Файл: 1. 1Таырып Медбике ісіні даму тарихы жне философиясы. Масаты мейіргер ісі тсінігіні анытамасы медбикелік ісіні негізгі міндеттері мен масаттары дамуы, философиясы этика, деонтология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 101

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ана мен баланы қорғау мекемелеріне жатады - әйелдер кеңес бөлімшесі мен перзентханалар.Әйелдер кеңес бөлімшесі емханалар сияқты жергілікті-салалық принципімен жұмыс істейді. Бұл жерде диспансеризация өткізіледі, әйел адамдардан гинекологиялық ауруларды анықтап-тауып емдейді, сонымен қатар жүкті әйелдерге диспансерлік бақылау өткізеді. Осы мекемелердегі медициналық персоналдар жүкті әйелдер мен босанған әйелдер арасында санитарлы-ағарту жұмысын жоғары деңгейде өткізеді.

Мекемелердің санаториялық түріне жатады: санаториялар, профилакториялар, балалар дем алатын лагерлер, санаториялық сауықтыру алаңдары. Бұндай емдеу және алдын-алу мекемелерінің қызметі табиғаттың емдік әсері (минералды сумен, ласпен емдеу) мен фитотерапия, физиотерапия, емдік дене тәрбиесімен негізделген. Санаторияларда пациенттер амбулаторлық емдер алады. Ал, ірі өнеркәсіптердің профилакториясында жұмыстан тыс уақытында жұмысшылар емделіп, аурулардың алдын-алу емдерін алады. Бұл мекемедегі мейірбикелердің жұмысы емханада, ауруханаларда, диспансерлерде жұмыс істейтін мейірбикелердің жұмысына ұқсайды.

Қабылдау бөлімі- аурухананың бетке ұстар негізгі емдеу және диагностикалық бөлімі. Бұл жерде науқастың ең алғашқы рет аурухана қызметкерлерімен танысуы болады. Тіптен кейде қабылдау бөліміндегі ұйымдастырылған қызметтерге қарап науқастар жалпы аурухананың емдеу процесіне баға береді. Аурухананың жоспарланған құрылысы екі түрлі жүйеде болады: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған түрінде барлық емдеу және диагностикалық бөлімдер, қабылдау бөлімі бір корпуста орналасқан. Орталықтандырылмаған түрінде қабылдау бөлімі бөлек ғимаратта немесе емдеу корпустарының біреуінде, әсіресе реанимациялық, хирургиялық, терапиялық бөлімдері орналасқан корпустарда орналасады. Қабылдау бөлімі арқылы ауруханаға барлық науқастар өтеді. Жедел медициналық көмек қажет ететін пациенттер ғана кейде тікелей реанимациялық бөлімге түседі.

Қабылдау бөлімі күтетін зал мен кезекші мейірбике бөлмесінен, бір немесе екі қарайтын бөлмеден, процедуралық, таңғыш бөлмелерінен, санпропускниктен, рентген бөлмесінен, лаборатория, санитарлық бөлмелерден тұрады. Күту залы пациенттер мен олардың тума-туысқандарына арналған. Бұл жерде қажетті отырғыштар мен креслолар болады. Бұл жердің жарында аурухананың емдеу бөлімдерінің жұмыс істеу тәртібтері жазылған, науқастарға беруге болатын тағамдар тізімдері, аурухананың сұрастыру телефондары, сонымен қатар науқастарға келуге болатын күндер мен уақыттар белгіленіп жазылған.


Күту залының қасында кезекші мейірбикенің постысы орналасқан, ол жерде ауруханаға түскен науқастарды тіркеп, қажетті құжаттар толтырылады.Аурухананың қызметінің көлеміне байланысты қабылдау бөлімінде бір немесе екі кезекші дәрігерлер науқастарды қарауға арналған қарау (смотровой) бөлмелері болады.

