Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 76
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ІІ Деңгей
-
Ауызәдебиетіүлгілеріноқытужолдары
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптардың бірінен саналады. Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Баланы тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті үлгілерінен табылады. Сол арқылы бала халықтық шығармаларды оқып-танысу барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды арман-мұратына жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп, жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді.
М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің баланың психологиясына тигізер әсер-ықпалына терең мән береді. Қазақтың бесік жырының баланың есту сезіміне, ертегілердің ақыл-ойына, мінез-құлқына, тілін, қиялын дамытуға тигізетін әсерін дәйектеп көрсеткен. Мысалы ертегінің бала дамуындағы маңызы туралы былай дейді: «Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе. Мысалы, балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөзің желге айтқанмен бірдей. Егер сен балаға өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегіде өтірікшінің өтірігінен қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең, міне, бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады. Бесік жыры. «Бесік жырын» оқыту барысында бесік жырының мән-мағынасына, тәрбиелік әсеріне көп көңіл аударылады. Мәселен, бесік жырының әр шумағын мәтіннен тауып оқыта отырып, төмендегі сұрақтар қойылады:
-Бесік жырында анасы сәбиін қандай сөздер айтып жұбатады?(1-2 шумақта)
Анасы сәбиін қандай бала болса дейді?(3-шумақта).
Арнау – тілек өлеңдері. Арнау – тілек өлеңдері балалардың дүниетанымын кеңейтеді; шығармашылыққа жетелейді; қоршаған ортаға адамгершілік, ізгілік қатынастарын қалыптастырып, экологиялық мәдениетін дамытады. Санамақтар. « Санамақ» өлеңі балаларды санауға үйрету мақсатында шығарылған. Мұндағы «бірім-бір», «екім-екі» деп қайта-қайта қайталануы баланың сандарды, олардың аталуын еске сақтау қабілетін арттырады. Өлеңнің мазмұны одан әрі тереңдей түсіп, «бір дегенім-білеу», «екі дегенім-егеу», -әр санды бір сөзге балап айтады. Осында айтылған сөздердің бәрі тұрмысқа қатысы бар заттардың, құрал-бұйымдардың атаулары. Сондықтан олардың мағынасы түсіндіріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Төрт түлік жырлары. Ауыз әдебиетінде төрт түлікке маңызды орын берілген. Төрт түлікке байланысты өлең, жыр, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдердің білімдік, танымдық, тәрбиелік мәні өте зор. Бұл жырларды оқытуда мына мәселелерге айырықша назар аударылады:
1) Төрт түлік туралы түсінік.
2) Мал төлдерінің атаулары.
Жаңылтпаш. Жаңылтпаштар-балаларға арналған ойнақы да қызықты жанр. Тіліміздегі қиын айтылатын дыбыстар мен сөздерден, сөз тіркестерінен тұратын жаңылтпаш жанры бала тілін ұстартуға жаттықтыратын таптырмас құрал. Әсіресе жаңылтпаштар жас балалардың тілі келе бермейтін р, ш, с, қ дыбыстарын дұрыс, анық айтуға; сондай-ақ ш-с, з-с, а-ә , о-ө,ұ-ү, ы-і, қ-ғ, к-г,н-ң дыбыстары бар сөздерді алмастырмауға; кейбір дыбысталуы ұқсас, мағынасы әр басқа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйретеді.
Жұмбақтар. Жұмбақтар балалардың ойын өсіріп, танымын кеңейтумен қатар тілін де дамытады. Жұмбақтың шешуін айту кезінде балалар сипаттау, пайымдау, дәлелдеу тәсілдерін үйренеді. Өз ойын дұрыс, дәлме-дәл, нақты, керекті сөздермен жеткізуге тырысады. Жұмбақтың шешуін сипаттау тілімен айтқан кезде нәрсенің (заттың) түрін, түсін, көлемін, дәмін, салмағын және т.б. білдіретін сөздерді пайдаланады. Пайымдау тілімен айтқан кезде егер де, сондықтан да, сол себепті, солай болғанда, яғни және т.б. сөздерді қолданады. Дәлелдеп айтқан кезде біріншіден, екіншіден, үшіншіден, тағы да және т.б. сөздермен ойын реттеп, тәртіптеп, жіктеп жеткізеді.
Мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдермен жұмыс жүргізу баланың ойлануын және қиялын қарыштатады, сезімдерін сергітеді. Халықтың ой топшалуына, сөз зергерлігіне сергектікпен қарауға, оның мағынасына мән беруге үйретеді. Мақал-мәтелдер баланы нақты ойлауға, сөздің астарлы мағынасын терең түсіне білуге жетелейді.
Мақал-мәтелдермен оқушылар 1-сыныпта-ақ таныса бастайды. Оқушыларға 1-сыныпта мақал-мәтелдерді оқыту кезінде мына мәселелерді назарда ұстаудың тиімділігі мол болды:
1) Мақал-мәтелдер туралы жалпы түсінік беру.
2) Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасын түсінуге жағдай жасау.
Батырлар жыры. Батырлар жырында ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік-істері жырланатындықтан, оның шәкірттердің бойына елжандылық, Отансүйгіштік, ар-намыс, батылдық, адалдық, сөзге беріктік тәрізді қасиеттерді дарытуда рөлі ерекше.
-
Білімберужүйесіндегіжаңатехнологиялар.Нурсауле
XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі [1].
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:
оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.
Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады. Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.
Бізді, ағылшын тілі пəні мұғалімдерін, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы несімен өзіне баурап алды:
кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен;
оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Сол əдіс-тəсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері;
сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:
Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.
Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау.
Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Негізгі үш сатының маңыздылығы. Бұл жаңаша оқыту технологиясында барлық стратегиялар үш саты бойынша қолданылады.
І-саты — баланың қызығушылығын ояту — ой шақыру, бұл əрбір сабақта қажет. Сатының мүмкіндіктері: қаралып отырған тақырып немесе проблема бойынша оқушының бар білім қорын қорыту, өзектендіру, оқып отырған тақырыпқа тұрақты қызығушылық тудыра отырып, оқушының оқу іс-əрекетін мотивациялау, сабақ үстінде оқушының белсенділігін ояту.
ІІ-саты — мағынаны ажырата білу. Бұл жердегі міндеттер мүлде бөлек. Саты оқушыға жаңа ақпарат алуға, оны ой елегінен өткізуге, өзінде бар білімдерін біріктіруге мүмкіндік береді, мəтінді жан-жақты жəне əр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.
ІІІ-саты — ой толғаныс-рефлексия. Мұнда, негізінен, алынған ақпаратты қорыту, жалпы ой елегінен өткізу; оқушыға жаңа ақпарат, жаңа білім беру, оқып отырған материалға əрбір оқушының өзіндік қатынасын қалыптастыру т.б. мəн беріледі.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тағы бір маңыздылығы, жүйенің кейбір ерекшеліктерінде, «тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана білім» — деп, əйгілі орыс жазушысы Толстой айтқандай, бұл жүйенің бір ерекшелігі, кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.
Екінші бір ерекшелігі, білім көбіне, «өзгенің ақыл-ойымен шыңдалмаған білім білім емес» деп француз ғалымдары айтқандай, жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні.
-
Әдебиет пәнін жаңа технологияларға негіздей оқыту
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.
Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды пайдалану дұрыс. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек- сызба, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту т.б. Әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Қазіргі педагогикада пайдаланып жүрген технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік оқыту технологиясы. Бұл технология қазіргі қазақ тілі пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады.
Жалпы айтқанда, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:
– қызығушылықты ояту;
– мағынаны тану;
– ой толғаныс.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», « Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе,оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді.Олардың мақсаты бір,яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру.
-
Мектепте әдеби теориялық білім қалыптастыру жолдары
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларда оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік беріліп отырады. Мысалы, «мысал» жанрынан берілген шығармадан кейін «мысал» деген не, оның негізгі сипаттамалары туралы анықтамалар беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға берілетін әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста, оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде, әдебиеттанудың маңызды бір саласы дәрежесінде үзбей оқытылады. Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін көркем әдебиет әлемін түсіне білу, талдай білуде практикада пайдалануға машықтандыру — оны оқытуды басты міндеттерінің бірі.