Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 98

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

- Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер қызметі;
- Озат тәжірибелі мұғалімдерді анықтау және олардың тәжірибесін зерттеу, жинақтау және таратуды қамтамасыз ету;
- Белгілі тақырыппен жұмыс жүргізетін шығармашылық топ құру және оның жұмысына көмек беру;
- Таңдалған тақырып бойынша теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу, өз білімін көтеруді ұйымдастыру;
- Тәжірибелі мұғалімдер және оқушылардың жұмысын көрме немесе ашық түрде өтетін іс - шаралар арқылы көрсету;
- Алынған мәліметтерді жинақтау және өңдеу (әртүрлі диагностикалық әдістер арқылы);
- Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге мектеп әкімшілігі және әдістемелік бірлестік тарапынан көмек беру;
- Жұмыстың әр деңгейінің орындалуын қорытындылау және жаңа жұмыстарды жоспарлау;
- Мектепішілік әдістемелік жұмыс жүйесінде әртүрлі әдістемелік іс - шаралар нәтижесінде оқу - тәрбие процесіне өзгерістер енгізу;
- Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді марапаттау, мектепте өзара көмектесу, бірлесіп жұмыс жасау, шығармашылық орта қалыптастыру;
- Жас мұғалімнің кәсіптік деңгейін дамыту үшін әдістемелік көмек көрсету;


27-БИЛЕТ

1.Педагогикалық кеңес,оның мақсаты мен міндеттері,қызметтері мен мүмкіндіктері

Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау үшін құрылған жұмыс орталығы онда қаралатын мәселелер – мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспарында атап көрсетіледі және онда қаралып бекітіледі. 
Педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, нақты шешімдер қабылданады. 
Педагогикалық кеңес мүшелері болып барлық мұғалімдер, психология қызметкерлері, дәрігер, ата-аналар комитетінің басшылары кіреді. Мектеп директоры педагогикалық кеңестің басқарушысы. 

Педагогикалық кеңес мәжілісінде:

-мектептің жылдық оқу жоспары;

-оқу-тәрбие жұмысының тоқсан бойынша қорытындылары;

-емтиханға және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық;

-сыныптан сыныпқа көшу және ондағы жүргізілетін емтихандар; 
-оқу жылының қорытындылары;
-оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

Педагогикалық кеңестер ғылыми-теориялық ізденістер мен жаңалықтар, қазіргі кезеңдегі дамып келе жатқан ақпараттық коммуникативтік технологиялар, Республикадағы озат шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың үлгілері, жаңа пән бағдарламалары мен оқулықтары, оқу кешендері, 12 жылдық мерзіміне көшуге байланысты туындайтын проблемалар т.б. қарауға тиіс.

Бірінші педагогикалық кеңес оқу жылының басында (тамыз айының аяғында) өткізіледі. Онда өткен жылдың оқу-тәрбие процесінің қорытындылары бойынша нақтылы талдау жасалынады, оқу жылында қол жеткен табыстармен қатар, орын алған олқылықтар айқындалып алдағы оқу жылында оларды болдырмау шаралары белгіленеді. Осы кеңесте жаңа оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жоспары бекітіледі. Ол кеңесте бұл мәселелер жөнінде негізгі баяндама жасап, түсінік беруші мектеп директоры болуға тиіс. 
Келесі педагогикалық кеңестерде оқу-тәрбие процестерінде ғылыми-теориялық бағыт беретін, білім беру ісін дамыта түсуге ықпал жасайтын жаңа педагогикалық технологиялар жайында және жоғары директивалық органдардың нұсқауларын басшылыққа алатын күрделі мәселелер қаралады. 

2. Қазіргі заманауи мектептердегі инновациялық басқарудың принциптері ерекшеліктері және заңдылықтары

«Инновация» сөзі — латынның «novis» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр.


«Инновация» ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынған. «Инновация» сөзі қазіргі уақытта барлық білім, өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып келеді. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70–80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады.

Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туыпдап отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі инновациялық технологиялары жасалып, енгізіліп жатыр. Инновациялық технологиялар түрлеріне жатады: ынтымақтық педагогикасы; білім беруді ізгілендіру технологиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы; дамыта оқыту технологиясы, компьютерлік технология, ойын технологиясы және т. б. көптеген технологиялар.
Әрбір инновациялық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Енді осы инновациялық технологиялардың кейбіреулерінің ерекшеліктеріне тоқталсақ, мәселен, ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында; проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда болғандығын дәлелдейді және логикалық ойлауғағ ғылыми іздену жолына бағыттау;
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет: — оқу үдерісін интенсивтендіруші жаппай қолға алу; — оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Инновациялық үдерістің негізі — жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Жаңа технологияның принциптері — оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.



28-БИЛЕТ

  1. «Диагностика» ұғымының мәні.Педагогикалық диагностикаға түсінік

Диагностика  / грек. «диа»- мөлдір, таза, «гнозис»-білім, ғылым/  – объект немесе үрдістер жайында мәліметтерді алдын-ала алу тәсілі.

Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір

саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.

Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.

Педагогикалық диагностиканың объективті әдістерінің құралдары осыдан 200 жыл бұрын құрылған болатын. ХІХ ғасырдың 60-жылдары ағылшын ғалымы Дж.Фишердің ұсынған «scale books» мектептегі оқу үлгерімін анықтауға арналған тесттер қолданылған. Педагогикалық тестілеудің көрнекті өкілі  ағылшын Э.Трондайк (1874-1949) болған, ол мектеп пәндерін қамтыған көптеген диагностикалық формаларды ұсынған болатын. Педагогикалық диагностиканың өзіндік мақсат, міндеттерінің  бар болғанымен, әдістерді психологиялық  диагностикадан алған. Педагогикалық  диагностика қазіргі таңда қалыптасқан  ғылыми пән.  
Педагогикалық диагностиканың принциптері:

- Жүйелілігі

- Объективтілігі

- Беріктілігі

- Көрнекіліг,

Негізгі міндеті- оқушылармен меңгерілген білімнің тереңдігінің , көлемдігінің, дұрыстығының деңгейін анықтау.

Педагогикалық диагностиканың әдістері:

- Ауызша сұрау

- Жазбаша сұрау

- Компьютерлік  тексеру

- Сынақ-емтихан  

Мектепішілік басқаруда педагогикалық талдау маңызды орын алады. Кез-келген басқару талдаумен басталады
,талдаумен аяқталады. Сабақтың талдауы 3-ке бөлінеді.

1.Толық талдау

Толық талду жасағанда сабақтың мақсаты қолданылатын әдіс тәсілдер қолданылады.Талдаудың бұл түрі жас мұғалімдерге қолданылады.

2.Қысқа талдау

Қысқа талдауда нақты ұсыныстар мен ескертулер ғана айтылады. Қысқа талдау жасау директор,оқу ісінің меңгерушісі немесе әдіскер тарапынан ұсыныс не ескерту түрінде айтылады.

3.Аспектілі талдау

Аспектілі талдауда сабақтың бір бөлігі талданады. Мысалы,мұғалімнің үй жұмысын тексеруі,сабақта топпен жұмыс жасауы,т.б.

Мысалы, Е.И.Воробьева диагностика жасау үдерісін мынадай

кезеңдерге бөлінеді:

-Жүйенің жалпы және дәл қазіргі кездегі жағдайы туралы мәліметтерді

жинақтау;

-Үдерістің ( немесе объектінің ), жүйенің үйлесімді жұмыс істеуін сипаттайтын, жүйенің негізгі параметрлері туралы ақпараттың болуы;

-Жүйенің нақты жағдайын оңтайлы анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттығ

екі немесе одан да көп түрін салыстыру;

-Басқару сигналын жасап шығару, яғни жүйені үйлесімді күйге келтіру үшін қажетті әсер ету;

-Болжау - егер киліксе және әртүрлі килігу тәсілдері қолданылса немесе ештеңе килікпесе не болатынын алдын ала болжау;

-Практикалық тәсілдердің көмегімен жүйені басқару бағдарламасын жүзеге

асыру.

2.Әдістемелік жүйе және оның құрылымы,негізгі құраушыларын аңықтау. Әдңстемелік жүйенің мақсаты

Әдістемелік жұмыс- бұл кадрларды оқыту және дамыту, барынша құндылық тәжірибелерін анықтау, оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз етуге арналған жеке әдістемелік әзірлемелерін құру жөніндегі қызмет.

Мақсаты:

Мұғалімнің және жалпы ұжымның педагогикалық шеберлік деңгейінің өсуі. Міндеті:

- мұғалімдерге білім беру мен тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмектеседі;

- ұстаздарды шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарту;

- озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу және қорыту, үздік жетістіктерді насихаттау;

- аттестаттау-диагностикалық міндеттерді жүзеге асыру.

Әдістемелік кеңес- оның негізгі қызметі әрбір мұғалімнің педагогикалық қызметінің ғылыми- әдістемелік деңгейін көтеру болып табылады. Әдістемелік кеңеске директордың орынбасары жетекшілік

етеді.