Файл: . С. мірова, К. Анартаева Кркем дебиет дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 142

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ә.С. Әмірова, К. Анартаева

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ

Әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған

Алматыкітап баспасы

2018

Әмірова Ә.С. т.б.

Көркем әдебиет: Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған. Ә.С. Әмірова, К. Анартаева. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 52 бет.

© Әмірова Ә.С., Анартаева К., 2018 © «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018

ТҮСІНІКТЕМЕ

«Көркем әдебиет» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген).Аталған стандарт ҚазақстанРеспубликасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;

  2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

2016 ж. 22 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген);

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген).

Жаңартылған бағдарламамектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Коммуникация» білім беру саласы бойынша «Көркем әдебиет» оқу қызметінің анықталған мақсаты және міндеттері:

Мақсаты: ересектер тобындағы балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту, шығармаларды мұқият меңгеруге, оларды қабылдауда мәнерлік құралдарды және әдеби жанрларды ажыратып, шығарма кейіпкерлерін өздігінен талдауға үйреніп, әлеуметтену үдерісінде қолдана білетін сауатты оқырман тәрбиелеу. Міндеттері:

  • балаларды көркем шығарма жанрларымен таныстырып, ажырата білуін меңгерту; – балалардың көркем шығармаларды тыңдауға деген қызығушылығын ояту және оның мазмұнын, кейіпкердің көңіл күйін түсінуін қамтамасыз ету;

  • балаларды көркем шығарманы әңгімелеуде өз ойын қиялымен ұштастыра айтуға баулу; – балалардың шығарманы өзінің шығармашылығымен аяқтауға, өзінің пікірін дәлелдеуде жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету;

  • көркем шығарма мазмұнын жете түсіндіріп, үлкендер еңбегін құрметтеуге, өзінің туған жерін, елін, Отанын сүюге, адамгершілік сапаларды меңгеруге, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін, көркемдік талғамын, достарымен, үлкендермен оң қарым-қатынас құра білу іскерлігін және мінез-құлық нормаларын қалыптастыру;

  • балалардың көркем шығарма мазмұнын өмірмен байланыстыруы және оны күнделікті тұрмыста қажетіне қарай пайдалануда әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру.


Бұл орайда ОӘК-нің басты мақсаты – қойылған тапсырмаларды шешу үшін тиімді әдістер-тәсілдер мен технологияларды анықтау болып табылады.

«Көркем әдебиет» оқу-әдістемелік кешенінің жиыны:

- Педагогтерге арналған әдістемелік нұсқау; - Жұмыс дәптері.

Әдістемелік нұсқау төмендегі бөлімдерді қамтиды:

    1. Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары.

    2. Ұйымдастырылған оқу қызметінің 18 жоспарлары.

    3. Қосымша хрестоматиялық материалдар берілді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары келесі бөлімдер арқылы жүргізіледі:

бірінші бөлім Ұйымдастыру кезеңі(өтілетін тақырып бойынша жағымды сәт

туғызу, оқу қызметіне эмоциялық оң көзқарастарын құру;

екінші бөлім Негізгі бөлім (артикуляциялық жаттығулар арқылы тіл аппаратының

дамуы, зерттеулер, жаттығулар арқылы дағдыларын дамыту көзделеді); үшінші бөлім Қорытынды бөлім. Рефлексия (өзін-өзі бағалауды және

қоштасу рәсімдерін ойын арқылы жүргізу. Күтілетін нәтижелер:

  • әдеби жанрларды ажыратады; өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды;

  • көркем мәтінді тыңдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;

  • мәтін мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды;

  • шағын сахналық қойылымдарды ұжыммен көрсетуге қатысады;

  • кітаптарға қызығушылық танытады, бірнеше белгілі шығармаларды, халық ауыз әдебиеті үлгілерін атайды;

  • көркем шығарма мазмұнын түсіндіру, үлкендер еңбегін құрметтеу, өзінің туған жерін, елін, Отанын сүю, адамгершілік сапаларды меңгеру, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін, көркемдік талғамын, достарымен, үлкендермен оң қарым-қатынас құра білу іскерліктерін және мінез-құлық нормаларын қалыптастырады;

  • көркем шығарма мазмұнын өмірмен байланыстыра алады, оны күнделікті тұрмыста қажетіне қарай қолдана біледі.

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаудың өзектілігі: мектепке дейінгі ұйымдарда «Көркем әдебиет» оқу қызметін ұйымдастыруды жобалауда ойын технологияларын қолданудың тиімділігі – шығарма түрлерін ажырата алатын, шығарманы сахналайтын, өз қиялын жүйелі жеткізе алатын, әлеуметтенуге бейім шығармашыл тұлға қалыптастыру. Сондықтан да «Көркем әдебиет» оқу қызметін ұйымдастыруға арналған ұйымдастырылған оқу қызметі кешенінде балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, белсенділігін арттыру, қиялы мен зейінін, ерік-жігерін тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, рөлдерді сахналау, кейіптендіру, мәнерлі құралдарды қолдану үшін басты назарда
ойын технологияларын пайдалану көзделді.

«Көркем әдебиет» бойынша оқу қызметін ұйымдастыруда әдістемелік көмек беретін нұсқау болады деген ойдамыз. Кұрметпен авторлар

«КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕН» ОҚУ ҚЫЗМЕТІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР

Көркем әдебиеттен оқу қызметін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын дидактикалық ұстанымдар:

Оқытудың ғылымилығы – нақты ғылыми білімдер беріп, дүниеге көзқарасты қалыптастыратын дидактикалық ұстанымдардың бірі. Оқытудың ғылымилығының мазмұнына тек айқын ғылыми фактілер мен ақиқаттар алынады.

Оқытудың көрнекілігі – оқытудың балалар қабылдаған нақты бейнеге негізделуін талап ететін дидактикалық ұстаным. Оқытудың көрнекілігі балалардың байқампаздығы мен ойлау қабілетін дамытады, оқуды неғұрлым түсінікті етеді, оқу материалын терең меңгеруге әсер етеді.

Оқытудың жүйелілігі – оқу материалы мазмұнының зерттелетін ғылымның ішкі логикасына, сонымен бірге балалардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуін талап ететін дидактикалық ұстаным.

Баланың жеке басын құрметтеу, талап қою ұстанымы адамды құрметтеуге және оның адамгершілігін бағалауға негізделген. Оны тәжірибеде басшылыққа алу мейірімділікті балалардың жас ерекшелігін, даму мүмкіндігін ескере отырып талап қоя білумен ұштастырылуынан көрінеді. Бұл өз кезегінде балалардың ынтажігерін ұштап, адамгершілік мінез-құлықтың, тәртіптіліктің негізін қалыптастырады. Әрине, бұл әр педагогтен ұстамдылықты, шыдамдылықты, әрбір тәрбиеленушіге құрметпен қарауды талап етеді.

Тәрбиені ізгілендіру ұстанымы: мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту процесін баланың психикалық-физиологиялық даму дәрежесіне, білім деңгейіне қарай ұйымдастыру, олардың ой, дене еңбегіне белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру, әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып ізгілік қатынас жасау арқылы жүзеге асырылады.

Тәрбиелей оқыту – балалардың қоршаған ортаға, бір-біріне деген эмоциялық қатынастарын қалыптастырады. Баланың білім, білік, дағдысымен бірге оның дүниеге көзқарасын, мінез-құлқын, еркін, таным қабілеттерін және басқа да қасиеттерін қалыптастыратын ұстаным.

Қарым-қатынастық тілдік ұстанымы – балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту, мектеп жасына дейінгі балалардың тыңдау дағдыларын қалыптастыру. «Көркем әдебиет» қызметінде сөйлеу түрі – оқу дағдыларын тездетуді дамыту, дауыстап оқудан ақыл-ой әрекеті болып есептелінетін іштей оқуға дейін жеткізу. Балалардың оқуды қалыптастырумен қатар, оқығанды түсіну, жалпылау және негізгіні бөліп алу біліктіліктерін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізіледі. Оқу дағдылары мен біліктіліктерінен (мәтінді бөлімдерге бөлу, тақырып қою, жоспар құру, оқығанды қысқартып және толық айтып беру) басқа, балалар оқығанда кездесетін әртүрлі қарымқатынастық міндеттерді шеше отырып, мәнерлеп оқу тәсілдерін меңгереді, шығарманы талдай отырып, олар ауызекі тілдегі мәнерлілік тәсілдерін мәтінді оқығанда пайдалануға дағдыланады.


Нәтижелі-шығармашылық ұстанымы білімді меңгеру барысында балалардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталады. Оқу қызметінде алған кез келген білім педагог ұйымдастыратын және бағыттайтын балалар шығармашылығы тұрғысынан қарастырылады. Педагог білімді меңгерту үдерісінде баланың эвристикалық қабілеттерін дамыта отырып, оқу қызметін баланың қызығушылығы мен бейімділігін дамыту, ойлан-тап, ойдан шығар, орында, қиялда, құрастыр, дайында және т.б. сияқты жаңа нәтижелер жасауға бағыттайды.

Бұл жастағы балалар көркем шығармалардың мазмұнын терең түсінуге қабілетті, әдеби жанрларды ажыратып, олардың сипатын ашатын мазмұнын түсіне бастайды. Олар әңгіме мен өлеңді жеңіл ажыратады, сол арқылы көркем шығарманың көркемдік жетістігін меңгеретін болады. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің тағдырына балаларды ортақтастыра білудің тәрбиелік мәні зор. Көркем шығармадағы кейіпкермен бала бірге қуанып, бірге күйініп, бірге армандап, бірге ашуланып, бірге жайраңдаса, оның жанына жақсы әсер етеді, ізгілік пен ерсілікті, жақсылық пен жамандықты айыра біледі, жамандықтан бойын аулақ салып, жақсылыққа ұмтылады.

