Файл: алыптастырушы баалауа арналан тапсырмалар жинаы аза дебиеті (оыту аза тілінде).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкердің адамгершілік қасиеттерін таниды;

  • кейіпкер бейнесін талдайды.




2-тапсырма

«Батыр Баян» поэмасындағы ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын өз көзқарасыңызбен талқылап, эссе түрінде жазыңыз (120 сөз).


Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдап, эссе жазады;

  • эссе жазуда дәлелдер келтіреді;

  • сөз көлемін сақтайды.



Оқылатын шығарма

тақырыбы М.Жұмабаев «Батыр Баян»


Оқу мақсаты

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды


Жоғары деңгей дағдылары



1-тапсырма

Көркемдегіш құралдарды сәйкестендіріңіз.

Осылай іштен күйген батыр Баян,

Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның інісі бар он бес жаста –

Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян.




Эпифора

Балқаш қой, бұл айдыны, сылдыр қаққан, Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан.

Ассонанс

Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.

Арқаның аруы боп жүрсем-дағы,

Алыста туған, өскен жерім жатыр.

Анафора

Жас Ноян қызды көріп отбоп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқбоп кетті...

Риторикалық сұрау

Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?

Тобына көк бөрідей кірдім неге?

Синекдоха

Қалың қол ортасында Батыр Баян

Баянның батырлығы алашқа аян.

Екі  көз екі қызыл шоқ боп кеткен

Аузынан көбік болып бұрқырап қан.

Эпитет


Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап».

Аллитерация




Дескриптор

Білім алушы




  • көркемдегіш құралдарды ажыратады;

  • ұяшықтарды дұрыс сәйкестендіреді.

2-тапсырма

Поэманың көркемдік ерекшелігі туралы жазыңыз, көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдаңыз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________


Дескриптор

Білім алушы




  • поэманың көркемдік ерекшелігі туралы жазады;

  • поэмадағы көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.

Оқылатын шығарма

тақырыбы М.Жұмабаев «Батыр Баян»





Оқу мақсаты

7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу





Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

  • Әдеби эссе жазады


Жоғары деңгей дағдылары













1-тапсырма

П оэмада көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды топтастырыңыз. Мысалдар арқылы дәлелдеңіз.






Дескриптор

Білім алушы




  • ұлттық құндылықтарды топтастырады;

  • мысалдар арқылы дәлелдейді.

2-тапсырма

Шығармада ел намысы мен елді жаудан қорғау мәселесі қалай көрінеді? Ерлік пен ұлттық намыс тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз (120-150 сөз).

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________





Дескриптор

Білім алушы







  • поэманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;

  • әдеби эссе жазады;

  • эссе құрылымын, сөз көлемін сақтайды.








Оқылатын шығарма

тақырыбы М.Әуезов «Көксерек»


Оқу мақсаты

7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды


Жоғары деңгей дағдылары



1-тапсырма

Шығармадағы оқиғалар тізбегін жазыңыз.

_______________________________________________________________________________
2-тапсырма

«Ішкі және сыртқы шеңберде» жұбыңызбен талқылаңыз (барлық оқушы бір мезгілде жұптарымен әңгімелеседі). Ішкі шеңбердегілер – А; Сыртқы шеңбердегілер – Ә.
1 қадам: А Ә-ге өз ойын айтады, Ә А-ны толықтырады.

А) Шығарма сюжеті қалай басталды? Суреттелген табиғат көрінісінен нені аңғаруға болады?

2-қадам: Ә А-ға өз пікірін білдіреді, А Ә-нің ойын толықтырады.

Ә) Оқиғаның шешімі туралы не айтар едіңіз? Мұндағы басты идея не болды?

3-қадам:

Екеуі де шығармадан түйгендерін ортаға салады.


Дескриптор

Білім алушы




  • оқиғаның басталуы мен шешімі туралы өз ойын жеткізеді;

  • шығарма сюжетінің бөлшектерін талдайды.



Оқылатын шығарма

тақырыбы М.Әуезов «Көксерек»


Оқу мақсаты

7.2.1.1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма эпизодтарын талдайды

  • Кейіпкерлер бейнесін салыстырады


Қолдану








Тапсырма

Шығарма эпизодтары мен Көксерек бейнесін салыстырып, талдаңыз.


Көксерек бастаған қасқырлардың ат-шаналы жалғыз жолаушыны қамаған сәті

Түйелі адаммен қақтығыста жараланған Көксеректің әрекеті мен бейнесі






Эпизодтарды қолданып, нағыз көкжалға айналған Көксерек бейнесін талдаңыз.







Дескриптор


Білім алушы




  • эпизодтарды салыстырады;

  • шығарма эпизодтарын қолдана отырып талдайды;

  • берілген эпизодтардағы Көксеректің әрекетін таниды;

  • сипаттаулардағы бейнені салыстырады.




