Файл: 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 73

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



3. Дәріс тезистері. Оқытушы студенттерге этика және деонтология тәртіптерін сақтай отырып, студенттерге медициналық мекемелердің негізгі түрлерің, қабылдау бөлімшесі мейіргерінің міндеттері түсіндіріп, төмендегі емшараларды көрсетеді.

«Медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» санитарлық – эпидемиологиялық нормалары мен ережесі ҚР № 87 17. 01. 2012 бұйрығымен бекітілген

Емдеу сауықтыру ұйымында қамтамасыз етіледі:

1.Қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру.

2.ЕСҰ аймағында (А класы) және арнайы ажыратылған бөлмелерде (Б, В, Г, Д класы) медициналық қалдықтарды контейнерлерде уақытша сақтау.

3.Қалдықтарды жоюға тасымалдау.

Қалдықтар су өткізбейтін қағаз қаптарда, пакеттерде, металл немесе пластмасса контейнерлерде жиналады. Әрбір контейлердің класына қарай өз түстері бар:

А класы – ақ, Б класы-сары, В класы- қызыл, Г класы-қара, Д класы – радиоактивті қауіптілік белгісімен маркерленеді.

Контейнерлер 2/3 бөлігіне дейін толтырылады және жұмыс орнында 1 тәуліктен артық сақталмайды. Контейнерлерді тасымалдау үшін арнайы арба қолданылады.

Тиым салынады: арбаларды басқа мақсатта қолдануға, жинау, зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау кезінде әртүрлі кластағы қалдықтарды араластыруға, контейнерлерді – электрқыздырғыш аспаптарға жақын қоюға; қалдықтарды қолғапсыз жайғастыруға.

Б, В клас қылдықтарын уақытша сақтау бөлмелерінде контейнерлерді жуу, зарарсыздандыру және таза ыдыстарды сақтау бөлмелері болу керек.

А класының қалдықтары – қауіпсіз - әкімшілік-шаруашылық бөлмелерде, бөлімше палаталарында (инфекция, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерден басқа) тамақтану, блоктары, буфет, ұйым аймағында (инфекциясы жоқ қағаз, құрылыстық қоқыс т.б.) пайда болады.

Б класының қалдықтары - қауіпті (қатерлі) - операциялық, реанимациялық және басқа манипуляциялық диагностикалық бөлімшелерде, егу, таңу бөлмелерінде, жұқпалы, тері-венерологиялық бөлімшелерде, клинико-диагностикалық лабораторияларда, 3-4-ші патогенділік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, санитарлы бөлме, әжетханаларда болады.

В класының қалдықтары - төтенше қауіптілер - аса қатерлі және карантинді инфекция бөлімшелерде, ЖҚТБ ауруы палаталарында
, 1-2-ші патогендік тобындағы микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, фтизиатриялық клиникаларда болады. Анаэробтық инфекциясы бар пациенттерден шығатын медициналық қалдықтар.

Б және В тобы қалдықтарын зарарсыздандыру қажет. Зарарсыздандырудан соң олар бір рет қолданылатын пакеттер салынған ыдыстарға салынып, қақпағы жабылады. Пакеттердің 2/3 көлемі толғаннан кейін бетперде және резеңке қолғап киіп пакеттер байланып, қатты өндірістік қалдықтар полигонына тасымалданады. Өртеуге жіберілетін қалдықтар зарарсыздандырылмайды. Қолданылған кесетін және басқа үшкір заттар (шприц, ине, система, ампула) жеке контейнерлерге жиналады, жоюға жіберіледі.

Г класының қалдықтары - құрамы бойынша өнеркәсіпке жақын медициналық қалдықтар - диагностикалық, химиотерапевттік, патологиялық бөлімшелерде, фармацевтикалық цехта, аптека, химиялық лабораторияларда болады: жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, диагностикалық препараттар, вакциналар, зарарсыздандырғыш заттар, цитостатиктер және басқа да химиялық заттар, құрамында сынабы бар заттар, аспаптар және жабдықтар. Қалдықтарды жою қауіптілік класына сай жүргізіледі.

Д класы қалдықтары - радиоактивтік медициналық қалдықтар - құрамында радиоактивтік құрауыштары бар медициналық қалдықтардың барлық түрлері.

Қалдықтарды тасымалдау қызметкерлер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы керек, тасымалдауды арнайы дайындалған қызметкер орындайды.Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар-медициналық қалдықтарды тасымалдау қызметкер мен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы тиіс.-медициналық қалдықтарды тасымалдау арнайы оқытылған қызметкермен жүзеге асырылады.

-автокөлік құралының арнайы таңбасы болуы тиіс. Автокөлік құралында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімде № 2840 болып тіркелген «Көлік құралына санитарлық паспорт болу, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 349 бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі санитарлық паспорты болуы тиіс.

-А класының медициналық қалдықтарын тасымалдау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін пайдаланылған автокөлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау және жою жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар-контейнерлерді орнатуға арналған ашық алаңқайдың беті асфальттанған болуы және автокөлік құралының жүруіне және тиеп-түсіру жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болуы тиіс-контейнерлерді орнатуға арналған ашық алаңқайлар емдеу корпустарынан 25 м және ас блоктарынан 100 м кем емес жерде орналасуы тиіс.-А, Б, В класына жататын қалдықтар түзілген орнында бір тәуліктен аспайтындай, ал уақытша сақтайтын арнайы алаңқайдағы контейнерлерде немесе үй-жайларында қалдықтарды сыйым-дылықтарында 3 тәуліктен аспайтындай уақытта сақталады. Б класының биологиялық қалдықтары сондай-ақ тағам қалдықта + 5˚С-тан аспайтын температурада сақталады.А, Б, В класының медициналық қалдықтарын нысанның аумағы бойынша сақтау және тасымалдау аузы тығыз жабылатын көп реттік қолданылатын контейнерлерде жүзеге асырылады. В класының қалдықтарын жою басқа кластағы қалдықтардан бөлек жүзеге асырылады. Қалдықтарды аумақтардан шығару контейнердің 3\2 бөлігі толған кезде жүзеге асырылады.Г класының медициналық қалдықтарын сақтау осы мақсат үшін арнайы бөлінген қосалқы үй-жайларда жүргізіледі-нысанның аумағында медициналық қалдықтарды жою бойынша қондырғы болмаған жағдайда А, Б, В класының медициналық қалдықтарын шығару күнделікті жүргізілуге тиіс.-Б класының медициналық қалдықтары (матералдар мен аспаптар, пациенттерден бөлінген бөлінділер, микробиологиялық зертханалар мен виварийлердің медициналық қалдықтары) осы санитарлық ережелердің 5 тарауына сәйкес жүргізілген дезинфекциядан кейін полигонға шығарылады.Г класының медициналық қалдықтарын көму қалдықтарға арналған полигондарда жүзеге асырылады Окытушы студенттерге такырыпка байланысты Іс-дағдыларды көрсетеди. Медицина қызметкерлерінің қолды тазалау деңгейі


Қолды тазалау 3 деңгейге бөлінеді:

- әлеуметтік

-гигиеналық

-хирургиялық

4.Иллюстративті материал. Презентация

5. Әдебиеттер.

1.С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері» 173-183 беттер

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1 тапсырма

Тест-бақылау

І -нұсқа

1. Медициналық қалдықтар нөмірі нешінші қаулысымен, қашан шықты?

А) 54 қаулы 15 шілде 2011

В) 87 қаулы 17 қаңтар 2012

С) 47 қаулы 7 наурыз 2010

Д) 87 қаулы 14 ақпан 2012

Е) 87 қаулы 11 қаңтар 2011

2. Медициналық манипуляцияны жүргізгенде және медициналық көмек көрсеткенде пайда болатын қалдықтарды қалай атаймыз?

А) А-класс

В) Б-класс

С) В-класс

Д) Г-класс

Е) Е-класс

3. Медициналық қалдықтарды неше түрге бөлеміз

А) 2

В) 3

С) 4

Д) 5

Е) 6

4. Қауіпті емес яғни биологиялық бөліністермен, инфекциялық жұқпалы аурулармен байланысты болмаған, сонымен қатар тамақ қалдықтары және тұрмыстық қалдықтар қай класқа жатады?

А) А -класс

В) Б-класс

С) В-класс

Д) Г-класс

Е) Д класс

5. Операциялардан кейін қолданылатын қалдықтар қай класқа жатады?

А) Д-класс

В) А-класс

С) Б-класс

Д) В-класс

Д) Г-класс

6. В класындағы қалдықтарды ата.

А) Туберкулезбен ауыратын ауруханадан шығатын қалдықтар

В) Тірі вакциналар

С) Токсикалық қалдықтар

Д) Микробиологиялық лабораториядағы қалдық

Е) Радиактивті қалдықтар

7. Қауіпті токсикалық қалдықтар қай класқа жатады?

А) А класс

В) В класс

С) Г класс

Д) Б класс

Е) Д класс

8. Д класы медициналық қалдықтарға нелер жатады?

А) Радиактивті қалдықтар

В) Қауіпті токсикалық қалдықтар

С) Тұрмыстық қалдықтар

Д) Отадан кейінгі қалдықтар

Е) Туберкулезбен ауыратын ауруханадан шығатын қалдықтар

9. А класының медициналық қалдығының түсі қандай?

А) сары

В) қызыл

С) ақ

Д) қара

Е) жасыл

10. Б класының медициналық қалдығының түсі қандай?

А) қара

В) қызыл

С) ақ

Д) сары

Е) жасыл

ІІ- нұсқа

1.Медициналық қалдықтар неше түрге бөлінеді?

А)5

В)4

С)2

Д)1

Е)9

2.Қауіпті емес қалдықтар?

А)Б-класс

В)В-класс

С)А-класс

Д)Г-класс

Е)Д-класс

3.Қолды тазалаудың неше деңгейі бар?

А)5

В)2

С)10

Д)3


Е)1

4.Мейірбикелер қолды қай деңгейде тазалайды?

А)әлеуметтік

В)хирургиялық

С)гигиеналық

Д)күнделікті

Е)жай

5.АІИ-ның таралу жолдары нешеге бөлінеді?

А)4

В)7

С)3

Д)5

Е)9

6.А-класына жататын медициналық қалдықтар қандай түсті?

А)сары

В)ақ түсті

С)қызыл

Д)қара

Е)көк

7.Өте қауіпті қалдықтар?

А)Г-класс

В)Д-класс

С)А-класс

Д)В-класс

Е)Б-класс

8.Радиоактивті қалдықтар?

А)А-класс

В)Г-класс

С)В-класс

Д)Б-класс

Е)Д-класс

9.Қауіпті емес қалдықтар?

А)Д-класс

В)Г-класс

С)В-класс

Д)А-класс

Е)Б-класс

10.Хирургиялық қолды тазарту?

А)күнделікті қол жуу

В)операция алдында

С)қолғапты шешу кезінде

Д)антисептик арқылы

Е)щеткалар арқылы

1.3 Тақырып : Медициналық мекемелеріндегі санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар. Зарарсыздандыру.

2. Мақсаты. Медициналық мекемелерінде санитарлы-эпидемиологияға қарсы шараларды, зарарсыздандыру туралы түсіндіріп,оқыту үйрету.

3. Дәріс тезистері. Зарарсыздандыру- дегеніміз адамды қоршаған ортадағы жұқпалы ауру тудыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.

Физикалық, химиялық құралдар арқылы және зарарсыздандыратын әсер ұзақтығы (экспозиция) мен интенсивтілігіне (концентрация) байланысты микроорганизмді жоюға болады.Аурухана жайларында құрт құмырсқалар пайда болған жағдайда олар жойылады. Оны дезинсекция деп атаймыз. Кеміргіштерді жоюды дератизация деп атаймыз. Сонымен ауруханадағы жайларда қажет санитарлық жағдайды сақтау медицина қызметкерлермен, науқастардың жеке басының тазалығын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

Зарарсыздандыру түрлері.

Алдын-алу және ошақты түрлері бар:

1.Алдын-алу зарарсыздандыру аурухана ішілік инфекциядан сақтау үшін жүргізеді.

2.Ошақты зарарсыздандыру бөлінеді- ошақты күнделікті, яғни инфекция оша-ғында, жұқпалы аурумен ауыратын науқас төсегінде бірнеше рет жүргізеді, және ошақты қорытынды зарарсыздандыру- оқшаулаудан кейін,науқасты жұқпалы бөлімшеге жатқызғаннан соң, науқас толық сауыққан кейін немесе өлген жағдайда инфекциялық ошақтағы ауру қоздырғыштарын толық жою үшін жүргізеді (қалада 6 сағаттан кеш емес, ауылда 12 сағаттан кейін).Емдеп алдын алу мекемелерінде зарарсыздандыру шараларын әдістемелік құжаттарды басшылыққа ала отырып, орта медицина қызметкерлері басқарып жүргізеді.

Зарарсыздандыру әдістері: