Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 70

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Публицистикалық шығармалар оқу бағдарламасында аз берілген. Әрине, әр ақын-жазушыны оқытқанда, мұғалім өз қалауы бойынша олардың осы жанрдағы еңбектерін оқуға ұсына алады. Мысалы, Ы. Алтынсариннің оқу-білім жайындағы мақалаларын, С. Торайғыровтың «Қазақ кітаптары жайында» атты мақаласын, М. Дулатовтың мақалаларын, эпистолярлық жанрдың бір түрі – естелік-мақалаларды, хаттарды ұсынуға болады. Ғылыми мақалалардан Ш. Уәлиханов еңбектері бағдарламада көрсетілген. Ал әдеби-сын мақалаларды, әсіресе, М. Әуезовті (оның Абайтану ғылымының негізін салушы екенін) Абай шығармаларын оқытқанда, қосымша материал ретінде ұсынып, оқытуға болады. Сабақтың ғылымилығын арттыруда, білімді тереңдетіп беруде, әсіресе, сын-зерттеу еңбектерінің орны ерекше. Хаттардың да маңызы зор. Хаттар, естеліктер тарихтан сыр шертеді, оқырман қауымға беймәлім мәселелерге назолюопар аудартады, көркем туындыларын қалай жазғаны, оған не итермелегені, т.б. туралы маңызды мағлұматтар береді. Мысалы, Алтынсариннің орыс зиялыларына жазған хаттарынан оның білім беру, ағарту саласындағы ауыр өмірін, сол жолдағы кедергілер, қуаныш-ренішін; Шоқанның орыс достарына жазған хаттарынан оның дала тағыларымен күресі, патшалық самодержавие шенеуніктерінен көрген әділетсіздігі, тіпті қала берсе, демократтық, ағартушылық, гуманистік бет бейнесі туралы біле түсеміз.

Хаттарды оқытудың негізгі ерекшеліктері

7-сыныпта Ұлы Отан соғысының құрбаны, жалынды, әрі патриот-публицист Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хаты» оқуға, талдауға ұсынылған. Хаттарды оқытуда мына мәселелерге көңіл бөлген жөн:

1. Жанрлық, композициялық ерекшелігін аңғарту (басқа шығармаларымен салыстыра отырып).

2. Хаты арқылы хат иесінің көңіл күйіне назар аударту. Мысалы, «Шығыс ұлына хат» аса көтеріңкі көңіл күймен, асқан сеніммен, халқына, бүкіл Шығыс ұлына арнау мәнінде жазылған. Хаттың ерекшелігі – жалынды үнінде, Шығыс ұлымен сырласу сипатында.

3. Хаттың мазмұнын меңгерту айналасында төмендегідей жұмыс жүргізу керек:

а) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, оқи отырып, түсінік беру, ең басты, түйінді мәселелерге көңіл бөлгізу. Бұл жұмыста мұғалімнің алдын ала жазып әкелген кесте-плакатын пайдалануға болады.

Хаттарды оқытуда оқушылардың көңіл күйі, сезіміне әсер ету ерекше назарға алынады. Осы хат олардың Отан сүйгіштік сезіміне, қазақ жауынгерлерінің ерлігін мақтан ету сезіміне, батырлық, ерлікті мұрат етулеріне, хат иесіне деген құрмет сезімдеріне әсер етеді. Хатты талқылау алдында соғыс кезіндегі әндерді тыңдау немесе соғыс туралы фильмдерден қысқаша үзінділер көрсетудің маңызы ерекше (мысалы, «Жеңіс парады» немесе «Төлеген Тоқтаров» фильмдерінен, т.б.). Бір-біріне хат жаздыру, ерлік, батырлық туралы, не сол Баубек Бұлқышев жайында немесе осы хаттан алған әсері туралы сырласу, арнау хаттарын жазғызуға болады. Өздеріне ұнаған жерлерін жатқа айтқыза білу де тиімді әдіс.


20.Батырлар жырын оқытуАндар

Батырлар жырын оқыту әдістемесі.

Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы – ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде.

Оқушыларға ерлік, патриоттық, отан, туған ел, өскен жер, тұлпар ат жөнінде мақал-мәтелдер жаттату, айтқызу, сөзжұмбақтар, жұмбақтар шешкізу, әртүрлі танымдық ойындар ұйымдастыру, жыраулар сайысын өткізуде т.б. жұмыстар жүргізіледі. Оқушының сөздік қорын байыту мақсатында сөздік жұмысын жүргізу көнерген сөздер, оның мән мағынасын түсіндіру, синоним, омоним, антоним сөздерді тапқызып отыру қажет. Әсіресе, батырлар жырын оқыту 3-4 сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлуі керек:

Кіріспе жұмыстар.

— «Батырлар жыры» туралы (эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық (оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып) ұғым беру.

— Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататыны туралы түсінік беру.( https://ulagat.com/2020/09/15/%D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80-%D0%B6%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%BD-%D0%BE%D2%9B%D1%8B%D1%82%D1%83-%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96/ ) осында толық бар

21..ЛириканыоқытуБаян

  1. КөркеммәтіндіталдаужолдарыҚұндызай

Көркем мәтінді талдау жолдары.

