Файл: Баылаусратары азадебиетіноытудістемесіпнібойынша I. Дегей.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 72

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Абай шығармашылығын зерттеуге арналған бірнеше монография мен оқу құралдарының авторы Айжан Маратбекқызы Абай ілімі арқылы құзіретті жастарды тәрбиелеу бағытында ұзақ жылдар бойы аймақ көлемінде көптеген жұмыстар атқарып келеді. Өзі ұстаздық ететін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Абайтану» пәнінен студенттерге дәріс оқиды. 2012 оқу жылынан бастап университеттің бірнеше мамандықтарына тұңғыш рет «Абайтану» пәнін енгізді.

Абай мұрасы арқылы жастардың бойына ізгілік, адамгершілік, адамдық биік қасиеттердің дәнін себу мақсатында Айжан Маратбекқызы мен «Руханият» бірлестігінің жетекшісі Бақытгүл Ауғанбаева Абай ілімін тәрбие үдерісіне енгізуді алға қойды. Айжан Картаеваның ғылыми кеңесімен Дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатында «Руханият» бірлестігінің жетекшісі Бақытгүл Ауғанбаева бірнеше жыл көлемінде Абай мұрасын тәрбие үдерісінде пайдаланып, өте ауқымды әрі мазмұнды жұмыстар атқарып келеді. Осы негізде Б.О.Ауғанбаеваның 2011 жылы «Абай тағылымы тәрбие үдерісінде» атты оқу құралы жарық көрді.

Абай шығармашылығын оқытуға арналған әдіскер ұстаз Қ.Бітібаеваның 4 еңбегі бар. Белгілі әдіскер ғалым Ә.М.Дайырова «Мектепте Абай шығармашылығын оқытуды арнайы қарастырған әзірге бізге белгілі бірден-бір еңбек – Қ.Бітібаеваның оқу құралдары.

Ұстаз 5-8 сынып арасындағы ақын шығармашылығын оқытудың бағдарламасын бере отырып, оны танытудың тың технологиясын, жолдарын саралап көрсетеді. Еңбектің сүбелі бір маңызы – бұрын оқуға ұсынылмаған ақын өлеңдеріне назар аударуы әр сыныпқа кемінде 6-7 өлең (қарасөзі бар) шығармаларды бере отырып, оны оқытудың тиімді жолдарын, поэтикалық талдау үлгілерін беруі. Әр өлеңнің негізінде жатқан ең негізгі, түйінді дәндерін (даралап, саралап оқыту технологиясы негізінде) саралап ала отырып, оны меңгертудің инновациялық жолдарын нақты көрсетеді. Әр өлеңге берілетін көмек-нұсқаулар проблемалық, дамыта оқытуға негізделген талдау сұрақтары да ғылыми түрде сөз болады.

Қазіргі білім беруде дарын тәрбиелеу, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру басты мақсат болса, осы мақсаттарға жетудің бір жолы – іздендіру бағытындағы шығармашылық жұмыстар болып табылады. Еңбекте шығармашылық жұмыстардың әр түрлі жүйесі берілген.

1. Танымды іздендіруші, өз беттерімен орындайтын тапсырмалар.


2. Ғылыми материалдармен іздендіруге бағытталған жұмыстар жүйесі (реферат, рецензия т.б.)

3. Поэтикалық талдау түрлері: салыстырмалы жұмыстар, ақын проблематикасы, кейіпкерлерге микро-мінездеме, дәйексөзді талдау, топтық, жұптық, жұмыстар түрлері, интервью-сұхбат, реплика-диалог, т.б.

Талдау түрлері тікелей ұстаздың өзіне ғана тән, өз ізденісінің жемісі екені түсінікті. Бір тақырыптың өзіне бірнеше шығармашылық жұмыстар жүйесінің жасалуы – тың мәселе. Ал жазба жұмыстарының инновациялық түрлері де еңбекте кеңінен орын алған. Мысалы, шығарма-толғау, шығарма-сезім, сыр-толғау, жыр-толғау, жыр-толғау, ой-толғаулар — барлығы да шығармашылық жұмыстардың тиімді түрлері.

Еңбекте көркем мәтінді оқудың үш түрі ұсынылады.

1. Сыныпта оқып талдауға арналған;


2. Сыныптан тыс оқып, талдауға бағытталған;

3. Өз беттерімен, өз қалауларымен оқып, талдауға арналған.

«Абай шығармашылығын оқыту» атты іргелі еңбегінде автор «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» тақырыбымен 5 сыныптан бастап 8 сыныпқа дейін Абай шығармашылығынан оқылатын шығармалардың тақырыбын ұсынады. Төменгі сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытудың өзіндік күрделілігін айта келіп, оқытудың әдіс-тәсілдерін береді. Соның ішінде, 5 сыныптағы Абайдың Әбіш туралы өлеңдерін оқытудың кейбір тиімді жақтарын атайды. Әбіш туралы абайтанушы ғалымдар еңбектерінен шолу жасалады, «Абай жолы» эпопеясының «Қарашығын», «Қапада» тарауларындағы Әбішке сипаттама беріліп, салыстырылады. Әбіштің бейнесін шәкірттерге үлгі ете отырып, білімділік, тәрбиелік жағынан оның маңызды екенін түсіндіреді. Әке мен бала проблемасы айналасында оқушыларға пікір талас ұйымдастырады. Оқушыларды Әбішке дәйектемелі шағын мінездеме беруге баулиды. Оған талдаудың мынадай үлгісін береді:

Тақырып (оқушы өзі қойған)

Әбішті бейнелейтін сөздер

Әбішке шағын мінездеме

«Жасқа жас, ойға кәрі едің»

«Тұла бойың ұят, ар»

Тәуекелге нар

Ерлікке де нар

Талапты

Арлы, намысты,

талапты, батыл, ер,

тәуекелшіл, жалтақ емес.

5-8 сыныптарда Абай шығармаларын оқытудың тиімді әдістемесіне ұстаз мынадай мақсатты көздейді. Өтілетін жаңа сабаққа байланысты мәтінді алдын ала оқыту арқылы көркем шығарманы қалай қабылдағанын білу, өз беттерімен көркем мәтінді талдау дағдыларын қалыптастыру; білімді өз еңбектері, ізденістерімен алу машықтарын жетілдіру керектігін айтады. Осы мақсатына орай ұстаз сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, түсініктемені оқу әдістемесін ұсынады. Талдау кезінде мұғалім үнемі оқушыны қозғап, ой тастап, өзімен бірге еңбектендіріп, олардың пікірлерін назарға алып отырып қадағалайды. Жұптық жұмыс пен шағын пікір талас ұйымдастырылуы үшін проблемалық сұрақтар береді.

1) Ақын өлеңді кімдерге арнап айтады
? («Бір естіге», «өзіне», «бір әрі мың наданға»)

2) «Неше түрлі жан», «даладағы аңдар кімдер?» Ақын неге оларды осындай ауыр сөзбен сынайды?

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға шығармашылық жұмыстар беруді ұйғарады. Яғни ол жұмыстарға ұстаз көмек-карточкалардың «Болашаққа хат», «Арыз» атты үлгілерін дайындайды.

Абайдың поэмаларын, қарасөздерін оқытуда тиімді оңтайлы тәсілдер арқылы оқушылардың түсінігіне сай берілгенін көруге болады. Қарасөздерді оқытуда ұстаз мәнерлеп оқу, түсініктемелі оқу, сарамандық жұмыстарды пайдалануды жөн көреді. Ақынның әр қарасөзін оқытуда оқушыларға берілетін білім мазмұнымен таныстырады, оған талдаудың үлгісін кестелер арқылы көрсетеді. Пікірлесу сұрақтары мен оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру бағытындағы жұмыстар мен талаптарға көп көңіл бөледі. Сонымен қорыта келгенде, Абай шығармашылығын оқушыларға жан-жақты тереңдетіп оқытуда бұл еңбектің ғылыми әрі әдістемелік жағынан маңызы зор. Себебі адамзаттың Абайдай ірі тұлғасының шығармашылығын жасөспірімдерге оқытып меңгертудің жан-жақты жолдарын іздеп, оның түйінді дәнін тауып оқушылардың бойына дарытып, адамдық қасиеттерге баулыған инновациялық технологияның талаптарына сай нағыз гуманистік тұрғыдан жазылған ғылыми әдістемелік еңбек демекпіз.

Қанипа Омарғалиқызының қай еңбегі болсын ұстаздардың бағдар шамындай. Сол себептен болар, ұстаздың еңбектеріне деген сұраныс та ерекше.

12.Көркемшығарманымәнерлепоқуғаүйрету. Іңкәр

Әдебиетті оқытуда мәнерлеп оқытуға көп мән бере қарау керек. Мәнерлеп оқу – әдебиетті талдаудың негізі, бастау көзі болып табылады. Әрбір әдеби шығарманы оқып-меңгерудің басы көркем мәтінді мәнерлеп оқудан басталады.

Мәнерлеп оқу – әдеби талдаудың ешқайсысымен алмастырыkмайтын ерекше қабылдау үдерісі . Әр буында, әр сөзде, сөз тіркесінде, әрбір сөйлемде орныққан интонация сол сөзді айтып тұрған кейіпкердің жан-дүниесін мәнерлеп оқып тұрған оқушыға бірден ұғындыратыны сөзсіз.

Әдеби шығармаларға түсініктеме бере отырып (комментарий беріп) оқу – мұғалімнің оқушыға көркем шығарманың терең мазмұнындағы мәнді қабаттарды тани білуіне көмектесетін тамаша әдіс. Көркем әдебиетті алғашқы оқу – көркем шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын бірден түсіндіре алмасы белгілі. Екінші оқу – талдай оқудың жаңа сатыға көтерілген, сезімге ғана емес, ақыл-ойға әсер етуге бағытталған және басқа әдістермен араластырыла қолданылатын әдіс болып табылады.


Түсініктеме бере отырып оқудың лексикалық түсініктеме беру деп аталатын тәсілі – автордың көркем шығарма мазмұнындағы дәуірге сай қолданған сөздерін немесе автордың өзіндік дүниетанымдық деңгейіне лайықталған сөздерге лексикалық түсініктеме беру – тек көркем мәтіннің байлығын түсіндіріп қана қоймайды, сонымен бірге оқушының сөз байлығын да дамытады.

Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу. Суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау – дауыс күші мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.

Дауыстың өзіндік белгілері бар. Олар: күші, жоғарылығы, қарқыны, тембрі. Сөйлегенде адам бірде жылдам, бірде баяу сөйлейді. Бұлар әр адамның дауыс қарқынына байланысты. Мұғалім жаттығу арқылы өз даусының орташа қарқынын анықтай алады. Ол жылдам сөйлеуден аулақ болғаны жөн.

Дауыстың тыңдаушыға әсерлі болуы тембріне байланысты. Құбылта оқу, дауыс ырғағына келтіре оқу да жаттықтыру арқылы қалыптасады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Сөйлеушінің ашық, анық, айқын айтуы оның айтқанын ұғуға, әсерлі болуына ықпалын тигізеді. Дикциясында ақау болса, оны арнаулы жаттығулар арқылы түзету қажет. Дикциядағы кемшілік – сөйлеу мүшелеріне дұрыс жұмыс істете алмаудың салдары.

Мәнерлеп оқуда зор роль атқаратын – интонация. Интонация – сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөз бен ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ритмі, пауза, сазы.

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін, онымен алдын ала танысып, сонан соң оқығанда ғана автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады. Көркем шығармада адам психологиясы жан-жақты суреттеледі. Оны өз мәнінде тыңдаушысына жеткізу үшін, мұғалім оқитын мәтіндегі қай сөздің, сөйлемнің қандай мағынаны, қандай көңіл күйді білдіретінімен алдын ала таныс болуға тиіс.

Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын. Ол үшін бала ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің, мақалдың немесе өлең жолдарының мағынасын, айтпақшы ойын анық түсіне білуі керек. Екіншіден, әрбір тыныс белгісінің мәнін ұғып, соны дұрыс пайдалана білуі тиіс.Үшіншіден, өлең сөздің ұйқас ырғақтарын, бунақ тармақтарын ажырата білуі керек. Демек, бұдан келіп шығатын қорытынды нағыз мәнерлеп оқи білетін бала қазақ тілі мен әдебиеті теориясынан толық білімді болып шығады екен. Бұлай дейтін себебіміз, егер оқушы қазақ тіліндегі тыныс белгілерін (пунктуация) не үшін қойылатынын, әдебиет теориясында теңеу, эпитет, метонимия, метафора, т.б. сияқты ұғымдардың қандай жерлерде не мақсатпен жазылатынын білмесе, онда оқушының мәтін мазмұнын дәл ұғып, түсінуі қиындау болар еді. Мысал келтірсек: