Файл: Ф. Н. Жмабекова, А. А. Ойшыбаева растыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 71

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


–Қандай негізгі бөліктері бар? – деп сұрайды.

Көліктердің қайсысын құрастыратынын таңдап, оларды құрастыру үшін үлгі суреттерді қарап көруге және ҰОҚ-де қарауға нұсқау береді.

Әр бала өзінің қалауы бойынша көлік түрлерін таңдайды, ол көлікті жасау үшін қандай бөлшектер қажет екенін ойланып, таңдап алыңдар деп ұсыныс жасайды. Олар өздері көліктерді және оның бөлшектерін таңдап, құрастыру іс-әрекетіне кіріседі. Педагог «Лего» констукторлардың тетіктерін, бұрандаларын, басқа да бөлшектерін бір-біріне бекітуге, дұрыс орналастыруға көмектеседі.

Көптілділік: көлік – транспорт – transport, ұшақ – самолет – aircraft мәшине – машина – a car, қайық – лодка – a boat.

Сергіту сәті

Бағанға ілінген

Аспалы сым жолы бар. Көшелерде жүгірген Троллейбус жолығар. Сым жолымен зырлайды Басқа жаққа аумайды.

Балалар жұмыстарын жалғастырады.

Кім тез, жылдам жасағандары болса, оларға педагог тапсырманы күрделендіріп, жол, автотұрақ, қақпа жасауға тапсырма береді. Әр балаға жеке көмек көрсетіліп, нұсқау беріп, іс-әрекетке басшылық жасайды.

3. Рефлексия.

Педагог балалармен бірге талдау жасайды. Өздері жасаған құрылыстарымен ойын ойнауға болатынын ескертеді.


№10 ұйымдастырылған оқу қызметі




Білім беру салалары: таным, әлеумет.

Бөлімі: құрастыру.

Тақырыбы: Түлкі мен ешкі.

Мақсаты: қағаз цилиндрлерден, конустан жануарлардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Пішіндердің түрлі күйлері мен қалыптарын бере білу, оларды күрделі емес композицияларға біріктіру қабілеттерін дамыту. Жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте білуге дағдыландыру, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

-қағаз конустан ертегі мазмұны бойынша түлкіні басқа да жануарлардың пішіндерін жасай білуге үйрету;

- қағазбен жұмыс жасай отырып оларды күрделі емес композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру;

-жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте білуге дағдыландыру, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: қағаз конустан ертегі мазмұны бойынша түлкіні жасай алады;

түсінеді: қағазбен жұмыс жасай отырып оларды күрделі емес композицияларға біріктіеді; қолданады: жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгертуге дағдыланады және еңбек нәтижесіне жете алады.

Алдын ала жұмыс: ертегі мазмұнын оқып беру және өздеріне әңгімелету.

Көрнекі құралдар:
конус түрінде жасалған бірнешеүлгілер (қоян, мысық, күшік т.б.), түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім т.б., «Құрастыру» альбом.

Сөздік жұмыс: ертегі мазмұнында кездесетін балаларға түсініксіз сөздердің мағынасын ашу.

Көптілділік: түлкі – лиса – a fox, ешкі – коза – goat, ертегі – сказка – fairy tale.

ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі.

«Түлкі мен Ешкі» ертегісін педагог балалардан сұрау арқылы естеріне түсіреді. Жұмсақ ойыншық «түлкі» қонаққа келеді.

2. Негізгі кезең.

Педагог түлкінің конус пішінінен жасалған үлгісін көрсетіп, талдау жасайды:

-дөңгелектен қиылған пішіндерді ортасынан бүктеп

қиып алады;

  • жарты дөңгелекті орап бүктеу арқылы желімдеп, денесін, екінші бөлігінен басын жасауды көрсетеді;

  • құлақтары, көзі, құйрығын түрлі түсті қағаздардан қиып жапсыруға бағыт береді.

Көптілділік: түлкі – лиса – a fox, ешкі – коза – goat, ертегі – сказка – fairy tale.

Сергіту сәті Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Түлкіге ұқсайық,

Бұлаңдап құйрығы.

Мысыққа ұқсайық,

Керіліп, созылып,

Қоянға ұқсайық,

Секіріп, секіріп жүгірген

Шық алға оң аяқ,

Шық алға сол қаяқ,

Шаршаған кездерде

Дем алып отырдық.

Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды. Жұмыстарды талдау ұйымдастырады. Ертегіні балалар сахналайды


№11 ұйымдастырылған оқу қызметі




Білім беру салалары: таным, әлеумет.

Бөлімі: құрастыру.

Тақырыбы: Киіз үй.

Мақсаты: киіз үй құрастыруда оның негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету. Киіз үйдің суреті бойынша құрастыра білуге, жасаған құрылысын талдай білуді бекіту, оларды құру кезеңдерін жоспарлау, құрастыру барысында өзара келісімге келуге, қарым-қатынас мәдениетіне, тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • киіз үй құрастыруда оның негізгі бөліктерін ажырата алу және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету;

  • киіз үйдің бөліктерінің атауларымен таныстыру, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіру, жасаған құрылысын талдай білу;

-киіз үйді ұсынылған талаптар бойынша құрастыру іскерлік-дағдыларын қалыптастыру, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: құрылыс материалдарымен құрастыру дағдылары қалыптасады, киіз үй құрастыруда оның негізгі бөліктерін ажыратады және оған тән бөлшектерін атай алады;

түсінеді:

киіз үйдің бөліктерін атауларын біледі, оның адам өміріндегі маңызын түсінеді, жасаған құрылысына талдау жасай алады; қолданады: киіз үйді ұсынылған талаптар бойынша құрастыра алады, іскерлік-дағдылары қалыптасады, бастаған ісін соңына дейін жеткізе алады.

Алдын ала жұмыс: киіз үй суреттерін көрсету, жақын маңайдағы қазақ үйлерге саяхатқа апару көзделеді.

Көрнекі құралдар: ойыншық киіз үй құрастыру материалдары, «Құрастыру» альбомы.

Сөздік жұмыс: сықырлауық, кереге, уық, қаламдық,туырлық, түндік т.б.

Көптілділік: киіз үй – юрта – yurt, сықырлауық – дверь юрты, кереге – решетчатые стены юрты, шаңырақ – верхняя часть юрты, есік – дверь – door, босаға – порог – threshold.

ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Киіз үй жайында педагогтің әңгімесі және балалардан білетіндерін сұрау. Ойыншық киіз үйдің үлгісіне талдау жасау.

2. Негізгі кезең.

Педагог құрастыру ойыншығы бойынша көрсете отырып түсіндіреді: - киіз үйді құрау үшін алдымен сықырлауық есіктің жақтауындағы ағашқа кереге қанатындағы ойықты келтіріп, керегелердің де қанатын ағаштардың ойықтарына дәлдеп келтіріп, дөңгелете шеңбер жасап құрайды;

  • есік жақтауындағы ілмекке беларқанды тартып, керегелердің қозғалмай, нық тұруын қамтамасыз етеді;

  • кейін шаңырақты көтеріп, дөңгеленген шаңырақтың көздеріне немесе «қаламдыққа» уықтардың басын «кигізеді», екінші басын керегенің жоғарғы басындағы ойықтарға дәлдеп келтіреді; - барлық уық қадалып болғаннан кейін үйдің киіздерін жабады. Алдымен керегені айналдыра туырлықты ілгектері арқылы бекітіп, содан соң уықтың үстіне үзіктерді келтіреді;

  • шаңыраққа түндікті жауып, бауларын ретке келтірген соң киіз үй дайын болады. Ішкі жабдықтарын орын-орнына қоюға тапсырма береді.

Көптілділік: киіз үй – юрта – yurt, сықырлауық – дверь юрты, босаға – порог юрты, кереге – решетчатые стены юрты, шаңырақ – верхняя часть юрты, есік – дверь – door, босаға – порог – threshold.

Сергіту сәті

Кәне, кәне, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ енді шеңберге, Шаңырақты құрайық.

Уықтарша иіліп, Керегеге киіліп

Киіз үйді құрайық.

Балалар жұмыстарын жалғастырады.

Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар киіз үйдің ішінде отбасы мүшелері қалай отыратынын, атааналарын қай жерге отырғызуға болатынын, педагогтің көмегімен ойыншықтарды құрастырған киіз үйдің ішіне орналастырады.


3. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балалардын жұмыстарына талдау ұйымдастырады.

12 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет.

Бөлімі: құрастыру.

Тақырыбы: «Сиқырлы» қораптар.

Мақсаты:балалардың қалдық заттармен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, тіктөртбұрышты және цилиндр пішіндерден жануарлардың бейнесін жасай білуге үйрету. Пішіндердің түрлі күйлері мен қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіру қабілеттерін дамыту. Жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте білуге дағдыландыру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу Міндеттері:

  • тіктөртбұрышты және цилиндр пішіндерден түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып жануарларды жасай білуге үйрету;

  • қалдық заттарды, қораптарды пайдалана отырып көрсеткен үлгіге сәйкес бейнелерді жасай білу, ой-қиялын дамыту;

  • қалдық заттардан жасалған ойыншықтарды өздігінен безендіру және шығармашылықпен еңбек ету, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу; Күтілетін нәтижелер: жасайды: тіктөртбұрышты және цилиндр пішіндерден түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып жануарларды жасай алады; түсінеді: қалдық заттарды, қораптарды пайдалана отырып көрсеткен үлгіге сәйкес бейнелерді жасайды;

қолданады: қалдық заттардан түрлі ойыншықтар жасауға дағдыланады, оларды өздігінен безендіреді және шығармашылықпен еңбек ете алады, ұқыпты жұмыс жасай біледі.

