Файл: 1. Оытушы туралы мліметтер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 79

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ғылым саласындағы Жаңа дәуірдегі және ең жаңа XXI ғ. мұндай шытырман күрделі өзгерістер философия пәніне өзінің қандайықпалын

тигізді? Расында да, философия жеке ғылымдардың өзінше дербес пәнге айналуымен «жалаңаш корольге» ұқсас болып қалған жоқ па деген сауалдар оқырманның ойына келуі мүмкін.

Мұндай сауалдарға біз үзілді-кесілді: «Жоқ», - дер едік. Өйткені жеке ғылымдар саласы қалыптаса бастасымен-ақ, философия да бірте-бірте өз шынайы мәселелеріне тереңірек қарап, оның өз-өзін табуын жеңілдетті.

Тарихи философияның ғасырлар бойы «натурфилософиялық мәселелермен» айналысу себебі - жеке ғылымдардың дербес пән ретінде өмір сүре алмауы; сондықтан философия жаратылыстану мен әлеуметтік ғылыми деректерді бойына жинап, соларды сараптап, өз ішінде бірте-бірте дамытуға мәжбүр болды. Философия өзіне тән, шегіне жеткен ең жалпы мәселелерді ешқашанда сыртка қалдырған жоқ. Сонымен жеке ғылымдардың калыптасу жолында, философия даөзін ауырлататын натурфилософиялықмәселелерден құтылып, өз-өзіне бірте-бірте келе бастады (nаtura — табиғат, философиялық ой-өрістегі табиғат жөніндегі тұжырымдар).

Қорыта келе, мына пікірді айтуға болады. Философия өзінің тарихи бастауынан бастап, осы заманға дейін - 2,5 мыңжылдық шеңберінде өзінің пәнін, айналысатын мәселелерін өзгерткен жоқ. Жеке ғылымдардың қалыптасуы философияның өрісін тарылтқан жоқ және тарылта алмайды да, өйткені ешбір жеке ғылым дүниенің ең жалпы байланыстары мен қатынастарын зерттемейді. Керісінше, философия өз пәнін ғылыми деректер өскен сайын дамытып, өз өрісін кеңейтіп және тереңдеу үстінде.

Философия пәнінің қайнар көзі - жеке адам, я болмаса әлеуметтік топ, қоғамның Дүние мен адам және олардың арақатынасы жөніндегі жалпы мағлұматты қажет етуінде. Дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады.

Философияның пәні Дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Бұл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап тереңдетсек, онда оның көпқырлылығын көреміз.

Ең бірінші философия пәнінің метафизикалық онтологиялық қыр-сырын атап өтуіміз керек (оntos - грек сөзі, барлық, болу; lоgos - ілім, болмыс жөніндегі ілім). Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Дүниенің негізінде не жатыр? Ол шектелген бе, я болмаса шексіз бе? Мәңгілік, я уақытша ма? Дүниенің өмір сүруінің ішкі мақсат-мұраты бар ма, ол не үшін жаратылған? Адамзат не үшін жаратылды? Адам болмысының мәні неде? Қоғам болмысын анықтайтын заңдар бар ма? т.с.с.


Философия пәнінің екінші үлкен мәселелері ол оның гносеологиялық жақтары (gnоsis - грек сөзі, тану, білу). Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Біз кімбіз және дүниедегі алатын орнымыз қандай? Адамның ақыл-ойы мен зердесінің табиғаты неде және ол Дүниенің ішкі сырын аша ала ма? Ақиқат, шындық дегеніміз не? Сезімдік пен ақыл- ойдың арақатынасы қандай? т.с.с.

Философия пәнінің ажырамас мәселелерінің бірі -ол оның аксиологиялық, яғни құндылық жақтары, құндылық әлемін сараптау. Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, философияда мына сұрақтар бар: шындық, әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Адам өміріндегі еріктік, әділеттілік, теңдік, жақсылық, өлшем, парасаттылық, кұндылықтар қандай орын алады?т.с.с.

Философия пәнінің келесі жағы - ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері (рrасtісоs - грек сөзі, белсенді, іс-әрекетшіл; ргаgmtоs - грек сөзі, іс-қимыл). Өйткені адам Дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрын-соңды болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады. Кең түрде алғанда, философияның праксеологиялық мәселелеріне бүкіл адамзат тарихындағы материалдық және рухани өндірістегі жетістіктері мен тәжірибесі, соларға жеткізген сан алуан адамдардың табиғатпен және өз- өздерімен байланыстары мен іс-әрекеттерін жатқызуға болады. Адам, әлеуметтік топ, я болмаса қоғамның дүниетанымы, дүниені түйсінуі мен оның іс-әрекет белсенділігінің байланысы қандай? Адамның іс-әрекетіне түрткі болатын оның қажеттіліктерінің табиғаты неде? Мақсатқа лайықты іс-әрекет деп нені айтамыз? Адамның іс-әрекетінде мақсат-мұрат пен соған жеткізетін құралдардың арақатынасы қандай? Адам өзінің іс-әрекеттерінен шығатын Дүниеге тигізетін барлық салдарды ескере ала ма? Дүниені адамзат қаншалықты өзгертуі керек және де сол өзгертуде қоғам мен басқа тіршіліктің арақатынасы қандай болмақ? т.с.с. сұрақтар философияның праксеологиялық мәселелерінежатады.

