Файл: . С. мірова, К. Анартаева Кркем дебиет дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 155

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»


Ойын шарты: екі үлкен шырша қойылады. Балалар екі топқа бөлінеді. Шыршаны ойыншықтармен безендіру. Қай топ тез безендірсе, сол топ жеңімпаз атанады.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Сендерге жаңа жыл мерекесі несімен ұнайды?

  • Аязатадан қандай жақсы сыйлық күтесің?

10 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Жақсы мен жаман

Мақсаты: Жақсы мен жаман туралы түсініктерін кеңейту. Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.

Міндеттері: Өлеңді мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға үйрету. Сурет бойынша әңгіме құрастыруда эмоциялық-бейнелік мазмұнды баяндау, суреттегі кейіпкерлерді атау, оларға сипаттама беру.

Сюжет бойынша шығармашылықпен әңгімелеуде эпитеттерді, теңеулерді қолдану, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту. Жақсы тұлға болып өсуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өлеңнің авторын, тақырыбын, мазмұнын біледі, сурет бойынша әңгіме құрайды;

Түсінеді: жақсылық пен жамандықты түсінеді, ажыратады;

Қолданады: өлең мазмұнына сәйкес сұрақтарға жауап береді, мәнерлеп жатқа айтады.

Жақсылық туралы сөздерді есіне сақтайды.

Көрнекіліктер: жақсы бала мен жаман баланың іс-әрекеттері туралы суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаш, слайд.

Сөздік жұмыс: жақсы бала, шалалық. Полилингвальді компонент: жақсы – хорошо – good; жаман – плохо – bad.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Күлкі – көңіл ажары, Күліп өмір сүрейік!

2. Негізгі кезең

Тыныштық сәті (релаксация).Балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. «Біз қазір көңіл күйіміздің әлеміне сапар шегеміз. Бұлттың үстінде, биікте қалқып келе жатырмыз. Айналамыз жап-жарық, таза ауа, әсем гүлдердің хош иісі. Өзіңе ұнайтын адамдарды, достарыңды кездестірдіңдер. Барлығы өте мейірімді, көңілді. Бізге қол бұлғайды. Біз де қол бұлғаймыз. Ал енді бәрімен қоштасайық. Біздің қайтатын кезіміз келді. Бұл сендердің көңіл күйлеріңнің әлемі. Көздеріңді ашыңдар. Көз алдарыңа нені елестеттіңдер?»


    • Бүгін біз Рақым Тышқанбаевтың «Жақсы мен жаман» өлеңімен танысамыз.

    • Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді.



Жақсы бала ол анық, Істемейді шалалық. Тап-таза боп жуынып, Алады ол таранып.

Сөздік жұмыс:

Жақсы бала – ақылды, таза, ұқыпты бала.

Шалалық – бастаған жұмысын аяқтамау, дұрыс жасамау. Полилингвальді компонент: жақсы – хорошо – good; жаман – плохо – bad.

Сұрақ жауап:

    • Өлең қалай аталады, не туралы айтылған?

    • Сендерге ұнады ма?

    • Жақсы бала деп қандай баланы айтамыз?

    • Жаман бала деп кімді айтамыз? - Сен қандай бала болғың келеді?



Сергіту сәті: Қол алысып қане біз, Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге, Тік тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Қандай жақсы дос болу. Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым, дос.



    • Өлең шумағындағы сөздерді есімізге түсіріп қайталайық.

3-4 балаға өлеңді мәнерлеп жатқа айтқызу.

Дәптермен жұмыс:

  • Суретте не бейнеленген?

  • Кімді көріп тұрсыңдар?

  • Баланың әрекетін ретімен әңгімеле.

  • Жақсы баланың әрекетін айтып көр.

  • Сен өзің қандай істермен айналысасың?

Есіңе сақта:

«Болғың келсе жақсы адам, Жақсылық жаса әрқашан».

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Сабақта сендерге не ұнады?

  • Сендер отбасыңа, досыңа қандай жақсылық жасадыңдар?

11 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Бір уыс мақта

Мақсаты: Балалардың әңгімеге деген қызығушылығын арттыру. Әңгіменің мазмұнымен таныстыру. Бір-бірімен байланысты сюжет бойынша әңгімені шығармашылықпен құрастыру. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Әдеби жанрдың түрі – әңгіме туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Әңгімені эмоциямен бейнелі мазмұндап, баяндауға баулу. Әңгімені жалғастырып, сюжет бойынша құрап айтуға, қисынды мазмұндауға үйрету.

Әңгіме кейіпкерлерімен таныстыру. Сурет бойынша қоршаған орта мен табиғат туралы түсініктерін және еңбек дағдыларын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: әңгіменің авторын, тақырыбын, мазмұнын біледі, әдеби жанрдың түрін ажыратады;

Түсінеді: әр заттың пайдасы бар екенін түсінеді;

Қолданады: әңгімені сюжет бойынша шығармашылықпен айтады, әңгіменің соңын ойдан шығарып аяқтайды. Жұмбақтың шешімін айта алады.

Көрнекіліктер: анасы мен қызының, торғайдың мақтаны алып ұшып бара жатқан иллюстрациялық суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.

Сөздік жұмыс: күн өтпей жатып, шапан.

Полилингвальді компонент: мақта – вата – cotton; ана – мать – mother; торғай – воробей – sparrow.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа. Үлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзі де.

2. Негізгі кезең

Педагог жұмбақ жасырады.

  • «Өзі аппақ қардай, жұмсақтығы мамықтай». Ол не? (Мақта)

  • Мақта – жұмсақ, аппақ болады. Мақтадан киімдер дайындайды, көрпе жасайды.

  • Бүгін біз мақта туралы Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Бір уыс мақта» деген қызықты әңгімесімен танысамыз.

Әдеби жанрдың бір түрі – әңгіме екенін түсіндіру. Әңгіменің басқадан ерекшелігі – қысқа оқиғаны баяндайды.

Әңгімені мәнерлеп оқып береді. Мазмұнын түсіндіреді. Сөздік жұмыс:

Күн өтпей жатып – бір күннің ішінде болған оқиға.

Шапан– қазақтың ұлттық сырт киімі.

Полилингвальді компонент: мақта – вата – cotton; ана – мать – mother; торғай – воробей – sparrow.

Сұрақ-жауап:

  • Әңгіме қалай аталады?

  • Кішкентай қыз не істеп отырды?

  • Анасы қызына қандай ақыл айтты?

  • Қыз мақтаның қалған қиқымын қайда лақтырды?

  • Оны не алып кетті?

  • Анасы оған не деді?

  • Әңгімені қалай аяқтауға болады?



Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Торғай болып ұшайық. Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық.



  • Әңгімені есімізге түсіріп қайталайық.

Күн өтпей жатып, шапан сөздерінің мағынасын қайталау.

3-4 балаға сюжет бойынша шығармашылықпен әңгімелету. Дәптермен жұмыс:

  • Сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баянда.

  • Анасы мен қызы не істеп отыр?

  • Анасы мен қызы терезеден нені көрді?

  • Торғайдың аузындағы не деп ойлайсың?

  • Сен қыздың орнында болсаң, не істер едің?

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

- Сабақта сендерге не ұнады? Немен ұнады?

12 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Әже

Мақсаты: Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін бекіту. Өлеңдегі қоғамдық өмір оқиғалары туралы түсінік беру. Өлеңдегі қоғамдық өмір оқиғалары туралы түсінік беру. Өлең мазмұнымен таныстыру. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.

Міндеттері: Өлең мазмұнын эмоциямен бейнелі қабылдауға, баяндау сипатын сезінуге баулу. Өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттауға үйрету. Өлең мазмұнындағы бейнелеуіш сөздерді қолдану, өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Үлкенді сыйлай білуге, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өлеңнің авторын, тақырыбын, мазмұнын біледі, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Түсінеді: әженің қамқорлығын, мейірімділігін, тәрбиесін түсінеді;

Қолданады: әңгімелесу барысында әже туралы айтып береді, өлеңді мәнерлеп жатқа айтады. Әже туралы сөздерді есіне сақтайды.

Көрнекіліктер: мерекелік суреттер, иллюстрация, әженің суреті, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.

Сөздік жұмыс: кимешек, жаулық.

Полилингвальді компонент: әже – бабушка – grandmother; мереке – праздник – holiday.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі Педагог балалардан жақында қандай мереке келе жатқанын сұрайды.

  • Көктемнің ең алғашқы мерекесі – аналар, әжелер, қыздар мерекесі.

  • Біз аналарымыз бен әжелерімізге арнап қандай тақпақ жаттадық?



2. Негізгі кезең

– Бүгін ақын Әбубәкір Қайранның «Әже» деген өлеңімен танысамыз.

Өлең – әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді.

Кимешегін, жаулығын Теңеп аппақ гүлге мен.

Әжемнің денсаулығын

Тілеп жүрем күнде мен.

Сөздік жұмыс:

Кимешек, жаулық – әжелер киетін баскиім.

Полилингвальді компонент: әже – бабушка – grandmother; мереке – праздник – holiday.

Сұрақ-жауап:

  • Әже қандай адам?

  • Өлең кімге арналған?

  • Сен әжеңе қандай сөздер арнар едің?

Әжелер – өте мейірімді, балаларға, немерелеріне ертегі оқып береді. Немерелері әжесіне тақпақ, өлең айтып береді. Әжелер кимешек, жаулық киеді.

Сергіту сәті:

Біз балдырған баламыз, (өздерін көрсетеді)

Өсіп-өніп толамыз. (екі қолын жоғары-төмен қозғайды)

Күнге қарай талпынып, (бәрі Күнге қарсы қолын маңдайға қояды)

Көкке қолды созамыз. (екі қолды алға созады)

Қанат қағып ұшамыз, (екі қолмен қанат қағатын қимыл көрсетеді)

Қарлығаштай самғаймыз. (самғап ұшуды бейнелейді)



  • Өлеңді қайталап есімізге түсірейік.

Өлең шумағындағы кимешек, жаулық сөздерінің мағынасын қайталау.

3-4 балаға өлеңді мәнерлеп қайталатып айтқызу.

Дәптермен жұмыс:

  • Суретте не бейнеленген? Сурет саған ұнады ма? - Суреттен кімдерді көріп тұрсың?

  • Әжесі мен немерелері немен айналысып жатыр?

  • Сен әжеңе қалай көмектесер едің?