Алдын ала жұмыс: қажетсіз заттардан жасалған бейнелерді көрсетеді, өздері осындай заттарды жинап алып келулеріне тапсырма беріледі.

Көрнекі құралдар: өндіріске қажетсіз заттар: бос қораптар, ыдыстар, босаған құтылар, йогурт қораптары, конфеттердің қораптары т.б., «Құрастыру» альбом.

Сөздік жұмыс: құтылар, йогурт қораптары, қажетсіз заттар. Көптілділік: сиқырлы – волшебные – magical, кораптар – коробки – boxes , ойыншық – игрушки – toys.

ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог қораптардан жасалған ойыншықтарды көрсетіп, әңгімелейді. Үлгіні талдау жасай отырып балалардың қандай бейнелер жасағысы келетінін ойландырады.

2. Негізгі кезең.

Балаларға пішіні әртүрлі қораптар беріледі, оны түрлі түсті қағазбен жапсыруды көрсетеді; сиыр, балық, қоян т.б. жануарларды жасау үшін оны орындау ретін түсіндіреді: денесі, басы, құйрығы, құлақтары, көздері т.б.;

  • дене бөліктерінің жасалу жолдарын түсіндіреді;

  • қағазды қиып жапсыруға бағыт беріп, көмектесіп, басшылық жасалады;

  • бұл қораптар жай қорап емес, «сиқырлы» қораптар екенін дәлелдейді; - үлгілерді көрсетіп, қораптардан әртүрлі бейнелер жасайды. Көптілділік: сиқырлы – волшебные – magical, кораптар – коробки – boxes, ойыншық – игрушки – toys.


Сергіту сәті Орамжапырақ?

Сәбіз бе?

Жүрген шығар дәм іздеп. Көрген кезде көжекті Қас қағымдай тез өтті.

Ұратындай қамшымды ап,

Дір-дір етіп, қалшылдап, Қарғып өтіп көгалды,

Атқан оқтай жоғалды.

Балалар жұмыстарын жалғастырады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.

3. Рефлексия.

Дайын болған жұмыстардан көрме ұйымдастырылып, балалардың еңбектері мадақталады. Педагог қорытынды жасайды.

13 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет.

Бөлімі: құрастыру.

Тақырыбы: Жаңғақ қабығынан құрастыру.

Мақсаты: табиғи материалдарды мақсатты пайдалана білуді бекіту, онымен жұмыс жасау кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, грек жаңғағын пайдалану арқылы белгілі бір заттардың бейнесін құрастыра алуға дағдыландыру, ой-қиялын дамыту; ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • табиғи материалдардан әртүрлі бейнелерді жасай білуді үйрету;

  • жұмыс жасау кезінде өз қызметін жоспарлай білу және ой-қиялын дамыту;

  • жаңғақтарды пайдаланып белгілі заттардың бейнесін жасай білу;

-еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: жасайды: табиғи материалдардан әртүрлі бейнелерді жасай алады; түсінеді: жұмыс жасау кезінде өз қызметін жоспарлай алады; қолданады:жаңғақтарды пайдаланып белгілі заттардың бейнесін жасай білуге дағдыланады. Алдын ала жұмыс: грек жаңғақтарымен жасалынған жұмыстар.

Көрнекі құралдар: грек жаңғақтары, ермексаз, түрлі түсті қағаздар, «Құрастыру» альбом.

Сөздік жұмыс: грек жаңғағы, арба, тасбақа.

Көптілділік: жаңғақ – орех – nut, арба – тележка – truck, тасбақа – черепаха – turtle.

ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог балалардың көңіл-күйін көтеруге арналған шаттық шеңберін жасатады.

Кел балалар күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек Көңілді боп жүрейік.

  • Балалар, тиіннің сүйікті тағамы не?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, ал жаңғақтан көптеген әдемі заттар жасауға болатыны жайлы сендер білесіңдер ме?

Педагог балаларға жаңғақтан жасалынған құстарды, аңдарды көрсетеді.

2. Негізгі кезең

Педагог жаңғақтан жасалған үлгілерді көрсете отырып талдау жасайды: - балалардың қандай бейнелерді жасағысы келетінін сұрау;

  • жаңғақты пайдалану жолдарын көрсетіп, түсіндіру және орындалу ретін атап өту;

  • жаңғақтарды бір-бірімен және басқа бөліктерімен ермексазбен бекітуді көрсету;

  • басқа дене бөліктеріне табиғи материалдар, (жапырақ, бұтақтар, жемістер, ермексаз т.б.) түрлі түсті қағаздарды да пайдалануға болатынын түсіндіру.