ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 68
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары
Айы | Оқу қызметінің тақырыптары | Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты мен міндеттері | Сағат саны | Мерзімі |
Қыр- гүйек | 1.Ұшақ | Мақсаты: құрылыс материалдарынан құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету. Міндеттері:
| 1 | 0609 |
2.Көңілді автобус | Мақсаты:қағазды ортасынан қос бүктеу, түрлі бағытта, тегістеп бүктеу тәсілімен таныстыру. Міндеттері:
| 1 | 1309 |
Қазан | 3.Жәндіктер | Мақсаты: табиғи материалдардың түрлерімен таныстыру, олардан әртүрлі ұсақ заттар дайындай білуге үйрету. Міндеттері: -табиғи материалдардын түрлерімен таныстыру және олардан жәндіктерді құрастыруды үйрету;
| 1 | 2009 |
4.Жануарлар әлемі | Мақсаты:қалдық заттардың түрлерімен таныстыру, оларды пайдалана білуге үйрету. Міндеттері: - киндер қауашақтарынан аңдардың бейнесін жасай білуге үйрету; -қалдық заттармен жұмыс жасауда шығармашылық ойлауды дамыту; сөзбен сипаттау арқылы сөздік қорын дамыту; -ұқыптылыққа тәрбиелеу; | 1 | 2709 | |
Қараша | 5. Менің үйім | Мақсаты:құрылыс материалдарынан құрастыру дағдыларын қалыптастыру, үй құрастыруда оның негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету. Міндеттері:
-отбасына деген сүйспеншілік сезімдерге тәрбиелеу. | 1 | |
| 6.Әдемі | Мақсаты: қағаздан құрастыруға үйретуде түрлі | 1 | |
| ұшақтар | бағытта: тегістеп бүктеу, шаршы қағазды бүктеу біліктерін қалыптастыру; Міндеттері:
-ұшақты әшекейлеу, жұмыс орнында тәртіп сақтай білуге тәрбиелеу. | |
Желтоқсан | 7.Орманды мекендеушілер | Мақсаты:табиғи материалдардан ұсақ заттар жасай білуге үйрету, оларды пайдалана отырып әртүрлі бейнелер жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері:
-ұжымдық жұмыс жасау арқылы мазмұнды құрастыруға қозғау салу, шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту;
| 1 |
8. Оюөрнектер | Мақсаты: қалдық материалдардың түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Сым темірмен жұмыс жасауға дағдыландыру, Міндеттері: - сым темірден ою-өрнек құрастыра білуді үйрету; -көрнекіліктерді қолдану және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жұмыс жасай білуді дамыту; -сым темірден жасалған ою-өрнектердің түрлерін атауды және ою-өрнектерді ию арқылы жасай білу, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу. | 1 | |
Қаңтар | 9. Көліктер | Мақсаты:құрылыс материалдарымен және «Лего» конструкторлармен жұмыс жасай білуге | 1 |
| | үйрету. Міндеттері:
түрлерін құрастыруға үйрету;
-берілген тақырыпқа сурет, фотосуреттер бойынша құрылыс салу оны сөзбен сипаттау арқылы сөздік қорын дамыту. Өзі жасаған құрылысын талдау негізінде шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлау, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу. | |
10. Түлкі мен ешкі | Мақсаты: қағаз цилиндрлерден, конустан жануарлардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Міндеттері: -қағаз конустан ертегі мазмұны бойынша түлкіні және басқа да жануарлардың пішіндерін жасай білуге үйрету;
нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу | 1 | |
Ақпан | 11. Киіз үй | Мақсаты: киіз үй құрастыруда оның негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету. Міндеттері:
-құрастыру барысында өзара келісімге келуге, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу. | 1 |
| | | |
12. «Сиқырлы» қораптар | Мақсаты:балалардың қалдық заттармен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, тіктөртбұрышты және цилиндр пішіндерден жануарлардың бейнесін жасай білуге үйрету. Міндеттері: -тіктөртбұрышты және цилиндр пішіндерден түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып жануарларды жасай білуге үйрету;
| 1 | |
Наурыз | 13.Жаңғақ қабығынан құрастыру | Мақсаты: табиғи материалдарды мақсатты пайдалана білуді бекіту, грек жаңғағын пайдалану арқылы белгілі бір заттардың бейнесін құрастыра алуға дағдыландыру. Міндеттері:
жаңғақтарды пайдаланып белгілі заттардың бейнесін жасай білу. -жұмыс жасау кезінде өз қызметін жоспарлай білу және ой-қиялын дамыту;
