Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 91

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-билет

1. Басқару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалық менеджмент ұғымдарына сипаттама беріңіз.

«Менеджмент» ұғымының пайда болуы ХІХ ғасырдан бастау алады, бірақ оның әдіснамалық негіздемесі тек ХХ ғасырдың басында ғана пайда болды.«Менеджмент» латынның «ману» – «қол» қол деген сөзінен шыққан.«Менеджмент» түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп «жеңу өнері» ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс- тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. «Менеджмент» түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:

1) Менеджмент – бұл әртүрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі, функциясы, басқару.

2) Менеджмент – бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің аймағы.

3) Менеджмент – басқару бойынша жұмыс жасаушының әлеуметтік

тобы.

4) Менеджмент – басқарудың жаңа моделі, ұйымдастыру әдісі.

5) Менеджмент – процесс, өзара ынтымақтастықтағы адамдардың алға

қойған мақсатқа жету жолында өзінің бар күш- жігерін, білімін бағыттауы.

6) Менеджмент – қарым-қатынас әдісі, басқарудың әкімшілік дағдысы.

7) Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, адамдардың өзара қарым-қатынас тәсілі, адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы.

Замануи менеджмент – басқару практикасының теориялық базасын құрайтын болғандықтан басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, басқарудың практикалық қызметін ғылыми түсініктемелермен қамтамасыз ететін ғылым саласы.

Басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез-келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.

Педагогикалық менеджмент – тиімділікті арттыруға бағытталған білім процесін басқарудың технологиялық тәсілдері, ұйымдық формасы, әдісі, қағидаларының кешені. Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).


Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.

Менеджер еңбегінің құралы- білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады.Еңбек қажеттілігі- ақпарат.Еңбек қаруы- сөз, тіл, сөйлеу.

Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу , тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқарудың төмен болу себебі- жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.

Педагогикалық менеджменттің жалпы қызметтері:

1) Жоспарлау – бұл басқару процесінің алғашқы кезеңі. Бұл кезеңде іс қызметтің мақсаты, оған қажетті қаражат, басқа да қадамдар, сонымен бірге нақты жағдайдағы ең тиімді әдіс -тәсілдер нақтыланады.

2) Ұйымдастыру – бұл ұйымның құрылымын қалыптастыру кезеңі, ұжымның бірқалыпты тиімді жұмыс жасауын барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз ету.

3) Мотивация – бұл іс-әрекет, қызмет. Оның мақсаты – ұжым мүшелерінің жұмысын жандандыру, оларда мақсатқа жетуге деген ынта тудыру.

4) Бақылау – бұл басқару қызметі, оның негізгі мақсаты жұмыс, еңбек нәтижесінің сапасы, сан жағынан бағалау және олардың есебін жүргізу

Басқарудың негізгі қызметтері

Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:

- мақсаттарды айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңнің соңғы нәтижесін болжап, ой-санада нақтылау);

- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша алыс болашақ пен әр жылға жоспар түзу);

- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру, бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);

- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру);

- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау және мадақтау);


- бағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);

- педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер және талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру

2. Тұтас педагогикалық процессті басқару және педагогикалық талдау бойынша түсінік беріңіз.

Талдау тұтас құбылысты ойша құрамдық элементтерге немесе құбылыстарға жіктеп, ары қарай зерттеу үшін талдаудан тұратын ғылыми зерттеу әдісі.

Педагогикалық талдау – педагогикалық процестің даму тенденциясы мен жағдайын зерттеуге бағытталған басқару қызметі.

Талдаудың мақсаты мектеп жұмысын жандандыруға атсалысу, педагогикалық ұжымның әрекетін оперативті және жоспарлы перспективті басқару үшін қызмет ету, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жақсарту.

Педагогикалық талдаудың міндеттері:

  1. Белгілі бір уақыт аралығында тұтастай басқарылатын жүйенің жағдайын зерттеп, үйрену.

  2. Белгілі уақыт аралығында мектеп жұмысы мен оның бөлімдерінің нәтижелерін зерттеу.

  3. Оқушылардың оқу мен тәрбие деңгейіне ықпал ететін факторларды анықтау.

  4. Мектептің құрылымдық бөлімшелерінің, оқу-тәрбие процесінің бөлімдері арасындағы келіспеушіліктердің себебін анықтау.

  5. Мектептің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын талдау.

  6. Мектеп үшін оқушылардың білім, білік, дағдыларын, толеранттылық деңгейін, білім беру сапасын көтерудің сыртқы және ішкі педагогикалық резервтерін анықтау және айқындау.

  7. Озық педагогикалық тәжірибені айқындау, үйрену.

  8. Мектепті басқарудың тиімділігін талдау.


Педагогикалық талдаудың рөлі мен принциптері

Ю.А.Конаржевский педагогикалық талдаудың төмендегідей принциптерін бөліп көрсетті:

  1. Объективтілік: ажырату; сандық мінездемелерді ғана емес, сонымен қоса сапалық та мінездемелерді есепке алу; педагогикалық құбылыстар мен процестердің даму күрделілігін мойындау; педагогикалық талдау дамуындағы қарама-қайшылықтарды зерттеу.

  2. Детерминизм принципі себеп-салдарлық байланыстарды орнату.

  3. Даму принципі. Қандай педагогикалық құбылыс болмасын үш жақты қарастыру қажет: өткен шақ; осы шақ және болашақта.

  4. Өзара әрекеттестік принципі. Егер бір уақытта бірден екі педагогикалық құбылыс пайда болса, онда олардың өзара әрекеттестігін бөліп алу негізінде олардың қайсысы себеп, ал қайсысы салдар болатынын анықтауға болады.

  5. Жүйелік ықпал принципі.

  6. Басты звено принципі.

  7. Талдау бен жүйелеудің бірлігі принципі.

  8. Кешенді ықпал принципі.

  9. Талдау субъектісінің көппәнділік құзыреттілігі.



  1. Объектілері бойынша: жұмыстың тұтастай талдау; оның жеке жүйелерінің қызметтерінің талдамасы; жеке элементтердің (сынып, топ) жұмысының талдамасы.

  2. Субъектілері бойынша: әкімшілік; қоғамдық ұйымдар; мұғалім; оқушылар.

  3. Мақсаты бойынша: әрекет бағасы; ұжым әрекетіндегі міндеттерді қою, жұмыс нәтижелері; белгілі педагогикалық резервтерді анықтау мақсатындағы талдау; озық педагогикалық тәжірибені жалпылау мақсатында; оқыту сапасын анықтау; оқушылардың білім сапасы; тәрбиелік деңгейі.

  4. Көлемі бойынша: толық, қорытынды; тақырыптық аймақтық; параметрлік талдау; оқу-тәрбие процесінің негізгі параметрлері.

  5. Қайталануы бойынша: айналымдық; бір реттік; оперативті.


Функционалды байланыстары бойынша:жоспарлаудың ғылымилығын қамтамасыз ететін талдау; мектепішілік бақылау негізінде жататын талдау.

Мектепті басқару функциялары – кез-келген педагогикалық жүйені басқару, мақсат қоюшылық пен жоспарлау (шешім қабылдау).

Қазіргі педагогикада мұғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық процесс деп мойындалған. Осыған орай мұғалімнің жұмыс тиімділігі оның іс- әрекет нысаны ретіндегі біртұтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты.

Тұтас педагогикалық процесті басқарудың маңызды бір функциясы педагогикалық талдау болып табылады. Басқару және мұғалімдердің

педагогикалық іс-әрекеті тиімділігі мектеп басшысының педагогикалық талдау әдістемесін меңгеруі дәрежесіне байланысты

Мектепішілік бақылаудағы педагогикалық талдау. Барлық сабақтар талданады. Сабақты талдау өте күрделі, шығармашылық жұмыс, өйткені ол үлкен шеберлікті қажет етеді.

Сабақты талдауды төмендегідей мақсатты көздейді:

1) Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылардың сапасын бақылау.

2) Мұғалімге нұсқаулар беру.

3) Педагогикалық шеберлікке жетуге көмектесу.

4) Мұғалімнің жетістігі мен кемшіліктерінің себептерін анықтау, кемшіліктерді жоюға көмектесу.

5) Мұғалімнің атқаратын жұмыстарын белгілеу.

Педагогикалық талдау параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдаулар болып бөлінеді.

Параметрлік талдаулар білім беру процесі ақпараттары негізінде байқалатын құбылыстардың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Параметрлік талдау жасауда мектеп директоры мен оның орынбасарлары сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға қатысуды жоспарлайды. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық педагогикалық талдауға өтуді негіздейді.

Тақырыптық талдау педагогикалық процестердің өзіндік компоненттері бойынша іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты, қайталанып отыратын байланыстарды, тенденцияларды анықтауға ықпал етеді. Параметрлік талдау бір сабақ немесе бір тәрбиелік шаралар бойынша жүргізілетін болса, тақырыптық талдау сабақтар немесе шаралар жүйесі бойынша жүргізіледі.

Қорытынды талдау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады.

Педагогикалық талдаудың негізгі объектілерінің бірі – сабақ болып табылады. Сабақты талдау толық, қысқа және аспектілі талдаулар болып бөлінеді.