Файл: 1. Оу пніні бадарламасы syllabus оытушы туралы млімет.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 79
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОӨЖ өткізілу түрі: дөңгелек үстел
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Дөңгелек үстел өткізудің жолдары, ұйымдастыру әдістеріне талдау жасау. Өткізу барысына әдістемелік материалдарды алдын-ала дайындап, студенттердің атқаратын қызметтерін топта талдап бөлу қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,3,7,8,16,17,19,26,28.
СОӨЖ тақырыбы №7: Оқытушы үлгісі өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі танудың бағыты ретінде.
Тапсырма:
1.Тапсырманы орында «Мен қандаймын?»
Жаттығу барысы.Жеке парақ қағазда 10 өзіңнің қасиеттеріңде бір бағанға жаз. Жазып болғаннан кейін мына сұрақтарға жауап бер:
Тізімді құру барысында қиындықтар болды ма?
Қай қасиеттеріңізді тез, ал қай қасиеттеріңді қиналып еске түсірдің?
2. Тапсырманы орында «Көршіңнің жақсы қасиеттері».
Жаттығу барысы. Бірінші жаттығуда толтырғандарыңды көршіңмен айырбаста,оқып шығып келтірілген мінездемелердің бірін, көршіңнің мінез сипатына жақын біреуін бөліп көрсет. Мына сұрақтарға жауап бер:
Көршіңіздің өзіне берген сипаттамаларынынң барлығы Сіздің ойлағаныңызбен сәйкес келеді ме?
Көршіңіздің жазған 10 сипаттамаларына Сіз қанша қостыңыз, қаншасын алып тастадыңыз?
Бұл қасиетті неге бөлектеп алдыңыз?
3. Мінез құлық көріністеріне қатынастың өзгеруі жаттығуы.
- Әр студент күшейту қажет болған, жеке мінез тізімдерін құрады,арылу қажет болған, жеке мінез тізімдерін құрады.
СОӨЖ өткізілу түрі: жұптық жұмыс,әңгімелесу.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырмаларды орындау барысында өзіңізге және көршіңізге шынайы және обьективті қатынаста болыңыз.
Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,6,7,8,9,11,12,13,18,21, 22,24, 28, 30.
СОӨЖ тақырыбы №8: Оқытушының өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі тану ерекшелігі.
Тапсырма:
-
2.6.1 бөлімнің көрсетілген тақырыптардың біріне баяндама дайында. -
«Танымдық процесстердің педагогикасы мен психологиясы» тақырыбында глоссарий құр. -
Ж.Пиаже бойынша тұлғаның когнитивті даму кезеңдерін сипаттаңдар.
СОӨЖ өткізілу түрі: жеке,топтық жұмыс, кеңес беру.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Баяндама дайындау үшін мақалалар мен газет, журналдардан материалдар қарау керек, ұсынылған әдебиеттерді толықтай жан-жақты қарастыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер:
1,2,3,4,5,6,7,8,9,11, 12,13,15,19,22,
29,32,36.38,39.
СОӨЖ тақырыбы №9: Оқытушының өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі тану құралдары,жолдары әдістері.
Тапсырма:
-
Өзін-өзі дамыту жоспарын құру алдағы 5 жылға, «жоспарды қорғау» (жеке жұмыс). -
«Дж. Локктың «адам туғанында таза тақтай секілді, ал онда уақыт әртүрлі жазбалар жаза алады» деген пікірімен Сіз келісесіз бе»? тақырыбында дисскуссия өткіз. -
Психологиялық терминдер сөздiгiн толықтыру : шығармшылық сөзіне синоним сөздер. -
2.6.1 бөлімнің көрсетілген тақырыптардың біріне баяндама дайында.
СОӨЖ өткізілу түрі: пікір талас,топтық жұмыс, кеңес беру.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Баяндаманың көлемі А4 форматында теріліп 10-12 беттен тұруы қажет (титульдік бет пен қолданылған әдебиеттер тізімін қоса есептегенде). Баяндама құрылымы: титульдік бет,жоспар,кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі. Әдебиеттердің минимальды саны – 7.
Ұсынылған әдебиеттер : 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15,19,22,
СОӨЖ тақырыбы №10: Оқушылардың өзін-өзі дамы-туы мен өзін-өзі тануын педагогикалық қолдау қазіргі мұғалімнің міндеті ретінде.
Тапсырма:
1. Тапсырманы орында «Жақсы - жаман».
Мақсаты: әлеуметтік педагогтың жағымды және теріс кәсіби қасиеттері мен жеке тұлғалық ерекшеліктер жайында ақпарат жинау.
