ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 151
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сол қол жұдырығын түйіңіз, бас бармақты жұмбай-ақ қойыңыз.Жұмған саусақтарды ашып,оң қол алақанымен горизонталды бағытта беттестіріңіз. Енді оң қол мен сол қол жаттығуын алмастыра жасау.
Осы жаттығуды 6-8 рет қайталау, және жылдамдықты үдете түсу.
4. «Айнаша сурет салу»
Таза қағаз парағын үстелге қойыңыз. Қарындаш немесе фломастерді екі қолға бірдей алып, әріптер немесе суреттер салу. Бұл жаттығуды орындау барысында көз бен қолдың босаңситынын сезесіз.. Екi ми сыңарларының қызметінің сәйкестенуі ( синхрондауы), барлық мидың жұмыс жасауы жақсара түседі.
5. «Құлақ-мұрын»
Мұрынның ұшын сол қолмен ұста, оң қолмен - қарама-қарсы құлақты ұста. Құлақ және мұрынды бiр уақытта жiберіп, алақанды соғу .Қолдардың жағдайын керісінше алмастырыңыз да дәлдiкпен қайталаңыз.
6. «Жылан».
Қолыңызды айқастыра ұстаңыз, алақанды беттестіріп саусақтарды бір-біріне iлiңiз.Қолды өзіңе қарай тартып, бұрап шығарыңыз. Саусақ тура және айқын қозғалуы керек. Жаттығуда дәйектi түрде екi қолдың барлық саусақтары қатысуы керек.
7. «Көлденең сегiздiк»
Оң қолды алдына көтеру,көз тұсына келтіріп. Жұдырықты түю,ортаңғы нұсқаушы саусақты қалдырып,. ауада көлденең сегiздiктiң суретiн салу.Мүмкіндігінше үлген өлшемде.. Саусақтың ұшына көздермен бас бұрмай қарау,сурет салу. Содан соң қосыла айту, қарау,салу.Бір уақытта бірге орындату.
№2 Кешенді жаттығулар.
1.«Қардан жасалған»
Біздің әрқайсымыз қардан илеп жасалғандаймыз, денеміз қатулы , қар қатты.Көктем келдi, күн жылынды, қардан жасалған қиялдар ери бастады.Бас бастапқыда ерiп кетеді де, содан соң иықтар жібиді, қол және тағы басқалар босаңсиды. Бала жаттығудың соңында еденге жұмсақ құлайды және суды шалшықты суреттейдi. Бойын еркін ұстауы керек. Шалшықтағы суды күн, буға айналдырды, бу - жеңiл бұлтқа айналып кеттi.
2. «Ағаш»
Жүрелей отыру.Екі тізе ортасына басты тығып,екі қолмен аяқты құшақтау. Сіз бүршік жарып келе жатқан ағаштың дәнегісіз.Жәймен көтеріліңіз,басты сонан соң қолды көтеріп, керіліңіз. Жел үрледі теңселесіз.
3. «Шүберек қуыршақ және жауынгер»
Бастапқы қалып -түрегеліп тұру. Жауынгерше тік тұрыңыз. Қатып қалғандай қақшиып тұрыңыз, қозғалмаңыз. Ендi алға көлбеп қолыңызбен шүберекше желпілдетіңіз. Шүберек қуыршақтардай болып жұмсақ әрі қозғалыста болыңыз.Тізені бүге теңселіңіз.Енді бастапқы жауынгер қалпына еніңіз. Балаларды осылай кезекпен-кезек бірде жауынгер, бірде қуыршақ етіп жаттығуды жағастыру.
4. «Алманы үз»
Бастапқы қалып- түрегеліп тұру.. Сендердің әрқайсыңның алдарыңда үлкен алма ағашы өсіп тұрғанын елестетіңдер. Қараңыз алмалар сіздің дәл оң жақ үстіңізде көрініп тұр, бірақ оларды еңбексіз алу мүмкін емес. Демді ішіңе алып қолды жоғары қарай көтеріп керіліңіз. Алма ендi жұлыңыз. Иiлiңiз және жерде тұрған кәрзеңкеге алманы салыңыз. Ендi баяу дем шығарыңыз. Жоғары тiк тұрып солға қараңыз. Екi керемет алмаларды сол жақтан көрдіңіз.. Оң қолмен бастапқыдағыдай созылып жетiңiз, бiр алманы ақырын жоғары көтерiлiп, үзiңiз. Екінші қолмен екіншісін, кәрзеңкеге салыңыз. Дем шығарыңыз. Осылайша кәрзеңкені толтырыңыз .
5. « Шырақ»
Бастапқы қалып-дастархан басында отырғандай дөңгеленіп отыру.. Сiздiң алдында үлкен шырақ тұр.. Терең дем алу және бiр дем шығаруды жасаңыз Шырағданды сөндiруге тырысыңыз. Ал қазiр алдыңда кішкене 5 шырақ пайда болды. Терең дем алуды жасаңыз және дем шығаруды жәй жасап, кішкене шырақтарды өшіреміз.
6. «Адым жасау »
Ырғақты музыкамен жақсы орындалады. Орында адымдау. Бұл адымда сол аяқпен сол қолдың қарыштауымен жасайды. Оң аяқпен оң қолдың қарыштауымен жасайды.
7. «Саяхатшы –көз».
Бұрыштарға әртүрлі ойыншықтар қою, немесе суреттерін ілу.Бастапқы бағыт – тік тұру. Тәрбиешінің айтуымен аталған затқа тек көзбен бару.
Начало формы
Бекіту сұрақтары:
1. Релаксация терминінің мағынасын ата.
А) Босаңсытуға және шаршағанды басады
В) Дамытушылық жұмыста ойлауды қозғалыстан бастау
С) Ағзаның жүйелігін жақсартады
D) Қозғалғыш жаттығулар
E) Логикалық ойлауға жауап береді
2. Кинезиология ғылымын қай жылдан бері барлық елде қолданып келеді?
А) 1963 жылдан
В) 2000 жылдан
С) 1465 жылдан
Д) 1965 жылдан
Е) 2012 жылдан
3. Созылу жаттығуларының қызметіне түсініктеме бер.
А) Көз қарасты кеңейтіп, қабылдауларды жақсартуға мүмкіндік береді.
В) Қозғалғыш жаттығулар
С) Босаңсытуға және шаршағанды басады
Д) Ағзаның жүйелігін жақсартады
Е) Шамадан тыс бұлшық еттің ширығуымен босаңсуының гипертонусын біріңғылайды.
4) Адам миының бірлігі неше ми сыңарларынан тұрады?.
А) 2 ми сыңарларынан
В) 5 ми сыңарларынан
С) 3 ми сыңарларынан
Д) 4 ми сыңарларынан
Е) адам миында сыңарлар болмайды
5) Кинезиологияны зерттеуші американдық кімдер болды?
А) атақты В.А. Сухомолинский
В) Кинезиология зерттелмеген ғылым саласы
С) Гудхард пен Джордж паты
Д) Д.Б. Эльконин
Е) Н.Ф.Бернштейннің
6) Сол жақ ми сыңарлары неге жауап береді?
А) іс-әрекетке
В) ұйқыға
С) ұсақ моторикаға
Д) логикалық ойлауға
Е) көркем жазуға
7) Ұсақ моторика...
А) саусақ қозғалысы арқылы баланың тілін дамыту
В) жалпы моторикаға жауап береді
С) дене жаттығаларымен буындардың шынығуына
Д) барлық жауап дұрыс
Е) ұйқының реттілігіне жауап береді
8) Ритмден кейін ненің жұмыс істеу процесі басталады?
А) «бас миының»
В) «көздің»
С) «қолдың»
Д) «мишықтық»
Е) «аяқтың»
9) Бұзылыста дене қандай көріністер түрінде сигнал береді?
