Файл: 1. Оу пніні бадарламасы syllabus оытушы туралы млімет.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 75

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


4. Жаттығу «Менің әлеуметтік мүдделерім». Кезеңдерге бөлініп орындалады.

  1. Қандай әлеуметтік дәрежеге жеткіңіз келетіндігін анықтаңыз (қандай да бір салада; бірнеше салада);

  2. Өз мақсатыңызды нақты қалыптастыр.

  3. Осы мақсатқа,жетістікке жетудегі әрекеттеріңіздің бірізділігін белгіле.

  4. Бұған сізде қандай құралдар бар?

Физикалық қасиеттер

Қабілеттер

Адамдармен тәл табысу ептіліктері

Әлеуметтік факторлар (жағдайы)


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Тест толтыру кезінде нақты, анық және дәлелді, шынайы жауап беруге тырыс.

Ұсынылған әдебиеттер: 2,8,9,12,13,15,16,20,23,33,36,37,39.
СӨЖ Тақырыбы № 4: Менің жақын шеңберім. Теңестіру және рефлексия өзін-өзі тану механизмдері ретінде.

Тапсырма:

  1. Өз мінез-құлық көрінісітерін анықтауға бақылау тестілерін өткіз.

Өзін-өзі бағалау тесті

  1. Мен достарымның қолдағын қалаймын.

  2. Жұмыста өз жауапкершілігімді сезінемін.

  3. Мен болашағым үшін қобалжимын.

  4. Көп адамдар мені жек көреді.

  5. Менің өзгедлерге қарағанда бастамшылығым аздау.

  6. Мен өзімнің психикалық жағдайыма қобалжимын.

  7. Мен ақымақ болып көрінуден қорқамын.

  8. Басқалардың сырт-пішіні менікінен жақсырақ.

  9. Мен танымайтын адамдардың алдында сөйлеуге қорқамын.

  10. Мен көп қателесемін.

  11. Мен адамдармен дұрыс сөйлесе алмайтыныма өкінемін.

  12. Басқа адамдар менің іс-қимылдарымды жиі қолдап отырғанын қалаймын.

  13. Мен өте қарапайыммын.

  14. Менің өмірім мәнсіз.

  15. Көп адамдар мен туралы теріс пікірде.

  16. Өз ойларымды өзгемен бөлісе алмаймын.

  17. Өз ойларымды өзгемен бөлісе алмаймын.

  18. Адамдар менен көп нәрсені күтеді.

  19. Менің жетістіктерім өзгелерді онша қызықтырмайды.

  20. Мен аздап қысыламын.

  21. Көп адамдардың мені түсінбейтіндігін сеземін.

  22. Мен өзімді қауіпсізбін деп ойлаймын.

  23. Мен себепсіз жиі қобалжимын.

  24. Мен адамдар отырған бөлмеге кірсем өзімді ыңғайсыз сезінемін.

  25. Мен туралы сыртымнан не айтатынын сеземін.

  26. Мен қысыламын.

  27. Өзгелер менен гөрі, бәрін жеңіл қабылдайтынына сенімдімін.

  28. Жайсыз нәрсеге кезігетіндей болып тұрамын.

  29. Адамдардың қалай қарайтындығы мені толғандырады.

  30. Менің көпшіл болмағаным өкінішті-ақ.

  31. Пікірталастарда мен ойымның дұрыс екендігіне сенімді болғанда ғана ойымды айта аламын.

  32. Көпшіліктің менен не күтетіні туралы ойланамын.

Егер сіз 0-ден 25-ке дейін ұпай жинасаңыз, онда сіз өзіңіздің іс-қимылдарыңызға сенімді адамсыз; 26-дан 45-ке дейін - өзіндік бағаның орташа деңгейі; 46-дан жоғары қарай - өзіндік бағаның төменгі деңгейі (өз атыңызға айтылған сын ескертпелерге қиналасыз, өз іс-қимылдарыңыздың дұрыстығына күдіктенесіз).

  1. «Менің визиттік карточкам» тақырыбында эссе жаз.

  2. Конфликтілік жағдайда тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмдеріне зерттеу жүргіз.


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Тест толтыру кезінде нақты, анық және дәлелді, шынайы жауап беруге тырыс.

Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,20,32,33,37,41,43.
СӨЖ тақырыбы № 5: Мен және қоғам. «МЕН» және жеке тұлғаның өмірлік сценарилары, өмірлік мағыналары.

Тапсырма:

Сұрақтарға жауап бер: «Сіз басқа адамдардың әсеріне түсесіз бе?» тестісін орында. М. Кун, Т.Мак – Партландтың «20 пікірлер» тестісін орында.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Сұрақтарға дайындалу барысында берілген тапсырмаларға нақты, анық және дәлелді жауап бер.

Ұсынылған әдебиеттер: 1-,11, ,17,19,21,22,24, 25,26,27,29,30,38.
СӨЖ тақырыбы № 6: Мен және әлем. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту негізінде тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі жетілдіруі.

Тапсырма:

  1. Жаттығуды орында «Менің өмірлік ұстанымдарым»:

  2. 2.6.1 бөлімнің 1-ші және 2-ші тақырыптарына реферат дайында.

  3. Өзін-өзі тану жөніндегі оқушылармен әңгіме құр (жасын өзің анықта).

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1-ші тапсырманы орындау барысында Л.Д. Столяренко, 1997. стр. 235. әдебиетін қолдан.

2-ші тапсырманы орындау барысында реферат тақырыбын таңдау еркі өзіңізде.

Ұсынылған әдебиеттер : 1,2,3,7,8,16,17,19,26,28
СӨЖ тақырыбы №7: Оқытушы үлгісі өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі танудың бағыты ретінде.

Тапсырма

1. Тапсырманы орынды:

2. Тапсырманы орында:( таңдау өзіңде):

«Тұлғалық қасиеттерін өзін-өзі бағалау»;

«Өз имиджің»;

«Қызықты болу»;

«Адам-суретші»; «адам және музыка»; «адам поэтикалық».

3. Өздік жұмысқа арнылған тапсырма: «Сенің атың не білдіреді…» Қысқаша бір әйгілі адам жайлы баяндама жаз. Қабілеттерін жүзеге асыруға ықпал еткен қасиеттеріңді ерекше белгілеп көрсет.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Дайындық барысында берілген тапсырмаларға нақты, анық және дәлелді жауаптар іздестіру қажет. Өз жеке қасиеттеріңді сипаттауда шынайы болу қажет.

Ұсынылған әдебиеттер : 1,2,6,7,8,9,11,12,13, 18, 21,22,24, 28, 30, 34,38,39.
СӨЖ тақырыбы №8: Оқытушының өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі тану ерекшелігі.

Тапсырма:

  1. Р.Бернстің «Меннің дамуы – тұжырымдамалар мен тәрбие» – М,1986 «Когнитивті дамудың ролі» атты бөліміне конспект жаса.

  2. Виктор Пекелистің «Сенің мүмкіндіктерің »атты кітабынан «Есті қалай күңейтуге болады» тақырыбын конспектілеу ( 88 -100 бет.):М.: Знание, 1984.

  3. Сұрақтарға жауап бер:


  1. «Әр адамның есінің өз сипаты бар» дегенді өз жеке басыңыз қалай түсінесіз?

  2. «Синапс» ұғымының мәнін біле тұра, адамның ес мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелде.

  3. Мнемозина деген кім?

  4. Кітапта естің қанша түрі айтылған? Олардың анықтамасын психологиялық сөздіктен немесе психологиялық оқулықтардан тауып,жазыңдар және оның мазмұнын түсіндір.

  5. Естің жеке ерекшелітері келтірілген мысалдар негізінде, өз есте сақтау қабілетіңіздің жеке ерекшеліктеріне сипаттама бер .

  6. Ес түрінің біреуі басым болуы жас шамасымен, іс-әрекетпен,оқу түрімен байланысты ма? Есті жаттықтырудың тәсілдерін келтір (10 кем емес).

  7. Кей амал тәсілдермен өз есіңе зерттеу жүргіз.Қандай нәтиже алғаныңызды жаз (ес көлемі, жылдамдығы,нақтылық).

  8. Қатты шаршамас, үшін қалай қайталау керек?

  9. Механикалықпен салыстырғанда, мәндік есте сақтаудың тиімділігің түсіндір?

  10. Мнемоника деген не?

  11. Симонида есте сақтау тәсілі деген не?

  12. Қиын сөздер, сөлемдерді қалай есте сақтауға болады?

  13. Ақпаратты кодтау не үшін керек?

Өзіңіздің есте сақтауыңызда қандай мәселелері бар екендігін анықтаңыз? Оны дамыту үшін не шара қолдандыңыз? Кезкелген 8 жолдан тұратын өлең шумағын алып келіңіз.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Конспект жасау үшін мақалалар мен газет, журналдардан материалдар қарау керек, ұсынылған әдебиеттерді толықтай жан-жақты қарастыру керек.

Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,3,4,5,13,15,19,22,29,32,36.38,39.
СӨЖ тақырыбы № 9: Оқытушының өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі тану құралдары,жолдары әдістері.

Тапсырма:

Өздеріңізді «Сізді басқа адамдар жақсы көре ме, жоқ па?» тесті бойынша бақылап көріңіз.

Тест сұрақтарына келіссеңіз, «иә» деп, келіспесеңіз «жоқ» деп сызыңыз. Барлық сұраққа жауап беруге тырысыңыздар, асықпаңыздар, күнделікті үйреншікті ырғақпен жұмыс істеңіз.

  1. Сіздің араласқан адамдарыңыздың бәрі сізді сынайтынын ұмытпаңыз.

Иә. Жоқ.

  1. Адам өзінің айналысатын ісін және үй жануарларын әңгімелегенде, оның ойын бөліспесе де,өзінің пікірін білдіру керек.

Иә. Жоқ.

  1. Ең дұрысы – басқаша әрекет істегіңіз келсе де, намысыңызды сақтай біліңіз.

Иә. Жоқ.

  1. Бейтаныс адамдармен кездескенде оларға әсер ету үшін, сіз ақылды, тез тіл табысатын, тартымды болуыңыз керек.

Иә. Жоқ.

  1. Бсақалардың мазағына жол бермейтіндігіңіз үшін сізді сыйлайтындығына сенімді болуыңыз керек.


Иә. Жоқ.

  1. Адам біреудің сөзіндегі қателікті байқайтындай болса, оны түзету керек.

Иә. Жоқ.

  1. Сіз тапқыр адаммен сөйлессеңіз, лайықты жауап беруге тырысасыз ба, әлде оны тоқтатасыз ба?

Иә. Жоқ.

  1. Адам өз жүріс-тұрысын айналадағы адамдардың көңіл-күйіне сәйкес етуі керек.

Иә. Жоқ.

  1. Сіз достарыңызға көмектесуге тиістісіз, өйткені бір кезде олардың да жәрдемі қажет болуы мүмкін.

Иә. Жоқ.

  1. Көмектің қадірін бәрі біле бермейді, сондықтан оны көп жасаудың қажеті жоқ.

Иә. Жоқ.

  1. Сіз біреулерге бағышты болғаннан гөрі, басқалар сізге бағынсын.

Иә. Жоқ

  1. Шын дос көмектесуге тырысады.

Иә. Жоқ.

  1. Адам өзінің жақсы қасиеттерін бағалап мақұлдасын десе, оларды көрсете білу керек.

Иә. Жоқ.

  1. Егер отырыста бұрын сіз естіген анекдотты айтып жатса, сіз сыпайылық білдіріп, қосыла күлуіңіз керек.

Иә. Жоқ.

  1. Егер сізді біреу досының үйіне шақырса, ал сіз киноға барғыңыз келсе, сіз басым ауырды деп сылтау айтасыз ба, әлде досыңызды ренжітпес үшін шыныңызды айтасыз ба?

Иә. Жоқ.

  1. Шын дос жақын адамдарынан олар істегісі келмесе де, өзіне қолайлы істерді жасағанын талап етеді.

Иә. Жоқ.

  1. Адамдар өздерінің ұстанымына қарсы пікір айтылған сайын оны тапжылмай қорғау керек.

Иә. Жоқ.

Өзіндік жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар:

Томас тестісін орындауда шынайы жауап беруге тырыс. Ұсынылған әдебиеттер : 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15.
СӨЖ тақырыбы №10: Оқушылардың өзін-өзі дамы-туы мен өзін-өзі тануын педагогикалық қолдау қазіргі мұғалімнің міндеті ретінде.

Тапсырма:

1. «Мен неге әлеуметтік педагог мамандығын таңдадым» тақырыбында шығармашылық жұмысты орында (эссе,шығарма, суреттеме,интерьвью, ойлау-мазмұндамалық формада және т.б.).

2. «Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекет этикасы» тақырыбында қысқа мазмұндама жаз.

3. Томас тестісін орында« Қарым қатынаста және қақтығыс жағдайында мінез-құлық типі»

Сауалнама тексті

1. А. Кейде мен басқаларға даулы сұрақтарды шешуді өздеріне

алуға мүмкіндік беремін.

В. Біздің қарсылықтарымызды пікір таластыра бергенше, мен екеуміздің де келісетін шешімдерімізге көңіл аударуға тырысамын.