Файл: . С. мірова, К. Анартаева Кркем дебиет дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 151

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Менің ойыншықтарым

Мақсаты: Ойыншықтар туралы түсінігін тиянақтау. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Әдеби жанрдың түрі – өлең туралы түсінігін кеңейту.

Міндеттері: Өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға үйрету. Өлең мазмұнын түсіндіре отырып, оған қатынасын, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу. Сурет бойынша сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл күймен мазмұндау, ойлау қабілеттерін дамыту. Ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға, жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: әдеби жанрды ажыратады, сұрақтарға жауап береді. Өлеңнің авторын, атын, мазмұнын біледі. Өлеңді жаттайды;

Түсінеді: өлең мазмұнын сюжет бойынша түсінеді;

Қолданады: сурет бойынша әңгіме құрастыруда сюжеттің бірізділігін сақтайды, әңгімелесуде өзінің іскерлігін қолданады.

Көрнекіліктер: ойыншық түрлері, ойыншықпен ойнап жатқан балалар суреті, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: абайлап, ұрыншақ.

Полилингвальді компонент: ойыншықтар – игрушки – toys; құлыншақ – жеребенок – foal.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді.

Қуанамын мен де, қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Бүгінгі күніміз сәтті болсын!

2. Негізгі кезең

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Тепсең-ақ секіріп, Ұстатпай қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай жатады. Ол не? (Доп)

  • Доппен біз не істейміз?

  • Балалар, бүгін біз ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Менің ойыншықтарым» өлеңімен танысамыз.

Әдеби жанрдың бір түрі өлең екенін түсіндіру. Өлең сөз адамның жан тебіреністерін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді. Жүрмейсің бе абайлап, Болмасаңшы ұрыншақ.

Асыр салып көп ойнап,

Ақсап қапсың, құлыншақ.

Сөздік жұмыс:

Құлыншақ – жылқының төлі.

Ұрыншақ – қатты шапқанда аяғын немесе бір жерін жарақаттап алуды айтады. Полилингвальді компонент: ойыншықтар – игрушки – toys; құлыншақ – жеребенок – foal.

Сұрақ-жауап

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Өлеңдегі ойыншықтарды ата.

  • Құлыншақ туралы не білесің, әңгімеле.

  • Ойыншықтың қандай түрлері болады?



Сергіту сәті

Добым, добым, домалақ, (екі қолын айналдырады)

Тоқтамайсың домалап. (допты теуіп көрсетеді)

Үстел үстін бүлдірдің, (сұқ саусағымен көрсетеді)

Тәрелкені сындырдың. (екі алақанын жаяды)

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп. (допты тебеді)

Өлеңді қайталап есімізге түсірейік.

Өлең шумақтарындағы сөздерді қайталау.

3-4 балаға өлеңді жатқа айтқызып қайталату. Дәптермен жұмыс:

  • Суретте не бейнеленген?

  • Әр вагонда қандай ойыншықтар бар?

  • Сурет бойынша өзіңе ұнаған ойыншықты сипатта. - Сенде қандай ойыншықтар бар?

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Сабақта не ұнағанын сұрайды.

5 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Мақтақыз бен мысық


Мақсаты: Ертегіні мазмұндауда балалардың қабілеттілігін қалыптастыру. Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Ауыз әдебиеті шығармалары негізінде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі арқылы еңбекке баулу. Әдеби жанрдың бір түрі – ертегі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Ертегі мазмұнын эмоциямен бейнелі қабылдауға, баяндауда бейнелеуіш сөздерді қолдануға, ертегіні баяндауда сюжеттік бірізділікті сақтауға, қисынды мазмұндауға үйрету. Ертегі мазмұнында қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін және ойлау қабілеттерін дамыту. Адал дос болуға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ертегіні тыңдайды, кейіпкерлерді атайды;

Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді;

Қолданады: сюжетті сурет бойынша ертегі мазмұнын шығармашылықпен құрастыра алады, жұмбақтың шешімін айта алады.

Көрнекіліктер: Мақтақыз, мысық, сиыр, тал, су, дүкенші, тауық, жұмыртқа, қыздар, тышқанның суреттері, слайд. Ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаш. Сөздік жұмыс: қатық, ін.

Полилингвальді компонент: мысық – кошка – cat; мейіз – изюм – raisin; қыз – девушка – girl.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Күн, мен сені сүйемін, Күн, мен сенен өтінемін. Берші бізге, алтын Күн, Бейбітшілік, мейірімділік, Денсаулық пен жылылық!