Жаттыңу барысы: Барлық студенттер өзінің таңдау себептерін келтіре отырып, бірінен кейін бірі әлеуметтік педагогтың жағымды және теріс кәсіби қасиеттерін атайды да, бұл шараны енді мұғалім кәсібіне бйланысты қайтала, мысалы:
Әлеуметтік педагог жақсы, сонда......
Әлеуметтік педагог жаман, сонда......өйткені... және т.б.
Педагог жақсы, сонда......
Педагог жаман, сонда......өйткені... және т.б.
Мына сұрақтарды бағыттай отырып жаттығу өткеннен кейін әңгіме өткізу:
1). Жаттығу барысында қандай қиындықтар туындады?
2). Олар неге байланысты туындады?
3). Қандай әрекетерекше қиындық туғызды: әлеуметтік педагогтың қасиеттерін таңдау әлде или таңдау себептерін түсіндіру? Неліктен?
4). Кім туралы әңгімелеу жеңіл болды- әлеуметтік педагог әлде педагог жайлы?
2. Өз мамандығыңыздың жарнамасын құрастыр:
1-ші шағын топ–жоғарғы оқу орнында ашық есік күнін өткізу және потенциалды әріптестеріңіздің алдында сізге болашақ мамандық туралы хабар беру мүмкіндігі туындады. Мүмкін, сіз оларды қате таңдау жасаудан қорғағың келетін болар.
2-ші шағын топ – еңбекпен қамту орталығында бос орындар жәрмеңкесі, сізге өз мамандығыңызды жарнамалау қажет.
3-ші шағын топ – сіз мектепке келдіңіз және сізді жоғарғы сынып оқушыларына әлеуметтік педагог мамандығы жайлы айтып беруді сұрады.
СОӨЖ өткізілу түрі: жеке,топтық жұмыс, кеңес беру.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
2-ші тапсырманы орындау барысында өз мамандығың жайлы презентацияға озық ойлы ақпараттарды құрастыру қажет.
Ұсынылған әдебиеттер: 10,11,12,13,14,15, 34,41,42.
СОӨЖ тақырыбы № 11: Оқушылардың өзін-өзі дамы-туы мен өзін-өзі тануын педагогикалық қолдау мұғалімнің дайындығы.
Тапсырма:
-
Әлеуметтік педагог және әлеуметтік қызметкер мамандықтарын салыстыр педагог. -
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет жайлы айтылғанмақал мәтелдерді таңдап келтіру.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Сұрақтарға дайындалу барысында берілген тапсырмаларға нақты, анық және дәлелді жауаптар іздестіру. Ұсынылған әдебиеттердегі отандық ғалымдардың оқу құралдары мен ғылыми еңбектеріне толықтай жан-жақты шолу жасау керек.
Ұсынылған әдебиеттер: 10,11,12,13,14,15, 34,41,42.
2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстарының шеңберіндегі сұрақтарының жоспары.
СӨЖ тапсырмаларын орындалуы жайында әдістемелік ұсыныстар:
Тапсырманы орындау барысында негізгі әдебиеттер тізіміндегі әдебиеттерді қолданыңыздар.
Тапсырмаларды орындау барысында өзіңізге шынайы және обьективті қатынаста болыңыз. Егер есептеулер барысында өзіңіз ойлаған нәтижеңізді алмасаңыз өкінбеңіз. Адамның қабілеттері шексіз екенін ұмытпаңыз.Тест нәтижелерін өңдеп, нәтижелерін оқытушыға көрсетіп, өз портфолиоңызды толықтыру қажет.
Мақалаларды талдау барысында, Е.А.Бөкетов атындағы әлеуметтік педагогикалық факультетінің мерзімдік басылымдар оқу залынан аласыз 9 корпус (1 этаж).
СӨЖ тақырыбы №1: Өзін-өзі тану сатылары. Өзін-өзі тану мәні.
Тапсырма:
1. «Өзін-өзі бекіту дағдыларын өзін өзі бағалау» жаттығуын жасап өзін-өзі бекітудің негізгі позицияларын елгіліе.
Өзін-өзі бекіту позициялары
-
Өз принциптеріне сенімділік, басқалардың қарама қарсы пікірлеріне (жеңілдікпен салытырғанда, қате болған жаағдайда өз пікірін өзгертуге бейімдік). -
Сенімділікті сақтау өз күшіне,қабілеттеріне, өтпелі жетіссіздіктерге қарамастан. -
Өзінің және басқалардың сезімдерін түсіне білу, өзінің өзімшілдік бастамаларын баса білу ептілігі. -
Қабылданған әлеуметтік нормаларды ұстану, басқалардың қажеттіліктеріне өте ұстамды қатынас. -
Әр адамның тұлғалығын құрметтеу, өзінің қабілет деңгейі мен қоғамдық дәрежесі ерекшеліктеріне қарамастан. -
Қоршаған адамдардан жақсы қасиеттер таба бліу, олардың кемшіліктеріне қарамастан сену. -
Қарсы тұру жағымсыз құбылыстармен (жалқаулық, озбырлық…). -
Қанағат табу әртүрлі іс-әрекеттердің өзінен.