А) ауру,
В) аллергия
С) безеу,
Д) бұлшықет тону бұзылуы
Е) барлық жауап дұрыс
10)Қандай жаттығулар көз қарасты кеңейтіп, қабылдауларды жақсартуға мүмкіндік береді?
А) Көз жаттығулары
В) Қол жаттығулары
С) Саусақ жаттығулары
Д) Барлық жаттығу түрлері
Е) Буынға арналған
11) Кешендірілген жаттығулар мынадан тұрады...
А) көз жаттығулар
В) ұсақ моторика.
С) барлық жауап дұрыс
Д) тыныс алу жаттығулар
Е) созылу жаттығулар
12) бейнелі ойлауға, сезгіш қабілеттеріне не жауап береді.
А) сол жақ ми сыңарлары
В) ұсақ моторика
С) ірі моторика
Д) оң жақ ми сыңарлары
Е) дұрыс жауап жоқ
13) «Баланың ақылы саусақтарының ұшында деген» кім?
А) В.А. Сухомолинский.
В) Д.Б. Эльконин
С) Дұрыс жауап жоқ
Д) Н.Ф.Бернштейн
Е) И.М.Сеченев
14) атақты В.А. Сухомолинский не деген?
А) «ұсақ моторика баланы дамытады»
В) «Баланың ақылы саусақтарының ұшында деген»
С) «ірі мотоиканың балаға әсері жоқ»
Д) « баланың ақылы дене жаттығуында»
Е) дұрыс пікірі жоқ
15) Ми сыңарларының өзара әрекеттесуін кешенді қандай жаттығулар арқылы жетілдіруге болады?
А) ұсақ моторика
В) ірі моторика
С) кинезиологиялық
Д) дене жаттығуы
Е) релаксация
Әдебиеттер:
№ 3 С. 37-40; № 9 С. 70-74, № 12,; № 13, № 14, № 19
Дәріс № 10: Көрнегі гимнастика. Логопедиялық ырғақ
Сағат саны: 1
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Логопедиялық ырғақ дизартриясы.
2.Қимыл-қозғалыс координациясының бұзылысы.
3.Логопедиялық ырғақ ұғымы.
4.Мектепке дейінгі жастағы балалардың логоырғақты жұмыс жүйесі.
Дәріс тезисі: Қимыл-қозғалыс координациясының бұзылысы сөйлеу тіл үрдісіне үйренуде қиындықтар туындауының негізгі белгісі болып табылады. Дизартриясы бар балалардың сөзбен және музыкамен сәйкес қимыл-қозғалыстың дамуы тұтас тәрбиелі – түзету кешенінен тұрады. Дизартрия кезіндегі сөйлеу тіл бұзылысының күрделі құрылымы түзету шараларын ұйымдастыру және өткізуде кешенді жол табуды талап етеді. Дизартрияны зерттеу медициналық, педагогикалық және лингвистикалық пәндердің обьектісі болып табылады. Бұл жалпы сонымен қатар ұсақ моторикаға да қатысты. Моторлы қызметі жақсы дамыған бала сөйлеу тілін жылдамырақ менгереді. Және керісінше, моторлы дамуы қалыптағы жас ерекшеліктен кешеуілдеп дамыған бала, сөйлеу тіл үрдісін менгеруде үлкен қиындықтарға кезігеді. Дизартрияны түзету бойынша жұмыстың жүйесін құрайтын әр-түрлі әдістемелер қатарында, логопедиялық ырғақ белгілі бір орынға ие. Қимыл-қозғалыс пен сөйлеу тіл арасында тығыз байланыс байқалады. Моториканың бұзылысы сөйлеу тілінің дыбыс айту жағына тікелей әсер етеді, ал ол дизартриясы бар балалардың көбінде бұзылған. Сөз және әуенмен сәйкестенген қимыл-қозғалыстың дамуы тұтас тәрбиелік-түзету үрдіс болып табылады.
Логопедиялық ырғақ – сөз және музыкамен сәйкестікте қимыл-қозғалыс саласын дамыту, тәрбиелеу және түзету жолы арқылы сөйлеу тілді бұзылыстарды жоюға бағытталған, кинезотерапияның бір түрі. Логопедиялық ырғақ бойынша жұмыстың жүйесін құрудың теориялық негізі болып Н.Ф.Бернштейннің қимыл-қозғалысты ұйымдастырудың денгейлік теориясы болып табылады. Берілген теория бойынша қимыл-қозғалысты ұйымдастырудың 5 денгейі бөлінеді:
A. денгейі – орталық жүйке жүйесінің руброспинальды денгейі: проприорепцепция көмегімен дене бұлшықетінің тонусын саналысыз реттелуін, статикалық шыдамдылық пен координацияны қамтамасыз етеді.
B. денгейі – таламопалмедарлы: координацияны, толық қимылдың ішкі байланысын, оның құрамдас бөліктерінің жұмыла әрекеттесуін, айқын қимылдарды, пантомимиканы, пластиканы қамтамасыз етеді.
C. денгейі – пирамидті-стриарлы: көру афферентациясы бастапқы ролге ие кезіндегі қимылды актіні сыртқы кеңістікпен келісілуін, басы және аяғы бар мақсаттылы сипаттағы қимылдарды қамтамасыз етеді.
D. денгейі – маңдай-премоторлы, кортикальды. Бастапқы афферентті жүйе зат туралы түсінік болып табылады. Афферентация затпен іс-әрекеттің мағыналық жағына сүйенеді. Кеңістіктік аумақ жаңа топологиялық сапалы сипатқа ие болады (жоғары, төмен, арасында, астында онын алдында, содан кейін). Дененің оң және сол жағын саналандыру жүреді.
Е-денгейі – қимылдарды бейнелі координациялау мен психологиялық ұйымдастырудың жоғарғы кортикальды денгейі: біреудің және өзінің сөзін түсінуді, шешілетін тапсырманың мазмұнын түсінуін, өзінің ойын жазбаша және ауызша жеткізуін; музыкалық және хореографиялық орындалуын іске асырады. Бұл денгейдің іс-әрекеттері бейнелі ойлауға негізделген.
Соған сәйкес, мектепке дейінгі жастағы балалардың логоырғақты жұмыс жүйесінде екі бағытты бөлуге болады: сөзсіз және сөйлеу тілді үрдістерге әсер ету. Логопедиялық ырғақ келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: сүйек-бұлшық ет аппаратын қатайту ағзаның ортақ реактивтілігін өзгерту, патологиялық динамикалық стериотиптерді бұзу, қимылды кинестезияның қалыптасуына жәрдемдеседі, кеңістікте ерікті түрде қимылдай алуын дамытады.
Логопедиялық ырғақ сөйлеу тілді тыныс алудың темпі және ырғақтылығының дамуына, оральды праксистің дамуына, мимикалық мускулатурасын қатайтуға, сөйлеу тілдің темпті-ырғақты және әуенді –интонациялық сипатының дамуына, фонематикалық жүйенің қалыптасуына, қимыл және сөйлеу тілді сәйкестендіре алу яғни оларды біріңғай ырғаққа келтірк алу біліктілігін дамытуға жәрдемдеседі.
Логопедиялық ырғақ сабақтарының құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
a. Кіріспе бөлім- ырғақты сергіту сәті.
b. Негізгі бөлім – бұлшық ет тонусын реттеуге арналған жаттығулар, жалпы моториканың дамуына арналған жаттығулар, — ұсақ моторикасының дамуына арналған жаттығулар (саусақ гимнастикасы), — мимикалық бұлшықетті дамытуға арналған жаттығулар, — тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар, — темп және ритм сезімін дамытуға арналған жаттығулар, — сөйлеу тілінің қимылмен координациясындамытуға арналған жаттығулар, — ән айту.