ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 70
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көптілділік: жаңғақ – орех – nut, арба – тележка – truck, тасбақа – черепаха – turtle.
Сергіту сәті Ағаштың басында Тұрады бір тиін.
Дәл соның қасында Ойнайды жел-құйын.
Сол тиін-баласы
Қызықтап құйынды, Жапырақ-анасы
Қымтайды құйынды.
Балалар жұмыстарын жалғастырады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Жасалынған жұмыстардан көрме ұйымдастырылады. Балалардың өздері жақсы жасалған жұмыстарды таңдайды, талдау жасап айтып береді.
Педагог қорытынды жасайды.
Балалар аңдар туралы тақпақтар айтып береді.
Мен тиінмін, тиінмін.
Қысқа жылы киіндім, Қоймам толы жаңғаққа Іші жылы үйімнің. «Ақ қоян»
Ақ қоян - ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян,
Қаша берсең, орманға «Қорқағым» деп ат қоям.
Кірпі
Тұмсығында түймесі,
Деп тұрғандай тимеші.
Азулыдан сақтайтын. Кірпінің көп инесі.
№14 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары. таным, коммуникация.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Төбешіктер.
Мақсаты: құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін, төбешіктің негізгі және қосымша бөлшектерін ажырата білу (тірегі, сырғанап түсетін бөлігі, басқыштары, ұстайтын бөліктері т.б.), бөлшектерін атауға үйрету, оларды көлемі, түсі бойынша ажырата білуге баулу.
Міндеттері:
-
құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін атай білу және олардың құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдалануға үйрету; -
құрылыс материалдарымен құрастыруда балалардың ойлау қабілетін дамыту; -
биік төбешіктер құрастыру, құрылысты безендіру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: жасайды: құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін атай біледі және олардың құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдаланады;
түсінеді: құрылыс материалдарымен құрастыра отырып балалардың ойлау қабілеттері дамиды;
қолданады: биік төбешіктер құрастыра алады; құрылысты безендіру үшін түрлі-түсті бөлшектерді пайдаланады.
Алдын ала жұмыс: балаларды балабақша ауласындағы сырғанақтармен таныстыру, олардың құрылысы жайында әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: құрылыс материалдарының жиынтықтары, «Құрастыру» альбом.
Сөздік жұмыс: тірек (перила).
Көптілділік: төбешік – горка – slide, биік – высокий – tall, жылдам – быстро – fast.
ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларға өздері аулада көрген сырғанақтар жайында әңгімелеп беруді ұсынады. Өздері қалай сырғанайтындарын сұрайды.
Енді біз топта өзіміз осындай сырғанақтарға ұқсас «биік төбешіктер» жасап көрейік деп өтініш білдіреді. Бұл – біздің ауладағы сырғанақ, ал енді осыған ұқсас мәшинелер жүріп өте алатын төбешіктерді құрастырып көрейік.
2. Негізгі кезең.
Әр балаға құрылыс материалдарының жиынтықтары беріледі. Биік төбешіктерді құрастыру үлгісі ұсынылады.
Педагог төбешіктердің құрылысын сұрақтар қою арқылы түсіндіреді:
-
тірегі, сырғанайтын бөлігі, шығатын басқыштары т.б. мұнда ең негізгі бөлігі қайсысы? -
қандай бөліктерден бастап құрастыруға болады? -
төбешіктердің биіктігі қандай бөліктеріне байланысты? -
кірпіштер мен текшелерді қалай орналастыруға болады? Төбешікті құрастырудың ретін айтуды ұсынады. Ең бірінші неден бастаймыз, содан кейін? Тағы сол сияқты қай бөліктерін қоюға болады? Төбешікті құрастырудың ҰОҚ-сын қарап шығу ұсынылады, балалар өздігінен дербес әрекет ете отырып, «төбешікті» құрастыруға кіріседі. -
Біз жасайтын төбешікті мәшинелер жүретін, яғни мәшине жылдам шыға алатын немесе баяу жүру үшін қалай құрастыруға болады? - Мәшине неғұрлым жылдам шыға алатындай етіп құрастыру үшін не істейміз?
Көптілділік: төбешік – горка – slide, биік – высокий – tall, жылдам – быстро – fast.
Сергіту сәті
Қандай ғажап күн бүгін Күміс-күлкі, жан-жағың. Көрдің бе, достардың Төбешікті құрғанын!
Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық.
Балалар жұмыстарын жалғастырады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог балаларға өздері жасаған «биік төбешіктерді» қалай жасағандары туралы айтып беруді өтінеді. Педагог қорытынды жасайды.
№15 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Мысық (сіріңке қораптарынан).
Мақсаты:түрлі түстерді үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан әртүрлі заттар құрастыруға үйрету, қалдық материалдармен жұмыс кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қиялын дамыту, мақсатты түрде ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
қалдық материалдармен заттар құрастыра білуге үйрету; -
қалдық материалдарды мақсатты түрде пайдалана білуді бекіту;
-сіріңке қораптарына қағазды қиып жапсыруға, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: жасайды: қалдық материалдармен заттар құрастыра алады; түсінеді: қалдық материалдарды мақсатты түрде пайдалана біледі;
қолданады: сіріңке қораптарына қағазды қиып жапсырады, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыланады.
Алдын ала жұмыс: сіріңке қораптарынан басқа бейнелер жасап көрсетеді.
Көрнекі құралдар: сіріңкенің қорабы, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, «Құрастыру» альбомы.
Сөздік жұмыс: мамық, үлпілдек, марғау т.б.
Көптілділік: мысық – кошка – cat, марғау – котенок –kitten, сіріңке – спички – matches.
ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог: Ерте, ерте, ертеде ... Алыс, алыс өлкеде Ақмамық деген мысық өмір сүріпті, ол сондай аппақ, әдемі, сүйкімді болыпты, бірақ оның достары болмапты. Ақмамық бір күні терезе алдында отырып, далада ойнап жүрген өзі сияқты мысықтарды көреді де, өзіне дос іздейді. Өзіне достар іздеп көп жерлерге барады, кішкентай балалардан көмек сұрайды, сөйтіп жүріп «Көгершін» деген балабақшаға барады, бірақ олар оған көмектесе алмады.
–Балалар, Ақмамық енді сендерден көмек сұрап бүгін бізге келіпті.
Қалай, балалар, Ақмамыққа көмектесеміз бе?
2. Негізгі кезең.
Педагог бірнеше үлгілерді көрсетіп, талдау жасайды: – сіріңкенің бос қорабын аша отырып, оны түрлі
түсті қағазбен (түсін бала өзі таңдайды) айналдыра желімдейді;
-
төменгі бөлігі – денесі, жоғарғы бөлігі – басы; -
құлағы, көздері мен құйрығын басқа қағаздардан қиып алып жапсырады.
Көптілділік: мысық – кошка – cat, марғау – котенок – kitten, сіріңке – спички – matches.
Сергіту сәті
Көлбең- көлбең, көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Мысығым қалай жүреді, Кім көрсете біледі? Көлбең- көлбең, көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем.
Мысығым былай жүреді.
Көлбең- көлбең, көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Күшігім қалай жүреді Кім көрсете біледі? Көлбең- көлбең, көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем.
Күшігім былай жүреді.
Балалар жұмыстарын жалғастырады.
Педагог балалардың сіріңке қораптарымен жұмыс жасауына басшылық жасалып, көмек көрсетіледі.
Мысығына ат қою ұсынылады, қандай қамқорлық жасайтынын әңгімелейді.
3. Рефлексия.
Ең жақсы жасалған жұмыс таңдалады. Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырады, мысық жаңа достарымен фотосуретке түсуін сұрайды. Педагог қорытынды жасайды.
№16 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Күшіктер.
Мақсаты: қағазбен жұмыс жасауда жолақ қағаздардан үлкен, кіші цилиндр пішінін жасауға және олардан күшіктің бейнесін жасай алуға үйрету, күшіктің ұсақ дене бөліктерін өздігінен толықтыру, күрделі емес композицияға біріктіру. Шығармашылық қиялды дамыту, үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
қағаздан цилиндр пішіндер жасау арқылы күшікті бейнелей білуге үйрету; -
қағазбен көлемді пішіндер жасауда композицияға біріктіру, ойлау қабілетерін дамыту;
-қағазбен жұмыс жасауда еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: жасайды: қағаздан жасалған цилиндр пішіндерден күшікті бейнелей біледі, оның дене бөліктерін құрастыруды үйренеді;
түсінеді: күшіктің ұсақ дене бөліктерін өздігінен толықтырады, қайшымен қағазды тілік етіп кеседі, ойып ала біледі, күрделі емес композицияға біріктіреді; қолданады: қағазбен жұмыс жасауда бастаған ісін соңына дейін аяқтай білуге дағдыланады.
Алдын ала жұмыс: «Ит күшіктерімен» деген сурет бойынша әңгімелету. Күшіктер туралы тақпақ немесе ертегі оқып беру.
Көрнекі құралдар: үлгі суреттер, көрнекіліктер, қиып жапсыруға арналған құрал-жабдықтар, «Құрастыру» альбомы.
Сөздік жұмыс: арсылдайды, ырылдайды, қыңсылайды.
Көптілділік: күшік – щенок – puppy, ит – собака – dog.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагогбалаларға жұмбақ жасырады:
Үй күзетіп қалады,
Кейде мал да бағады. Ызасы келсе қабады
Шешуін кім табады?
(Ит)
Педагог ит туралы әңгіме айтуды ұсынады:
- Ит – адамның досы. Ит үйді күзетеді. Иттің баласы күшік. Педагог балаларға ит пен күшікті қағаздан жасауды ұсынады.
2. Негізгі кезең
Педагог күшіктің бейнесін үлгі бойынша талдау жасайды:
-
үлкен жолақ қағаздан күшіктің дене бөлігін, кіші жолақ қағаздан басын, одан кіші жолақтардан аяқтары мен тұмсығының жасалу ретін
түсіндіреді;
-
жолақты орап, желімдеу жолдары көрсетіледі; -
цилиндр пішіндерді бір-біріне қалай желімдеудің жолдары түсіндіріледі; -
құйрығы мен құлағын, көзін, тілін түрлі түсті қағаздан қиып жапсыруға болатынын айтады.
Көптілділік: күшік – щенок – puppy, ит – собака – dog.
Сергіту сәті
Күшіктің құлағы ұзын,
Салпияды,
Қодықтың құлағы ұзын, Қалқияды. Әңгімесін өзара Айтып олар,
Бірін-бірі тыңдайды Қайтіп олар?! «Мысық пен күшік» туралы ән айтамыз.
Ала мысық паңданады мяу, мяу, мяу,
Әлденеге қамданады мяу, мяу, мяу, Ала мысық айлалы жан - жағына қарады мяу, мяу, мяу,
Айналаны қорғаштап ав, ав, ав,
Ұзын тілі салпақтап ав, ав, ав,
Қос құлағы салбырап
Достық жайлы ән шырқайды ав, ав, ав, мяу, мяу мяу.
Балалар жұмыстарын жалғастырады.
Педагог жұмыс барысында қиындықтар туындаған балаларға көмек көрсетеді.
Педагог балалардан ит, күшік қалай дыбыстайтынын сұрайды.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалардын жұмыстарына талдау ұйымдастырады. Көрме ұйымдастыру.
№17 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: таным, әлеумет.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Шырша бүрлерінен құрастыру.
Мақсаты: табиғи материалдармен таныстыруды жалғастыру және онымен жұмыс жасауды бекіту, шырша бүрлерінен алуан түрлі бейнелерді жасауға дағдыландыру, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
табиғи материалдарды мақсатты пайдаланып жұмыс жасауды бекіту; -
шырша бүрлерінен аңдар, құстар бейнелерін жасай білуге үйрету; -
табиғи материалдармен жұмыс жасау кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру; шырша бүрлерінен көлемді пішіндерді жасай білу және ұқыпты жұмыс
істей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: табиғи материалдарды мақсатты пайдалана алады, шырша бүрлерінен аңдар, құстар бейнелерін жасайды;
түсінеді: табиғи материалдармен жұмыс жасау кезінде өз қызметін жоспарлай алады; қолданады: шырша бүрлерінен көлемді пішіндерді жасай алады және ұқыпты жұмыс істей білуге дағдыланады.
Алдын ала жұмыс: шырша бүрлерінен жасалған құстардың бейнелері.
Көрнекі құралдар: шырша бүрлері, ермексаз, бұтақтар, құстың қауырсындары т.б., «Құрастыру» альбомы.
Сөздік жұмыс: шырша бүрлері, Африка, шөл, түйеқұс.
Көптілділік: шырша бүрлері – шишки – bumps, түйеқұс – страус – ostrich.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Педагог жұмбақ жасырады.
Аяғы түйеге ұқсайды Құс болса да ұшпайды
(Түйеқұс)
Топқа пошташы келіп, педагог хат пен үлкен қорапты ұсынады.
Педагог хатқалтадағы хатты ашып оқиды.
- Балалар, бізге жіберілген хатта Африка балалары сендерден көмек сұрапты, олардың бір түйеқұсы ауырып қалыпты, егер біз түйеқұстың бейнесін жасап Африкаға беріп жіберсек, онда түйеқұсқа көмегіміз тиер еді. Балалар, сендерге хатпен мынадай шырша бүрлерін беріп жіберіпті, осы шырша бүрлерінен біз түйеқұсты бейнелейміз.
2.Негізгі кезең.
Педагог құстың бейнесінің жасалу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді:
-
шырша бүрлерінен жасалған бейнелерді талдау жасау; -
аңдар, құстар, жануарлардың бейнесінің жасалу жолдарын көрсетіп, түсіндіру; -
орындалу ретін қайталап айтқызу; -
шырша бүрлерімен өте ұқыпты жұмыс жасау ескертіледі және оны ермексаз арқылы бекітуді көрсетеді.