Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 136

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын тануға негізделген және оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі. Тұтас педагогикалық процесс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету және т.б.

Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы мектеп кеңесі. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.

Ю.А.Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде талдау, мақсаттылық, ізгіліктілік, басқару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әртүрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді.

Басқарудың жалпы қағидалары: педагогикалык жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен тұтастық; орталықтандыру мен таратуды (децентрализация) ұштастыру; бірыңғай және

алқалық басқару бірлігі; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы ( 11-сурет).





Сурет-11. Басқарудың жалпы қағидалары


Басқару заңдылықтарынан шығатын кағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде кызмет етеді.

Менеджменттің атасы, көмір шығару бойынша француздық компанияның үлкен басшысы Анри Файоль (1847-1925жж.) ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас ағза ретінде қарастырды әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сендірді.

Анри Файоль (Henri Fayol) – ұйымдық менеджменттің негізін салушы. А.Файоль басқаруды айрықша қызмет ретінде бөліп қарастырды. Ол өзі әмбебап деп санаған басқарудың 14 принципін әзірледі:

  1. Инициатива. Инициатива бұл жоспар құру, оның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету. Ол мекемеге күш пен энергия береді.

  2. Корпоративті рух. Одақ – бұл күш. Ол қызметкерлер үйлесімділігінің нәтижесі болып табылады.

  3. Еңбекті бөлісу. Мекеме мүшелерінің міндеттері мен құқықтарын бекіту.

  4. Құзыреттілік. Жауапкершілік. Құзыреттілік үкім беру құқығы, жауапкершілік оған қарама-қарсы құраушы; құзыреттілік бар жерде жауапкершілік туындайды.

  5. Тәртіп. Мекеме басшысы мен оның қызметкерлері арасындағы өзара түсінушілік, жауапкершілік.

  6. Дара басшылық. Жұмысшы тек бір адамнан (бөлім бастығынан) ғана бұйрық алуға тиісті.

  7. Бағыт бірлігі. Бір мақсатта жұмыс жасап жатқан топ бір жоспарға бірігіп, бір ғана басшысы болуы шарт.

  8. Жеке бас қызығушылығының жалпыға бағыныштылығы. Жеке жұмысшының немесе топтың қызығушылықтары мекеменің қызығушылықтарынан асып түспеуі қажет.

  9. Қызметкерді марапаттау. Жұмысшылардан жақсы қызмет талап етпестен бұрын оларға жақсы жалақы төлеу қажет.

  10. Орталықтандыру. Нәтижеге тезірек жету мақсатында іс-әрекетті ортаға жұмылдыру.

  11. Скалярлы тізбек. Скалярлы тізбек – бұл ең жоғары орындағы басшы мен ең төменгі бөлім басшы арасындағы қызметтік қарым-қатынас, өзара байланыстылық.

  12. Реттілік. Әр нәрсе өз орнында болуы шарт.

  13. Әділдік. Әділдік турашылдық пен мейірбандылықтың үйлесуі.

  14. Қызметкердің жұмыс орнының тұрақтылығы. Кадрлардың мекемеден көптеп кетуі мекеменің жұмыс нәтижесіне, тиімділіне кері әсерін тигізеді. Орнында көп отырған, іс-тәжірибе жинақтаған орта деңгейдегі басшы өз орны үшін күреспейтін, тез биліктен кететін талантты көшбасшыдан әлдеқайда жақсы



Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары


Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды.

Олар:

  • адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау;

  • адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;

  • өзара құрмет негізінде сенім ахуалын қалыптастыру;

  • бастамашылдықты, шығармашылық бейімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді қалыптастыру;

  • жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау;

  • адамға құрмет және сенім басқарудағы ізгіліктің ең жоғары көрінісі ( 15-сурет).

Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл қызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп қарастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгерімі тұрғысынан ғана оқушы деп қарамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. Тіпті, оны баланың бойындағы барлық нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығушылығы, қоршаған ортасы, отбасы жағдайы, тұрмысы және т.б.

Мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс-әрекетін жоспарлау

Жоспарлау – бұл тәрбиешінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.

Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді

Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы

Тәрбие
берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды





1. Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлаудың тиімді тәсілдері

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары –педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға жоспарланады. Сынып жетекшісінің жоспары тәрбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға деген комплексті көзқарасты қамтамасыз етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің окушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары да кездеседі. Олар негізгі жоспарларды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бекітуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылдың бойында бекітіліп отырады. Орта мектептерде жоспарды бекітуді директор оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе сыныптан тыс тарбие жұмысын ұйымдастырушыға тапсыруы мүмкін. Жоспар бекітілген соң онымен сыныптың барлық оқушыларын таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру үшін сынып активін тартады.
- Жоспар қандай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек.