Файл: 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 83

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дене температурасының біртіндеп бірнеше күн бойы төмендеуі литикалық деп аталады. Бұл науқастың жалпы жағдайының біртіндеп жақсаруымен

сипатталады. Науқас терлеп, организм әлсірейді. Әдетте температура төмендеген соң науқас ұйықтап кетеді. Оны оятуға болмайды, себебі қажып кетуі мүмкін. Науқастың төсек-орнын жиі ауыстырып, оның жалпы күйін байқап отыру қажет. Науқасқа №15 диета тағайындалып, теріні күту жүргізіледі.

Есіңе сақта: Дене қызуының 37ºС-тан жоғары әрбір градуста, тыныс алу жиілігі-4 есеге артады, ал пульс – ересектерде – 8-10 рет минутына, ал балаларда 20 ретке дейін артады.

Қызбаның түрлері

Жоғарылауы Ұзақтығы Өзгермелі (ауытқу)

бойынша бойынша сипаты бойынша

- субфебрильді 37,1-38 º - өтпелі 2 сағатқа дейін - тұрақты

- фебрильді 38,1º -39 ºС; - жедел бірнеше сағаттан - әлсіретуші

- жоғары қызбалы 15 күнге дейін - ұстамалы

температура 39,1º-40ºС; - жедел эфимерлі бірнеше -толқын тәрізді

- гиперпиретикалық сағаттан 2 күнге дейін - бұрмаланған

41 ºС жоғары - жеделдеу 10-45 күнге дейін - лизис

Тамыр соғысы (пульс) және оның сипаттамасы

Тамырдың соғысы (пульс) дегеніміз- жүректен шыққан қан қимылының әсерінен тамыр қабырғаларында болатын түрткі сияқты тербеліс. Тамыр соғысы жүректегі қанның жылдамдығына сонымен қатар, артерия қан тамырының қабырғасының эластикалық кеңуіне байланысты болады.

Тамыр толқынының 1 минуттағы саны жиілігі деп аталады. Ересек дені сау адамдарда қалыпты тамыр соғысының жиілігі минутына 60-80 рет соғады, бірақ жасына ,жынысына, дене температурасына және қоршаған ортаға, күш түсуге байланысты өзгеріп отырады. Тамырдың жиі соғуы-тахикардия деп, сирек соғуы-брадикардия деп аталады. Егер пульс ырғақты болса, 30 секунд ішінде санап, оны екіге көбейтеміз немесе пульстің санын 15 секунд ішінде санап оны төртке көбейтеміз. Ал ырғақсыз болса, 60 секундтағы санды санап, есептейміз.

Дене қызуы 1 С-қа көтерілсе, тамыр соғысы 1 минутта 8-10 есеге артады.Тамыр соғудың белгісі оның жиілігімен ырғағымен, кернеп, толуымен анықталады.

Тамыр толқынының арасындағы үзіліспен тамыр соғысының ырғақтығы анықталады. Егер тамыр толқыны бірдей болса тамыр соғысы (пульс) –ырғақты (дұрыс), егер тамыр толқыны әртүрлі болса , онда тамыр соғысы –ырғақсыз (дұрыс емес). Дені сау адамдарда жүрек жиырылуы мен тамыр толқынының соғуы бірдей болады. Егер жүрек жиырылуы мен тамыр толқынының арасында айырмашылық болса, онда бұл жағдай
тамыр тапшылығы деп аталады. Есептеуді екі адам жүргізеді: біреуі- жүрек жиырылуын тыңдайды, екіншісі- тамыр соғысын есептейді.

Д ені сау адамдарда күш түскенде спорттық жарыстарда тамыр соғысы жақсы

толығады немесе тамыр соғысы толық болады. Ал қан кеткенде, коллапста, шокта

тамыр соғысының толығуы азайып, бос болады.

Тамыр соғысының толықтығы сол жақ қарыншаның қанды қолқаға айдағандағы қанның мөлшеріне, сонымен қатар тамыр жүйесіндегі айналым қанның жалпы санына байланысты. Жүректің сол жақ қарыншасының босаңсуы мен жиырылуы кезінде,кәрі жілік артериясына саусақпен қысып әр түрлі күш түсіруі арқылы тамыр соғысының толығуының көлемі анықталады.

Тамыр соғысының жылдамдығы тамырдың соғу толқынының көтеріліп, түсуімен анықталады.

Тамыр соғысының кернеуі систолдық артериялық қысымға байланысты болады.Егер қалыпты қысымда артерияны жай күшпен қысып анықтайды, сондықтан қалыпты пульс кернеулігі қанағаттанарлық. Төмен қысымда артерияны қысу саусақпен жеңіл, бұл пульс кернеулігі бойынша жұмсақ деп аталады. Жоғарғы қысымда артерияны күшпен басып, қысамыз, бұл пульс кернеулі.