Процедуралық бөлме немесе кіші кірім операционная, жедел көмек көрсетуге арналған. Ал, санпропускникте аурухана түскен пациенттерді санитарлық тазалықтан өткізеді. Сонымен қатар қабылдау бөлімінде бірнеше бокстар болады, ол жерге диагноздары анықталмаған, жұқпалы ауруларға күман туған науқастар жатады.

Емдеу бөлімдері (терапиялық, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық және т.б.) мынадай бөлмелерден тұрады:

*пациенттерге арналған палаталар;

*санитарлық бөлмелер (ванна, душ, әйелдерге арналған гигиеналық бөлме);

*процедуралық бөлме (көк тамырға инъекция жасауға);

*манипуляциялық бөлмелер;

*буфет;

*ординаторский (дәрігерлер бөлмесі);

*бөлімше меңгерушісінің бөлмесі;

*аға мейірбике бөлмесі;

*мейірбикелер бөлмесі.

Қабылдау бөлімшесінің медициналық мейірбикесінің

лауазымдық нұсқаулары

Міндеттері

Медициналық мейірбике ауруханаға жатқызу жолдамасымен танысу және пациентті дәрігер бөлмесіне алып келуі тиіс.

Өз бетімен келген пациенттердің шағымдарын тыңдайды және оны кезекші дәрігерге жолдайды.

«Стационарлық аурудың медициналық картасының» құжаттық бөлігін толтырады.Пациенттің дене температурасын өлшейді.Дәрігер тағайындаған шаралар мен манипуляцияларды орындайды.

Дәрігер қарауы кезінде пациентке көмектеседі. Қабылдау бөлімшесіне дәрігер нұсқауы бойынша кеңес берушілерді және лаборанттарды шақырады.

Жедел кеңес беру кідірген жағдайларда,ол туралы тиісті шаралар қабылдануы үшін қабылдау бөлімшесінің кезекші дәрігерін хабардар етеді.

Оқшаулау бөлмесіндегі пациент жағдайын бақылайды және диагностикалық шараларға дайындалуда және орындауда,сол сияқты емдеу шараларын орындауға байланысты дәрігердің барлық нұсқауларын уақытылы орындайды.

Милиция бөлімшесіне телефонограммаларды,қалалық емханаға науқастардың белсенді шақыруларын,инфекциялық аурулар туралы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығына жедел хабарламаларды уақытында жеткізеді.

Пациенттердің санитарлық тазартылуы сапасын бақылайды,ал кейбір жағдайларда оларды орындауға қатысады.

Зертханалық зерттеулер үшін нәжіс,кіші дәрет,құсықтарды және шайылған суларды алады.



Аға медициналық мейірбикеден дәрілерді алады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Жедел жағдайларда кезекші дәрігер қол ұойған бөлімшелер сұранысына сәйкес,(аурухана дәріханасы жұмыс жасамайтын сағаттарда)дәрілерді береді.

Бөлімшенің санитарлық жағдайын және кіші медицина қызметкерлері жұмысын бақылайды.Бөлімшеде бөгде адамдар болуына жол бермейді.

Бөлімшенің аға медициналық мейірбикесіне жөндеу үшін аспаптар мен жабдықтарды уақытында тапсырады. Қажетті есептеу-есеп беру құжаттарын толтырады.

Пациенттер киімдері тізімін жасайды(олардың киімдерін сұрыптайды).

Киімдер мен заттарды дезинфекция(дезинсекция)үшін және сақтау камерасына тапсырады.

Сақтау камерасына тапсырғанға дейін пациенттер киімдерін жинайды.

Пациентті,оның киімдерін педикулезге қараудан өтізеді.

Инфекциялы жұқпалы ауруға күдік пайда болса, педикулез бары анықталса пациентті тазартудан өткізеді, сол сияқты нұсқауларға сәйкес бөлмелер дезинфекциясын және/немесе дезинсекциясын орындайды.

Емдеу мекемесінде және бөлімшеде орта буынды медицина қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылған сабақтарға, конференцияларға қатысып, жүйелі түрде өзінің санаттылығын көтереді.

