Файл: . С. мірова, К. Анартаева Кркем дебиет дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 144

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЛАРЫ

1 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Білімің – бұлағың

Мақсаты: Балалардың өлеңге деген қызығушылығын калыптастыру. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.

Міндеттері: Өлең мазмұнын түсіндіре отырып, оған қатынасын, тілдік бейнелілігін сезінуге үйрету. Өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлеп оқу, мазмұнымен таныстыру. Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары туралы түсініктерін дамыту. Балабақша қызметкерлерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Өлеңнің авторын, атын, мазмұнын біледі.

Түсінеді: Өлең мазмұнын түсінеді. Әдеби жанрды ажыратады.

Қолданады: Өлең мазмұнына сәйкес ойын әрекеттерін орындайды. Кітапқа қызығушылық танытады. Мақалдың мағынасын айтады.

Көрнекіліктер: Білім күніне арналған суреттер, балабақшаның ішкі-сыртқы көрінісінің суреттері, слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: білімді қанатым талмайды, қиялым самғайды. Полилингвальді компонент: білім – знание – knowledge; ұстаз – учитель – teacher.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Балалар шеңбер болып тұрады.

  • Шеңберге тұрғанда бір-бірімізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан да біз бірбірімізге бүгін көтеріңкі көңіл күй және жылылық сыйлайық.

  • Балалар бүгін – ерекше күн. Білім күні. Барлық балалар мектепке, балабақшаға барды. Балабақша бұл екінші үйіміз. Сендер ақылды, тәрбиелі, ұқыпты, жақсы азамат болып өсулерің үшін балабақшада, мектепте көп нәрсе үйреніп, білім аламыз. Балабақшада көптеген дос табасыңдар. Тәрбиеші апайларың сендерді өз баласындай мәпелеп тәрбиелейді, көп нәрсе үйретеді.



2. Негізгі кезең

- Енді, балалар, ақын Ақылбек Шаяхметовтың «Білімің – бұлағың» деген өлең жолдарымен танысамыз.

Қанатым талмайды, Қиялым самғайды.

Ақын да, ғалым да,

Ұстазсыз болмайды.

Мереке күніңмен,

Құттықтап бүгін мен, Ойыма ой қосам, Сен берген біліммен.

Сөздік жұмыс:

Қиялым самғайды – елінің өркендеп өсуін армандау.

Білімді – кітапты көп оқитын, кітапты ұқыпты ұстайтын, көп ізденетін адам.

Қанатым талмайды – ерінбей іздену.

Полилингвальді компонент: білім – знание – knowledge; ұстаз – учитель – teacher. Өлең шумақтарындағы сөздерді қайталату.

Білім, бұлағың деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

  • Білімді деп қандай адамды айтамыз?

  • Көп оқып, еңбектенетін, ізденетін адам.

  • Сендерді кім оқытады?

  • Тәрбиеші оқытады.

  • Тәрбиеші нені үйретеді?

  • Тәртіпті болуды, сурет салуды үйретеді, ертегі, әңгімелер, өлеңдер жаттатады.

Сергіту сәті

Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.



  • Балалар, өлеңді қайталап есімізге түсірейік.

Өлең шумақтарындағы сөздерді қайталау.

3-4 баладан өлең сөздерін айтқызып қайталату.

Дәптермен жұмыс:

  • Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

  • Балаларды кім қарсы алып тұр?

  • Балалардың қолында не бар, олардың көңіл күйлері қандай?

  • Бүгін қандай күн? Мақалдың мағынасын түсініп ал:

«Білім – таусылмайтын қазына».

Д/ойын: «Ғажайып қоржын».

Ойынның шарты: Ғажайып қоржынның ішінде бірнеше заттар, ойыншықтар, оқу құралдары бар. Сол заттардың ішінен ойыншықтарды бір бөлек, оқу құралдарын бір бөлек жинау керек және аттарын атайды.


Балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып бөлек жинайды және аттарын атайды.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия - Бүгін не туралы әңгімеледік?

  • Өлең қалай аталады?

  • Білімді болу үшін не істеу керек?

2 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Кішкентай бағбан

Мақсаты: Балалардың әңгімеге деген қызығушылығын арттыру. Шығарманың кейіпкерлерімен таныстыру. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Әңгіме – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.

Міндеттері: Әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді, теңеулерді қолдану, көңіл күймен мазмұндауға үйрету. Әңгіме кейіпкерлерімен таныстыру, сурет бойынша қоршаған орта мен табиғат туралы түсініктерін және ойлау қабілеттерін дамыту.

Әңгімелеуде сюжеттік бірізділікті сақтап, мазмұндауға, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: әңгімелеу барысында кейіпкерлерді атайды;

Түсінеді: әңгіменің мазмұнын түсінеді;

Қолданады: әңгіменің мазмұнын сақтай отырып, айтып бере алады. Еңбек туралы сөзді есіне сақтайды.

Көрнекіліктер: балалардың жемістерді жинап жатқан сәті, екінші баланың ойын ойнап жатқан суреттері. Күзгі бақтың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: қыбырлап, бағбан. Полилингвальді компонент: бағбан – садовник – gardener; еңбек – труд – labour.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Аспан түрді түндігін, Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн болсын!

2. Негізгі кезең

  • Балалар, сендер жеміс жегенді ұнатасыңдар ма?

  • Қандай жемістерді білесіңдер?

  • Бүгін М. Төрежановтың «Кішкентай бағбан» әңгімесімен танысамыз.

Әдеби жанрдың бір түрі әңгіме екенін түсіндіру. Әңгіменің басқа жанрлардан ерекшелігі – қысқа оқиғаны баяндайды.

Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып береді. Сөздік жұмыс:

Көп қимылдайтын адам – ерінбей еңбек ететін адам.

Бағбан – бау-бақшада жемістерді күтіп-баптайтын адам.

Полилингвальді компонент: бағбан – садовник – gardener; еңбек – труд – labour.

Сұрақ-жауап.

  • Садық бауда не істеді?

  • Садықты кім ойын ойнауға шақырды?

  • Қалел досына не көрсетті? – Садық неге бармады?

  • Күз мезгілінде не өсті?

  • Садық Қалелге әкесінің қандай сөзін айтты? (Балалармен бірге қайталау).

  • «Кішкентай бағбан» деп кімді айтамыз?

  • Садықтың жасаған еңбегін қалай бағалайсың?

  • Сен Қалелдің орнында болсаң, не істер едің?

  • Қайталайық: «Ойынға елікпей, көп ойнай бермей, еңбек ету керек. Жер ол адамның еңбегін өтейді. Кім еңбектенсе, сол адам еңбектің жемісін жейді». Сергіту сәті


Алма баққа барамыз, (қол шапалақтау)

Алма теріп аламыз. (ағаштан алма теру қимылы)

Ең үлкенін алманың (екі қолымен алманың үлкендігін көрсету)

Анамызға сыйлаймыз. (бір-біріне сыйлау)



  • Әңгімені қайталап, есімізге түсірейік.

Әңгімені көмекші сұрақтар қоя отырып, 3-4 балаға айтқызып қайталату. Дәптермен жұмыс:

  • Суретте қай мезгіл бейнеленген?

  • Балалар қайда жүр?

  • Әр балаға ат қойып, не істеп жатқанын әңгімеле.

  • Осы суреттер бойынша көгөністерді тауып ата. Есіңе сақта:

«Еңбекпенен тапқаның, Шекер-балдан татқаның». Д/ ойын: «Жеміс терейік».

Ойынның ережесі: интерактивті тақтадағы немесе муляж жемістер мен көгөністерден мәтінде барын және қайда өсетінін ажыратып айтады.

Ойынның шарты: балалар жемістерді атап береді. Мысалы, алма, алмұрт, өрік, жүзім, банан т.б.

Интерактивті тақтада бейнеленген жемістерден бала қаламды жылжытып, жемісті тостағаншаға салады. Муляж жемістерді себетке жинайды.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия Педагог қорытынды жасайды.

- Сендерге сабақта не ұнады?

3 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Шаруа мен аю

Мақсаты: Ертегіні мазмұндауда балалардың кабілеттілігін калыптастыру. Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Ауыз әдебиеті шығармалары негізінде орыс халқының тұрмыс-тіршілігі арқылы еңбекке баулу. Әдеби жанрдың бір түрі – ертегі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Ертегіні баяндауда сюжеттік бірізділікті сақтау, қисынды мазмұнының жүйесін сақтай отырып айтып беруге үйрету. Ертегіні әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді қолдану, еңбек дағдыларын дамыту. Ертегі арқылы балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, ертегінің ерекшеліктеріне көңіл бөледі;

Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді;

Қолданады: мазмұнының жүйесін сақтай отырып, ертегіні айтып бере алады. Көрнекіліктер: ертегі желісі бойынша шаруа мен аюдың суреттері, ертегі кейіпкерлерінің бетпердесі. Слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар және қызылша, бидайды сабағымен көрсету.

Сөздік жұмыс
: шаруа, орман маңына, соқа.

Полилингвальді компонент: шаруа – крестьянин – peasant; аю – медведь – bear; шалқан – редька – radish; бидай – пшеница – wheat.

ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері Адал жақсы ниетпен, Бар адамға бақ тілеп. Жарып шыққан жүректен, Сөздің бәрі ақ тілек.

  1. Негізгі кезең

Педагог балаларға жұмбақ жасырады: Балпаң-балпаң басады, Қыр-жотадан асады.

Паналайды үңгірді,

Іздемейді тасаны. Ол не? (Аю)



  • Балалар, бүгін «Шаруа мен аю» орыс халық ертегісімен танысамыз.

Әдеби жанрдың бір түрі – ертегі екенін түсіндіру.

Балаларға ертегіні толық оқып, мазмұнын түсіндіру.

  • Қызылша жердің астында жатады, жапырақтары жердің бетіне шығады.

Ал бидайдың дәні масақта болады. Сабағын жемейді. Бидайдан нан түрлері дайындалады.

Сөздік жұмыс:

Шаруа – жерді баптап, күтіп, егін өсіретін еңбекқор адам.

Соқа – жер қазатын құрал.

Орман маңы – орманға жақын жер.

Полилингвальді компонент: шаруа – крестьянин – peasant; аю – медведь – bear; шалқан – редька – radish; бидай – пшеница – wheat. Сұрақ-жауап

  • Ертегі қалай аталады?

  • Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?

  • Шаруаға не келді?

  • Аю шаруаны қалай қорқытты?

  • Олар неге келісті?

  • Шаруа не екті?

  • Аюға қай жағын берді?

  • Келесі жылы шаруа не екті?

  • Аю нені білмеді?

Сергіту сәті

Ертегі желісі бойынша іс-әрекетті қимылмен қайталау.

  • Шаруа бірінші не екті?

  • Қалай екті? (Қимылмен көрсетеді) - Аю қалай келді? (Қимылмен көрсетеді) - Келесі жылы шаруа не екті?

  • Бидайы қалай өсті? (Қимылмен көрсетеді)

  • Шаруа қызылшаны қалай жинады? (Қимылмен көрсетеді)

Ертегідегі шаруа, соқа, орман маңы сөздерінің мағынасын қайталату.

Оқылған ертегі мазмұны бойынша көмекші сұрақтар қоя отырып, 3-4 балаға ертегінің мазмұнын айтқызып қайталау. Дәптермен жұмыс:

  • Суретте қай ертегі бейнеленген?

  • Шаруа аюға не деп тұр деп ойлайсың?

  • Сурет бойынша ертегі мазмұнын оқиға жүйесін сақтап баянда. - Ертегідегі адам мен аюдың іс әрекетін салыстыр.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

- Сендерге ертегі ұнады ма?

4 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация