Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 69

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бақылаусұрақтары


Қазақәдебиетіноқытуәдістемесіпәнібойынша

I.Деңгей




  1. Қазақ әдебиетін оқыту технологиясы.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.

  1. Оқушыларды шығармашылыққа баулу джолдары.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары төменде көрсетілген:

1) Өз бетімен оқуға дағдылану.

2)Шығармашылық ізденіске жетелейді.

3) Өз ісіне деген сенім пайда болады.

4) Әр нәрсеге сын көзбен қарап үйренеді.

5)Салыстыруға, қорытынды жасауға

үйренеді.

6)Шығармашылдық белсенділік артады.

7)Сабаққа қатысты фильмдер немесе бейнетаспа көрсету және оны талдау.

8)Неше түрлі ойындар мен қызықты тапсырмалар орындатып балалардың көңілін аулайтындай сабақты қызықты қылып өткізу.Аяжан 5тен 8ге дейн озим жаздм

  1. Тақырыптықталдау.

  1. Әдебиетті оқытудағы интерактивті әдістер, инновациялықізденістер.Гулнабат

5. Көркем шығарманың тілдік ерекшеліктерін таныту жолдары.

Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.Көркем мәтінді терең түсіну, талдауда әңгімелеудің де маңызы ерекше. Әңгімелеу әдісінің мынадай түрлері бар: мәтінге жуық, көркем мәтін ізімен әңгімелеу, оқушының өзіне ұнаған эпизодын, әсерін әңгімелеу, шығармашылық жолмен әңгімелеу болып табылады. Мәтінге сәйкес әңгімелесу баланың еске ұстау қабілетіне әсер етеді, зерделілікке, ұғымдылыққа, алғырлыққа баулиды. Сондай -ақ ең бастысы, оның сөздік қорын, тіл байлығын, өз сөйлеу тілінде пайдалануға үйретеді. Көркем мәтінді дұрыс, нақты түсінуге жетелейді. Тұжырымды әңгімелеудің өзіндік басты ерекшелігі - оқушылар ең басты, негізгі мәселелерді бөліп алып, тиянақты, қысқа ғана айтулары керек. Әңгімелеудің бұл түрі оқушыларды нақты сөйлеуге , ойын шашыратпай, қысқа ғана, негізгісін айтуға баулиды. Шығармашылықпен еркін әңгімелеу оқушылардың қиялын,
арманын ойын дамытады, қабілетіне әсер етеді. Оқушылар мәтіннен негізгі ұғымды толық меңгеріп, талдау жұмысы жүргізілгеннен кейін, осы әңгімелеуді орындауға болады. Оны барлық баладан талап ету де міндетті емес. Оқушылардың өз тілегі, ынтасын ескерген жөн. Шығармашылықпен әңгімелеу көркем мәтін негізінде жатқан авторлық ойдан ауытқымау керек, қайта сол ойды дамыту қажет Көркем шығармадағы кейіпкерлердің орнын, ой-мақсатын оның сөйлесу тілі арқылы айқындауға болады. Көркем шығармадағы сюжет пен композициядан бастап, әрбір деталь, көркемдік тәсіл белгілі бір ойға, мақсатқа құрылады. Көркем мәтінді талдауға байланысты оқушы дағдысы, икем машықтарына қойылатын талаптар, осыған байланысты істелетін жұмыстар:

а) Өз бетімен, жеке талдау. Мұндай талдауда мұғалім талдау сұрақтарын, тапсырмалар береді. Сондай-ақ, көмек-карточкалар ұсынылады.

ә) Ұжымдық талдау. Ұжымдық талдау мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Ол оқушыны көркем туындыны қабылдау, бағалау жұмыстарына баулиды, бірігіп бір пікірге келуге, қорытынды жасауға жетелейді. Ұжымдық талдау сұрақ-жауап, мәтінмен практикалық жұмыс, пікірлесу, әдеби айтыс негізінде жүзеге асады. Көркем мәтінді талдаудың жолдары мен бағыттары Рәбиға Сыздықова мен Бердібай Шалабай еңбектерінде жан-жақты сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды.

6. Әдебиет сабағындағы іскерлік ойындар.

Іскерлік ойын дегеніміз- болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметте қарым қатынас жүйесін модельдеу,елестету. Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні мынада:оқушылардың ойын дамыту ойлауын жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту процесінде шығармашылық рухенгізу және т.б. Мәтін жэне онын турлерін (баяндау мәтіні, сипаттау мәтіні, пайымдау мәтіні) менгеру барысында "Суреттер сөйлейді" ойынын өткізуге болады.Ойыннын максаты: балалардын шығармашылыкка кызығушылыктарын. танымдық қасиеттерін ояту. Суретті жаксы көрмейтін бала жок. Бул әрі сурет сабағымен байланысты. Ойынның шарты: мәтіннін турлеріне байланысты мұғалім суреттер әкеліп, тақтаға іліп кояды. Белгілі бір уакыт ішінде балалар суреттерді сөйлету керек, яғни суреттерге байланысты шағын мәтін құрау керек.Лексика тарауы бойынша жаңа сөздерді, термин, көнерген, табу, тұракты тіркестерді қайталау барысында "Сакина салу" ойынын ойнатуға болады.Ойыннын максаты: оқушылар менгерген такырыптары бойынша алған білімдерін тексеріп, казак тілінін сөздік корын қаншалыкты менгергенін тексеру. Ойыннын шарты: сөз жазылып жасырылған қағазды мұғалім әр оқушынын алақанына салып шығады, қағаз кімнің алаканында қалса, сол жауап береді. Бул ойын түрін әрі сергіту сәті ретінде пайдалануға болады.Сонымен қатар, орыс сыныптарында сөздікпен жумыс жургізу барысында да тиімді деп ойлаймын. Мысалы, мұғалім сөздін орысшасын жасырады, ал балалар қазакшасын айтуы керек.Фонетика тарауы бойынша "Адаскан әріптер" ойынын ойнатып, дыбыстар мен әріптерді менгертуге болады. Ойыннын мақсаты: казак тіліндегі қырық екі әріпті, дыбыстарды, ундестік зандылығын менгерту.Ойыннын шарты: мұғалім орындары ауысып кеткен әріптер жазыған карточкаларды оқушыларга таратып, окушылар адаскан әріптерді орнына койып, сөздерді айтылуы және жазылуына карай бөліп айту. Мысалы:н, к, к,л,ы - кұлын. Айтылуы- кулун, жазылуы - кұлын.. Сонымен қатар, мұғалім мұндай бірнеше сөздерді карточкаларга жазбай - ак, тақтаға да жазып коюға болады жане бул ойын түрін үлгерімі нашар оқушылармен жүргізсе де болады.

Жулдыз

7.Әдебиетті оқытудағы интерактивті әдістер, инновациялықізденістер.

Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.

Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.

Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;

-педагогикалық қолдау көрсету.

Интерактивті әдістерге мыналар жатады:проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.

Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып,таныстырулар жатады.

Инновациялық ізденістер — кез келген жаңалық немесе жаңалықты енгізу ғана емес, бұл бүгінгі қолданыстағы білім жүйесінің тиімділігін арттыратын үдеріс. Инновациялық іс-әрекет — білім берудің кез келген деңгейінде инновациялық үдеріспен қамтамасыз ететін шаралар кешені және үдерістің өзі. Педагогикалық инновация білім беру жүйесін қайта құру, жетілдіру, модификациялау, өзгертуге байланысты немесе оның белгілі жақтарын, қасиеттерін және аспектілерін (жаңа заңнамалық акттерді, құрылымдарды, тұжырымдамаларды және интеграциялық байланыстарды және жасақтау. Инновациялық үдеріс ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеттері, технологиясы және адам ресурстарын қамтиды.

8.2.Көркемшығарманыңтілдікерекшеліктерінтанытужолдары.

Көркем әдебиеттің негізгі ерекшеліктері– тіл.Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе,жазушы тілді сондай жақсы білуі керек.Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, ұяң әдеп тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге кеоректі тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоныстары да бар. Солардың ішінен ең жақсыларын таңдап, талғап алудың және оларды сөйлемде орнын тауып қиюластыру, талғай білудің негізінде көркем әдебиет жасалады. Көркем тіл, көркем сөздердің түрі көп.


Солардың бірі сөздердің көп мағыналылығы. Әр сөз жек, атау күйінде тұрып-ақ бірнеше мағанаға ие. Егер жазушы әр сөздің әр сипаттағы тура және туынды мағыналарын жіті айыра танып, әрқайсысын тек өз орнында ғана ұтымды қолдана алса, сөзбен жасалған суреттегі ой мен ұғым, сыр мен сезім дәлдігіне жетеді де, осы арқылы шығармаға әсерлі эмоциялықкүш дарытады. Ал баяндау мен суреттеудегі дәлдік – жазушы шеберлігінің ең ірі қырларының бірі.

Айдана

9. Әдебиет сабағындағы іскерлік ойындар.

Ойын - бір караганда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымды Ойыннын ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір- біріне деген сыйластык қажеттіліктермен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойының басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

1. Кыз куу ойыны:

Алдымен сұрақтар беріледі. Атам қазақ "кыздын жолы жіңішке" демекші алдымен қыз бала тапсырманың бір мысалын орындайды,содан кейінкарточкамен ер бала ал кыз бірінші болса ер балага жеткізбей жеңіске жеткені

2. Ханталапай

Асықта ойнайтын ойынАсық нөмірленген. Нөмірге байланысты карточка алынады. Асық жерге шашылып,балалар талапайлап асық алып номірлері бойынша сойлем құрап сұрақ қояды."Бәйге", "Тенге алу", "Айға ұшу", "Кім болам?" Міне осы ойындардан окушыларда әрекет пайда болады, әрі пәнге қызығушылығы артады.дуниетанымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді.

Ойын мектеп балалардың негізгі екеті. С. Торайгыров «балалықтың қанына ойын азық”деп бекер айтпаған. Өйткені ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Қай сабак, кай такырыпка болмасын пәнді тиімді көрнекілікті, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысу керек.

10.Әңгімежанрыноқытутехнологиясы.Асылжан

Әңгіме жанрын оқыту-оқушының сөйлеу дағдысының, мәнері оқуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы өте кең

Әңгімені оқытуда жүзеге асырылатын міндеттер:

— Әңгіме мәтінін оқытып, мазмұнын меңгерту;— Әңгімені табиғатына сай оқуға үйретіп, оның идеялық- эстетикалық мән- мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына әсер ету;— Әңгімені оқуға деген қызығушылығын, ынтызарлығын оятып, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;— Әңгіме жанрының ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге болатын білім, білік, икем- дағдыларды қалыптастыру;


Әңгімені оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сөздік әдісі - әңгіме, лекция, пікірлесу Көрнекілік әдісі - иллюстрация, суреттер, мүсіндер, портреттер Тәжірибелік әдісі - әңгіме мәтінін меңгеру, көркем мәтінмен жұмыс Зерттеу әдісі - жазушы тілін, стилін анықтау

11.Абай шығармашылығын оқытудың инновациялық технологиясы.Іңкәр

Қ.О.БІТІБАЕВАНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША:

Ең маңыздылары қарамен белгиленип тур кыздар!!! Басындагылар косымша акпараттар/

https://45minut.biz/?p=116154 мынау ссылкасы \тагы керек болп жатса\

Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сонау бағзы замандағы қазақ халқын әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары – Қазақстанды әлемдегі дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді. Абай – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ірі тұлғасы.Ұлттық идея, ұлт тағдыры, ел тәуелсіздігі, елдің елдігі – бүгінгі қазақ әдебиетінің өзекті арнасына, алтын арқауына айналып отыр. Халқымыздың рухани байлығының шешуші саласы – қазақ әдебиеті өткен ХХ ғасыр бойы ірілеп өрлеп өсіп, дүние жүзіне танылды.

Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, моралист, ағартушы-демократ, шешен, заңгер, әділ би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші — ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлемінде ірі құбылыс болды. Абай қазір еліміздегі түбірлі өзгерістер негізінде әлемде танылып жатыр. Абай аты әлемді шарлады. Қазір жас өскіндерге нағыз Абайды, дана Абайды қайта танытып, қайта қауыштыру мәселесі көтерілуде.

Ұстаз ретінде «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтармен үшін маңызы жоғары, келелі мәселе деп ойлаймын. Осы орайда жаңа заманға сай оқушыларды ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту- мектептердегі басты талапекені айдан анық. Әдебиет- сөз өнері, оны мектепте тереңдетіп оқыту, мұғалімдерден аса ізденімпаздықты, мұқияттылықты, төзімділікті талап етеді. Әлемдік білім беру жүйесіндегі озық инновациялық технологиялардың көптілігі алаң туғызатыны бәрімізге анық.

«Әдебиетті оқытудың тиімді жолдары», «М.Әуезов шығармашылығын оқыту», «Абай шығармашылығын мектепте оқыту», «Абай және Әуезов үндестігін оқыту», «Абайды таныту», «М.Әуезов мектепте», «М,Әуезовті оқыту әдістемесі», тағы басқа шығармалары. Аталған еңбектерде,әсіресе,Абай және М.Әуезов шығармаларын оқытудың келелі мәселелері қаралып, көптеген ұсыныстар ғылыми тұрғыда тұжырымдалып, Абай және Әуезов заманы мен қазіргі кезең сабақтастығы біртұтас жүйе ретінде қаралаған.