Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 73

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқушыларды ауызекі сөйлеу, жазу мәдениетін үйрету- оқыту мен тәрбие жұмысының ең маңызды мәселесі. 

  1. Түсіндірмелі-репродуктивтік әдісті әдебиет саағында қолданужолдары

Түсіндірмелі әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды жетік меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға әртүрлі мысалдармен түсіндіріп, ал оқушылар ақпараттарды ұғынып еске сақтайды.

Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім – есептерді мысалға алып, теорияларды дәлелдеуді және өз бетінше жоспар құрып мысал келтіріп ойын анық жеткізуге үйретеді

Түсіндірмелі әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген және көп елдерде қолданылады.

Репродуктивтік әдіс.Бұл әдіс мұғалім өзінің айтқанын оқушыларға қайталатады.Қандай тапсырма орындады,қандай мысал келтірді бәрін мүлдіртпей айтып беру керек.

Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады.

Оқушыларға алгоритм беріледі. Алгоритм — оқушыға зат не құбылысты толық білуге көмектесетін бағыт беретін іс-әрекеттердің жүйесі. Оқушыларға конспектілеудің, салыстырудың, есеп шығарудың алгоритмдері беріледі. Алгоритмдер бірнеше операциялары бар дағдыларды қалыптастыруға пайдалы, себебі күрделі іс-әрекеттен оның жеке операциялары бөлінеді.

Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен беру керек.

Аталған әдісті шектен тыс қолдану жаттандылыққа әкеліп, оқушының шығармашылығын, ақыл-ойын дамытпайды. Себебі репродуктивтік әдісті қолданғанда оқушылар үлгі, нұсқау бойынша жұмыс істейді. АяжанАрасында өз сөзіммен жазылған

  1. Сөздік әдіс және оны сабақта пайдалануМоншақ


Қазіргі кезде педегогикада оқыту әдістерін үш топқа бөліп қарастырып жүр:
1) сөздік

2) көрнекілік

3) тәрбиелік-тәжірибелік әдістер

Оқытудың сөздік әдістерінің тобы мұғалімнің сөзіне сүйенеді.Сөздік әдістердің тобынабаяндау,әңгіме,түсіндіру,арнайы мәтінмен кітап оқу және магнитафондық жазбамен,өз бетімен жұмыс жатады.

Сөздік әдістерге, сұрақ-жауап «сұхбат», түсіндіру немесе баяндау, мұғалімнің әңгімесі, мектеп лекциялары, пікірталасты жатады. Сұрақ-жауап әдісі. Әдістің басты мақсаты оқушылардың сана-сезімін ояту. Алға қойған мәселені, сұрақты шешу үшін мұғаліммен оқушының белсенді түрде қатысуы шарт, мұғалімнің әдістемелық дұрыс қойған сұрағына оқушылар жауап іздейді, ойлау қабілеттері артады. Мұғалім оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімдеріне сүйене отырьш, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің жетекшілігімен сабақ соңында оқушылар өз білімін жаңа материалдың мазмұнын меңгеріп белгілі бір қорытынды жасауға дағдыланады.

Сұхбат түрінде өткізілетін сабақ өте тиімді. Қазіргі педагогика ғылымдарының көзқарасы бойынша, бұл әдіспен өткізілетін сабақтардың тиімділігі төмендегідей мәселелерді шешуге болатынына байланысты.
1. Оқушылар сабақта белсенді іс-әрекет жасайды, қатысады.

2. Жаңа оқу материалының мазмұнымен танысады.

3. Білімді жүйеге келтіріп, бекітеді.
Сұхбаттың барлық түрлерін қолдануда негізгі рольді мұғалімнің сұрақтары атқарады. Сұрақтар жаңа сабақтың мазмұнына сәйкес қойылып, оқушылардың зейінін мәселелерге аударатындай болуы тиіс.

