Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 104

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.

Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.

Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.

Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.


Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;


- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Инновациялық менеджменнтің принциптері — ережелер жүйесі. Осы талаптың тура сәйкестігінде ғана инновациялық менеджменттің басқару нәтижесі жүзеге асады. Инновациялық менеджменттің принциптері- объективті жұмыс істейтін заңдар мен заңдылықтардың жалпылауының нәтижесі мен оларға тән ортақ мінездемелі факторлар және белгілер болып табылады. Осының барлығы қызметтің басы болып есептеледі.

Принциптердің негізінде келесі заңдылықтар жатады :

1.Басқару жүйесінің бірлігі–сыртқы ортаның жай-күйі өзгергенмен ішкі байланыс жүйесінің тұрақты болып қалатынын білдіреді.

2.Өндіріс пен басқарудың пропорционалдығы-жоғары өндіріс еңбегінінің бір шарты-негізгі және қосалқы өндірістердің дамуы үшін, олардың бірдей бар болуының қажеттілігі анық.

3.Басқарудың орталықтандыруы және децентрализациялауы-басқару иерархиясының деңгейілеріне қарап, мақсатты, функцияларды, өкілеттілікті, құқық пен жауаптылықты бөлу.

4.Басқарушы және басқарылатын жүйелердің міндетті түрде бар болуы және араларында барабарлық жүру керек.

Инновациялық қызметтің басқару принциптері:

1.Демократиялық орталық-орталықтандырылған басшылық шаруашылығы мен оның дербес бөлек элементтердің үйлесімі.

2.Шаруашылықты жоспармен басқару-өндірістің дамуы үшін оның бағытын, екпінін, пропорциясын ұзақ аралыққа дейін айқындау.

3.Құрылым мен бөлімшесінің мақсаттық бірлігі — ұйымның мақсаты оның құрылымдағы бөлімшесіне бағынушылығын анықтайды.

4.Үнемділік пен нәтижелік- еңбек өндіргішін артырып, ал еңбек күштерді үнемдеу мақсатына жету.

5.Адамгершілікті және заттықты ынталандыру.

6.Жауаптылық–жұмыста жіберілген қатеге заттық жауаптылықтықты айқындау, қызметкерлерді премияландыру және депремияландыру туралы бағдарламасын өңдеу.

7.Ғылыми басқару- бүкіл жүйені ғылымның жаңартылған мәліметтерінің арқасында құру.

8.Кадрлардың дұрыс іріктелуі мен орналастыруы.

9.Шаруашылық шешімдердің жалғастырушылығы — уақыт аралығында және кеңістікте болатын сандық және сапалық өзгертулерден шығатын экономикалық құбылыстар мен процесстердің бірлігі.

10.Басқарудың салалық және аймақтық үйлесім принципі.

3 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


  1. Педагогикалық менеджмент заңдылықтары мен ұстанымдарына сипаттама беріңіз.

  2. Қазіргі заманауи мектептердегі инновациялық процесстің мазмұны мен маңызыдылығына түсінік беріңіз.

1-сұрақ..Педагогикалық менеджмент заңдылықтары мен принциптерінің сипаты «Педагогикалық басқару» ұғымы «білім беруді басқару» ұғымынан кең. Себебі ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, біліктілікті арттыру жүйелерінде, т.б.) да қызмет етеді. Л.П. Крившенко педагогикалық менеджментті – оқыту процесінің нәтижелігін арттыруға бағытталған басқару ісінің принциптері, әдістері, ұйымдық формалары мен технологиялық тәсілдерінің кешені ретінде анықтайды. Оның бастапқы өзіндік ерекшелігі менеджер жұмысының пәніне, өніміне, еңбек құралы мен нәтижесіне байланысты. Менеджер еңбегінің пәні – басқарылушы субъектінің іс-әрекеті; еңбек өнімі – оқу-тәрбие процесі туралы ақпарат, еңбек құралы – тіл, яғни сөз және сөйлеу. В.П.Симоновтың еңбектерінде педагогикалық менеджмент оқыту процесін нәтижелі басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы ретінде сипатталады. Ғалым оқыту процесінің өзара байланысты үш үлкен құрылымын бөліп көрсетеді: оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процестері. Педагогикалық менеджмент философиялық, педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық ұғымдар мен заңдылықтарға негізделеді. Педагогогикалық менеджмен ұғымы-педагогикалық менеджмент оқу-тәпбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйенің тиімділігн арттыруға бағытталған оларды басқарудың принциптері,әдістері.Педагогикалық менеджмент міндеттері мен басқару мазмұнімен анықталады.Төмендегі компоненттердін өзара үйлесімділігімен:Жоспарлау,ұйымдастыру,реттеу,бақылау,есесп жүргізу,талдау.
Педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттарымен ұстанымдары:

  1. білім мекемесіндегі барлық қызметкерлер мен оқушылардың күш-қуатын, уақытын және барлық құралдарды нәтижелі де жоспарлы пайдалану;

  1. білім менеджерлері қызметінің нақты мақсаттарға және қоғамның рухани, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкестігін анықтау;

оқу-тәрбие процесінің барлық жеке мақсаттарын түпкілікті мақсатқа – еркіндік пен жауапкершілікті қатар сезінетін, шығармашылық бағытта ойлай және әрекет ете білетін тұлға қалыптастыруға бағыттау. Педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атауға болады.

1. Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.

2. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.

3. Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.

4. Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.


5. Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы,

Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды.

Олар мына төмендегілер:

- адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау;

- адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін

жағдай жасау;

- өзара құрмет негізінде сенім ауанын қалыптастыру;

- бастамашылдықты, шыгармашылық бейімділікті, ұжымда өз арнын таба білуді қалыптастыру;

- жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.

- Адамға құрмет және сенім - басқарудағы ізгілікгің ең жоғары көрінісі.

- Адамдарға тұлға ретінде қарау кағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл кызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп карастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгірімі тұрғысынан ғана оқушы деп карамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. . Тіпті, оны баланың бойындағы барлық нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығуы, қоршаған ортасы, тұрмысы, т.б.

Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу кағидасы, яғни, басқарудан қарым-қатынасқа көшуде мынандай қағидалар туындайды:

—мұғалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және

мектептің қоғамдык, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау;

—мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларга деген ізгілікті қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен

жауапкершіліктерін бағалау;

—мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы - адамгершиік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жүмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау,сараптау, сонан соң шешім қабылдау.

Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді бірікгіре, жұмылдыра білу.

2-сұрақ.Бүгінгі білім беру кеңістігі педагогикалық үдерістің екі типінен тұрады – инновациялық және дәстүрлі. Педагогикалық инновация – бұл теориялық негізделген, мақсатты бағытталған және тәжірибеге бағытталған жаңалық

Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді.