Файл: . С. мірова, К. Анартаева Кркем дебиет дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 159

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Шаруа қарсылық көрсетпей: «Мақұл, аюжан, бөлсек, бөлейік; сабағын сен ал, маған түбірі де болады», – дейді. Сөйтіп, шаруа жапырақ, сабақтарының бәрін аюға жинап беріп, өзіне тиесілі шалқандарды арбаға тиеп, қалаға сатуға алып келе жатады. Осы кезде аю жолығып:

  • Қайта кетіп барасың? – деп сұрайды шаруадан.

  • Түбірлерімді сатайын деп қалаға кетіп барамын, – дейді ол.

  • Кәне, түбірдің дәмін татып көрейінші, – дейді аю.

Шаруа шалқан ұсынады. Аю оны апыл-ғұпыл жеп алып:

  • А-а! Сен мені алдап соққан екенсің! Түбірдің тәтті екенін айтпадың, енді отын аламын деп орманға жолаушы болма! Маңына келсең, талқаныңды шығарам! – деп айғайды салады-ай кеп.

Келесі жылы шаруа дәл сол жерге бидай егеді. Бидай піскен кезде шаруа оруға келсе, дер сәтін күткен аю оны тосып отыр екен.

  • Ә-ә... енді алдауыңа көне қоймаспын, кәнеки, менің үлесімді бер,– дейді аю. – Енді басын сен аласың, түбін мен аламын...

  • Жарайды, аюжан, бөлсек, бөлейік, түбін сен ал ғой, маған сабағы да болады.

Шаруа бидайдың дәнін қаптап алады да, жөніне кетеді. Ал аю болса бидайдың сабағы жеуге жарамайтынын білгенде, басын шайқап, адамға қатты ыза болады. Содан бері шаруа мен аю араз болыпты. Ал адам өзінің ақылдылығымен аюды жеңген екен.

Менің ойыншықтарым

Жүрмейсің бе абайлап,

Болмасаңшы ұрыншақ.

Асыр салып көп ойнап, Ақсап қапсың, құлыншақ. Ашытпайды көзіңді,

Шомыла ғой, балақай!

Қарашы енді өзіңе:

Аппақ болдың, алақай! Түймең қалды үзіліп, Неге қадап алмайсың?

Тұр ғой әне ине-жіп,

Неге ұқыпты болмайсың?

Мұзафар Әлімбаев

Мақтақыз бен мысық

(қазақ халық ертегісі)

Мақтақыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады.

Мысық келмейді. Қыз: «Келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:

  • Неге шақырдың? – деп сұрайды.

Мақтақыз айтпайды. Сонда мысық:

  • Ендеше қатығыңды төгем, – дейді.

Мақтақыз:

  • Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақтақыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:

  • Апа, апа, құйрығымды берші, – дейді.

Мақтақыз:

  • Менің қатығымды төле! – дейді.

Мысық сиырға барады.

  • Сиыр, сиыр, маған қатық берші, – дейді.

Сиыр:

  • Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп бер! – дейді. Мысық ағашқа барып:

  • Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші, – дейді. Ағаш:

  • Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.


Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

  • Қыздар, қыздар, маған су беріңдерші, – дейді. Қыздар оған:

  • Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.

Мысық дүкенге барады.

  • Дүкенші,дүкенші бізге сағыз берші, – дейді. Дүкенші:

  • Маған жұмыртқа әкел! – дейді.

Мысық тауыққа барады.

  • Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші, – дейді. Тауықтар:

  • Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

  • Жаныңның барында айт, үйіңде нең бар? – дейді.

Тышқан қорыққанынан:

  • Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.

Мысық:

  • Маған бір уыс тары бер! – дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді. Мысық тарыны апарып тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді. Қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, Ағаш жапырағын береді, жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатығын береді, қатықты апарып Мақтақызға береді, Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.

Әдептілік әлемі

Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жина аяқ-табақты.

Пышақты ұста оң қолмен, Шанышқыны сол қолмен. Нанды үгітпе, қадірле, Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын, Салдыр-салақ болмағын. Салма аузыңа инені, Үзбе жұлқып түймені.

Ашуланбай, долданып, Жауап бергің ойланып. Құр бекерге қылтима, Болмашыға бұртима. Іштарлыққа жол берме, Бақталастық білдірме.

Мақсат қоймай алдыңа, Қыдырып құр, қаңғырма.

Сыйлап үлкен кісіні, Қамқорлыққа ал кішіні. Сақта көше тәртібін, Бағдаршамның ал «тілін». Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Ермек Өтетілеуұлы

Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз еркін елде біз, Дүниеге келгенбіз. Көк ту мен елтаңбамыз, Бар біздің өз теңгеміз. Орындайтын бәріміз, Біздің ата-анамыз.

Жиында тұрып айтатын,

Бар біздің әнұранымыз. Оразақын Асқар

Мысық, әтеш және түлкі

(ертегі)

Ормандағы бір үйшікті мысық пен әтеш мекен етіпті. Мысық таңертең ерте тұрып, ылғи аңға шығады, ал әтеш үйді күзетіп қалады. Мысық аңға кеткенде, әтеш үйдің ішін жақсылап жинайды, еденді айнадай етіп жуады, содан кейін сырғауылға шығып алып, өзінің үйреншікті даусымен ку-ка-ре-куге басады, мысықтың келуін күтеді.


Бірде жақын маңда жортып жүрген түлкі әтештің даусын естиді. Сол-ақ екен, оның әтеш етін жегісі келіп кетеді. Ол терезенің түбіне келіп отыра қалады да, сызылта үн қатып былай дейді:

Әтешім-ай, әтешім, Алтын айдар, уа, әтеш. Терезеден қарай ғой, Бұршақ берем, ала ғой.

Әтеш терезеден басын шығарып қарайды, түлкі оны шап беріп ұстап алады да, арқалап ала жөнеледі.

  • Түлкі мені арқалап ну орманмен қашпақшы, биік таудан аспақшы. Бауырым, менің мысығым, құтқарсаңшы, қайдасың! – деп айғай салады үрейі ұшқан әтеш. Мысық жақын жерде жүр еді, әтештің даусын естиді де, түлкінің соңынан қуып кеп береді. Әтешті аман алып қалып, үйге ертіп әкеледі.

Келесі күні аңға шығуға дайындалып жатып, мысық әтешке былай дейді:

  • Байқа, терезеден қарама, түлкіні тыңдама, әйтпесе ол сені ұстап алады да, жеп қояды.

Мысық аңға кетеді, ал әтеш үйдің ішін жақсылап жинайды, еденді айнадай етіп жуады, содан кейін сырғауылға ұшып шығады. Сырғауылдың үстінде қонақтап отырып шақырады. Бұл кезде түлкі де жылмаңдап келе қалған еді. Ол бұл жолы да терезенің түбіне отыра қалып, былай дейді: Әтешім-ай, әтешім, Алтын айдар, уа, әтеш. Терезеден қарай ғой,

Бұршақ берем, ала ғой.

Әтеш оның сөзін тыңдағанмен, сыртқа қарамайды. Түлкі бір уыс бұршақты терезеден шашып жібереді. Әтеш бұршақты шоқып жейді, бірақ терезеден қарамайды.

Сонда түлкі былай дейді:

  • Сен өзің мүлде тәкаппар болып кетіпсің ғой. Қарасаңшы, бұршағым көп-ақ, мұның бәрін қайда қоямын?

Әтеш терезеден басын шығарып қарайды, түлкі оны шап беріп ұстап, арқалап ала жөнеледі. Әтеш үрейі ұшып айғай салады:

  • Түлкі мені арқалап ну орманмен қашпақшы, биік таудан аспақшы. Бауырым, менің мысығым, құтқарсаңшы, қайдасың!

Мысық алыста жүрсе де әтештің даусын естиді. Түлкінің соңынан бар пәрменімен қуа жөнеледі, әтешті аман алып қалып, үйге ертіп әкеледі.

Үшінші күні мысық аңға шығуға дайындалып жатып, ақылын айтады:

  • Байқа, әтеш, мен бүгін алысқа барып аң аулаймын, қалай айғайласаң да бәрібір маған даусың естілмейтін болады. Түлкіні тыңдама, терезеден қарама, әйтпесе ол сені ұстап алады да, жеп қояды.

Мысық аңға кетеді, ал әтеш үйді жақсылап жинайды, еденді айнадай етіп жуады, содан кейін сырғауылға шығып қонақтайды да, шақыра бастайды, мысықтың келуін күтеді.

Түлкі тағы да келе қалады. Ал әтеш қарамай қояды. Сонда түлкі былай дейді:

  • Уа, әтешім, саған айтайын деген сөзім бар еді. Асығып келу себебім де сол. Жолмен жортып келе жатып көргенім: адамдар тары тасыды, бір қап тесік екен, ішіндегі барлық тарысы жолға шашылып қалыпты, теріп алатын ешкім жоқ. Терезеден қарасаң, көресің...


Әтеш терезеден басын шығарып қарайды, түлкі оны шап беріп ұстап, үйіне алып кетеді. Мысық аңнан келсе, әтеш жоқ. Іздеп, түлкінің үйіне келеді. Есік сыртында тұрып, мысық әндетеді:

Дыңғырлаттым гуслиді, Ішегі алтын мінекей.

Үйде ме екен бұл түлкі, Шықшы сыртқа, әй, түлкі!

Құймақ құйып жатқан түлкі қызын жұмсайды. Мысық оны қапқа салып алады. Екінші қызы шығады. Оны да оны қапқа салып алады. Мысық тағы әндетеді. Түлкі әтешті жұмсайды. Мысық әтешті ертіп, үйіне қайтады.

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл да келеді, Бізге қарай жылыстап. Өлең де әзір, ән де әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, жаңа жыл, біздерге, Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!

