Файл: Саат саны 1 арастырылатын сратар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 141

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Д. жүйелі ізденіс

Е.барлық жауап дұрыс

8. Егер дамудағы жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда

А) прогресстік

В) оптимистік

С) позитивті

Д) жүйелі

Е) арнайы

9. Пікірсайыс дегеніміз ......

А) білім таластыру өнері

В) даму

С) жүйелік

Д) шығармашылық

Е) бірізділік

Е) дамытушылық

10. Дамыта оқыту идеясы іске асатын әрекет

А) жан-жақты талқылау

В) дамытушылық

С) оқушыларды белсенді қатыстыру

Д) өнімді іс-әрекет

Е) шығармашалық ізденіс

11. Оқу-танымдық әрекет-ережемен қолдану...

А) алгоритм

В) тренингтер

С) ойындар

Д) жаттығулар

Е) шығармалар

12. Дамыта оқыту идеясының халықаралық қауымдастық президенті

А) В.П.Зинченко

В) Л.В.Занков

С) Н.Нұрахметов

Д) В.И.Золвязинский

Е) М.М.Поташник

13. Қашықтықтан оқыту технологиясын құру қағидалары

А) дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі

В) оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең болады

С) дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру

Д) қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру

Е) білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетінін баяндау

14. Еліміздегі білім беру ісінде жұмсалатын уақыттың көбісі

А) баланы жалықтырып жіберетінін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбек

В) баланы оқытып дамыту

С) білім берудегі мұғалімнің тиімсіз уақыттары

Д) білім беруде мұғалімнің уақытты тиімді пайдалана білуі

Е) өте қолайлы болып келеді

15. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт

А) алған білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңберін кеңейту

В) оқушыларға халықаралық стандарттағы білім беру

С) заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесін қалыптастыру

Д) оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу

Е) оқушы тұлғасының даумына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру


Дәріс № 4: Логопедиялық практикадағы Денсаулық сақтау технологиялары

Сағат саны: 1

Қарастырылатын сұрақтар:

1.«Денсаулық сақтау технологияларының» түсінігі.

2.Денсаулық сақтау технологияларын енгізумен түзету-дамыту жұмыстарының міндеттері.

3.Салауатты өмір салтын оқыту технологиясы.

4.Түзету технологиялары.

5.Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру

Дәріс тезисі:

Мектепке дейінгі балалық шақ –бұл мектепке дайындық қана емес, өмірдегі өзіндік кезең. Бала мектепке: «Оқығым келеді!» деген уәждемесімен бару үшін балалардың танымдық қызығушылығы мен әуесқойлығын дамыту қажет. Бұған мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Сондықтан да, мен өз қызметімнің басым бағыттарының бірі ретінде тәрбиелік-білімділік үдерісінің денсаулық сақтау аспектісін белгілеймін.

Сөйлеу патологиясы бар балаларды кешенді оңалтудың қажетті аспектісі ретінде денсаулықты сақтау.

«Денсаулық сақтау технологияларының» түсінігі.

Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау технологиясы білім беру ортасының барлық факторларының өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін қамтитын шаралар жүйесі ретінде анықталады.  Денсаулық сақтау технологияларының мазмұнын анықтайтын түрлі пікірлер, түрлі ұғымдар бар. Бірақ  «денсаулық сақтау технологиялары» үйлесімін алғаш рет естігенде және кішкентай тәрбиеленушілерді еске түсіргенде, басыңда өзінің жеке анықтамаң қалыптасады екен.

Денсаулық сақтау технологияларын енгізумен түзету-дамыту жұмыстарының міндеттері.

·        ақыл-ой және физикалық жұмыс қабілетін арттыру;

·        жүйке жүйесін қорғау, психикалық және жүйке кернеуін алу;

·        ми қабығының сөйлеу аймақтарын ынталандыру;

·        ауызша праксисті қалыптастыру;

·        жалпы, ұсақ моториканы және көру-кеңістіктік гнозисін жетілдіру;

·        тыныс алу жүйесінің резервтерін арттыру;

·        көз көрудің бұзылуының алдын алу;

·        қолайлы эмоциялық фон жасау.

1. қол жетімділік (балалардың жасына сәйкес денсаулық сақтау технологияларын пайдалану);

2. жүйелілік (сауықтыру іс-шараларын үнемі іске асыру);

3. оңтайлылық (ақылға қонымды теңдестірілген психофизикалық жүктеме);

4. бірізділілік (жүктемені біртіндеп  күрделендіру және арттыру);

5. барлық талдағыштарға кешенді әсер ету;



6. бірлескен – педагогикалық ықпал (мұғалім – логопед, тәрбиеші, психолог, медицина қызметкерлері, ата-аналар).