2. Негізгі кезең

Педагог балаларға жұмбақ жасырады: «Тонын киіп туған,

Жалап бетін жуған». (Мысық)

– Балалар, бүгін «Мақтақыз бен мысық» ертегісімен танысамыз.

Ертегі – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.

Ертегіні оқып, мазмұнын ашу. Сөздік жұмыс:

Қатық – сүтті ұйытып дайындалған тағам түрі.

Ін – жердің астынан қазып жасалатын баспана.

Полилингвальді компонент: мысық – кошка – cat; мейіз – изюм – raisin;

қыз – девушка – girl. Сұрақ-жауап:

  • Ертегі қалай аталады?

  • Мақтақыз не тауып алды?

  • Мысық не істеді?

  • Мақтақыз мысықты қалай жазалады?

  • Мысық қатық іздеп нелерге кездеседі? - Мысық құйрығын қалай қайтарып алды?



Сергіту сәті:

Біз балдырған баламыз, Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз тыныштық, Ашық болсын көк аспан. Мықты болсын іргеміз, Бәріміз де біргеміз.




  • Ертегіні қайталап, есімізге түсірейік.

Оқылған ертегі сюжеті бойынша мазмұнын шығармашылықпен әңгімелейді.

3-4 балаға айтқызып қайталату.

Дәптермен жұмыс:

  • Сурет бойынша ертегі жүйесін сақтап баянда.

  • Мысық не істеді?

  • Мақтақыз неге ашуланды деп ойлайсың?

  • Мысықтың әрекетін ретімен әңгімеле.

  • Жұбыңмен бірге кейіпкерлер диалогін ойнап көрсетіңдер.

  • Сен Мақтақыздың орнында болсаң не істер едің?

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

- Ертегі сендерге ұнады ма?

6 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Әдептілік әлемі

Мақсаты: Балалардың өлеңге деген қызығушылығын қалыптастыру. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағыландыру. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.

Міндеттері: Өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлеп оқу, өлең мазмұнын түсіндіре отырып, оған қатынасын, тілдік бейнелілігін сезінуге үйрету.

Сурет бойынша әңгіме құрауда сюжеттің бірізділігін сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өлеңнің авторын, атын, мазмұнын айтады, өлеңді жаттайды;

Түсінеді: өлеңнің мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап береді, өлең жанрын ажыратады; Қолданады: өлең мазмұнының жүйесін сақтай отырып, қайталап айтып береді. Қарымқатынас жасауда өзі туралы қысқа мәлімет береді. Әдептілік туралы сөздерді есіне сақтайды.

Көрнекіліктер: әдептілік туралы суреттер, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: аяқ-табақ, асықпай.

Полилингвальді компонент: әдептілік – воспитанность – good breeding; әлем – мир – world.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! 2. Негізгі кезең

  • Балалар, «әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Әдептілік деп үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тазалықты сүю, достарын ренжітпей ойнау, қиын кезде көмектесуді айтамыз.

  • Бүгін біз Ермек Өтетілеуұлының «Әдептілік әлемі» өлеңімен танысамыз.

  • Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Айырықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді.

Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жина аяқ-табақты.

Сөздік жұмыс:

Аяқ-табақ – тамақ ішетін ыдыстар.

Асықпай іш – тамақты асықпай ішу.

Полилингвальді компонент: әдептілік – воспитанность – good breeding; әлем – мир – world.

Сұрақ-жауап:

  • Өлең қалай аталады?

  • Өлең сендерге ұнады ма?

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Асты қалай ішу керек? (Асықпай ішкен ас сіңімді болады).

  • Ас ішкен соң не істеу керек? (Ыдыс-аяқты жинаймыз).

  • Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз?



Сергіту сәті

Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем, жақын кеп, Сәлем берем ізетпен.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста: «Есенсіз бе, әжей?» – деп.



  • Өлеңді қайталап, есімізге түсірейік.

Өлең шумағындағы сөздерді және аяқ-табақ сөзінің мағынасын қайталау.

2-3 балаға өлеңді мәнерлеп жатқа айтқызу.Дәптермен жұмыс:

  • Суретте не бейнеленген?

  • Баланың әрекетін ретімен ата.

  • Суретте саған не ұнады? Өз ойыңды айт.

  • Бала кімге кездесті? Ол қандай әрекет жасады?

  • Бала қолындағы допты кімге ұсынды?

  • Сен болсаң қандай әрекет жасар едің?

Есіңе сақта: «Адам әдебімен көрікті».

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

- Бүгін не туралы әңгімеледік?

7 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан

Мақсаты: Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары, мәдениет туралы түсініктерін кеңейту. Туған еліне деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.