Сағи Жиенбаев

Жақсы мен жаман

Жақсы бала құлақ сап, Айтқаныңды ұғады.

Төсегінен тұра сап,

Таза ауаға шығады.

Жақсы бала, ол анық Істемейді шалалық. Тап-таза боп жуынып, Алады ол таранып.

Жаман бала құрысып, Өз-өзінен тырысып.

Түске дейін жатады, Шешесімен ұрысып.

Рақым Тышқанбаев

Бір уыс мақта

(әңгіме)

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отырды. Шешесі қасында отырып, оған ақыл айтыпты:

  • Балам, дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың керексіз болып, жерде қалатыны болмайды, – депті.

Шешесі сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастапты.

  • Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қоймас, – депті.

Шешесі:

  • Балам, ол да жерде қалмайды, – депті.

Осылайша сөйлесіп терезеден қарап отырса, мақтаны жел көтеріп ұшырады, мұны бір торғай көріп, қуып барып, мақтаны тұмсығымен тістеп алып, ұшып кетеді. Қыз мұны көріп әжесінен:

  • Жаңағы мақтаның қиқымын бір торғай тұмсығымен тістеп алып кетті, оны не қылады? – деп сұрапты.

Шешесі:

  • Көрдің бе, балам, күн айналмай-ақ жаңағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді, – депті.



Ыбырай Алтынсарин


Әже

Еркелетіп ертемен, Оятады ол мені.

Таңғы таза ауамен Тазалаймыз бөлмені.

Ертегісі өзінің,

Таусылмайды не түрлі. Әжімдері көзінің, Мейірімі секілді.

Кимешегін, жаулығын, Теңеп аппақ гүлге мен.

Әжемнің денсаулығын,

Тілеп жүрем күнде мен.

Әбубәкір Қайран

Әз Наурызым, армысың!

Өніп еккен дәніміз, Бүршік жарды бағымыз. Сәскеде жаз, түнде қыс, Секілді екен Наурыз. Төлдеп жатыр малымыз, Қазан толы сары уыз.

Сүті көп те, ет сүрлі Болады ғой Наурыз. Жайдарымыз бәріміз, Дастарқанда дәміміз.

Көжесі көп, қыры көк, Қандай жақсы Наурыз!

Оразақын Асқар

Үш қыз

(татар халық ертегісі) Ерте заманда бір әйелдің үш қызы болыпты. Қиыншылыққа қарамай, күні-түні еңбектеніп, оларды елден кем қылмай өсіріпті. Үш қызы да бірі бірінен асқан әдемі, сұлу болыпты. Уақыт өтіп, қыздары өсіп, бойжетіп, кезегімен күйеуге шығып, жан-жаққа кетіп, аналары жалғыз қалыпты. Көп жылдар өткен соң аналары қартайып, ауырып жатып қалады. Қатты ауырған әйел жақын маңдағы орманда тұратын сары тиінді шақырып, өтініш жасайды:

  • Тиін, тиін, маған қыздарымды шақырып берші!

Сары тиін қыздарды іздеп кетеді. Тиін үлкен қыздың үйіне келіп, терезесін қағады:

  • Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!– дейді оған сары тиін.

  • Әттеген-ай! Мен барар едім, бірақ мына тегешті тазалауым керек,– деп алдындағы тегешті көрсетеді үлкен қыз.

  • Анаңнан саған тегеш артық болғаны ма? – деп ашуланады тиін. – Олай болса, осы тегешіңнен айырылма!

Тиін осы сөзді айтқаны сол екен, тегеш қыздың үстіне жабысып, үлкен тасбақаға айналдырып жібереді.

Сиқыршы сары тиін әйелдің ортаншы қызына барады:

  • Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет! – дейді.

  • Қап! Мен қазір-ақ барар ем, бірақ жәрмеңкеге сату үшін тоқыма дайындап жатырмын, – деп жауап береді ортаншы қыз.

Ашуланған тиін:

  • Саған анадан тоқыма қымбат болса, өмір бойы тоқыма тоқы! – деп, өрмекшіге айналдырып жібереді.

Сиқыршы сары тиін әйелдің үлкен екі қызына көңілі толмай ренжіп, үшінші кенже қызына келеді:

  • Анаң қатты ауырып жатыр, тез жет! – деп сары тиіннің айтқаны сол еді, кіші қызы илеп жатқан нанын қоя салып, былғанған қолымен анасына жүгіріп кетеді.

  • Сенің жүрегің қандай жұмсақ! Саған да адамдар әрқашан қайырымды болсын! Өмірің ұзақ болсын! Бақытты бол! – деп тиін қызға алғысын білдіреді.

Сөйтіп, әлгі әйелдің кенже қызы көп уақыт бақытты өмір кешті. Сары тиін оны адамгершілігіне, қамқорлығына қарай еңбекқор балараға айналдырады. Содан балараның алдыңғы екі аяғы әрқашанда тәтті балға малынып, жүрген жеріне шаттық пен қуаныш сыйлайды екен.