Оқылатын шығарма

тақырыбы М.Әуезов «Көксерек»


Оқу мақсаты

7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Оқиға желісін дамытып жазады

  • Өзіндік көзқарасын білдіреді


Қолдану



Тапсырма

Шығармадағы Көксеректің ауыл тұтқынына айналған сәтін өз бетіңізше қайта жазып көріңіз (оқиға желісін қолдана отырып, өзгертуіңізге, өзіндік түсінігіңізбен түйін жасауыңызға болады).

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________


Дескриптор

Білім алушы




  • Көксеректің ауыл тұтқынына айналған сәтін қайта жазады;

  • оқиға желісін қолданады;

  • өз көзқарасын білдіреді.



Оқылатын шығарма

тақырыбы М.Әуезов «Көксерек»


Оқу мақсаты

7.3.2.1 Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білім алушы

  • Әдеби жанр түрлерінің дамуы мен жаңашылдығын талдайды

  • Әдеби жанр түрлеріне баға береді


Жоғары деңгей дағдылары





Тапсырма

М.Әуезов әңгіме жанрын қалай дамытты? «Көксерек» әңгімесінің жаңашылдығын неден аңғардыңыз? Шығарманың тақырыптық ерекшелігі мен проблемалық өзектілігіне баға беріңіз.



Дескриптор


Білім алушы




  • «Көксерек» әңгімесінің өзіне тән ерекшелігін ажыратады;

  • тақырыптық ерекшелігін, проблемалық өзектілігін анықтайды;

  • әңгіменің жаңашылдығына баға береді.







Оқылатын шығарма

тақырыбы М.Әуезов «Көксерек»



Оқу мақсаты


7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу



Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

  • Сыни шолу жазады


Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Жазушы «Көксерек» әңгімесінде табиғат пен адам арасындағы байланысты қалай көрсетті? Шығарманы эстетикалық құндылығы жағынан талдап, шағын сыни шолу жазыңыз.


Дескриптор

Білім алушы




  • шығарманың эстетикалық құндылығын ажыратады;

  • талдай отырып, шағын сыни шолу жасайды.



Оқылатын шығарма

тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»


Оқу мақсаты

7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау


Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

  • Кейіпкер бейнесін талдайды


Жоғары деңгей дағдылары



1-тапсырма

Партизандар қатарында болған Серіктің өмір соқпағы шығармада қалай суреттеледі? Оның тапқырлығы мен қырағылығын автор қалай көрсетті?



Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкер бейнесінің жасалу тәсілдерін анықтайды;

  • Серік бейнесін талдайды.

2-тапсырма

Шығармада Анна Ивановнаның аналық қамқорлығы қалай көрінеді? Шығармадағы ана бейнесін талдаңыз.


Дескриптор

Білім алушы




  • Анна Ивановнаның бейнесін айқындайды;

  • ана бейнесін берудегі автордың суреткерлік шеберлігін талдайды.




Оқылатын шығарма

тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»



Оқу мақсаты


7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту


Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкер бейнесін ашады

  • Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады


Қолдану



Тапсырма

Шығармада сізге қай кейіпкер көбірек ұнады? Неліктен? (кейіпкер бейнесін ашуға тырысыңыз). Шығармадан өзіңізге ұнаған кейіпкердің бейнесі немесе іс-әрекеті суреттелген тұсын жатқа айтыңыз.


Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкер бейнесін ашады;

  • өзіндік көзқарасын білдіреді;

  • шығарма үзіндісін жатқа айтады.



Оқылатын шығарма

тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»



Оқу мақсаты


7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды


Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Берілген үзіндіні талдаңыз. Қандай көркемдегіш құралдар қолданылған? Қолданылу ерекшелігін анықтаңыз.
... Өте жақсы балалар. Бірақ, не керек, асыр салып уайым-қайғысыз өткізетін сәби өмірлері оқ пен оттың ортасында өтіп жатыр. Қыршын жастар жасына жетпей, өмір қызығын көре алмай кетуі де мүмкін ғой. Біз болсақ елуге кеп қалдық. Жас шағымыз да жаман өткен жоқ. Жігіттік дәуірдің де қызығын көрдік. Алай-бұлай болып кетсек, өкініші де жоқ сияқты, бұларға қарағанда. Қаршадай бастарынан айдалада түнеп, бозторғайша таң сәрісінен тұрып, бұта паналап жүргендері мынау, бұлар тағдырға не жазды екен?! Бористі қойшы, оның мамасы жанында ғой. Ана Сережа бейшараны айтсаңшы! Шешесі болса жау қолынан қаза тапты. Әкесінің қайда екені, өлі-тірісі де белгісіз. Өз елінде, туған-туысқандарының арасында жүрсе тағы бір сәрі, басқа елде, басқа халықтың арасында жүр. Ол тіпті жас қой, не түсінеді? Елінің қайда екенін де білмейтін шығар. Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладан айырған сол қарақшы! Менің Жорам да осылардай. Оның өмірі не болар екен? Бірақ ол әйтеуір әке-шешесінің жанында ғой. Отрядта өзіммен бірге ғой.


Дескриптор

Білім алушы




  • үзіндідегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;

  • шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды.