Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 100

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Іскерлік қатынастарға қатысушылардың төртінші категориясына – мемлекеттік органдар жатады. Олар нарыққа іскерлік ұсыныстарымен тікелей шыққан жағдайда ғана осы категорияға жатады. Осы тұрғыдан алғанда бұл органдар іскерлік қатынастағы басқа қатысушылармен тең құқылы болады.

Мемлекеттік бизнезтің негізін мемлекет меншігіндегі өндіріс құралдары, ақпарат, ой еңбегінің өнімдері, құнды қағаздар, ақша ресурстары құрайды.

  1. Үкімет – еркін кәсіпкерлік жүйесінде елеулі рөл атқаруы керек. Осы негіздегі мемлекеттік реттеуді алты негізгі топқа бөлуге болады:

  • қауіпсіздік;

  • денсаулықты және қоршаған ортаны реттеу;

  • көлікті реттеу;

  • еңбек қатынастарын реттеу;

  • қаржыны реттеу;

  • энергетиканы реттеу.

Мемлекет өзінің экономикаға араласуын ақтау үшінсылтау етіп нарықтың мынадай кемшіліктеріналға тартады:

  1. Анық емес ақпарат.

  2. Газбен, электр энергиясымен, телеграфтық қызметпен қамтамасыз ету жүйесіндегі табиғи монополия.

  3. Сыртқы себеп. Мысалы, қоршаған ортаға келтірілген зиян.

  4. Экономикалық тиімділікпен еш байланысы жоқ басқадай мақсаттар. Мысалы: қауіпсіздік жүйесін қамтамсыз ету; ұлттық өндірісті қорғау; жаңа инновациялардың дамуын ынталандыру; денсаулық сақтау, спорт, алкогольді ішімдіктер мәселесі.

  5. Маңызды қызметтер мен ресурстар:

  • тұрғын үй құрылысы;

  • су;

  • энергия;

  • қорғаныс.

Нарықтық шаруашылық жағдайындағы экономикаға мемлекеттің араласуы бір үлгідегі заңдық орындаушылық және бақылаушылық сипаттарындағы жүйені білдіреді. Бұл шараларды әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгерген жағдайда бейімдеу әрі тұрақтандыру мақсатында құқықтық өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады.

Мемлекеттің араласу мүмкіндігінің объективті жағы өндіріс пен капиталды шоғырландыру, экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізу арқылы таныла алады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің екі негізгі тәсілі белгілі: орталықсыздандыру, ол нарық тетіктерінің көмегімен жүзеге асады, және тауар – ақша қатынастарымен, баға және т.б. жүзеге асады. Орталықтандыру – директивтік жолмен болады. Бірінші тәсілде өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне және өнім сұранысына тәуелді болады. Екіншісінде – мұндай шектеулер жоқ. Кәсіпорын аясы тар мақсат ретінде өндірістің тұрақты түрде өсуіне бағдарланған.


Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің өзгешелігі осы заманғы нарықтық экономикада мемлекеттік дәстүрлі міндетті істердің орындалуы шектен тыс қиындыққа тап болады.

Ұзақ мерзімді жоспарлаудың негізіндегі микро реттеу тетіктерінің белгілі бір сабақтастығы толықтай қолайлы жағдай тудырады: ол жаңа жағдайға жоспарлаудың ескі әдістерін бейімдеуге, әрі бір мезгілде осы заманғы әдістерді игеруге талпыныс әрекетін көп оңайлатады.

Үкімет қызметінің тиімділігі өзара байланысты үш факторға негізделеді: оның құрылымдық ұйымы, ведомостаралық үйлесімі және кадрларды дайындау мен іріктеудің деңгейі.

24 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 

 

  1. Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы ретінде

 Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы.Мектеп жұмысын жоспарлау білім беру жүйесіндегі мемлекеттік құжаттарды, білім стандарттарын және тұжырымдарды озық іс– тәжірибелерді басшылыққа алу, мектеп жұмысын басқаруда демократиялық пен ізгілікке негіздеп құрудың үлгісі қабылдау арқылы жүзеге асырылады. 

Жоспарлау – уақыт бойынша үрдістерді реттеу, үрдістердің арасындағы ұтымды байланыстар мен олардың ортасын ұйымдастыру.

Мектеп жұмысын жоспарлау - мектеп басшысының қабылдаған іс – әрекеттер мен шешімдер жиынтығы.

Жоспарлау барлық басқару қызметтерінің табиғи байланысын қамтамасыз етеді. Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын дайындау) өзінің барлық іс-әрекеттерінің тиімділігін көтеруге бағытталған әрекеттер мен іс-шаралардың негізгі түрлері ретінде анықталады. 

Жоспарлау келесі бағыттарды белгілейді: 

- жұмыстың жай-күйін жан-жақты әрі мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне обьективті баға беру; 

- алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтау; 

- алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау. 

Жалпы менеджмент теориясында жоспарлау негізгі функциялар (жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау) бірі болып табылады. 

Жоспарлау басқару үрдісінің кезеңі, онда қызметтің мақсаты мен міндеттері, оған қажетті қаражат, құралдар анықталады, сонымен бірге нақты жағдайдағы ең тиімді әдіс - тәсілдер қолданылады. Орындаушыға дейін шешім қабылдау, сонымен қатар осы шешімді орындаушы тұлғасының ұстанымы мен сұраныстарына сәйкестендіру, сол шешімді орындауды материалдық-техникалық қамтамасыздандыру мүмкіндіктерін сипаттайды.