  1. Жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудыңөзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерді назарға алып отырады.

  2. Талдаудың келесі бір түрі – шолу бағытындағы талдаулар. Бұл талдаудыңөзіндік ерекшелігі сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды. Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен емін-еркін жұмыс істей алады.

Талдаудың тағы бір түрі – сұрыптап талдаулар. Бұл талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды.



  1. Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу — әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет, мақсаты. Оқу мен талдау – бір ананың егіз баласындай, жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушыныңөз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр баланыңқабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Бұл жұмыс төменгі сыныптан, яғни 5 сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Мысалы, 5 сыныпта Абайдың «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірі, ойын айту – аса күрделі мәселе. «Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынадай көмек-нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады:

  1. Өлеңді асықпай, әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше рет оқысаң, тіпті жақсы.

  2. Күз суреті берілетін сөздерге назар аудару.

  3. «Күздегі» адамдар іс-әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін еске сақта.

  4. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл-күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.

  1. Көркем шығарманы талдау сынып ұжымыныңқатысуы арқылы жүргізіледі. Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әрі бұл жұмыста мұғалімнің басшылық – «көсемдік» орны да ерекше. Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы, оныңұйымдастыруы, ойластыруы арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып-білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.




  1. Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдарыНазгул

  2. Әдебиет сабағында көбінде көруге негізделген көрнекіліктер жиі пайдаланылады. Әсіресе, жазушы портреті, фотосуреттері, шығармалары бойынша жасалған иллюстрациялар, бейнелеу өнерінің туындылары т.с.с. Сондай – ақ сызба, карта кесте – плакат, синхронды кестелер, диапозитив, диафильдер де осы көрнекіліктер тобын құрап, әдебиетті оқытуда үлкен роль атқарады. Қазақ әдебиетін оқытуда дайын көрнекіліктер өте тапшы, сол себептен оны мұғалімдердің өзі жасауына тура келеді.

  3. Суреткердің шыққан тегі, ата - бабасы көрсетілген кесте – сызба ерекше маңызды, қажетті көрнекіліктер тобына жатады. Мұғалім өзі қалаған ақын – жазушыларға осындай кесте – сызба жасайды. Сондай – ақ мұндай кесте сызбаны ақын, не жазушының білім алған орталары, өз ұрпақтары, шығармаларының тараған жерлері, саяхаттарын, өмірінде аса маңызды із қалдырған мекендерімен толықтырып, суреткер өмірін тұтастай қамтитын көрнекілікке айналдыруға болады. Хроникалық кесте жасап, суреткер өмірінің басты – басты кезеңдерін оқушының көз алдына келтіріп қою да тиімді.

  4. Осы көрнекіліктің маңызы мен тиімділігі неде :Жазушы шығармашылығы туралы бұл көрнекілік айна іспеттес.Ол суреткер шығармашылығының негізгі мәселелерін тұжырымды түрде толық қамтиды,әрі оқушыға нені білу керек екеніне жол сілтейді.Ең бастысы, ол суреткер туралы жан-жақты хабар береді.Оның шығармасынан нені оқу керек,сол жайында нұсқау-көмек жасайды.

  5. Көрнекіліктерді қолдан жасау- аса күрделі дүние. Оған қойылатын басты талаптар мыналар:

  6. 1. Жазуын соңғы партада отырған бала да оқи алатындай болу керек.

  7. 2. Көркемдеуі, безендіруі, бояулары, әлем-жәлемдері емес, қарапайым, оқушы жан жүйесіне, көру қабілетіне кері әсер етпейтіндей, мектеп гигиенасына сай жасалуы керек.

  8. 3. Қолдануға оңай (мұғалімге де,оқушыға да) әрі мазмұнды, сабақ процесінде мұғалім іс-әрекеті, қызметі, соңдайақ оқушы іс-әрекеті, қызметіне тиімді бірден-бір көмекші құрал дәрежесінде болуы керек. Оқушыға беретін білім мазмұнын байытып, танымын арттыратындай, әрі қосымша хабарлама беретіндей жасалуы да басты талаптардың бірі.

  9. 4. Тұжырымдылық, нақтылық, ғылыми жағынан тереңдік те басты шарт.Қолдан жасалынған осы көрнекі құралдарды пайдалана білу де педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мысалы, жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған хронологиялық кесте, былай қарағанда, көрнекіліктердің ең қарапайымтүрі сияқты. Ал осы кестемен мына сияқты маңызды жұмыстар атқарылады:

  10. а)Суреткер өмірінің басты-басты кезеңдеріне,сол кезеңдерге жазылған шығармаларына оқушы назарын аудару.

  11. б)Кесте арқылы оқушыларды пікірталасқа,әдеби айтысқа тарту.

  12. Сұрақтар мен тапсырмалар:

  13. а)Қалай ойлайсындар,сенше жазушы өмірінің ең маңызды кезеңі қай жылдар?Пікіріңді дәлелде (не себепті маңызды деп есептейсің?)

  14. ә)Қай жылдар ең өнімді,жемісті жылдар болған ?

  15. б)Кестеге қарай отырып,жазушы шығармашылығына елдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қалай әсер еткені туралы өз ойыңды айт.

  16. в)Жазушының ең өнімді еңбегі,шығармалары қандай тарихи оқиғаларға,қай жылдарға байланысты жазылған екен?






24.Мәтінге тақырыптық талдау жасу жолдары Аяулым

Жалпы идеялық жақтан да тақырыптық түрде де талдау жасау дегеніміз-берілген мәтіннің мазмұны мен құрылысы және де оның яғни мәтіннің тақырыбы арасындағы байланысты айқындай отырып, берілген мәтінге деген тақырыптың қойылуын көрсету яғни түсіндіру болып табылады. Ал мәтінде көрсетілген ең басты мәселедегі идеяны айқындау дегеніміз- мәтіннің авторының қалың оқырмандарға айтпағын анықтау дегенді білдіреді.Берілген мәтінге стилистикалық және де композициялық талдау жасау дегеніміз-сол мәтіннің жанрларынғстильдерін, түрлерін анықтау болып табылады. Мәселен оған: прозаны,поэзияны,драманы жатқыза аламыз. Мәтіннің аудиториясы дегеніміз-аты айтып тұрғандай-аудиторияға яғни оқырмандарға арналады. Мәтіннің сөйлеу формасы және типі дегеніміз оған монолог,диалог,полилогты жатқызамыз. Мәтіннің тақырыптық түрлеріне: әңгімелеуді,сипаттауды,пайымдауды жатқыза аламыз. Және де осы жоғарыда аталған пункттердің барлығы мәтіннің негізгі компоненттеріне кіреді.
25.Авторізімен талдауАсылжан

Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауа ерекше назар аударады.
Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары.
Образдар жүйесіне талдау , талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. 5-8 сыныптар оқушылары көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық талдау жасай алмаса да, олардың іс-әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды.
Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема – образдық талдауда ерекше назарға алатын проблемалар болып табылады. Мысалы, “Абай жолы” роман эпопеясындағы Абай бейнесі айрықша жағымды. Ал, Құнанбай бейнесі арқылы автор 19 ғасырдың екінші жартысындағы феодалдық қоғамды, оның бас өкілін сомдайды. Бұл образды жасаудағы автор мақсаты да сол. Құнанбай іс-әрекеттері, оның әр түрлі қылықтары сол қоғам сипаты дәрежесінде көрсетіледі. Олай болса, талдауда осы мәселелер еске алынуы керек. Образдық талдау жүйесінде де мұғалім көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық эстетикалық табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алады. Осы ретте видео жазбаларды көрсету ақылы оқушыларға көмек беруге болады.


26.Жекетұлғаныдамытудажасалатыніс-әрекеттерменәдіс-тәсілдер

Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Осындай өзекті мәселені шешу үшін әрбір педагог-психолог әр түрлі оқыту технологияларының оқу мазмұнын, әдістерін және құралдарын оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда.

Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану – ұлттық білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, интеллектуалдық дамуына көп әсері бар. Соның ішінде:

  • Модульдік оқыту технологиясы

  • Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

  • Сатылай комплексті талдау технологиясы

  • Үш өлшемді әдістемелік жүйесі

  • Зерттеу технологиясы

  • Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы

  • Жобалық технология

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

  • Интерактивті тақтамен жұмыс т.б. көптеп қолданылады.

Интерактивтік, диалогтік, рефлексиялық тәсілдердің қолданылуы сабақ үрдісіне қатысушылардың белсенділігін, әдістемелік танымын арттырады және оның дәстүрлі оқытудан тиімділігі жоғары келеді.

Психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында коррекциялық жұмыстарда СТО бағдарламасы да пайдалануда. Өйткені мұнда тұлғаның танымдық қызығушылығы, күрделі ойлау қабілеті, қоршаған ортаға көзқарасы, өмірдегі өзінің орны туралы ой-пікірінде өзгерістер пайда боларлық әдіс-тәсілдер қолданылады.

Тренингтік әдіс –тәсілдердің тиімділігі:

–оқушылардың арасында қарым-қатынас құзыреттілігінің  қалыптасуы, әрбір жеке тұлғаның өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға мүмкіндік алуы.

Практика жүзінде меңгерген ұстаздар осы әдіс-тәсілдерді, қарым-қатынас жасау дағдыларын, ұжымдық ұстанымдарды бағалау әрекеттерін, өздерінің білім алу әрекеттерін кәсіби педагогикалық қызметінде пайдаланып, модельдей алатын болады.

Адамның өзін-өзі танып, өзгені түсініп, қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеп, позитивтік көзқарастар мен сенімді қалыптастырмайынша, білім беруді ізгілендіру мүмкін емес. Психологтың мұғалім ретінде оқыту процесіне араласуы оқушылармен, мұғалімдермен қарым-қатынас жасауын жақсартуына көмегін тигізетініне күмән жоқ. Осы себептерге байланысты психологияны пән ретінде енгізу – білім берудегі инновациялық қадам, жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту үрдісі болып табылатын қадамның бастауы болуы сөзсіз деп сенеміз.