«Көркем әдебиет» оқу қызметінде ұсынылатын шығармашылық жанрлар:

әңгіме, ертегі, өлең, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел және т.б. халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыру, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптармен таныстыру көзделеді.

Ертегі – ерте заманнан бастау алатын халық ауыз әдебиетінің әртүрлі көлемді, тақырып жағынан сан алуан өмір саласын қамтитын әдеби мұра. Ертегіні оқып бергеннен кейін жасалатын талдауда балалар оның мазмұнын, идеясын, көркемдік жетістігін, ертегі жанрының ерекшелігін сезінуін қамтамасыз ету қажет, сонда ғана балалар оны ұзақ уақыт есінде сақтайды. Мұндайда талдауға ұсынылатын сұрақтар маңызды болмақ. Ол сұрақтарға жауап беруде бала ертегінің басты кейіпкерлерінің мінез-құлқын, ертегінің негізгі мазмұнын, көркемдік, мәнерлік құралдарды (ертегінің басталуы, қайталаулар, аяқталуы және т.б.) меңгереді.

Әңгіме жанрымен таныстыруда балалардың зейінін аударып, кітапқа деген қызығушылығын арттырып, көркем шығарманың мазмұнымен таныстырып, оның тәрбиелік мәнін ашу маңызды. Көркем шығарма арқылы балалардың ойын, қиялын дамыту, өмірмен салыстыруға мүмкіндік туғызу көзделеді. Мәдіхат Төрежановтың «Кішкентай бағбан», Ыбырай Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімелері және т.б. оқу барысында балаларды еңбекке баулу, тіршілік көзі еңбекте екенін, өмірде әр нәрсенің өз орны бар екенін түсіндіре отырып, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу көзделеді.


Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Қазақ өлеңдері алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады. 5–6 жастағы балаларды мәнерлеп, түсініп айтуға төселдіретін және оларға өмір тануды үйрететін көркем шығарманың ең әсерлі түрлерінің бірі – өлең. Қазақ халқы әуелден өлеңді жанындай сүйетін, құрметтейтін халық. Сондықтан да өлеңді өтуге байланысты тәрбиеші алдына үлкен-үлкен талаптар қойылады. Яғни, өлеңді әсерлі етіп оқи отырып, ол арқылы білім мен тәрбие беру. Мысалы, Ақылбек Шаяхметовтың «Білімің – бұлағың», Мұзафар Әлімбаевтың «Менің ойыншықтарым», Оразақын Асқардың «Тәуелсіз

Қазақстан» және т.б. өлеңдерінде туған елін, жерін сүюге баулу, еліміздің рәміздеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен адам еңбегінің нәтижесін бағалай білу, еңбек адамына құрмет көрсетуге баулу көзделеді. Өлең мазмұны балалардың өзіндік қызметін жауапкершілікпен атқаруға, үлкендерге көмектесуде мақсат қоя білу, кішіге қамқорлық жасауға әрдайым дайын болуға үйретеді.

Мысал оқу. Бұл жастағы балаларға өлең оқуға қойылатын талап мысалға да қойылады. Ең бастысы – оны мәнерлеп оқу болып табылады. Мысал кейіпкерлері ертегідегі сияқты хайуанаттар болып келеді. Мысалда өсиет, өнеге айтылады. Мысал оқуда педагог көркем образды нақтылауға баса назар аударуы тиіс. Мысалдар төл шығармалармен қатар басқа тілден де аударылады. Мысалда адамның мінез-құлқын жанды-жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес өнегелеу, мысалдау болады. Мысалдар көбінесе хайуанаттар турасындағы ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, түрлі өнеге боларлық сипат береді. Мысалы, ересектер тобында «Шаруа мен аю», «Мысық, әтеш және түлкі» сияқты ертегілер арқылы баланың мінезін қалыптастыруға ықпал етуге болады.

Мақал-мәтел – әдеби жанр, әрқайсысы өз алдына дербес мағына беретін көркем шығарма. Мақалда айтылатын негізгі ойды мейлінше дәл, айқын беретін ең мәнді, үнді деген сөздер таңдап алынады. «Көркем әдебиет» оқу қызметін ұйымдастыруда мақал мен мәтелді тақырыптың мазмұнына сай саралау тәрбиешінің міндеті. Мысалы, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы бала еңбекшіл, жаман бала себепшіл» және т.б. мақал-мәтелдер оқу қызметін қорытындылауда, бекітуде қолданылып, оның мазмұны сұралады. Балаларды еңбексүйгіштікке баулуда жоғарыда келтірілген мақал-мәтелдердің тәрбиелік ықпалы зор. Әрине, мақал-мәтелдерді оқу қызметін ұйымдастыруда, яғни кіріспе әңгіме барысында да қолдануға болады, бұл педагогтің жоспарын шығармашылықпен құруына байланысты болмақ.