Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 105

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әдістемелік бірлестіктер- оның құрамына әдетте бір немесе аралас пәндердің 4-5 оқытушысы кіреді. Олар ұстаздардың оқытылатын ғылым саласындағы жаңа жетістіктердің нәтижелерін зерттеуін, олардың жаңа әдістемелік тәсілдермен және технологиялармен танысуын, жаңа оқу бағдарламалары мен сұрақтарын талқылауын ұйымдастырады, мұғалімдердің сабақтарын

талдайды.

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру мәселелерін қарастырады; тәрбиелеудің заманауи тұжырымдары мен бағдарламаларын, н, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құжаттарды зерттейді; сынып жетекшілері қызметінің жеке бағыттары бойынша әдістемелік ұсыныстарынжасайды.

Жас мұғалімдер мектебі

Жас мұғалімдер мектебі- бұл мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуге арналған, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес ұстаздар бірлестігі

Мақсаты:

жас педагогтердің кәсіби биік армандарын, өзін-өзі тұрақты дамыту мен

жетілдіруге деген сұраныстарын қалыптастыру, әдістемелік жұмыс арқылы тұлғалық және кәсіби дамуға жағдай жасау.

Міндеттері:

1Жас мамандардың әдістемелік сауаттылығын арттыру;

2 Заманауи сабақ технологияларын зерттеу;

3 Сабақты тренинг сабақтар арқылы өткізу;

4Өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу;

5 Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту;

6 Белгі Белгіленген мақсатқа сәйкес нәтижелерді диагностикалау.

Аттестация (фр. attestation, лат.attestatio - куәгерлік, растау) Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау- педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатымен жүргізілетін рәсім. Педагогикалық қызметкерлер әр 5 жыл

сайын аттестациядан өтеді.

Аттестациялаудың мақсаты: кәсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашылық

ынтасын дамытып, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекелеген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету.
29-БИЛЕТ

Педагогикалық менеджменттің функциялары мен олардың сипаттамалары

Педагогикалық менеджмент − бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчествалық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез-келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менеджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:


-Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;

-Оларға сенім білдіру;

-Олардың іс-әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.

Басқару қызметінің негізгі өзегі болып адамның творчествалық мүмкіндігін мейлінше өнімді пайдалану болып табылады. Осыған байланысты менеджменттік стратегияның жаңа қызметімен жүзеге асыруда мынадай базалық негізде арқа сүйейді:

  • творчествалық топтарды іске тарту арқылы қабылдаған шешімнің сапасын арттыру;

  • қызметкердің жауапкершілік сезімін күшейту;

  • инженер - педагог қызметкерлер арасында ақпарат жариялылығы мен өзара сенімділікті арттыру арқылы оқу орнында дұрыс ахуал қалыптастыру;

  • оқушылар мен өндірістік оқыту шеберлердің еңбектерін дер кезінде бағалап, оның шығармашылық идеялары мен инновациялық іс-әрекеттеріне қолдау көрсету;

  • студенттер мен оқушыларды шешім шығаруға қатыстырып, оның оған жауапкершілігін арттыру.

Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны функцияланының мына төмендегі компоненттердің өзара үйлесімділігі:

  • Жоспарлау;

  • Ұйымдастыру;

  • Реттеу;

  • Бақылау;

  • Есеп жүргізу;

  • Талдау.

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады ( шешімді қабылдау мен орындауда):

-қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;

-жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;

-басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сәйкес  бағдарламалар  мен жоспарлар дайындау, оның орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерін көрсету;

-басқару шешімдерін дайындау және қабылдау, кадрларды іріктеу және оның кәсіби біліктілігі мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай өзара міндеттерін бөлісу, кеңестер беру, т.б.

Педагогикалық менеджмент адам қызметін ғылыми тұрғыда басқару принциптеріне сүйене отырып, объектінің білім беру аясындағы қызметі арқасында мына екі бағытты бірлікте ұстайды:

  • Педагогтар мен студенттерді басқару;

  • Оқу тәрбие процесін жетілдіру.

Басқару принциптері дегеніміз – білім беру ісінің басшы қызметкерлері өз жұмысында ұстануға тиісті мақсатқа жетуге көмектесетін негізгі, іргелі ережелер.

Мектептегі басқару органдарының құрылымы алуан түрлі. Шартты түрде оларды төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші топ: мектептің лауазымды өкілдері - мектеп директоры, оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектептің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, балалар мен жастар ұйымдарының жетекшілері.


Екінші топ: мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар өкілдері қатысатын жалпы мектептік конференция, педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктер.

Үшінші топ: оқушылардың өзін-өзі басқару органдары (оқушылар комитеті, сыныптың, пән үйірмелерінің, түрлі қоғамдардың жетекшілері).

Төртінші топ: мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті.

Осы органдар мектепті басқару үшін ғылыми тұрғыдан дәлелденген ұстанымдарды (принциптерді) басшылыққа алып жұмыс істеуі тиіс.

Олардың ішіндегі мәндірегі төмендегі ұстанымдар:

•    мектептің алдында тұрған басты міндеттерді анықтау кезінде барлық басқару органдарының келісіп, іскерлік, ынтымақ жағдайында жұмыс істеуі;

•    барлық басқару органдары және лауазымды адамдардың өз міндеттері мен қызметтерін атқару кезіндегі демократиялылығы, жариялылығы, мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың қоғамдық пікіріне сүйену;

•    мектеп басшыларының, мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің жауапкершіліктері;

•    мектептегі жақсы және пайдалы психологиялық  микроклиматты, шығармашылық белсенділікті және бастама көтерген адамдарды қолдау, оқу-тәрбие жұмысының сапасына жоғары талап қою;

•    оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру туралы жоғарғы органдардың қабылдаған шешімдерінің орындалуына әдепті және тұрақты түрде басшылық ету;

•    педагогикалық шығармашылықты, инновациялық ізденістерді мадақтау және озат педагогикалық тәжірбиені меңгеруге ұмтылған мұғалімдерді, сынып жетекшілерін қолдау.
2.Қазіргі заманауи мектептердегі инновациялық процесстің мазмұны мен маңыздылығы

«Инновация» сөзі — латынның «novis» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр.

«Инновация» ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынған. «Инновация» сөзі қазіргі уақытта барлық білім, өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып келеді. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70–80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады.


Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туыпдап отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі инновациялық технологиялары жасалып, енгізіліп жатыр. Инновациялық технологиялар түрлеріне жатады: ынтымақтық педагогикасы; білім беруді ізгілендіру технологиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы; дамыта оқыту технологиясы, компьютерлік технология, ойын технологиясы және т. б. көптеген технологиялар.
Әрбір инновациялық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Енді осы инновациялық технологиялардың кейбіреулерінің ерекшеліктеріне тоқталсақ, мәселен, ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында; проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда болғандығын дәлелдейді және логикалық ойлауғағ ғылыми іздену жолына бағыттау;
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:

— оқу үдерісін интенсивтендіруші жаппай қолға алу;

— оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Инновациялық үдерістің негізі — жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Жаңа технологияның принциптері — оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.

30 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


  1. Педагогикалық жүйенің құрылымдық компоненттерін атаңыз.

  2. Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке, қарым-қатынасқа және қатынасқа деген бағыттылығын түсіндіріңіз.
  3. 1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.

  • Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының алғы шарттары мына төмендегідей:

  • 1. Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды, жеткішектерді,ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі туындаған жағдайда пайда болды. Басқаша айтқанда, педагогикалық жүйе қажетті анықталған адамдар тобына білім беруді мақсат еткенде ғана пайда болады.

  • 2. Педагогикалық жүйе қоғамда айқындалған ақпараттық білім кеңістігінін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.

  • 3. Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылардың мақсатына жететін педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған жағдайда ғана, оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.

  • 4. Педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушылар белгілі бір топқа бірігіп, яғни оқушылар тобын құрастыруы керек.

  • 5. Педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын, тиісті педагогикалық және психологиялық ілімі бар, олармен жұмыс істей алатын әдіс – тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя білетін педагогтар болуы қажет.

  • 6. Педагогикалық жүйе, сайып келгенде, қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.

  • Бұл қоғамдық компоненттер – оның негізгі базалық сипаттамасы, олардың үйлесімділігі оны басқа салалардан өзгешелендіріп тұрады

    2- Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.