Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 75
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-Ия, алдымен айта кетейін: Отан, ата-мекен, ата-баба, ұрпақ, қазан-ошақ, ағайын-туыс деген қасиетті сөздер сол шақта да нақ осы күнгі сияқты мән-мағынада болған. Осы сөйлемді тыныс белгілерін алып тастап оқысақ, сөйлем өзінің жеткізейін деп тұрған қасиетті ұғымынан мүлде алыстап, түсініксіз былдыр болып шығар еді. Немесе, «Бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы»- деген мақалдағы сызықша мен үтірді алып тастасақ та, жоғарыдағыдай жағдайға душар болар едік.
мәнерлеп оқуды өте жақсы меңгерген оқушыларды сынып алдында жеке оқыту, әр түрлі шараларға қатыстырып отыру,біріне-бірін үлгі ету балаларға әсер етеді.
Қорыта келгенде, « Сөйлеудің екі түрі болады: бірі – жалаң, екіншісі - көрнекі. Көрнекі сөйлеуді жырлау – толғау дейміз. Жырлау – толғауда айтылатын әсерлі сөзді дарынды сөз деп айту қолайлы. Сөздің асыл болуы – адамға ұнауымен. Сөз мағына жағынан күштілігімен, көркемділігімен, ұнайды», - деп, А. Байтұрсынов айтқандай, мәнерлеп оқу жолдарын толық меңгерген оқушы «сөз асылын» табатын, «сөз мағынасын» ұғатын, «дарынды сөзді» тани білетін тұлға болып қалыптасады.
Мәнерлеп оқу – қандай мәтінді болмасын дұрыс оқып, сөздерді бұзбай, қалдырмай, сөз аяғын жұтып қоймай, әрбір сөзді, ондағы дыбыстардың анық етіп оқу. Көркемшығарманың негізгі ой тереңін анықтап алмай, оқығандағы мақсат айқын болмайынша бірде бір жолды мәнерлеп оқу мүмкін емес .
13.Қазақ әдебиеті сабағында пайдаланылатын ойын компоненттері
«Сөз жарысы» ойынын кез келген тақырыпты өткен кезде, нәтиже сабақта ойнатуға болады. Мысалы, «Азық түлік» тақырыбын өткен кезде үш оқушы тақтаға шығып сөздер жазады. Бір оқушы сүт тағамдарын жазады, екінші оқушы азық түліктерді жазады, үшінші оқушы ет тағамдарын жазады, кім бірінші болып жазып бітірсе, сол оқушы жеңімпаз болады. Бұл ойын оқушыларға өте ұнайды, оқушылар белсене қатысады.
«Үй жануарлары» тақырыбын өткен кезде жаңа сабақты бекіту кезеңінде «Кім тез?» ойынын жүргіземін.
«Кім тез?» жарыс ойыны. Сыныпты топқа бөліп, жарыстыру. Үй жануарлардың атауларын атап шығу. Әр топтан тез, дұрыс айтқан оқушылардың ұпайын санап, жеңімпаз топты анықтау.
«Буынның түрлерін» өткен кезде жаңа сабақты бекіту үшін «Телеграф» ойынын жүргіземін.
Ойын мақсаты – сөздік қорын молайту, буынға бөлуге үйрету.
Ойынның шарты: Балалар, біз телеграф ойынын ойнаймыз. Менің айтқан сөзімді сендер телеграф арқылы басқа қалаға жеткізесіңдер, ал мен буын санына қарай қол шапалақтаймын.
«Азық-түлік» тақырыбын өткен кезде жаңа сабақты бекіту кезеңінде «Азық-түлік дүкенінде» ойынын жүргіземін.
Бұл ойын топтық тапсырманы шешуге, жаңа тақырыпты игеруге, материалды бекітуге, шығармашылық бейімділікті дамытуда жалпы оқулық материалын оқушыға әртүрлі жолмен түсіндіріп, оқуына жағдай туғызады.