Тамырдың қатты соғу дәрежесін шамамен ең жоғары қан қысымының мөлшерімен шамалауға болады: қан қысымы неғұрлым жоғары болған сайын, тамыр соғұрлым қатты соғады.

Тамырдың соғуы қан тамыры соғуының толқынын жасайтын қан мөлшерімен анықталады және жүректің жиырылу көлеміне байланысты болады.Тамырдың жақсы соғуы кезінде саусақтың астынан тамырдың қатты соғу толқынын, ал нашар кезінде тамырдың әлсіз соғуының толқыны аз, білінер – білінбес сипап білуге болады. Бұл жүрек бұлшық еті жұмысының нашарлағанын көрсетеді, әсіресе білінер-білінбес соғуы тамырдың білінбей соғуы деп аталады.

Тамыр соғу артериялары үстінде орналасқан және тікелей сол тамырды басып табуға (пальпация) болатын жерлерде зерттеледі. Тамыр соғудың жалпы іздейтін жері- кәрі жілік артериясы. Тамырдың соғуын самай, сондай-ақ ұйқы және ұршық артерияларынан табуға болады. Оны анықтаудың негізгі тәсілі- сипау, әдетте білектің алақан жағындағы 1 саусақтың негізін (кәрі жілік артериясын) сипап табады. Бұлшық ет пен сіңір сипауға кедергі келтірмеуі үшін сырқат қолы еркін жатуы тиіс. Кәрі жілік артериясының соғуын міндетті түрде екі қолдан да анықтап, тек айырмашылық болмаған жағдайда ғана оны бір қолды ұстап анықтайды. Сырқаттың саусақтарын оң қолымен білезік буыны тұсынан еркін ұстайды. Мұнда І саусақты шынтақ жағында, ал ІІ,ІІІ және IV – кәрі жілік, тікелей кәрі жілік артериясына қаратады. Саусақтың астында тамырдың жұмсақ та шымыр соғуы сезілсе, ол қалыпты болғаны. Сынаушының IV саусағы сырқаттың V саусағына қарсы тұруы тиіс. Тамыры соғып тұрған артерияны үш саусақпен сипап тауып, оны орташа күшпен кәрі жіліктің ішкі жағынан басып қысады. Артерияны қатты қысуға болмайды, себебі қысымнан тамырдың соғу толқыны жоғалып кетуі мүмкін. Егер кәрі жілік артериясының соғуы қалай да табылмаса, онда самай немесе ұйқы артериясының соғуын анықтайды.


Пульсты анықтағаннан кейін мәліметті екі тәсілмен белгілейді:

  1. Сандық- медициналық құжаттарға, журналға

  2. Қ исық- графикалық- қызу белгілейтін параққа. Қызу парағындағы бөліктерді анықтау маңызды.

Артериялық қысымды (АҚ) өлшеу .

Артериялық қысым дегеніміз – қанның тамырларға түсіретін күші. Қан қысымы-систолдық (ең жоғарғы), диастолдық (ең төменгі) және пульстік қысым деп үш түрге бөлуге болады. Систолдық қысым дегеніміз - жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған кезде пайда болатын қанның жоғарғы қысымы. Диастолдық қысым дегеніміз- жүректің босаңсуының соңындағы қанның төменгі қысымы. Систолдық қысым мен диастолдық қысымның айырмасын пульсті қысым деп атаймыз. Қазіргі уақытта артериялық қысымды электронды аппаратпен анықтайды, яғни дыбыссыз әдіспен. Артериялық қысымды өлшеу кезінде төмендегі факторларды еспке алу маңызды: манжеттің размерін, мембрананың жағдайын және фонендоскоптың түтікшесін- себебі бұлар жарамсыз болуы мүмкін.

Артериялық қысымды өлшеу процедурасы 1 минутқа созылу керек. Жоғарыдағы көрсетілген факторлар бұзылған болса, артериялық қысымның нақты нәтижесін дұрыс ала алмаймыз.

Артериялық қысым қалыпты жағдайда өзгеруі мүмкін: жасына, сыртқы орта жағдайына, жүйкелік күйзеліске және физикалық күштің түсуіне байланысты болады. Ересек адамдарда қалыпты систолдық қысым тербеліс көрсеткіші 100-105-тен 135-140 мм сынап бағанасы, ал диастолдық қысым 60-тан 90 мм сынап бағанасына дейін. Пульсты қысым қалыпты 40-50 мм сынап бағанасы.

Әртүрлі денсаулық жағдайына байланысты қалыпты артериялық қысым көрсеткішінде ауытқу болады.Артериялық қысымның қалыпты көрсеткішінен жоғары болуы артериялық гипертензия немесе гипертония деп аталады. Егер артериялық қысымның қалыпты көрсеткішінен төмен болуы артериялық гипотония немесе гипотония деп аталады.

