ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 138
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Саусақтарды жаттықтырамыз-сөйлеп үйренеміз. Өлең жинағы.
Халық ауыз әдебиеті. Өлең жинағы.
Таяқшалармен жұмыс (ойынның 2 түрі бар).
Бауларды өткізу(4 тәсілі бар).
Сиқырлы жіптер.
Дөңгелектерді жіпке тізіп теру(2 тәсілі бар).
Көңілді қыстырғыштар .
Қақпақтарды толықтыру.
Суретшілер.
Ойыншықтарды тап.
Саусақ театры.
«Тәй-тәй» театры.
Саусақ ойыны –бұл ұрпақтан –ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны- саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынның саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз:
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш.
Балапаңға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш.
Сурет салу кезіңде балалардың жалпы елестері, шығармашылығы дами түседі, ақиқатқа деген эмоционалды қатынастары тереңдейді, графикалық дағдылары қалыптасады.
Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол моторикасын дамытуға маңызы зор.
Күнделікте жұмыстың ІІ-ші күнінде бұл жұмыстарды тиянақты және жүелі түрде жүргізсен, балалар жетістіктерге жетеді.
2018-19 оқу жылында вариативтік бөлімде «Шахмат, ойнайық балақай!» атты менің жеке бағдарламамен жұмыс жасап жатырмын. Бұл бағдарламаны құрғанда менің негізгі мақсатым- балалардың логикалық ойлау қабілетің дамыту. Бірақ бір жұмысты жүргізгенде сен қосымша 2-3 мақсатты шешіп отырасын. Мысалы: балалар шахмат ойнаған кезде ,олардың логикалық ойлау қабілеті және қосымша ұсақ қол моторикасы дамиды. Өткені шахмат фигурасын жүргізу үшін бала шахмат фигурасын саусақтармен ұстап жүргізеді.
Мектепалды даярлық тобында күннің ІІ-ші жартысында балалармен «Танграм» ойының жүргізем. Онда әр балаға 7 бірдей үшбұрыш беріледі. Балалар үлгіге қарап түрлі заттардың пішінің құрастырады. Бұл тапсырманы орындағанда балалар барлық 10 саусақпен жұмыс жасайды.
Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б. көптеген бейнелерді бейнелей алады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Пассивті жаттығу- ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға жалғасады. Бұл жерде массажды әрекеттер баланың жеке бас диагнозына байланысты жүргізіледі. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасның даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтармен айтылады.
Алдымен барлық жаттығулар баяу орындалады. Баланың жаттығуды дұрыс қайталауын және білектердің саусақтардың қалпын дұрыс сақтауын және бір қозғалыстан екіншісіне дұрыс ауысуын қадағалау керек. Балаға бірге жасап көмектесу керек.
Жаттығулар алдымен бір қолмен орындалады (егер де жаттығу екі қолдың бірге қатысуымен қарастармаса), содан кейін екінші қолмен, сосын екі қолмен бір уақытта.
Кейбір жаттығулар бірнеше түрде берілген. Бірінші ең жеңілі орындалады.
Әр жаттығуға көру бейнесін қалыптастыру үшін өзінің суреттері сәйкес келеді. Алдымен балаға түрлі-түсті суретті көрсетесіз және жаттығудың қалай орындалуын түсіндіріп, одан кейін бірге жасап үйретесіз. Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден келе жатқан «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.
Саусақ жаттығуларын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығулар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері үстінде үнемі жүйелі пайдаланудың нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.
Анатомия тұрғысынан бас ми қабығының қозғалыс кескінінің барлық алаңының шамамен үш бөлігін қол буынының кескіні алады. Дәл осы қол буыны кескінінің өлшемі және оның сөйлеу аймағына жақындығы қол буындарын, артикуляциялық аппарат сияқты, «сөйлеу мүшесі» ретінде қарастыруға негіз береді.
Осыған байланысты сөйлеуге үйрету үшін артикуляциялық аппаратты жаттықтыру ғана емес, сондай-ақ қол саусақтарын қозғалтуды немесе ұсақ моториканы дамыту қажет.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ауызша сөйлеуге үйрету, күнделікті іс-әрекет кезінде тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берген.
«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген халық даналығында аталы сөздер бекер айтылмаса керек.
Ойынның негізгі мақсаты – балалардың зейінін, сөздік қорын, есте сақтауын, қабылдауын дамытуға, өзінің құрбыларының іс-әрекетін бағалауға, құрметтеуге, өз ісін дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру болып табылады.
Бала тәрбиесіндегі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық ол – саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, бала қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жануарларды, ағаштарды және т.б. көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуды жасауда өлеңмен, тақпақ айту, жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен бірге өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, ілгегін өзі салу, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал мектепке дейінгі балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулары мектепке дайындық, яғни, жазу, сурет салу, түрлі түсті қағаздарды бояп үйренудің алғашқы бастамалары.
Саусақ ойындарының нәтижесінде бала нені үйренеді:
– Баланың сөйлеу тілі жетіледі;
– Қимылды қозғалысы артады;
– Икемділігі артады;
– Логикалық ойлауы дамиды;
– Танымдық деңгейі артады.
Ұсақ моториканы дамытудың маңызы неде? Ұсақ моторикаға адамның бас миында саусақ қимылдарды дамыта отырып, сөйлеуге жауап беретін орталықты дамыта аламыз. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Саусақ ойынын ойнай отырып, бала саусақтарының қимыл-қозғалыстарына қарап қуанады, шаттанадаы, сөзді айтуға тырысады, үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайды және бала екі қолын қимылдата отырып, оң – сол, жоғары – төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алады.
Бекіту сұрақтары:
-
Соңғы неше жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені байқалады?
А) 5-10
В) 5-15
С) 1-5
Д) 1-10
Е) 10-15
-
1-ші сұраққа байланысты себепті ата.
А) ата-аналар баламен көп сөйлеседі
В) Ата-аналар баламен аз сөйлеседі
С) ата-ана жұмысқа уақытын көп арнайды
Д) балаға уақыт бөлмей
Е) ата-ананың жауапкершілігінің болмауы
-
М.И. Кольцова - ...
А) Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын көрсеткен ғалым
В) Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады
С) қолдың саусақ қимылдарын және сөйлеу мүшелерін бақылайды
Д) Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысы
Е) дұрыс жауап жоқ
-
Шығармашылық жұмыстар арқылы ...
А) баланың сөйлеу құзыреттілігіне әсер етуге болады
В) Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайды
С) дұрыс жауап жоқ
Д) Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады
Е) Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысы
-
...-қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау
А) Шығармашылық жұмыстар
В) саусақ ойындары
С) Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындау
Д) Оригами
Е) дұрыс жауап жоқ
-
Жазу процесін түзету үшін ... қимылдарын дамыту қажет
А) бас миы
В) саусақтық бұлшық ет
С) ұсақ моторика
Д) жалпы моторика
Е) барлығы дұрыс
-
Шығармашылық жұмыстар арқылы ...
А) баланың сөйлеу құзыреттілігіне әсер етуге болады
В) Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайды
С) дұрыс жауап жоқ
Д) Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады
Е) Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысы
-
М.И. Кольцова - ...
А) Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын көрсеткен ғалым
В) Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады
С) қолдың саусақ қимылдарын және сөйлеу мүшелерін бақылайды
Д) Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысы
Е) дұрыс жауап жоқ
-
Соңғы неше жылда балалардың сөйлеу тілінің төмендеп кеткені байқалады?
А) 5-10
В) 5-15
С) 1-5
Д) 1-10
Е) 10-15
-
1-ші сұраққа байланысты себепті ата.
А) ата-аналар баламен көп сөйлеседі
В) Ата-аналар баламен аз сөйлеседі
С) ата-ана жұмысқа уақытын көп арнайды
Д) балаға уақыт бөлмей
Е) ата-ананың жауапкершілігінің болмауы
-
М.И. Кольцова - ...
А) Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайтынын көрсеткен ғалым
В) Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады
С) қолдың саусақ қимылдарын және сөйлеу мүшелерін бақылайды
Д) Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысы
Е) дұрыс жауап жоқ
-
Шығармашылық жұмыстар арқылы ...
А) баланың сөйлеу құзыреттілігіне әсер етуге болады
В) Қол саусақтары қимылы алғаш дамитынын, содан кейін сөйлеу құзыреттілігі дами бастайды
С) дұрыс жауап жоқ
Д) Саусақ қимылдарының дамуы сөйлеу құзыреттілігінің дінгегін қалыптастырады
Е) Қолдың саусақтары қимылынан жүйке бастағы ми қыртысы
-
...-қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау
А) Шығармашылық жұмыстар
В) саусақ ойындары
С) Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындау
Д) Оригами
Е) дұрыс жауап жоқ
-
Жазу процесін түзету үшін ... қимылдарын дамыту қажет
А) бас миы
В) саусақтық бұлшық ет
С) ұсақ моторика
Д) жалпы моторика
Е) барлығы дұрыс
-
...-қағазды бүктеу арқылы түрлі бейнелер жасау
А) Шығармашылық жұмыстар
В) саусақ ойындары
С) Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындау
Д) Оригами
Е) дұрыс жауап жоқ
Дәріс № 13: Релаксация. Құм терапиясы. Ертегі терапиясы.
Сағат саны: 1
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Релаксация.
2. Релаксация түрлері
3.Құм терапиясының мақсаты мен міндеттері.
4.Құммен емдеу сабақтарының формасы.
5.Балалармен жұмыстағы ертегі терапиясының ерекшеліктері
6.Ертегі терапиясының негізгі әдістері.
Дәріс тезисі:
Релаксация дегеніміз- шаршау мен күйзелістен арылтатын мамыражайлылық,босаңсу. Релаксация жүргізудің мақсаты- оқу материалын жақсы меңгеруі үшін балаларды тынықтыру,шаршағандарын басу,көңілдерін көтеру,жағымды ахуал туғызу.релаксация элементтері қосылған сабақ барысында:
- қорқыныш түрткілерін жойып, жағымды эмоция тудырады, шығармашылықты арттырады;
- мидың қос сыңарының жұмыстарын сәйкесінше күшейтеді;
- оқыту процесін жеңілдетіп қана қоймай, оның ажырамас бір бөлігі болып табылатын тәрбиелеу процесін де жеңілдетеді;
- көру, есту, сипап сезу, кинестетика/кинестика – адам сезімдері мен эмоциясы/, моторика /дене қимылы/ сияқты сезім мүшелері іске қосылады;