| Өзіңізді бекіте аласыз ба? | ||
1 | Мен адамдармен қарымқатынас жасай аламын | 5 4 3 2 1 | Жасай алмаймын |
2 | Мен қақтығыссыз адаммын | 5 4 3 2 1 | қақтығысты адаммын |
3 | Менің беделім бар | 5 4 3 2 1 | Менің беделім жоқ |
4 | Менің өз пікірім бар | 5 4 3 2 1 | Жоқ |
5 | Көпшіліктің пікіріне қарсы аламын | 5 4 3 2 1 | Істей алмаймын |
6 | Мен шығармашылықпен айналысамын | 5 4 3 2 1 | Айналыспаймын |
7 | Мен өзімді кемсітуге жол бермеймін | 5 4 3 2 1 | Жол беремін |
8 | Мен өз дегенімді орындатамын | 5 4 3 2 1 | Орындатамын |
9 | Басқа жыныстағылармен қарым қатынаста қысылыс сезінбеймін | 5 4 3 2 1 | Сезінемін |
10 | Менде өз адамгаершілік ұстанымдарым бар | 5 4 3 2 1 | Жоқ |
2. Өзіңіздің өзін-өзі бекіту бағдарламаңызды құрыңыз
Өзін-өзі бекіту бағдарламасын құрудың жобалық парағы
Кезеңдер, Кезеңдердің міндеттер | Өзін-өзі бекіту салалары | Жүзеге асыру мерзімі | ||||
Мен-әлеуметтік | Мен қарым қатынаста | Мен адамгершілік | Мен жыныстық ролдік | Т.д. | ||
Менің жетістірім | | | | | | |
Менің кемшіліктерім | | | | | | |
Басты міндеттер | | | | | | |
Іс әрекеттегі өзін-өзі бекіту | | | | | | |
3.Қазақстан Республикасында өзін-өзі тану мәселелеріне қатысты мерзімдік басылымдардан 2-3 мақаланы талдау.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Тест толтыру кезінде нақты, анық және дәлелді, шынайы жауап беруге тырыс. Баяндама дайындау үшін мақалалар мен газет, журналдардан материалдар қарау керек, ұсынылған әдебиеттерді толықтай жан-жақты қарастыру керек.
Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,3,4,6,9,13,15,20,22,23,37,38,39.
СӨЖ тақырыбы №2: Менің ішкі әлемім. Өзін-өзі тану адамның өзіндік санасының құрылымдық компоненті ретінде.
Тапсырма:
-
Өзін-өзі тану дағдыларын қалыптастырушы, жатығуларды орында. Жаттығу (Т. Йоуменс бойынша) психосинтез тестері арсеналынан келтірілген. -
Р.Бернстің «Мен-тұжырымдамасы деген не» кітабы бойынша конспект жасаңыз. -
Тақырып бойынша терминдерді қолдана отырып сөзжұмбақ құрастыр.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Тест толтыру кезінде нақты, анық және дәлелді, шынайы жауап беруге тырыс.
Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15,22,23,31,
33,36,37,40,41,42.
СӨЖ тақырыбы №3: Мен және өзгелер. Өзін-өзі тану процесс ретінде: мақсаты, себептері, әдістері, нәтижелері.
Тапсырма:
-
2.6.1 бөлімнің 1-ші және 2-ші тақырыптарына реферат дайында. -
И.С. Конның «В поисках себя» кітабы бойынша «Самосознание или самообман» бөліміне конспект жасаңыз. -
«Қоғам және тұлға» жаттығуын орында:
Мына кесте негізінде:
Әлеуметтік дәрежелердің түрлері | ||
Қоғамда | Батыр, кумиры, жетістіктегі, жетістіксіз, обыватели… | |
Жұмыста | Ресми рольдер | Бейресми ролдьдер |
Бастық, қызметкер, басшы | Источник идей, оппозиционер, создатель позитивного климата к коллективе, | |
Отбасында | Әке, шеше, қызы, ұлы… | Тиран, алыстатылған, «шеттетілген» |
3 шағынтопқа бөліңдер: 1)«батырлар, кумиры, преуспевающие»; 2) қарапайымдар (Мен –өтеуші»); 3) Шеттетілгендер («Мен- жолы болмаған»).
Белгіленген уақыт ішінде осы рангтар бойынша адамның психологиялық суреттемесін құру. Осы әлеуметтік ранг адамына қандай мүдделер келеді? Адамның белгілі әлеуметтік рангте болу себептері қандай?