Ал енді мектепке дейінгі білім беру ұйымында денсаулық сақтау технологияларын жіктеуге қатысты айтқым келеді. Заманауи денсаулық сақтау технологияларын шартты түрде келесі түрлерге бөлуге болады:

Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиялары:

ойын стретчингі, көзге арналған гимнастика, ұсақ моториканы және көру-кеңістіктік гнозисті дамыту, кинезеологиялық жаттығулар, тыныс алу гимнастикасы және тыныс алу-дауыс жаттығулары, артикуляциялық гимнастика, су-джок терапиясы.

Салауатты өмір салтын оқыту технологиясы:

ойын-сауық және ойын терапиясы, коммуникативтік ойындар, өзін-өзі массаж, биологиялық кері байланыс (БКБ, аурикулотерапия)

Түзету технологиялары:

арттерапия, ертегі терапия, түс терапиясы, психогимнастика, фонетикалық және логопедиялық ритмика, сумен ойындар, аромотерапия, музыкотерапия, құм терапиясы, биоэнергопластика.

Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру:

-МДҰ педагогтары мен ата-аналарды сауықтыру іс-шаралары кешенімен таныстыру;

-практикалық материалды жинақтау;

-жылдық жоспарлауды құру;

-денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы балалармен оқу қызметін ұйымдастыру;

-ата-аналармен жұмыс (кеңестер, практикумдар, әңгімелер);

-МДҰ дамытушылық ортасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қорытынды педкеңесінде атқарылған жұмыс талдауымен сөз сөйлеу;

– Мектепке дейінгі білім беру ұйымының психолого -медико педагогикалық консилиумында балалардың жетістіктер талдауымен сөз сөйлеу.

Оқу қызметін жүргізу үдерісінде денсаулық сақтау

технологияларының әдістері мен тәсілдері.

Менің түзету жұмысымда оқу қызметінің әр түрлі кезеңдерінде қолданатын денсаулық сақтау технологияларының әдістері мен тәсілдерін қарастырайық. Оқу қызметінің бірінші кезеңі – ұйымдастырушылық. Оның мақсаты – сабақ тақырыбына кіріспе жасау, оқуға деген жағымды көңіл-күй қалыптастыру, танымға деген қызығушылықты ояту, сондай-ақ психофизикалық  функцияларды түзету. Ұйымдастыру кезінде релаксациялық, мимикалық және имитациялық жаттығуларды қосамын.

Оқу қызметінің  келесі кезеңдерінің бірі артикуляциялық гимнастика түрінде жүргізілетін артикуляциялық аппарат мүшелерінің негізгі қозғалысын дамыту бойынша жұмыс болуы мүмкін. Оны эмоционалды түрде ойын түрінде өткізу керек, мысалы: «Көңілді тіл туралы ертегі», «Маса туралы ертегі».


·        Артикуляциялық гимнастиканы дәстүрлі түрде ғана емес, дәстүрлі емес

түрде өткізуге болады:

·        «Саусақтар мен Тілге арналған жаттығулар»

·        Дидактикалық қуыршақтарды пайдалану;

·        Қимылдармен бейімделген ертегілер;

·        Артикуляциялық моториканы жетілдіру үшін дәстүрлі емес жаттығулар .

Барлық артикуляциялық жаттығуларға қол буынының қозғалысын қосамын. Биоэнергопластиканы қолдану балалардағы ақаулы дыбыстарды түзетуді тездетеді, өйткені жұмыс істейтін алақан тілінен ми қыртысына баратын импульстерді бірнеше рет күшейтеді.

Оқу қызметінің негізгі кезеңінде мен мынаны қолданамын:

·        тыныс алу гимнастикасының жаттығулары және тыныс алу-дауыс

жаттығулары.

·        ұсақ моториканы және көру-кеңістіктік гнозисті дамытуға арналған

жаттығулар – сабақ тақырыбына сәйкес саусақты ойындар;

·        тақырып бойынша графикалық диктанттарды жоспарлау;

·        лексикалық тақырыптарға сәйкес шаблондарды жиектеу және

штрихтау;

·        тренажерлармен ойындар;

·        «Көңілді моншақтар» жаттығуы;

·        нүктелік массаж және өздігінен массаж (су-джок-терапия, аурикулотерапия).

Көру жүйесінің функционалдық анатомиялық жетілмегендігі және оқу мен жазу үдерісінде баланың көзі сезінетін елеулі көру жүктемелері көзге арналған гимнастиканы қолдану қажеттілігін негіздейді.

Оқу қызметіне енгізілген ойындар, ойын жаттығулары білім беру міндетіне нақты мән береді, баланың ойлау күштерін жұмылдырады. Ойын технологиялары тек балалардың мотивациясы,  дамуы мәселесін ғана шешпей, сонымен қатар денсаулықты сақтау, әлеуметтендіру мәселелерін шешуге көмектеседі.

Балалар үшін тамаша түрткі және сөйлеу жағдайларын жасау құралы – саусақ театры болып табылады. Өз жұмысында құм терапиясы мен тұқым терапиясын кеңінен қолданамын. Сенсорлық эталондарды дамыта отырып, құм терапиясы барысында мен сөйлеу міндеттерін шешемін: фонематикалық есту қабілетін дамытамын, қойылған дыбыстарды автоматтандырамын, байланыстырып сөйлеу тілі мен грамматикалық категорияларды, сондай-ақ ұсақ моторикиканы қалыптастырамын. Шаршау, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі кезінде, оқу қызметіне сергіту сәттерін, логопедиялық ритмика жаттығуларын қосамын.

Мен жаттығулардың кинезиологиялық кешенін қолданамын. Мұндай жаттығулар бұрын оқуға қатыспаған ми бөліктерін іске қосуға мүмкіндік береді. Оқу қызметінің қорытынды кезеңінде шешімдер шығарылады. Есте сақтайтын бір міндетті шарт – баланы бағалау, баға қоймау! Қорытынды кезеңінде жақсы баға қойылып, ертең одан да жақсы болатынына сенімділік болуы керек.


Құрметті студенттер, мен сіздерге балалардың денсаулығын нығайтуға және сақтауға бағытталған денсаулық сақтау технологияларын қолданудың вариативтілігін көрсеттім. Бұл тәсілдер өз жұмысында қолданылады және олар балаларға оң әсер етеді деп сеніммен айта аламын: жұмысқа қабілеттілік артады, білім беру үдерісінің сапасы жақсарады.

Осылайша, оқу қызметінде денсаулық сақтау технологияларын пайдалану сөйлеу дамуында проблемалары бар балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға ғана емес, сонымен қатар балалар ағзасының бейімделу және компенсаторлық мүмкіндіктерін жақсартуға да ықпал етеді деген қорытынды жасауға болады.

Бекіту сұрақтары:

1. Дәрілік заттардың кері әсерінің мониторингі жүргізіледі:

А)Фармация комитетінмен

В)медициналық зерттеу ұйымдарынмен

С)Медициналық және фармацевтикалық ұйымдармен

Д)фармацевтикалық және фармакологиялық ұйымдармен

Е)Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен
2.Денсаулы сақтау– бұл:
А) Медициналық ұйымдардың жиынтығы

В)әлеуметтік – экономикалық, саяси – құқықтық және медициналық сипаттағы мемлекеттік іс-шаралар жүйесі

С)алықтың денсаулығын нығайтуға және сақтауға бағытталған медициналық ұйымдардың қызметі

Д)денсаулық сақтау субъектілерінің функциясына бағытталған азаматтардың денсаулығын қорғау мен қамтамасыз ету органдарының жиынтығы

Е)ауруды емдеу және алдын алуға бағытталған медициналық, саяси, экономикалық сипаттағы іс-шаралар жүйесі
3. Денсаулық бұл -

А)аурулар мен физикалық ақаулардың болмауы

В)физикалық және әлеуметтік әл-ауқатының толық жағдайы

С)әр түрлі патологиялық процестердің тұтастай болмауы

Д)ағзаның қоршаған орта жағдайына бейімделе отыратып өзгеру қабілеті

Е)физикалық, рухани және әлеуметтік әл-ауқатының толық жай-күйі
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі түсінігі

А) Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемі

В)Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің ең төменгі көлемі

С)Қазақстан Республикасының азаматтарына және шет ел азаматтарына көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен медициналық қызметтің тізбесі

Д)Уәкілетті орган бекіткен медициналық көмекпен медициналық қызметтерінің бірыңғай тізбесі

Е)БМСК деңгейінде Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген ең төменгі көлемі
5. «Денсаулық сақтау салаасындағы стандарттау» түсінігі