Файл: Ф. Н. Жмабекова, А. А. Ойшыбаева растыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 72

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

түсінеді: шаршы қағазды түрлі бағытта, тегістеп бүктеу біліктері қалыптастырылады; қолданады: қағаздан ұшақты бүктеп жасайды және оны әшекейлей алады, жұмыс орнында тәртіп сақтайды.

Алдын ала жұмыс: әуежай туралы және ұшақтардың суреттерін көрсетіп әңгіме жүргізу.

Көрнекі құралдар: түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, үлгі көрнекіліктер, иллюстрациялық суреттер, альбом «Құрастыру».

Сөздік жұмыс: әуежай, ұшақтар.

Көптілділік: ұшақ – самолет – aircraft, ұшқыш – летчик – pilot, әуежай – аэропорт – airport.

ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог үлгіге талдау жасап, ұшақтардың түрлері туралы әңгімелейді, жұмбақ жасырады.

Жұмбақ: Құстан аумайды, Көкте зулайды.

(Ұшақ)

  1. Негізгі кезең

Ұшақты қағаздан жасалу жолдарын түсіндіреді:

–қағазды қиғашынан қос бүктеу, екі қанатын сыртқа қарай қайырып бүктеу;

- бүктеу сызықтарын мұқит саусақтарымен сындыру, екінші рет бүктеу; -басқа түсті қағаздан жұлдызшалар, дөңгелектер қиып, өз ұшақтарын әшекейлеуді ұсынады;

-шарлар, парашюттер қиып жапсырады.

Көптілділік: ұшақ – самолет – aircraft, ұшқыш – летчик – pilot, әуежай – аэропорт – airport.

Сергіту сәті

Ұшып келем,ұшып келем көгімде, Ұшып келем мөлдір аспан төрінде. Көкте ұшып қызығамын жердегі, Сонау, сонау өзім ұшқан өңірге. Қане, қанат жазайық, Ұшақ боп ұшайық.

Ұшып - ұшып алайық. Орнымызға қонайық. Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

3. Рефлексия.

Педагог балалардың жұмыстарына талдау ұйымдастырып, қорытынды жасайды.

Балалар ұшақтар немесе ұшқыш туралы тақпақ айтады. 1- бала

Мен ұшақпын, ұшамын, Ақ бұлттарды құшамын. Асқар таудан асып, Бәрінен де озамын.

2- бала

Тоқтар ағам - жан ағам, Бұрыннан да ер ед.

Менің батыр ағадан,

Аумай қалғым келеді.

7 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет.

Бөлімі: құрастыру.

Тақырыбы: Орманды мекендеушілер.

Мақсаты:табиғи материалдардан ұсақ заттар жасай білуге үйрету, оларды пайдалана отырып әртүрлі бейнелер жасай білу дағдыларын қалыптастыру, ұжымдық жұмыс жасау арқылы мазмұнды құрастыруға қозғау салу, шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • табиғи материалдардан әртүрлі орман мекендеушілерін жасай білуге үйрету;

  • табиғи материалдарды пайдаланып әртүрлі бейнелер жасай білу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;


-ұжымдық жұмыс жасау және мазмұнды құрастыру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: табиғи материалдардан әртүрлі ұсақ заттар жасай алады; түсінеді: табиғи материалдарды пайдаланып әртүрлі бейнелер жасай білу дағдылары қалыптасады; қолданады: ұжымдық жұмыс жасай біледі және мазмұнды құрастыру арқылы шығармашылық қиялдары дамиды.

Алдын ала жұмыс: еменжаңғақтардан жасалған аңдар әлемі.

Көрнекі құралдар: еменжаңғақтар, ермексаз, аңдар суреті, альбом «Құрастыру». Сөздік жұмыс: еменжаңғақ, бұтақтар т.б.

Көптілділік: еменжаңғақ – желудь – acorn, аю – медведь – bear, түлкі – лиса – a fox.



ҰОҚ-нің барысы


1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Есек құлақты,

Мысық аяқты.

Түйе ерінді Ешкі құйрықты Халық «қу» деп, Күлкі еткен.

Айласы көп

Бұл не?

(Түлкі)

Қорбаң- қорбаң етеді, Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып ап, Қыста ұйқыға кетеді.

(Аю)

Тақтаға жұмбақтың шешуі болған аңдар ілінеді, әр балаға көңілді және көңілсіз аңдар таратылып беріледі, балалар көңілді аң жасайтынын айтады.

2. Негізгі кезең

Педагог еменжаңғақпен таныстыра отырып, үлгі бойынша талдау жасайды:

  • балалармен құстарды, аңдарды немесе баланың ненің бейнесін жасағысы келетінін келісіп алады;

-еменжаңғақты қалай пайдалану керектігін көрсете отырып, түсіндіреді; - жаңғақты тігінен немесе көлденеңінен пайдалану заттың пішініне сәйкес екенін ескерту, дене бөліктеріне сай келетін табиғи материалдарды таңдап алу;

  • оларды заттың пішініне ұқсастыра отырып бір- бірімен ермексаз арқылы жабыстырады;

  • ұсақ дене бөліктерін (құлағы, көзі, қолға ұстайтын заттары т.б.) толықтырады;

-жасалған жұмыстарды ұжымдық жұмыс ретінде тұтас көрініс бере орналастырады.

Көптілділік: емен жаңғағы – желудь – acorn, аю – медведь – bear, түлкі – лиса – a fox.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Қолды белге қояйық

Оң аяқ, сол аяқ

Шынығып алайық.

Шаршасаңдар, балалар,

Қолдарыңды созыңдар,

Бір, екі, үш, төрт, бес

Саусақтармен ойнаңдар

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын.

Балалар жұмыстарын жалғастырады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

Үстел үстіне орман көрнісі дайындалады, балалар өздері жасаған аңдарын әкеліп орналастырады.

3. Рефлексия.

Балалар ҰОҚ алдында таратылып берген суреттер арқылы қандай көңіл күй алғаны жайлы осы суреттер арқылы көрсетеді. Дайын болған жұмыстарды талдау жасайды.

Педагог қорытынды жасайды.

8 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет.

Бөлімі: құрастыру.

Тақырыбы: Ою-өрнектер.

Мақсаты: қалдық материалдардың түрлерімен таныстыруды жалғастыру, көрнекіліктерді қолдану және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жұмыс жасай білуді дамыту. Сым темірмен жұмыс жасауға дағдыландыру,ою-өрнек элементтерін сым темірді иіп жасауға және одан өрнек құрастыруға жаттықтыру, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру оның ішінде сым темірден ою-өрнек құрастыра білуді үйрету;

  • көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жұмыс жасай білу қабілеттерін дамыту;

  • сым темірден жасалған ою-өрнектердің түрлерін атауды және оюөрнектерді ию арқылы жасай білу, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу;


Күтілетін нәтижелер: жасайды: қалдық материалдардың түрлерімен танысады, сым темірден ою-өрнек құрастыра біледі;

түсінеді: көрнекіліктерді қолданып, ойдан шығарып және өзінің көз алдына елестету арқылы қалдық материалдармен жұмыс жасай алады; қолданады:ою-өрнектердің түрлерін атай біледі және ою-өрнектерді сым темірден ию арқылы жасай алады.

Алдын ала жұмыс: сым темірден жасалынған ою-өрнектер.

Көрнекі құралдар: сым темірлер, ою-өрнектер, альбом

«Құрастыру».

Сөздік жұмыс: ию, бүктеу, «ботакөз», «ботамойын», «қызғалдақ», «сынық мүйіз».

Көптілділік: сым темір – проволока – wire, ою-өрнектер – орнаменты – ornaments, қызғалдақ – тюльпан – tulip, сынық мүйіз – сломанный рог.

ҰОҚ-нің барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, сендерге саяхатқа шыққан ұнай ма?

  • Олай болса, кәне балалар, саяхатқа дайындалайық.

  • Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, қайда келдіңдер?

  • Ою-өрнек әлеміне келдік.

  • Қандай ою түрлерін білесіңдер? (Тақтаға ілінген басқа оюлар түрін көрсетіп), «ботакөз», «бота мойын», «қызғалдақ», «сынық мүйіз» т.б. атайды.

  • Балалар, біз бұл қаладан өзімізбен бірге ескерткішке оюлар алып кетейік, бірақ дайын оюларды емес, өзіміз жасайтын, келістік пе?

2. Негізгі кезең.

Педагог жұмыс ретін таныстырады:

  • сым темірден жасалған ою-өрнектерді қарау және оның жасалу жолдарына тоқталу;

  • 3, 5, 6, 8, 10 см сым темірлерді иіп бүктеу арқылы ою-өрнек құрастыру жолдарын көрсетіп, түсіндіру;

  • 3 см сым темірді ортасынан бүктеп, екі шетін ішіне қарай бүктеп ию арқылы «қошқармүйіз» өрнегін жасау;

  • 5 см сым темірді ортасынан бүктеп, екі шетін сәл ию арқылы «құс қанаты» өрнегін жасап, екеуін біріктіріп, композиция құрастыру; - «ботакөз», «ботамойын», «қызғалдақ», «сынық мүйіз» т.б. ою элементтерін құрастырып, одан композиция құрастыруға бағыт береді.

Көптілділік: сым темір – проволока – wire, ою-өрнектер – орнаменты – ornaments, қызғалдақ – тюльпан – tulip, сынық мүйіз – сломанный рог

Сергіту сәті.

Сыңғыр,сыңғыр, сырғалар, Құлағыңда ырғалар. Оң қолымда білезік, Сол қолымда білезік

Санап көрші кәнекей: 1,2,3,4,5

Сым темірді алайық Сәнді өрнек салайық.

Қолға алып қайшыны,

Ою-өрнек жасайық. (Ф.Ниязбекқызы)

Балалар жұмыстарын жалғастырады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді, баларға өздері жасаған өрнектеріне ат қоюды, оны әдемілеп әшекейлеуді тапсырады.


3. Рефлексия.

Балалар өздері сым темірден жасаған ою-өрнектерінен көрме ұйымдастырады, жақсы жасалған оюлар таңдалады, кімге қандай ою ұнағанын айтып береді. Педагог қорытындылайды.

9 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет.

Бөлімі: құрастыру.

Тақырыбы: Көліктер.

Мақсаты: құрылыс материалдарымен және «Лего» конструкторлармен жұмыс жасай білуге үйрету, берілген тақырыпқа сурет, фотосуреттер бойынша құрылыс салу, оны сөзбен сипаттау арқылы сөздік қорын дамыту. Өз жасаған құрылысын талдау негізінде шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлау, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • құрылыс материалдары мен «Лего» конструкторларды пайдалана отырып көлік түрлерін құрастыруға үйрету;

  • бірнеше бөліктен тұратын заттарды құрастыру,олардың бөлшектерін берік орнату және шығармашылық ойлауды дамыту;

-сурет, фотосуреттер бойынша құрылыс салу, құрастырған көліктерін сөзбен сипаттау, талдау жасау негізінде шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: жасайды: құрылыс материалдары мен «Лего» конструкторларды пайдалана отырып көлік түрлерін құрастыра алады. түсінеді: бірнеше бөліктен тұратын заттарды құрастырады, олардың бөлшектерін берік орнатады және бөліктерінің аттарын атай алады.

қолданады: «Лего» конструкторлардың пішініне, көлеміне қарай таңдай отырып одан әртүрлі көліктер құрастырады, оларды сөзбен сипаттап айтып береді, оларды құру кезеңдерін жоспарлай алады.

Алдын ала жұмыс: оқу қызметінен тыс уақыттарда «Лего» конструкторлардың пішініне, көлеміне қарай талдау жасау және оны берік бекіте білуге жаттығу.

Көрнекі құралдар: конструктор «Лего», көлік түрлерінің суреттері, фотосуреттер, «Құрастыру» альбом.

Сөздік жұмыс: «Лего».

Көптілділік: көлік – транспорт – transport, ұшақ – самолет – aircraft мәшине – машина – a car, қайық – лодка – a boat

ҰОҚ-нің барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог балаларға бүгін ағаш құрылыс материалдары емес, «Лего» құрылыс материалдарынан әртүрлі көлік түрлерін жасайтындықтарын айтады. 4–5 баладан шағын топтарға бөлінеді.

  1. Негізгі кезең.

Педагог балалармен көлік түрлерінің суреттерін және фото суреттерді қарап, олардың жеке бөліктеріне назар аударады. Осыдан кейін балаларға ұшақтың, мәшиненің, қайықтың, мотоциклдің үлгілерін қарап көруді ұсынады.