| 1 |
| 14. Төбешіктер | Мақсаты: құрылыс материалдарының негізгі бөліктерін, төбешіктің негізгі және қосымша бөлшектерін ажырата білу (тірегі, сырғанап түсетін бөлігі, басқыштары, ұстайтын бөліктері т.б.), бөлшектерін атауға үйрету, оларды көлемі, түсі бойынша ажырата білуге баулу. | 1 |
| | Міндеттері:
үйрету;
| |
Сәуір | 15. Мысық | Мақсаты: қалдық материалдармен жұмыс кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру, түрлі түстерді үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан әртүрлі заттар құрастыруға үйрету. Міндеттері:
| 1 |
16. Күшіктер | Мақсаты: қағазбен жұмыс жасауда, жолақ қағаздардан үлкен, кіші цилиндр пішінін жасауға және олардан күшіктің бейнесін жасай алуға үйрету. Міндеттері:
-күшіктің ұсақ дене бөліктерін өздігінен толықтыру, күрделі емес композицияға біріктіру. Шығармашылық қиялды дамыту, үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. | 1 | |
| | | |
Мамыр | 17. Шырша бүрлерінен құрастыру | Мақсаты: табиғи материалдармен таныстыруды жалғастыру және онымен жұмыс жасауды бекіту. Міндеттері: -табиғи материалдарды мақсатты пайдаланып жұмыс жасауды бекіту, шырша бүрлерінен аңдар, құстар бейнелерін жасай білуге үйрету; -шырша бүрлерінен алуан түрлі бейнелерді жасауға дағдыландыру, табиғи материалдармен жұмыс жасау кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру; -шырша бүрлерінен көлемді пішіндерді жасай білу және ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу. | 1 |
18. Менің балабақшам. (Ұжымдық жұмыс) | Мақсаты: ұжымдық мазмұнды құрастыруда құрылыс материалдарынан балабақшаны құрастыруды үйрету, балабақшаның басқа ғимараттардан ерекшелігін сезіну. Міндеттері:
дамыту;
| 1 | |
Барлығы | | | 18 |
Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары
№ 1 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: таным, коммуникация.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Ұшақ.
Мақсаты: құрылыс материалдарынан құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету.
Міндеттері:
-
құрылыс материалдарынан ұшақты құрастыра білуге үйрету; -
ұшақты құрастыруда оның негізгі бөлігі мен ұсақ бөлшектерін ажырата алу және балалардың ой-қиялын дамыту;
-өзінің іс-әрекетін алдын ала жоспарлау дағдыларын қалыптастыру, батылдыққа, ерлікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: құрылыс материалдарынан ұшақты құрастыра алуды; түсінеді: ұшақты құрастыруда оның негізгі бөлігі мен ұсақ бөлшектерін ажыратуды және балалардың ой-қиялы дамитынын;
қолданады: өзінің іс-әрекетін алдын-ала жоспарлай алады және өз іс- әрекетінде пайдаланады.
Алдын ала жұмыс: ұшақтардың үлгілерін қарап көру, ұшқан ұшақтарға бақылау жасату, ұшақтардың суреттерін көрсетіп әңгімелеу, ұсақ ойыншықтарды (киндер) жинақтау.
Көрнекі құралдар: құрылыс материалдарының жиынтықтары, «киндер сюрпризден» алынған ұсақ ойыншықтар, альбом.
Сөздік жұмыс: әуежай, шасси.
Көптілділік: ұшақ – самолет – aircraft, ұшқыш – летчик – pilot, әуежай
-
аэропорт – airport.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог ұшақ туралы жұмбақ жасырады.
«Құстан аумайды, Көкті жаулайды».
-
Ұшақ қандай көлік түріне жатады? – Ұшақтың қандай түрлерін білесіңдер? – Өздерің ұшақпен ұштыңдар ма? Педагог ұшақтардың суреттерін көрсетеді. Балалар қандай ұшақ екенін айтады.
2. Негізгі кезең.
Педагог балалармен бірге ұшақтардың құрылысына талдау жасайды. Үлгіден ұшақтың негізгі бөлігін, қанаттарын, құйрығын, дөңгелектерін (шасси) көрсетеді.
– Осындай ұшақ жасау үшін оның қандай бөлігінен бастаған дұрыс деп ойлайсыңдар?
Педагог тәрбиеленушілерге жұмыстың ретін түсіндіреді.
–Алдымен негізгі үлкен бөлігін, одан кейін ұшақтың қанаттарын, соңынан құйрығы мен дөңгелектерін орналастырамыз. – Ол үшін қандай құрылыс материалдары керек?
Көптілділік: ұшақ – самолет – aircraft, ұшқыш – летчик – pilot, әуежай – аэропорт – airport.
Сергіту сәті:
Көлдерді көктей өт Тауларға жетпей өт! Бұлттарды жарып ұш, Бұлттан да әріге ұш! Тоқтаусыз төтеле, Жетейік көкеме...