Мектеп лекциялары. Орта буын оқушыларды оқытуда қолданылмайды. Жоғары сынып сабақтарында мұғалім сабақ кезіндегі лекцияның барысында оқушыларға сұрақ койып жауап алады, үйге тапсырма береді. Мұғалім лекцияның жоспарын түзгеннен соң, сабақ барысында оның мазмұнын логикалық жүйеде рет-ретімен мазмұндайды. Басты проблеманы ашу барысында фактілерді, мысалдарды, нақты пайдалану, оқушылармен тығыз байланыста, ойлау әрекеттерін басқара білу, терминдерді көрсетіп мәнін түсіндіру, көрнекіліктерді пайдалану лекцияның мазмұнын аша түседі.
15.Жаңа білімді меңгерту технологиясы.

Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.



   Ойын технологиясы.

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

 Проблемалық оқыту технологиясы.

Проблемалық оқыту – мұғалім басшылығымен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

       Коммуникативтік байланыс технологиясы – шеттілдер мен байланыс негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бірқалыпты, және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:

 Қызығушылығын коммуникативтік тұрғыдан арттыру, коммуникативтік мотивация;

Дұрыс бағытта сөйлеу;

Өзара қатынастың қалыптасуы;

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.Нурбибі

16.МысалжанрыноқытуАйс

Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді, астарымен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн, яғни мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира, оның негізгі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби -теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ. Мұғалім оқушыларға үйлестірме қағаздарын беріп, өз бетімен оқуға, талдау жасауға жетелейді. 

17.Ертегілерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану
Гулназ(түгел кшіре бер чисто өз сөзіммен жаздым)

Қазіргі таңда жаңа технологияларды жалпы көркем әдебиетті оқыту барысында қолдану өрістеп отыр. Мысалы, көбіне қолданылатын әдістердіңбірі-сыни тұрғыданойлау технологиясы. Бұл технологияның оқушының оқу мен жазу сауаттылығын артыруда, шығармашылық қабілеттерді дамытуда, ақыл-ойын жетілдіруге, ұжымда, топта жұмыс жасай білуге үйренуге тигізетін ықпалы зор. Немесе венн диаграммасы. Ол бір-бірімен байланысқан екі шеңбердің екі шетіне салыстыруға тасталған обьектіні сипаттау немесе керісінше айырмашылықтарынанықтау сияқты тапсырманы орындауды көздейді.

Ертегілерді оқытуда көбінетірек сөздерді пайдалануарқылы ертегіні мазмұндап айту, «тақия тастамақ» ойыны арқылы ертегіні жалғастыру секілді әдістерді қолдансақ болады.

Тағы бір айта кететін жаңа әдістердің бірі «көрнекі модельдеу». Бұл әдіс көбіне мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасауда өте ыңғайлы.Өйткені олар тез бейімделгіш, тез қабылдағыш болып келеді. Бірақта, сабаққа деген қызығушылықтың жоқтығы, оқушыны сабақтаналшақтатады. Осы тұста «көрнекі модельдеуді»қолдану арқылықызығушылықты тудыра аламыз. Ол үшін мына 3 кезеңді игеру қажет: сенсорлық материалды меңгере отырып талдау, оны таңбалау.

Мысалы, бір ертегіні балаға қайталап айту оны жалықтырып жіберуі мүмкін. Осы кезде алдымен балаға экрандардан оны көрсетіп, ол ертегінің қате, кемшіл тұстарын талдап, толығымен алдымен материалды оқушының іс-әрекеті арқылы меңгертіп аламыз. Содан соң ол ертегіні белгілі бір таңбалар арқылы ертегі желісін құрастыруды тапсыру. Ертегі кейіпкерлерін қағазға шығарып оны жүргізу арқылы немесе ертегідегі басты элементтерді оқушыларға салғызып, сол арқылы ертегі желісін құрастырып алу.
  1. 1   2   3   4   5   6   7


Публицистикалық жанрларды оқыту

Публицистикалық стиль көптеген жанрда қолданылады. Жанрлардың үш тобы бөлінеді: ақпараттық (сұхбат, репортаж, жазба, хроника), аналитикалық (мақала, хат-хабар) және көркем-Публицистикалық (очерк, фельетон, памфлет, эссе).

