатқа айтады


Қолдану







1-тапсырма

Шығармадан Ер Есім бейнесін танытатын жолдарды табыңыз. Есім ханға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіріңіз.

Кейіпкерге тән қасиеттер

Дәлеліңіз (өлең жолдары)









Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадан ер Есім бейнесін танытатын жолдарды табады;

  • жыр жолдарынан Есім ханға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіреді.






2-тапсырма

Кейіпкер бейнесіне ене отырып, жыр шумақтарын жатқа айтыңыз.


Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкер бейнесін сомдайды;

  • жыр үзіндісін жатқа айтады.


Оқылатын шығарма

тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»


Оқу мақсаты

7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

  • Кейіпкер бейнесін талдайды

Қолдану







Тапсырма

Жыр жолдарын пайдалана отырып, кейіпкер типін жасалу тәсіліне қарай анықтаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.
Еңсегей бойлы Ер Есім,

Есім, сені есірткен

Есіл де менің кеңесім.

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін.

...Тал шарбаққа мал сақтап,

Тас қалаға жан сақтап,

Тасқан екен мына хан!

Қайрылып қайыр қылуға

Қылығың жоқ ұнаған.

...Әмірің қатты Есім хан,

Бүлік салып, бұйырдың

Басын бер деп батырдың -

Қанын ішіп қанбаққа,

Жанын отқа салмаққа.

Атадан жалғыз мен емес,

Хан ие, ісің жол емес.


  1. Есім хан бейнесі қалай берілген?




  1. Қандай тәсілдер арқылы жасалған?









Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкер бейнесін талдайды;

  • кейіпкерлер типін жасалу тәсіліне қарай анықтайды.



Оқылатын шығарма

тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»


Оқу мақсаты

7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Шығармадағы автор бейнесін анықтайды


Қолдану

Тапсырма

Жырдағы автор бейнесін анықтап, талдап жазыңыз.


Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін.

Ертеңгі күн болғанда,

Елің кеңес құрғанда,

Айналып ақыл табарға

Есіктегі ебесін,

Сонда, ханым, не десін?!

Мен жоқ болсам, Есім хан,

Ит түрткіні көресің.

Жиембет қайда дегенде,

Не деп жауап бересің?..

Меніменен, ханым, ойнаспа,

Менің ерлігімді сұрасаң,

Жолбарыс пенен аюдай.

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайыңдай.


Зорлығымды сұрасаң,

Бекіре менен жайындай.

Беріктігімді сұрасаң,

Қарағай менен қайындай.

Көруші едім, Есім хан,

Ханымды күнім, сізді айымдай.

Сырым саған түзу-ді

Садаққа салған бұлыңдай.

Жұмыскерің мен едім

Сатып алған құлыңдай.

Жүруші едім араңда

Өзіңнің інің менен ұлындай...

Мен өлсем, құнсыз кетер деме сен

Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген

Тілеуберді құлыңдай!




Дескриптор Білім алушы

- жырдағы автор бейнесін анықтайды;

- автор бейнесін талдайды.




Оқылатын шығарма

тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»



Оқу мақсаты


7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды


Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Жыр жолдарынан берілген көркемдегіш құралдарды табыңыз.


Көркемдегіш құралдар

Мысалдар

Қолданылу ерекшелігі

Теңеу






Эпитет







Ассонанс







Аллитерация







Риторикалық сұрау














Дескриптор


Білім алушы




  • жырдағы көркемдегіш құралдарды табады;

  • көркемдегіш құралдарға мысалдар келтіреді;

  • қолданылу ерекшелігін талдайды.







Оқылатын шығарма

тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»


Оқу мақсаты

7.3.1.1 Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырады

  • Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді

Жоғары деңгей дағдылары








1-тапсырма

Жырдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін теріп жазыңыз, оны автор берген портреттік мінездемемен салыстырыңыз.


Кейіпкерлердің іс-әрекеті

Автор берген портреттік мінездеме











Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкерлердің іс-әрекетін теріп жазады;

  • автор берген портреттік мінездемемен салыстырады.

2-тапсырма

Жырау толғауындағы замана бейнесіне тоқталып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз. Ойыңызды дәлелдеңіз.


Дескриптор

Білім алушы




  • шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді;

  • ойын дәлелді түрде жеткізеді.



Оқылатын шығарма

тақырыбы Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»


Оқу мақсаты


7.1.2.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

  • Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды


Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Өлең жолдарындағы автор бейнесін анықтаңыз. Мысалдар келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз. Шығарма кейіпкерін адамгершілік тұрғысынан талдаңыз.









_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Дескриптор


Білім алушы







  • өлең жолдарындағы автор бейнесін анықтайды;

  • мысалдар келтіріп, ойын дәлелдейді;

  • шығарма кейіпкерін адамгершілік тұрғыдан талдайды.






Оқылатын шығарма

тақырыбы Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»


Оқу мақсаты


7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкер бейнесіне қатысты үзіндіні жатқа айтады

Қолдану








Тапсырма

Шығармадағы Қазтуған бейнесін танытатын жолдарды анықтаңыз. Шығарма үзінділерін қолдана отырып, кейіпкер бейнесін сомдаңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадан кейіпкер бейнесін танытатын жолдарды анықтайды;

  • шығарма үзінділерін жатқа қолданады;

  • кейіпкер бейнесін сомдайды.



Оқылатын шығарма

тақырыбы Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»


Оқу мақсаты


7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды


Жоғары деңгей дағдылары



1-тапсырма

Берілген үзіндідегі аллитерация мен ассонансты, риторикалық сұрақты тауып, анықтамасын беріңіз.

Еділді алса –

елді алар,

Енді алмаған не қалар?

Жайықты алса -
жанды алар,


Жанды алған соң не қалар?

Ойылды алса -
ойды алар,


Ойлашы, сонда не қалар?

Қара мауыты мұшақат

Бүтін тоғай жерді алар.

Жаз кіреге жақсы деп,

Дулығалы нарды алар,

Қыс кіреге жақсы деп,

Шудасы қалың айырды алар.

Сусынына шай алар,

Шайнауына май алар.


Дескриптор

Білім алушы




  • шығарма үзіндісінен аллитерация мен ассонансты, риторикалық сұрақты анықтайды;

  • оларға анықтама береді.


2-тапсырма

Берілген үзіндідегі аллитерация мен ассонанстың, риторикалық сұрақтың қолданылу ерекшелігін, шығармадағы маңыздылығын талдаңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Дескриптор


Білім алушы




  • аллитерация мен ассонанстың қолданылу ерекшелігін анықтап жазады;

  • шығармадағы риторикалық сұрақтың қолданысын талдайды.



Оқылатын шығарма

тақырыбы Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»


Оқу мақсаты


7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

  • Сыни шолу жазады


Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Шығарманың эстетикалық құндылығы неде? Берілген үзіндіні негізге ала отырып, ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтаңыз. Ойыңызды жинақтап, сыни шолу жасаңыз.

Қазтуғанның қонысымен қоштасуы

Сыни шолу

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,

Қайран саланың жатқан аңғары-ай,

Ақ шалмалы пірлердің

Мешітке жаққан шамдары-ай!

Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім

Аузы түкті кәпірдің

Күшті болған салдары-ай!

Кәпірден теңдік алуға

Қайта келер деймісің

Мұсылманның баяғы

Шыңғыстан туған хандары-ай?!

Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Атаңа нәлет кәпірдің

Пайдасына қалмаса игі еді

Ноғайлы, қазақ жұртымның

Кейінгі туған балдары-ай!






Дескриптор

Білім алушы




  • шығарманы эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды;

  • ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтайды;

  • сыни шолу жасайды.