Файл: 20202021 Оу жылына арналан жмыс жоспары 20202021 Оу жылына арналан жмыс жоспарыны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 57

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3.Педагогикалық ұжым және әкімшілік құрамымен жүргізілетін психологиялық жұмыстар

2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Қыркүйек айында жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру, қарым-қатынасының белсенді стилін дамыту мақсатында «Жас мамандарды ұжымға бейімдеудің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында психологиялық кеңестер беріліп, әңгіме жүргізілді. Кәсіби шыңдалу деңгейін анықтау мақсатында желтоқсан айында мұғалімдерден сауалнама алынды.Сауалнама нәтижесі жақсы және педагогикалық өтілі көп мұғалімдер жас мамандарға өзінің тәжірибесімен бөлісті. Қаңтар айында психологиялық жаттығулар жүргізіліп, көзге арналған жаттығулары жасатылды.Және де қосымша қаңтар айында сенің ойың қайда бағытталған тақырыпта суретті тест жүргізілді. Суретті тест ұстаздарға өздерін білу мүмкіндігі ғана емес, қандайда бір жаңалық, уақытты қызықты өткізу, жақсы демалудың бір түрі, теріс күйзелістен арылудың жолы болып табылады.Суретті тесттің нәтижесі қатысушыларға таныстырылды. Сәуір айында мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл- күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында «қарым-қатынас жарастығы» тренингі ұйымдастырылды. Жііп терапиясы бойынша әр қатысушы жіптің бір ұшын ұстап,ұжым болып жіппен қарындашты бөтелкеге салды.Ипподром, би терапиялары жүргізіліп, көңіл күйлері көтеріліп сезімдерімен бөлісті.Ыстық картоп пен теңізге саяхат релаксациялық жаттығуы жүргізілді.Медитативтілік техника мұғалімдердің денесіндегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалды.Тренинг соңында қандай әсер алғандын айтып, ойларын ортаға салды.Мамыр айында ұстаздардың психолоиялық көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «мен үйде және жұмыста» «үш жыл» психологиялық жаттығулар өткізіліп ұстаздар өз ойларын айтып жеткізе білді.



4.Ата – аналарымен психологиялық ақпараттандыру, кеңес беру бағыттарында жүргізілетін жұмыстар

Қыркүйек, қазан айларында 1,5 сынып оқушыларының ата-аналарына сынып жетекшілер ұйымдастырған жиналыстарына қатысып оқушылардың мектепке бейімделуіне байланысты адаптациялық кезеңнен өтуге барынша көмек пен қолдаудың маңыздылығы жайында үнемі айтылып, түсіндіріліп, психологиялық кеңестер беріліп өтілді. Қараша айында ата-аналарға суицидалды мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері туралы түсінік беру мақсатында «Оқушылардың арасында суицидтің алдын-алу жолдары» тақырыбында түсінік беру жұмыстары жүргізілді. Қаңтар айындағы жоспар бойынша баланың тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі қандай болуы қажет, балаға қалай көмек бере алады тақырыбында қаңтар айында толықтай түсінік жүргізілді. Отбасында балаға жағымды психологиялық жағдай туғыза аламызба? атты тақырыпта мамыр айында тренинг жүргізілді. Тренинг барысында гүл теру, доп лақтыру жаттығулары жүргізіліп, ата-аналарға балаларыңызға жетістік пен дәрежесі үшін емес сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сендіру;қателескені үшін баланы кекетіп,бетінен алмай,басқа балалармен салыстырмауы жайы;баланың әр жетістігі үшін мақтап отыру туралы біраз кеңестер айтылды.


5.Білім беру ұйымдарында бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін психологиялық жұмыстар

1-сынып оқушыларының мектепке дайындығын анықтау үшін қыркүйек айында мектепке бару қарсаңында «баланың қоршаған ортаны бағдарлауы және білімдер қорының» деңгейін анықтауға арналған әдістеме жүргізілді. Әдістеме қорытындысы бойынша 1-сыныптағы 2 оқушының да даму деңгейі жоғары екені байқалды. Қараша айында мектеп оқушыларының темпераментін бақылау әдісімен зертеудің қорытынды шығарылды. 1-4 сынып оқушыларының арасында флегматик тобына жататын 3 оқушы;сангвиник-5 оқушы; меланхоликке – 2 оқушы, қалған 2 оқушы аралас типке жататыны белгілі болды.Бұл оқушыларда мінез-құлықтың барлығы тұлғадан табылатыны анықталды. Танымдық-логикалық ойлауын дамыту үшін тест алынды. Тест нәтижесі бойынша 3-сыныптағы оқушылар ойлау қабілеті әлі қанағаттанарлық екендігі байқалды.1 шеңбердегі әріптерден сөз құра тапсырмасын жеңіл орындап,2 сөз құрастырып жаз тапсырмасы қиынға соқты. 4-сынып бойынша тапсырманы барлық балалар өте жақсы орындады. Жеке тұлғаның мінезін тез арада анықтау, мінез құлқына анықтама беру мақсатында желтоқсан айында 2-4 сынып аралығында «психогеометриялық типология» тесті жүргізілді. Тест барысында оқушылардың өзін-өзі тануға қызығушылықтары жоғары болды. Өздерінің таңдаған фигураларына оқушылардың мінез-құлықтары сәйкес келді. Қаңтар айында оқушылар арасында достық қарым-қатынасты орнату барысында тренинг жәнеде қимыл-қозғалыс әрекеттерін қалыптастыру үшін қызықты психологиялық ойындар,кинезологиялық жаттығулар жүргізілді. Ойын барысында оқушылар қызығушылықтары оянып,қарым-қатынастары нығайды. Қосымша оқушылармен сергітетін ойындар жүргізілді. Оқушылардың арасындағы жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға үйрету мақсатында ақпан айында жоспарға сәйкес «Достаса аласыз ба?» атты тренинг жүргізілді. Тренинг барысында балалар шаттық шеңберіне тұрып, күннің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектерін айтып, танысу үшін өз есімдеріне сын есім қосып танысты.Достыққа байланысты оқушылар өлеңдер оқылды.Оқушылармен Достық дегенді қалай түсінесің?Шын досты қалай түсінуге болады? Досты көпті жау алмайды деген сөзді қалай түсінесің деген сұрақтармен пікірлесіп,жауаптары алынды. Сұрақ барысында оқушылар өздерінің ойларын толық жеткізді.Дос әрқашан керек екенін, досқа адал болу керек және де қолыңнан келгенше бір-біріне көмектесу екенін айтты. Одан кейін екі дос туралы аңыз айтылып берілді. Қосымша достық бірлік үйін салып бірігіп, оқушылар өз белсенділіктерін көрсетті. 0-2 сыныптар аралығында әріптер атты коррекциялық сабақ жүргізілді.Байқағыштығын,зейінінің тұрақтылығын дамыту үшін. Айырмашылықтарды табу,тақтаға жазылған плакатттардан қандай әріп жасырылғандығын тауып,сабаққа деген зейіні көтерілді. Наурыз айында зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар мен бастауыш сыныпқа арналған қимыл-ойындары жүргізілді.


6.5 – 8 сынып оқушыларымен жүргізілген психологиялық жұмыстар

Қыркүйек,Қазан айларында оқушыларға психологиялық кеңестер ұйымдастырылып, жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында тренинг өткізілді.Тренинг бір-біріне жақсы,жылы тілек сөздерімен басталып,аяғы қызықты ойынмен жалғасып өз-ойларымен бөлісті.Жеке тұлғаны зерттеу үшін Сьюзен Деллингер әдісімен «психогеометриялық тест» арқылы өздері туралы қызықты және дәл келетін мағлұматтармен танысты.Темперамент түрлері қандай болатынын,кім-қандай типке жататындығында білді.Желтоқсан айында пәнге байланысты көмектер ұйымдастыру үшін психологиялық кеңестер айтылды. «Әке көрген оқ жанар....» тақырыбында ұлдармен әңгіме сұхбат жүргізіліп,ұл бала тәрбиесіне қатысты кеңестер айтылды.Қарым-қатынаста агрессияны болдырмау үшін тренинг жүргізілді. Тренингте өрмекші торы жаттығуымен айтылған сын,тілектерді қабылдауға үйретіп,жартастан өту үшін жанымыздағы достарымыздың көмегі әрқашанда керек екенін түсініп,қандай сезімде болғандарымен бөлісті.

7.«Ерекше көңіл аударатын оқушылармен» психологиялық бағытта жүргізілетін жұмыстар

Қазан айында мектеп оқушыларынмәдени мінез-құлық ережелерімен танысты.Оқушылардың әлеуметтік жанұя жағдайымен танысу кезінде анкета толтырылды. Оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа , достыққа , шындыққа , тәрбиелікке үйрету мақсатында оқушылармен қарым-қатынасқа арналған тренинг жүрізілді. Тренингте әр қатысушы өз визиткасын жазып,әр-түрлі интонациямен жеткізді. Мимика жест арқылы қандайда бір жағдайдағы адам,жануар бейнесін келтіру және оны табу.Ассосация,пульс ойындары ойнатылды.Оқушылар бір-біріне неге ұқсайтынын айтып,дөңгеленіп отырып қолдарынан ұстап пульстың қайда кеткенін анықтады.


8.Оқушылармен «Мамандық таңдау, кәсіби бағдар беру» бағытында жүргізілетін психологиялық жұмыстар

Қазан айында 9-сынып оқушыларымен менің таңдаған мамандығым туралы тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға,оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазды,кейін Абай Құнанбаевтың «әсемпаз болма әрнеге» өлең шумағына сұрақтар қойылып,бізге қандай ой тастап тұрғанын, өз орнын таба білу дегенді қалай түсінетіндерін өте жақсы жеткізді және тағы қосымша мамандық туралы сұрақтар қойылып, қызықты мамандықты тап ойыны жүргізілді.

Қараша айында Мамандық туралы хабардылығына сауалнама алынды.Сауалнама

Мамандық таңдауға байланысты жекелеген психологиялық кеңестер жүргізілді.

Желтоқсан айында оқушылардан «мамандық саласын анықтау» сауалнамасы алынып,жаттығулар жасалынды.

Оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына көмек беру барысында ақпан айында тренинг және Д.Голландтың тұлғаның типтерін анықтау үшін тест алынды. Тренинг пен тесттің нәтижесі бойынша оқушылардың өзінің мінезіне сәйкес мамандықты таңдайтынын байқадым. Наурыз айында тұлғаның өзіне сенімділігін арттыру үшін тренинг өткізіліп, ата-аналар мен оқушыларға психологиялық көмек беру барысында кеңес берілді.

9.Оқу жылы ішіндегі орын алған келеңсіз байланысты психологиялық-профилактикалық, коррекциялық жұмыстар

Қазан айында оқушылармен ашу-ыза билегенде не істеу қажет екені қысқаша айтылып, қарапайым жаттығулар жасалынды.

Өзіңді сүю-өмірді сүю тренинг желтоқсан айында айында өткізілді.Тренинг барысында оқушылармен «Австралияның жаңбыры» «Мен ғажаппын» жаттығулары мен бірге өзіңді сүю кеңесі айтылып, сабақ соңы менің көңіл-күйім жаттығуымен аяқталды. Оқушылар өздерін емін-еркін ұстап ойларын толық жеткізді. Ақпан наурыз айларында күйзелістен,реніштен қалай құтылуға болатын психологиялық кеңестер айтылды.