Дәрігер жоқ болса, өзінің кәсіби білігі деңгейінде дәрігерге дейінге жедел медициналық кәмекті көрсетеді.Білім жетілдіру курстарында өзінің кәсіби санаттылығын көтереді.

Білім деңгейіне және санаттылығына сәйкес кіші медицина қызметкерлеріне нұсқаулар береді және орындалуын бақылайды.

Өз міндеттерін орындауға қажетті ақпараттарды алды.

Бөлімшенің аға медициналық мейірбекесіне еңбекті ұйымдастыруға және еңбек ету жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстарын береді

Оқытушы студенттерге тақырып бойынша мына іс-дағдыларды көрсетіп түсіндіреді.

Науқасты ауруханаға қабылдау.

Әзірлеңіз: «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі журналы»(ф№001/У)

«Ауруханадағы науқастың медициналық картасы» (ф№003/У),қызуды белгілейтін қағазды,термометрді,шпательді,гигиеналық ванна немесе душты,ұстара аспаптарын,медициналық таразыны,бой өлшегішті.

Алгоритм іс-әрекеттері:

1.Ауруханаға жатуға қажет барлық құжаттардың түгелдігін тексеріңіз;

2. «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі журналы» құжатына дәрігер қарап болған соң тіркестіріп жазыңыз;

3. «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі журналына» енгізіледі:


-түсу күні,уақыты;

-науқастың аты-жөні,тегі;

-туған күні,айы-жылы;

-мекен-жайы;

-жолдама берген мекеменің диагнозы;

-науқасты қайда жатқызғаны.

4. «Ауруханадағы науқастың медициналық картасы» паспорт бөлімін толтырыңыз;

5. «Статистикалық талон ауруханадан шығатындарға» (ф№066/У)-паспорт бөлімін толтыру;

6.Жұқпалы ауруларды анықтау үшін жүргізілетін шаралар:дене қызуын өлшеу,алынған мәліметті қызуды белгілейтін қағазға жазыңыз,шпательмен жұтқыншақты қараңыз,науқастың денесін және түк басқан жерлерінің бәрін тексеріңіз;

7.Егер бит табылса,оған қарсы шаралар жүргізіңіз;

8.Антропометриялық өлшемдерді жүргіз және оны ауру тарихына жазыңыз;

9.Науқастың жағдайының ауырлығына байланысты(толық немесе жартылай толық) санитарлық тазалықтарды жүргізіңіз;

10.Оған аурухананың киімдерін кигізіңіз;

11.Науқасты палатаға алып барыңыз.

Ескерту: термометрді 2% хлорамин ерітіндісіне 5 минут салып қойып,сосын суға жуып,құрғатып сүртіңіз. Шпательді 3% хлорамин ерітіндісіне 1 сағат салып,содан соң залалсыздандыру алдындағы тазалықты жүргізіп,залалсыздандырыңыз.

2. Науқасты санитарлық тазарту. Науқастың жағдайына байланысты санитарлық тазарту толық (ванна,душ немесе жартылай(жуындыру,сүрту) болу мүмкін,оны дәрігер анықтайды.

4.Иллюстративті материал. презентация

5. Әдебиеттер.

1.С.Қ.Мұратбекова«Мейірбике ісінің негіздері»173-188 беттер,

2.С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Мейірбикелік іс негіздері» пәніне практикалық

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Тапсырма

Тест бақылау

1. «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі журналының формасы»

A) ф№001/у

B) ф№003/у

C) ф№005/у

D) ф№058/у

E) ф№066/у

2.Науқастың жағдайына байланысты санитарлық тазартуды кім анықтайды?

A) мейірбике

B)дәрігер

C)санитарка

D)пациеттің тума-туыстары

E)пациенттің өзі

3.Науқастарды санитарлық тазарту мақсатында гигиеналық ваннаны әзірлеу үшін қажетті заттар:

A) жылы су 36°-37°С,жұмсақ ысқыш,клеенка,одеяло,суға қосатын антисептикалық ерітінділер,сірке суы,камфора,этил спирті.

B)Алжапқыш,қолғап,қосымша халат

C)Клеенка,салқын су,антисептикалық ерітінділер.

D)Сабын, жөке немесе щетка, зарарсыздандыру ерітінділері 3%, жарықталған хлорлы әк немесе 1% хлорамин ерітінділері, су термометрі,орамал немесе ақжайма.

E)Су термометрі, клеенка, жарықталған хлорлы әк немесе 1% хлорамин ерітінділері.


4.Битке қарсы ерітінділер:

A) зарарсыздандыру ерітінділері 3%

B) 1% хлорамин ерітінділері.

C)Сірке суы

D) Антисептикалық ерітінділер

E) «Антибит», «Нитифор», 10% керосин сабынды эмульсиясы,сабын К.

5.Науқастарды бөлімшеге тасымалдаудың неше түрі бар?

A) 3

B)4

C)2

D)6

E)5

6. Науқастарды бөлімшеге кресло-каталка арқылы тасымалдау үшін қажет:

A) Клеенка,зембіл,кресло-каталка,зарарсыздандыру ерітіндісі.

B)Кресло-каталка,ақ жайма,зарарсыздандыру ерітіндісі,одеяло,шүберек.

C)Каталка,ақ жайма,зарарсыздандыру ерітіндісі, шүберек.

D) Каталка,ақ жайма,зарарсыздандыру ерітіндісі.

E) Кресло-каталка,ақ жайма,зарарсыздандыру ерітіндісі, шүберек.

7.Антропометриялық өлшемдер жүргізу үшін қажет:

A)Ростомер,медициналық таразы,сантиметрлік лента, 1% хлорамин,96% спирт.

B)Ростомер,медициналық таразы,сантиметрлік лента

C)Сантиметрлік лента, 1% хлорамин

D) Медициналық таразы,сантиметрлік лента, 1% хлорамин,96% спирт.

E) Ростомер,медициналық таразы,сантиметрлік лента,96% спирт.

8.Науқастан бит тапқан кездегі санитарлық тазалықтар жүргізу үшін қажет?

A) «Антибит», «Нитифор», 10% керосин сабынды эмульсиясы,сабын К, 6% сірке қышқылы ерітіндісі,тарақ, орамал, ақжаулық,алжапқыш,қолғап,қосымша халат,қайшы,қырынатын құралдар,лоток және шашты өртеуге арналған спиртовка,сіріңке, науқастың заттарын салуға арналған клеенка қапшық.

B) ақжаулық,алжапқыш,қолғап,қосымша халат,қайшы,қырынатын құралдар,лоток және шашты өртеуге арналған спиртовка,сіріңке.

C) 10% керосин сабынды эмульсиясы,сабын К, науқастың заттарын салуға арналған клеенка қапшық.

D) «Антибит», «Нитифор», орамал, ақжаулық,алжапқыш.

E) сабын К, 6% сірке қышқылы ерітіндісі,тарақ, орамал, ақжаулық,алжапқыш,қолғап,қосымша халат.

9.Көкірек клеткасының шеңберін өлшеу үшін сантиметрлік лентаны алдынан нешінші қабырға тұсымен өлшейміз?

A) Y

B)III

C)YI

D)IY

E)YII

10.Шашқа битшеңдікке қарсы өңдеу жүргізгеннен кейін немен шаямыз?.

A) 10% керосин сабынды эмульсиясы

B) 96% спирт.

C) 1% хлорамин

D) Сабын К

E) 6% сірке қышқылы ерітіндісі.

Дұрыс жауаптары:

1.A

2. B

3. D

4. E

5. A

6. B

7. A

8. A

9. D

10.А

1.2. Тақырып: Ауруханалық жұқпаның алдын-алу қауіпсіздігі және бақылау шаралары.

2. Мақсаты: Ауруханалық жұқпаның алдын-алу қауіпсіздігі және бақылау шаралары туралы түсіндіріп,оқыту үйрету.