Қазіргі газет және журнал сөйлеуі үшін жалпы алғанда ашық шақыру, ұраншылдық, риторикалық, ескертілмеген директивтілік тән емес. Ол үшін талдаушылық, баяндаудың дәлелдемесі неғұрлым тән. Өйткені, ұстамды, байсалды дәлелдердің нысаны мәнерлі, яғни экспрессивті болуға және публицистикалық стильдің әсер ететін функциясын іске асыруға қабілетті.

Қазіргі газеттер мен журналдарда мазмұндаудың диалогтық формалары (сұхбат, әңгіме, екі көзқарасқа қарсы қою және т.б.), сондай-ақ ақпараттық-аналитикалық (мақала, пікір және т. б.) маңызды орын алады, мысалы, очерктер мен репортаждар сирек құбылыс болып табылады. Жаңа жанрлар пайда болады: «тікелей желі», «дөңгелек үстел». Кейбір журналдарда бұл жаңа жанрлар жоқ. Қарапайым сұхбаттар, ақпараттық жазбалар (мысалы, ағымдағы аптадағы мәдени шаралар туралы), сауалнамалар, статистика бар. Көркем-публицистикалық топтан очерктер мен эссе бар. Көпшілік алдындағы сөйлеу актісінде сөздерді автордың дұрыс дыбыстауы тілдің табиғи  дыбысталуының ерекше маңызды рөлін көрсетеді. Публицистикалық стиль қазақ тіл мəдениеті мен лингвистиканың ең бір үлкен бөлшегіне қызмет  етеді. Ол қоғамдық ортаға стилистикалық бағалау категориясы арқылы белгілі сөз бен сөйлемдердің 

жиынтығын белгілейді.

Ақниет

19. Эпистолярлық жанрларды оқыту Аружан

Эпистолярлық Әдебиет, эпистолография (грек. epіstole – жолдау, хат) – хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке ірі қоғам қайраткерлерінің өзара жазысқан, тарихи мәні бар, әдеби мұраға айналған хаттары жатады.

Эпистолярлық әдебиет жанр ретінде көне дәуірден басталады. Цицеронның, Горацийдің, Сенеканың хаттары эпистолярлық публицистиканың негізін қалады. Кейін хатпен жазылған роман пайда болды. Мыс., орыс жазушысы Н.М. Карамзиннің “Орыс саяхатшысының хаттары” (1789 – 1792) – Эпистолярлық әдебиеттің тамаша үлгісі. Қазақ әдебиетінде Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің орыс достарына, Абайдың өз туыстарына жазған хаттары – эпистолярлық қымбат мұра. Эпистолярлық әдебиет 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты халық поэзиясынан кең көрініс тапты (Құбаша ақынның Әбдірахман Иманқұлұлына жазған хаты”, т.б.). Бұл жыр-хаттар ақ патшаның бұйрығына наразылық, ыза-кек білдіріп, тікелей көтеріліске шығуға, Амангелді Иманов бастаған топқа қосылуға үндейді. Майданнан жазылған хаттарда жауыздық пен әділетсіздікке қарсылық білдірсе, майданға жазылған хаттарда ел-жұрттың сағыныш сезімі, амандық-саулық баяндалады. Эпистолярлық әдебиет кеңестік дәуірде кең өріс алып, айрықша дамыды. (С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б.). 1916 жылғы сәлем хат жырлары 2-дүниежүзілік соғысы жылдарында туған Эпистолярлық әдебиетке келіп жалғасты. Бұл кезде жазылған хаттарда патриотизм, Отанды қанқұйлы жаудан қорғап қалу, дұшпанға деген өшпенділік сезімі басым. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Қ.Аманжолов, т.б. жазысқан хаттар Эпистолярлық әдебиеттің көрнекті үлгілері болып табылады.