Ұйымдастыру ұйымның құрылымын қалыптастыру кезеңі, оның бірқалыпты тиімді жұмыс жасауын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді. Ұйымның мақсатына жету үшін тиімді еңбек әрекетіне қызметкерлердің қызығушылықтарын ояту үрдісі ұйымдастыру болып табылады.

Мотивация іс әрекет, қызмет, оның мақсаты ұжым мүшелерінің жұмысын жандандыру, тиімді еңбекке, мақсатқа жетуге деген ынтасын тудыру. Бұл құрамына орындаушылар әрекеттінің тиімділігін бақылау, зерттеу, талдау, бағалау және диагностикалау енетін білім беру үрдісінің барысы және нәтижесі туралы мәліметтерді алу және өңдеу және осының негізінде басқарушылық шешім қабылдау үрдісі.

Бақылау басқару қызметі, оның негізгі мақсаты жұмыс, еңбек нәтижесінің сапасын анықтау, сан жағынан бағалау және олардың есебін жүргізу. Іс-әрекеттің негізгі түрін және іс-шараларды нақты орындаушының белгіленуімен, орындау мерзімін ескере отырып, осы субъектінің бюджеттік уақытын пайдаланумен анықтау арқылы жүзеге асырылатын үрдіс.

Бұл төрт функцияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар, олар коммуникация және шешім қабылдау үрдістерімен біріктірілген. Барлық іс-әрекет салалары мамандарының арасында менеджменттің функционалдық құрылымын анықтаудың осындай үрдістік тұғыры қабылданған.

2.Мектептегі жаңалық және жаңашылдық процессіне тоқталыңыз.

«Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да жаңалық ендіру дегенді аңдатады. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу жəне тəрбие жұмыстарымен мұғалім жəне оқушының бірлікті іс-əрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, əдістері мен формаларына енген, енетін жаңалықтардан хабар береді (ғылыми рəміз ретінде бұл терминді аудармасыз, өз күйінде қолданғанды жөн көрдік).Инновация, сонымен, жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал. Жаңалығы болмаған инновация мəнсіз. Инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық іс-əрекет қалпын жақсартудың дерексіз (абстракт), болмысқа жарасымы жоқ құрғақ теория. Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар əрқилы даму, тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды. Өз даму айналымында инновация белгілі кезеңдерден өтеді: идеяның туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру жəне əрекет бабына келтіру, жаңалықты іске асыру, тарату жəне тоқырау (жойылу). Инновациялардың іске асып бару кезеңдері жаңалықты қабылдап, игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста.

Инновациялық процесс – бұл күнделікті тəжірибеде өз алдына бөлек жаңалық ретінде танылған нақты да соны ауқымды бірлігі. Мектеп басшысының айналысатыны да осы үлкен, кең шеңберлі процесс.


Инновациялық тəртіп пен кейіп өріс алған жағдайларда оқушылардың да, педагогтардың да тұлғалық бой тіктеуге, өз мүмкіндіктерін іске асыруға болған ынта-ықыласы белсенді даму арнасына түседі. Бұл педагогикалық процесс қатысушыларының өзара қатынасында көрініс береді. Инновациялық процесс нəтижесі – қолданымға енген теориялық та, практикалық та жаңа идеялар. Мұғалім бұл орайда жаңалық авторы, дайындаушысы, зерттеушісі,пайдаланушысы жəне насихаттаушысы сипаттарын бірдей алады. Ал бұл қызметтерге қатысты басқару жұмыстары соны тұжырым, теория, идея, технология, əдістеме жəне озат педагогикалық тəжірибелерді қандай да мақсатқа орай бағалауды жəне кəсіби іс-əрекетте пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қоғам, мəдениет жəне білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-əрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі бірнеше шарттардан туындап отыр. Олар:

- əр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, əдіснамасының жəне оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;

- білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алуы;

- оқу пəндері көлемінің үздіксіз өзгеріп баруы;

- оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пəндерінің енгізілуі;

- мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;

- жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы;

- жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы;

25 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 

 

  1. Басқару этикасы: ұғымы, принциптері мен мәні.










2.Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда өз бетінше білім алудың рөлі




 











26 ЕМТИХАН БИЛЕТІ 

 

  1. Басқарушылық қарым-қатынасты сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз.

Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Басқарудың дұрыс әдістерін таңдай білу-әлеуметтік-психологиялық мәселенің ең өзектісі. Басшы жұмысының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекет жиынтығы. Басшының стилі бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.






Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.



Қазіргі қоғамдағы процестерді басқару адамның қарым-қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Басқарушылық қарым-қатынастар бірлескен қызметті ұйымдастыру бойынша адамдардың байланыстары.


2.Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың принциптері мен формалары сипаттаңыз.

Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі мәселелерді қамтиды: әдістемелік зерттеу, жаңа әлеуметтік сұранысты ескере отырып жұмыстардың бүгінгі жағдайын сараптау, қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қоя білу, жұмыс мазмұнын, түрлері мен әдістерін, мақсатқа жету жолдарын, мұғалімге диагностикалық зерттеудің нәтижелері негізінде нақты әдістемелік көмек беру, оқушының қызығушылығын арттыру, жұмыстардың орындалуын тексеру, бағалаудың және сараптаудың нәтижелерін жоспарлай білу т. с. с.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың принциптеріне төмендегілер кіреді:
- Оқу - әдістемелік және педагогикалық - ұйымдастыру құжаттарын дайындау;
- Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;