Ж үрек систоласынан кейін пульс толқынының ең жоғары мөлшерінде (максимальды) көтерілу кезінде пайда болған артериальды қысымды (АҚ) систолалық (САҚ) қысым деп атайды. Диастола кезінде артериальды тамырлар тонусымен сақталып тұратын қан қысымын диастолалық қан қысымы деп атайды. Систолалық және диастолалық қысымдар арасының айырмасы пульстік қысым деп аталады.

Қалыпты систолалық артериальды қан қысымы сынап бағанасы бойынша (с.б.б.) 100-120 мм, диастолалық артериальды қан қысымы - с.б.б. 60-80 мм шамасында ауытқып тұрады. АҚҚ белгілі бір дәрежеде адамның жасына байланысты. Мысалы, қарт адамдарда систолалық АҚ с.б.б. 150мм-ге дейін, ал диастолалық АҚ с.б.б. 90 мм-гедейін бола алады(Дүниежүзілік деңсаулық сақтау мекемесі, 1999ж). Қысқа мерзімді АҚҚ (көбіне систолалық) көтерілуі эмоцтоналды және физикалық жүктемелерде кездеседі. Әр адамда да өзін жақсы сезінетін АҚҚ мөлшері бар. Ондай АҚҚ көбіне "жұмыстағы" қысым деп аталады. Біреулерде ол қалыпты қан қысымымен сәйкес келеді, ал басқаларында ол қалыпты мөлшерден не жоғары не төмен болады.


Артериальды гипертензия - ол систолалық АҚҚ с.б.б. 140 мм-ден және\немесе диастолалық АҚҚ с.б.б 90 мм-ден жоғары болуы (гипертензия тыныштық күйде кем дегенде әр түрлі уақытта 3 рет өлшеу нәтижесімен анықталады; науқас адам бұл кезде не қан қысымын төмендететін, не жоғарылататын дәрі ішпеуі керек).Артериальды қан қысымының қалыпты мөлшерден төмен болуы артериальды гипотензия деп атайды.

Сонымен өлшеу дұрыстығын екі рет өлшеп тексеруге болады.


Тыныс алуды бақылау

Тыныс алуды бақылауда ерекше көңіл бөлу керек: пациенттің тері жамылғысының түсінің өзгеруіне, тыныс алу қимылының жиілігіне, ырғақтығына, тереңдігіне және тыныс алу түрін бағалауға. Демді алу мен демді шығару тыныс алу қимылында кезектесіп отырады.

Тыныс алу мүшелері организмді оттегімен қамтамасыз етуге және одан көмірқышқыл газды шығару қызметін атқарады. 1 минут ішіндегі тыныс алу саны – тыныс алу қимылының жиілігі деп аталады. Ересек дені сау адамдарда қалыпты тыныс алу қимылы тыныштықта - 16-20 рет 1 минутта, ал әйелдерде ер адамдарға қарағанда 2-4 есеге көп.

Тыныс алу қимылы тек, жынысқа байланысты емес, сонымен қатар дене қалпына, жүйке жүйесінің жағдайына, жасына, дене қызуына т.с.с. байланысты болады. Тыныс алу қимылының жиілігі жүрек соғысының 1:4 қатынасында . Дене қызуы 1 С-қа көтерілгенде тыныс алу қимылы төрт есеге көбейеді.

Тыныс алу терең және беткей болып бөлінеді. Беткей тыныс алу арақашықтықта естілмейді немесе әлсіз естіледі. Ол көбіне патологиялық тыныс алудың жиілігі сияқты болады.

Терең тыныс алу арақашықтықта естіледі, көбіне патологиялық тыныс алудың сиреуімен байланысты.



Физиологиялық тыныс алудың түрі: кеудемен, ішпен және аралас. Кеудемен тыныс алу көбіне әйелдерде, ал ерлерде ішпен. Аралас тыныс алу түрінде кеуде клеткасының барлық бөлігі, өкпенің барлық бағытына біркелкі кеңейеді. Организмге сыртқы және ішкі ортаның әсеріне байланысты тыныс алу түрі пайда болады. Тыныс алудың ырғағының жиілігі және тереңдігінің бұзылуынан ентікпе пайда болады.

Ентікпе дегеніміз- тыныс алудың қиындауы, ол дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда пациент дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады.

Ентікпе қорғаныш физиологиялық икемделу, оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмірқышқылының артығын шығарады. Ентікпе кезінде тыныс реттігі бұзылады, ол тыныс алудың жиілігімен және тереңдігімен білінеді.

Тыныс алудың ырғағының жиілігімен және тереңдігінің бұзылуынан ентікпе пайда болады. Ентікпенің үш түрі бар: