Файл: . С. мірова, К. Анартаева Кркем дебиет дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 156

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Достық мерекесі

Мақсаты: Балалардың өлеңді жаттауға қызығушылығын арттыру. Достық, ынтымақтастық туралы түсінігін кеңейту. Ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті туралы түсінік беру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту. Өлең әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.

Міндеттері: Өлеңді дауыс ырғағымен, мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттату. Өлең мазмұнын эмоциялық көңіл күймен айтуға үйрету.

Сурет бойынша әңгіме құрастыруда сюжеттің бірізділігін сақтау және өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту. Мерекелік көңіл күйін көтеру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өлеңнің авторын, тақырыбын, мазмұнын біледі, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Түсінеді: өлең мазмұнының түсінеді;

Қолданады: өлеңді мәнерлеп жатқа айтады, достық туралы сөздерді есіне сақтайды, өлең мазмұнының жүйесін сақтай отырып, айтып бере алады.

Көрнекіліктер: мерекелік иллюстрациялар, әртүрлі ұлттың киімін киген балалардың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: күлімде, берекелі, бейбіт.

Полилингвальді компонент: достық – дружба – friendship; тыныш – мирно – peacefully; жалауша – флажок – checkbox.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр сәніміз. Тыныштықты сақтайық, Ашық болсын күніміз. 2. Негізгі кезең

  • 1 Мамыр – халықтар достығы ынтымақ мерекесі.

  • Бұл мереке несімен ерекше?

  • Достық – барлық елдердің бірлігі, берекесі, татулығы. Еліміз тыныш болса, бәрі де жақсы болады.

  • Біз бүгін Серікбай Оспановтың «Тілеріміз бейбіт күн» өлеңімен танысамыз. - Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді.



Күлімде, Күн, күлімде, Күлсін барлық бала шат. Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ!

Сөздік жұмыс:

Күлімде – қуан, шаттан.

Берекелі – молшылықты.

Бейбіт – тыныштық жайлы.

Полилингвальді компонент: достық – дружба – friendship; тыныш – мирно – peacefully; жалауша – флажок – checkbox.
Сұрақ-жауап:

  • Өлең қалай аталады? Не туралы айтылған?

  • «Бейбіт күн» дегенді қалай түсінесің?



Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз, күлеміз. Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!



  • Өлең шумағын қайталап, есімізге түсірейік.

3-4 балаға өлеңді мәнерлеп қайталап айтқызу. Дәптермен жұмыс:

  • Суретке мұқият қара, не байқадың? Өз ойыңды айт.

  • Суреттегі қай ұлттың балалары деп ойлайсың?

  • Олардың көңіл күйлері қандай?

  • Балаларға есімдер ойлап тауып, достық туралы әңгімеле. Есіңе сақта:

«Дос болсаң, берік бол, Досыңа серік бол».

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

17 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Жеңіс күні

Мақсаты: Балалардың өлеңді жаттауға қызығушылығын арттыру. Жеңіс күні туралы түсінігін кеңейту. Мерекелік көңіл күйлерін ояту. Жеңіс күні туралы өлеңмен таныстыру.

Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.

Міндеттері: Өлеңді мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттату.

Өлең мазмұнына деген көзқарасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге үйрету.

Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары, мәдениет туралы түсініктерін дамыту. Өз елін құрметтеуге, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өлеңнің авторын, тақырыбын, мазмұнын біледі, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Түсінеді: өлең мазмұнын түсінеді;

Қолданады: өлеңді мәнерлеп жатқа айтады. Жұмбақтың шешімін айта алады.

Көрнекіліктер: 9 Мамыр – Жеңіс күні мерекесіне иллюстрациялық суреттер, Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері. Жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.

Сөздік жұмыс: бейбіт, тыныштық.

Полилингвальді компонент: Отан – Родина – Homeland; жеңіс – победа – victory; қорғаушы – защитник – defender.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Отанды біз атамекен Деп аялап атаймыз. Өйткені оны мекен еткен Бабамыз бен атамыз.

2. Негізгі кезең

  • 9 Мамыр – Жеңіс күні!

  • Біздің батыр ағаларымыз бен апаларымыз елімізді, жерімізді жаудан қорғап қалды.

  • Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр аға-апаларымызды атаңдаршы.

  • Жеңіс – соғыста жеңу, жеңімпаз болу деген сөз. Елімізді, жерімізді, Отанымызды жаудан қорғауға міндеттіміз.

  • Біз бүгін ақын Қайрат Жұмағалиевтің «Жеңіс күні» деген өлеңімен танысамыз. - Әдеби жанрдың бір түрі өлең екенін түсіндіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді.



Ойлап-ойлап тұрдым көп, Сауал бердім білгім кеп:

      • Қуанышты мереке –

Жеңіс күні қай күн? – деп Атамнан да сұрадым, Апамнан да сұрадым. Тосты бәрі құлағын,

      • Дұрыс, – десті, – сұрағың. – Бейбіт күннің бәрі де, Жеңіс күні, шырағым.



Сөздік жұмыс:

Бейбіт күн – тыныштық.

Полилингвальді компонент: Отан – Родина – Homeland; жеңіс – победа – victory; қорғаушы – защитник – defender. Сұрақ-жауап:

  • Өлең қалай аталады?

  • Сендерге ұнады ма?

  • Өлеңде не туралы айтылған? - Қуанышты мереке қай күні екен?



Сергіту сәті:

Қиынсынып қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз. Көңілді әуен сазымен Жаттығуды бастаймыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.



  • Өлеңді қайталап, есімізге түсірейік.