Ең соңында біз философия пәнінің ең нәзік, күрделі, терең ой, телегей- теңіз сезімдер, рухани толғау тудыратын жағын атап өтуіміз қажет. Ол Дүниені өзін-өзі танып-білу дәрежесіне көтерген ең әсем күш -адам.

Адам мәселесі әсіресе XX ғасырдағы ойшылдардың философиясында аса үлкен орын алды. Адам кім? Ол рух па, я болмаса дене ме? Ол не үшін Дүниеге келді? Адамның басқа тіршіліктен айырмашылығы қандай? Адам өмірінің мән-мағынасы неде? Ол өлімнен аттап өтіп, өлместікке жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, я болмаса басқа рухани пенделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің
антропологиялық жағынкөрсетеді.

Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқандай, «адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын». Адамды микрокосм (кіші ғарыш) ретінде макрокосмға (үлкен ғарыш) теңеген ертедегі грек ойшылдарының ойында үлкен сыр жатса керек.

Әрине, философия пәнінің жоғарыда көрсетілген жақтары бір-бірімен өте тығыз байланысты болып, белгілі біртұтас жүйені құрайды. Сонда ғана біз күрделі адам мен дүние арасындағы ең жалпы қарым-қатынастарды толыққанды суреттейаламыз.

Алайда әрбір адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе оны зерттеудегі ерекше бір салаға деген қызығушылығы болуы мүмкін. Әлбетте,

солай болады да. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының өкілдері көбінесе болмыс философиясына (онтология), тәрбие мәселелерімен айналысатындар адам және құндылық философиясына (философиялық антропология мен аксиология), логика және математика салаларының өкілдері таным философиясына (гносеология), өндіріске жақын әртүрлі техникалық мамандар иесі іс-қимыл философиясына (праксиологиялық философия) ерекше көңіл бөлуі мүмкін. Өйткені атап өткен философия салалары олардың мамандығына, білім ерекшелігіне сай келеді. Бірақ, мұның өзі философияның басқа салаларын да ешқашанда естен шығармай, әрқашанда олардың өзара бір- бірімен байланысын мен біртұтастығын ескеріп отыруды талап етеді. Сонда ғана біз философиялық ой-өрістің шеңберінде боламыз. Егерде біз философияның белгілі бір саласын толығынан бөліп алып карасақ, онда ол бірте-бірте жеке ғылымдар саласына қарай жылжып, өзінің философиялық қасиеттерінен айырылып, жеке ғылымдар саласымен сіңісіп кетуі мүмкін. Философия өз-өзін сақтап қалуы үшін, «Адам мен Дүниенің» шегіне жеткен ең жалпы қарым-қатынастарының шеңберінде әрқашанда болуы керек. Бүл философияның ерекшелігі оның негізгі мәселесін шешу арқылы анықталады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.

2. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану.

3.Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.

4.Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі.

5. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.

Әдебиеттер тізімі:
1. А.К.Абдина, Х.С.Абдильдина, Т.М.Садыкова «Философия» оқулық,2016ж.http://portal.kazatu.kz/ebooks/content/4Sh8Dj10s78fJ5B3byVz /

2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін / Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018. – 216 б.

3. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. /Ғылыми ред. Раев Д.С. – Астана, 2018. –360 б.

4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том: Антика философиясы / Ғылыми редактор Молдабеков Ж. Ж. – Астана, 2018. – 408 б.

5. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасыр философиясы / Ғылыми редактор Оспанов С. – Астана, 2018. – 400 б.

3-тақырып. Сана, рух және тіл

Дәріс мақсаты: студенттердің бойында сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі сана, рух, және тіл мәселелерінің философиядағы рөлін түсіну.

Жан философиядан әлдеқайда көбірек жасаған. Әлемнің барлық мәдениеттерінде адамдар өлімнен қүтыламыз деп қиялдаған. Соған сәйкес,«жан» әлемінің антикалық баламасы біздің бойымыздағы өлмейтін нәрсенің символы ретінде пайда болды. Философия пайда болған сәттен бастап дін мен философияның түйіскен тұсында өлімнен кейінгі өмірдің мүмкіндігі мен жан табиғаты басты мәселе болып келеді.

Ибн Сина «Рух дененің қай жерінде орналасқан?» деген күрделі де метафизикалық әрі теологиялық сұраққа практикалық тұрғыдан жауап бермек болып ота жасайды. Бірілері қалбте, яғни жүректе десе, бірілері ол денені түгел қамтып жайылып жатыр деп анықтайды. Ибн Сина рух ол Алланың әміріндегі нәрсе. ол материалды емес, көзге көрінбес, тұрағы болмас дегенді дәлелдеу үшін де осы отаны жасапты… Алдымен адамның аяғын кесіп алып тастайды. Адам тірі. Сосын қолын. Адам тірі. Жүрекке қанжар салғанда адам сұлап түседі. Содан олар енді рух туралы таласпаймыз, Құранда айтылғанға сенеміз. Рух туралы бар жоқ деп айту күпірлік екендеседі.«Қай жерің ауырса жаның сол жерде» Ибн Сина мұны ауыспалы мағынада айтылған дұрыс психологиялық анықтама дейді. Жан ауырса да шіріген тәнді, денені кесіп алып тастау арқылы жанды аман сақтап қалуға болады. Осы аналогия бүгін қазақ деген ұлттың басында тұр. Қазақ денесінде «шірігіген ағзаларды» кесіп алып тастамаса, бүтін дене кеткелі тұр. Қазақтың рухы мәдениеті кетсе, қазақ өлді дей беріңіз… Қазақ мәдениетінің ең басты ағзалары тілі хәл үстінде, діні іріңдеп жатыр, әдет ғұрпы салт дәстүрі, қотыр басқан, тарихы үсіп кеткен, өнерін жара басқан, әдебиеті таз, музыкасы жаз, кеңістігі уланған, уақыты ұрланған, еркі тапталған, саясаты ноқталы…. Бұл «Асанқайғылық» емес… Мемлекет дегеніміз Фараби атамның тілімен айтқанда «Сол құрушы елді бақытқа жеткізу үшін құрылады». Олай
болмай керісінше сорлатып отырса, ол мемлекетте онтологиялық проблема бар деген сөз.

Жаңа заман философиясында, әсіресе, оның таным теориясында пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған И.Кант (1724 – 1804) болды. Канттың айтуынша, зерде дегеніміз - ол да пайым. Бірақ ол – пайымның жоғары формасы. Зерде таным процесінде категориялар арқылы емес, принциптер арқылы көрініс береді. Канттың тілімен айтқанда, адамның “зердесі дегеніміздің өзі - принциптерді тудыру қабілеті”. Кант өзінің философиясында зерденің идеяны тудыратын ерекшелігін айқындап берді. Зерденің негізгі идеялары адам, әлем және Құдай туралы. Бірақ бұл идеяларды тану, оны толығымен зерттеп шығу мүмкін емес. Өйткені олар бір жағынан – жалпылама әрі абстрактылы, екінші жағынан – ешқандай мазмұны, мәні жоқ. Сондықтан зерде әлемді, бүкіл дүниені және олар туралы идеялардың негізін ашамын деп шешілмейтін қайшылықтарға тап болады. Бұл қайшылықтарды Кант өзінің философиясында “зерденің антиномиялары” деп атады. Кант бұл жерде қайшылық тек зерденің табиғатына ғана тән деп анықтама берді. Себебі, зерденің өзі “бүкіл әлемді, дүниені қалай да толық білемін, оның мәнін ашамын” деп өнбейтін іспен айналысады. Осындай ой-пікірлер арқылы Кант өзінің дәуіріне дейінгі философтар мен ойшылдардың арасында кеңінен өркен жайып келген “философия бүкіл әлем туралы ілім” деген көзқарасты қатты сынап отыр. Оның ойынша, бүкіл әлемді білу және оны толығынан тану мүмкін емес. Адам тек қана өзін-өзі білуге ұмтылып, өзінің рухани қызметінен шыққан білімдерге ғана ие бола алады. Ендеше зерденің бұл әрекеті қайшылықтан басқа ештеңе тудырмайды. Кант зерде тудырған қайшылықтарға ерекше назар аудара отырып, оның антиномияларын да жан-жақты талдағанымен, олардың мәнін аша алмады. Олардың белгілі бір шешімге келмейтін себебін зерденің әлемді тануға ұмтылудағы дәрменсіздігі деп білді. Сондықтан Кант ендігі жерде зердені, оның дәрменсіздігін қатты сынға алып, оны айыптауға кірісті. Ал шындығына келгенде, бұл мәселеде ол күтпеген жерден табиғат пен қоғамдағы орын алған қайшылықтарды танимын деп ұмтыла отырып, зерденің диалектикалық сипатына тап болғанын байқамады. Мәселе зердеде емес, дүниедегі шым-шытырық диалектикалық қайшылықтарға толы процесте жатыр еді. Таным процесінің мақсаты – осы қайшылықтардың мәнін ашып, оның шешімін табу болмақ.