10.Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізілген психологиялық жұмыстар

Қазан айында сіздің мінезіңіз қандай суретті тесті алынды.Осы арқылы оқушылар бойындағы өздері білмейтін қызықты жақтарының қыр-сырын біліп, көңіл-күйлері көтеріліп қалды.Қоғамдық орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қоғамдық тәртіп-ортақ мүдде» дөңгелек үстел өткізілді. Барысы сұрақ қою арқылы тақырыпты ашып,слайд көрсетіліп,үлестірме қағаздарға ситуациялық сұрақтар қою арқылы өтті. С.Спилбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласының сауалнамасының қорытындысы бойынша алаңдаудың жоғары деңгейінде 3 оқушы,орташа деңгейде 2 оқушы анықталды.Қараша айында оқушының мәдени мінез-құлық ережелерімен таныстырып,қысқаша жеке бастың гигиенасы(жинақылық пен тазалық), сыпайылық пен сөйлеу мәдениеті,дәлдік пен міндеттілік ережелері туралы айтылды.


11.Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының алдын-алу бағытында жүргізілген психологиялық жұмыстар

Қазан айында мектептегі оқушылармен жоспарға сәйкес 7-9 сынып аралығында көңіл күйге байланысты оқушыларға «көңіл күйді қалпына келтірудің 10 амалы» атты психологиялық кеңестер берілді. Кеңес беру барысында оқушылармен еркін сөйлесіп, өмірдің бізге қымбат екенін және көңіл күйіміз түскенде қандай іс-қимылдар жасау керек екені таныстырылды. Қараша айында стреске тұлғаның жеке сезгіштігі ретінде алаңдау деңгейін анықтауға және тұлғаның көп жағдайда қорқу, қауіптену жағдайын сипаттауға мүмкіндік беретін С.Силбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласында сауалнама жүргізіліп, нәтижесі шығарылды. Сауалнамаға қатысушы оқушылар саны-9. Спилбергер шкаласы бойынша алаңдаудың орташа деңгейінде 2 оқушы болса, алаңдаудың жоғары деңгейінде оқушы анықталмады. Қалған 7 оқушыда алаңдаудың деңгейі анықталмады. Осыған сауалнаманың нәтижелеріне қарай «Мен өзімді мақтаймын» жаттығуы жүргізіліп, оқушылардың көңілдері көтеріліп бір сергіп қалды. Желтоқсан айында Э.Ховард бойынша стреске төзімділік деңгейін анықтау барысында тест жүргізіліп, стреске жиі ұшырайтын оқушы жоқ екені анықталды. Дегенмен стреске орташа ұшырайтын 3 оқушы және шамалы ұшырайтын 6 оқушыны бар екенін байқалды. Қаңтар айында депрессиялық деңгейді анықтауға арналған сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша жеңіл ситуативті немесе невротикалық депрессия тобына жататын 7-9 сынып оқушыларының арасында 2 оқушы анықталды.Ақпан,наурыз айларында «Күйзелістен қалай құтылуға болады?», «Реніштен арылу» жаттығулары жүргізілді. Жаттығу барысында оқушалар өздерін емін-еркін ұстап, ойларын ашық жеткізе білді.

12.Оқушылармен, ата-аналар арасында діни экстремизм, терроризм туралы түсінік беру жұмыстары жүргізілді.

Қыркүйек,қазан айларында дін туралы анкета жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша әр отбасының діни ұстанымы бар екенін және ол ислам діні екендігі, дұрыс бағыттағы діни түсінікті ата-ана, мұғалімдерден алатындарын жеткізді. Қосымша «Жеке тұлғаның психологиясына діннің әсері» атта кеңестер оқылды.Желтоқсан айында діни ағымдағы оқушылардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын жақсарту үшін тренинг жүргізілді.Тренинг барысында дінге деген қөз-қарастарымен бөлісіп,түрлі жаттығулар ойнатылды.Жат ағым туралы ойларын тереңдету үшін наурыз айында кеңес,сұхбат жүргізілді.