3-4 балаға өлеңді қайталап айтқызу. Дәптермен жұмыс:

  • Суретке қарап, тақырыбын болжап айт.

  • Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Ортада не жанып тұр?

  • Балалардың қолында не бар?

  • Олар кімге тағзым етіп жатыр?

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. - Сабақ сендерге ұнады ма?

18 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Бала – біздің болашақ

Мақсаты: Балалардың өлеңді жаттауға қызығушылығын арттыру. Болашақ туралы ұғымдарын кеңейту. Мақтаныш сезімдерін қалыптастыру. Әдеби жанрдың бір түрі – өлең туралы түсініктерін бекіту.


Міндеттері: Өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға үйрету. Өлең мазмұнын түсіндіре отырып, оған қатынасын, тілдік бейнелілігін сезінуге, айналасымен жағымды қарым-қатынас жасай білу дағдысын дамыту. Жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өлеңнің авторын, тақырыбын, мазмұнын біледі, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Түсінеді: өлеңнің мазмұнын түсінеді;

Қолданады: өлең мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды, өлеңді мәнерлеп жатқа айтады. Жұмбақтың шешуін таба алады.

Көрнекіліктер: мерекеге арналған шарлар, жалаушалар, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: болашақ, сүйсінеміз.

Полилингвальді компонент: балалар – дети – children; болашақ – будущее – future; жаз – лето – summer; бақытты – счастливый – happy.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

2. Негізгі кезең

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Қойны толы жеміске,

Көк майсалы еңісте

Көбелек қуып ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)



  • Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Жаз мезгілі несімен ұнайды?

  • Жаз мезгілінің бірінші күні, бірінші мерекесі – «Балаларды қорғау күні».

  • Балалар, сендер болашақта елімізді, жерімізді қорғайтын азаматсыңдар. Бұл – сендердің мерекелерің.

  • Бүгін біз ақын Қасым Аманжоловтың «Бала – біздің болашақ» атты өлеңімен танысамыз. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді. Бала – біздің болашақ, Сүйсінеміз, сүйеміз. Бұл болашақ тамаша-ақ, Болашаққа біз иеміз. Сөздік жұмыс:

Болашақ – «алдағы уақыт» деген мағынаны білдіреді.

Сүйсінеміз – қызығамыз.

Полилингвальді компонент: балалар – дети – children; болашақ – будущее – future; жаз – лето – summer; бақытты – счастливый – happy. Сұрақ-жауап:

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Болашақта сен қандай бала болғың келеді?

  • Өлеңде қандай ұйқас сөздер бар




Сергіту сәті

Таңертең тұрғанда нені көресіңдер? (Күнді)

Күнді көргенде қалай қуанасыңдар? (Алақай!)

Күн бізге не шашады? (Жылуын шашады) Қане, алақанымызды жылытайық, Қолымызды Күнге созайық.



  • Өлең жолдарын қайталап, есімізге түсірейік. 3-4 балаға өлең шумақтарын қайталап айтқызу.



Дәптермен жұмыс:

  • Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

  • Балаларға есімдер ойлап тауып, достар туралы әңгімеле.

  • Атасы мен немерелері қайда барды?

  • Немерелерінің қолында не бар? - Олар қандай мейрамға шықты?

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

«КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ» ОҚУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ХРЕСТОМАТИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Білімің бұлағың

Қанатым талмайды, Қиялым самғайды.

Ақын да, ғалым да, Ұстазсыз болмайды. Мереке күніңмен, Құттықтап бүгін мен. Ойыма ой қосам, Сен берген біліммен.

Ақылбек Шаяхметов

Кішкентай бағбан

Садықтың әкесі – бағбан. Садық оған үнемі көмектесіп жүреді. Қар кетіп, жер құрғағаннан кейін әкесі мен баласы бақта құмырсқаша қыбырлап еңбек етеді.

Бір күні Қалел жүгіріп келіп:

  • Кеттік, Садық, ойынға, – деді.

  • Менің жұмысым көп, – деп жауап берді Садық оған.

  • Жұмыс деген немене, тәйірі. Әкең бәрін істейді ғой. Ойнаған қызық емес пе?

Садықтың ойнағысы келіп кетсе де, өзін-өзі басып, жұмысын жалғастыра берді.

Күз де келді. Бақта жеміс пен жидектің сан алуан түрі өсіп-жетілді.

Садықтың өзі де қарық болды, досын да барынша сыйлады. Қалел тойып алып:

  • Бәрін де түк қалдырмай жеп қоямыз, – деді.

  • Қалады, – деп жауап берді Садық. – Әкем: «Кім ойынға елікпей еңбек етсе, жер соны қарық қылады» деген.



Мәдіхат Төрежанов

Шаруа мен аю

(ертегі)

Шаруа шалқан екпекші болып, орманға келіп жер жыртып жүрсе, оған аю жолыға кетеді.

  • Ей, шаруа, мен сені құртамын! – дейді аю.

  • Мені құрта көрмеші, аюжан, онан да бірігіп шалқан егейік. Шыққан егіннің сабағын түгелдей сен ал, маған түбірін берсең де болады, – дейді шаруа.

  • Жарайды, келістік. Бірақ осыдан алдап кететін болсаң, сені орманның маңына жолатпаймын, – деп ескертеді де, аю орманға кіріп жоқ болады. Шалқан кереметтей ірі болып жетіледі. Күз түсе шаруа шалқанды қазуға барады. Мұны сезген аю орманнан шыға келіп:

  • Кәне, шалқанды бөліске салайық, менің үлесімді бер, – дейді.