«Шешуін тап» ойындарында қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту мақсатында жұмбақтар, жаңылтпаштар, олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын. Ойынын түрлері өте көп. Ойынның тағы бір түрі – Тілдік ойын. Тілдік ойындарға ситуациялық, рөлдік, іскерлік ойындар жатады. Бұл ойындарды «Азық түлік», «Отбасы», «Киім», «Тамақ», «Дүкенде» тақырыптарын өткен кезде ойнатуға болады. Бұл ойындар оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытады, оқушылардың қызығушылықтары арттады. Мысалы, «Дүкенде» тақырыбын алатын болсақ, бала мен бала, сатушы мен сатып алушы арасындағы әңгімелесу болады. Ойын әдісінің тиімділігі тілді үйренуде сөйлеу тыңдау және көру іс-әрекетінің маңызды екендігін байқатады. Тіл үйренуді ойын түрінде жүргізу оқу мотивациясын арттырады; оқушының кейіпкер сөзін, іс- әрекетін қабілетіне қарай қайталап (рөлдерде ойнап) қарым-қатынасқа түсу әсері жоғары болады. Оқушының түсіну және түсіндіру қабілеті дамиды. Рөлдік ойын лексикалық материалды бекіту мен жандандыру үшін пайдалы. Ең бірінші сөйлеу іс-әрекетінің тыңдау – сөйлеу түрлері негізге алынады. Оқушының танымдық белсенділігі, ойын жүйелі жеткізу дағдысы, яғни білімге деген жан-жақты терең қызығушылығын, дербес белсенділігін туғызады. Айта кету керек, ойын әдісінің өте тартымды әрі тиімділігіне қарамастан, сезімді шектей білу керек, әйтпесе ойын оқушыларды жалықтырып жіберуі және эмоционалды әсерді жоғалтуы мүмкін. Сонымен қатар, сергіту ойындарын пайдаланамын. Сабақта балалар шаршады-ау деген мезетте сергіту, бой жазу жаттығуларын жүргіземін. Жалпы мектепте балалар сабақта аса зор ынтамен ойнайды, олар ешқашан шаршамайды, тіпті уақыттың қалай өткенін де байқамай қалады.
Қорыта келе, ойын оқушының жеке ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді, мысалы, өзара көмек, бірін-бірі қолдау, жолдастық сезім, сондай-ақ бірқатар психикалық үдерістердің есте сақтау, ойлау, көңіл бөлу, сөйлеу, пайымдау т.б. дамуына әсер етеді. Ойын төменгі сынып оқушыларының топта жұмыс істеу арқылы ұжымдасуына көп көмегін тигізеді. Егер ойын сабақтың басында өткізілсе, балалар қалған уақытта тамаша жұмыс істейді, нашар оқушылар жеткілікті дәрежеде белсенділік танытады, сабақтың ортасында да, соңында да сабаққа қызығушылығы артып, назар аударуы жоғарылайды.
14.Әдебиеттікоқусыныптарындамәтінмен жұмыстүрлері.
Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құрылған белгілі бір ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінде оқиға – хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, ал құбылыс – сипатталады, суреттеледі. Ол – өзара байланысқан сөйлемдерден,абзацтардан тұрады. Оған ат қоюға, жоспар құруға болады. Оның басталуы, негізі, соңы болады. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтіннің мынадай түрлері бар: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.
-
Әңгімелесу мәтіні – тек мұғалімнің өзі ғана емес, түгел сынып оқушылары қатысып, топта талқыланады. Қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді. -
Сипаттау мәтіні – бір нәрсенің бейнесін (затты) немесе табиғат көріністерін сипаттау. Қандай? Қалай?сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады. -
Пайымдау мәтіні – белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және Не үшін? сұрағына жауап береді.
Мәтін түрлерін сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.
Мәтіннің біріншісінде, сөйлеудің ауызша жөне жазбаша екендігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығыэкспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.
Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндермонологтік, диалогтік (кей ретте полилогтік те) болып бөлінеді. Бұл жердесөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтінде де, ауызшамәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.
Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға,сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға,адами ізгі,эстетикалық тәрбие беруге,әдеби және тарихи деректерді түсіну болып табылады.Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу»оқулығында мәтін бес түрлі қызмет атқарады.
1.Мәтін оқушыға білім береді.
2.Мәтін – оқуға үйрету құралы.
3.Мәтін оқушының ойын дамытады.
4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді.
5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды.
2. Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар.
«Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы түрлі оқу материалдарының мазмұнын, яғни мәтіндерді оқушылар дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Ол жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушының жасына, дайындығына, білімі мен дағдысына байланысты іріктеледі. Олар:
-
Кіріспе. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау. -
Мәтінге байланысты сөздік жұмысы. -
Шығарманы оқу. -
Шығарманың жоспарын жасау. -
Оқыған шығарманың мазмұнын айту. -
Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Мәтінмен жұмыста мұғалім ескеретін жайлар:
-
Сұрақ қоюға ыңғайлы мәтіндерді таңдап алу.
Жақсы жазылған мәтіндер өте көп, бірақ олардың бәрі бірдей сұрақ қоюға мүмкіндік жасай бермейді. Сондықтан оқушыларды ойландыратын, түсіндіруді мәжбүр ететін мәтіндер алған жақсы. Әсіресе, жақсы ертегілермен жұмыс жасаған ыңғайлы, өйткені онда айтылатын жағдайлар мен кейіпкерлер туралы көптеген ойлар тудыруға болады.
-
Жылдам қорытынды жасауға мәжбүр етпеу.
Пікірталасты бірден өзіңіз бастамай, оқушылардың белгілі бір көзқарастарының қалыптасуына сенім артып, олардың ойларын, пікірлерін, сіз күтпеген ақылды ойларын таңдаған дұрыс. Олай болуы әбден мүмкін.
-
Өзіңнің жеке ойыңды айтпау.
Егер біз «дұрыс» немесе «дұрыс емес» сияқты пікірталастарға өз ойымызды қосатын болсақ, онда сұрақтың мәні жоғалады.
-
Талқылауды мәтінге жақын ұстау.
Егер сұрақ нақты болмаса, мәтінге қатыссыз, байланыссыз болса, онда оқушылар мәтіннің тақырыбынан тез ауытқып кетеді (мәтіннен басқаға көңіл бөлмеу).
15.Мектепте эпикалық шығармаларды оқыту жолдары.
Мектепте эпикалық шығармаларды оқыту жолдары.
1. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
1. Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.
2. Көркем образдары, образдар галереясы.
3. Автор – көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.
2. Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жете меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес.
2. Эпизодтармен жұмыста мына мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:
1. Қай буында болмасын, оқушылар өздері оқыған шығармалардың мазмұнына, оқиғасына ерекше көңіл бөледі. Ал оқиғалар бір-бірінен туындап жатады, оқиғаның басталуы, дамуы, шарттары, шешімдері бар. Олардың барлығы оқиға құрылысына жатады. Талдауда ең алдымен оқиға, композиция назарға алынады.
Басты оқиғаларды мазмұндату, оған жоспар жасату сюжет-композициялық талдаудың ең негізгі әдіс-тәсілі болады.
16.Жоғары сыныптарда мәтінмен жұмыс түрлері.
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыс жасаудың маңызы өте зор. Бүгінгі таңда сауаттылық ұғымы әртүрлі мәтіндер ұғымымен байланысты болғанымен, өзгеріп, кеңейіп келеді. Заманауи адам электронды кітаптармен қатар баспа кітаптарын оқи алады, аудиокітаптар да бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие, сондықтан мектеп оқушыны әртүрлі мәтіндермен «қағаз, электронды және дыбыспен жұмыс істеуге үйрету керек.
PISA зерттеулерінде оқу сауаттылығы келесі деңгейлерге бөлінеді: - қарапайым критерийлер бойынша мәтіннен қажетті ақпаратты іздеу (ең төменгі деңгей); мәтіннен қажетті ақпаратты көптеген критерийлер бойынша іздеу;
- мәтіннен қажетті ақпаратты іздеу, ақпарат бөліктері арасындағы байланыстарды табу, таныс, қарама-қайшы ақпаратпен жұмыс жасау;
-жасырын ақпаратпен үзінділердің бірізділігін немесе тіркесін іздеу және бекіту, тапсырманы орындау үшін мәтінде қандай ақпарат қажет екенін шеше білу;
-күрделі мәтіндерді түсініп, түсіндіре білу, жинақтау; - мәтіннің мазмұнын болжау және қорытынды жасау.
-Содан кейін мәтіннен ақпаратты алу – түсіну, қысқарту, аудару, өзгерту, т.б.Нұрбибі
-
Қазақ әдебиетін оқытуда ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялардықолдану,оқытушыныңақпараттыққұзыреттілігі.
Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттері Мектепте берілетін білім оқу үрдісінің мән-мазмұнынан, оқыту
Принциптерінен, оқуды ұйымдастырудың формасынан, оқыту әдістерінен,оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудан, сабақ жүргізетін мұғалімнің дайындығы дәрежесінен құралса, дидактика – оқыту мен білім берудің теориясы, оның принциптері гноселогиялық, логикалық, психологиялық
Негіздерден құралатыны белгілі.
Ал дидактика принциптеріне келсек, 1) Ғылымдылық принципі 2)
Білімді саналы игеру принципі, 3) оқытудың жүйелігі мен үздіксіздігі
Принципі, 5) оқытуды өмірмен байланыстыру принципі, 6) көрнекілік