Файл: 1. Оу пніні бадарламасы syllabus оытушы туралы млімет.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 82

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Өзін-өзі тану бойынша психологиялық терминдік сөздік құрастырыңыз, онда жаға терминдік ұғымдар мен олардың анықтамасын толықтырасыз. Терминдік сөздікті жаңа терминдермен толықтыр (семинар тақырыбы бойынша).

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,5,9,12,13.

Қосымша әдебиеттер: 31,32,34, 36,39.
Семинар тақырыбы №7: Оқытушы үлгісі өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі танудың бағыты ретінде.

Сұрақтар:

  1. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі деген не?

  2. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі механизмдері және оның өзін-өзі дамытудағы ролін ашып түсіндір.

  3. Тұлғаның өзін-өзі бекітуі түрлерін сипатта.

  4. Әлеуметтік-жағымды өзін-өзі бекітуі ұстанымдары мен салаларын ата.

  5. Неге сенiмдiлiк пен шығармашылық тұлғаның өзін-өзі іске асыруының шарты ретінде анықталады ?

Тапсырмалар

  1. Терминдік сөздікті жаңа терминдермен толықтыр (семинар тақырыбы бойынша).

  2. «Жетістік сатылары» схемасын құр (шығармашылық тапсырма).

  3. Алдыңғы семинарға ұсынылған жаднаманы еске ала отырып әдебиеттер тізіміндегі оқулықтардың біреуіне қысқаша түсініктеме жаса.

  4. «Өзіме жазылған хат» тапсырмасын орында

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар:

Өзін-өзі тану бойынша психологиялық терминдік сөздік құрастырыңыз, онда жаға терминдік ұғымдар мен олардың анықтамасын толықтырасыз. Терминдік сөздікті жаңа терминдермен толықтыр (семинар тақырыбы бойынша).

Негізгі әдебиеттер: 1,2,6,7,8,9,11,12,13.

Қосымша әдебиеттер: 18, 21,22,24, 28, 30, 34,38,39.
Семинар тақырыбы № 8: Оқытушының өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі тану ерекшелігі.

Сұрақтар:

  1. Қандай тұлғаны дамытудың когнитивтi теорияларын атай аласыңдар?

  2. Когнитивтi қабiлеттiлiктерi тұлғаны дамытуда қандай рөль атқарады.?

  3. Тұлғаның когнитивтi қабiлеттiлiктерiн танудың психологиялық құралдарын ата.

  4. Қабілеттердің, қабылдаудың, тілдің, қиялдың,ойлаудың,естің өздігінен дамыыту тәсілдерін ашып көрсет.

Тапсырмалар

1. Бiрнеше когнитивтi теорияларды талдау негiзде танымдық процесстiң маңызды белгiлерiн айқындаңыз..

2. Нақты адамның жеке когнитивтi ерекшелiктерiн сипаттаңыз.

3. «Адамның шығармашылық қабiлеттiлiктерi» тақырыбына дәйексөздерді жазыңыз.

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша оқытушының білім және біліктілік деңгейлеріне қойылатын талаптарды талдап, баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардың библиографиялық тізімін
жасап алу керек

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 19,22,29,32,36.38,39.
Семинар тақырыбы №9: Оқытушының өзін-өзі дамытуы мен кәсіби өзін-өзі тану құралдары,жолдары әдістері.

Сұрақтар:

1. Шығармашылық деген не ме? Ол тұлғамен қалай байланысады?

2. «Шығармашылық потенциал» ұғымына анықтама берiңiз.

3. Шығармашылық потенциал компоненттерiн атаңыз.

4. «Шығармашылық қабiлеттер» ұғымын сипаттаңыз.

5. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiнiң компоненттерiн ашыңыз.

6. Шығармашылық қабiлеттердiң адамның дамуындағы рөл айқындаңыз.

7. Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерін дамыту қандай құралдарын, тәсілдерін, әдiстерін атай аласыз?

Тапсырмалар

1. Сіздің ойыңызша кәсіби маман - әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімі қандай шығармашылық қабiлеттердi игеруі керек.

2. Қандайда бір кәсіби маманның шығармашылық шеберханасымен танысыңыз (суретшi, артист, мұғалiм, драматург тағы басқалар)

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Интернет ресурстары бойынша сұрау жасау арқылы материалдар жинақтап алған жөн. Тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша оқытушының білім және біліктілік деңгейлеріне қойылатын талаптарды талдап, баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардың библиографиялық тізімін жасап алу керек

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15.

Қосымша әдебиеттер: 19,22,29,32,36.38,39.
Семинар тақырыбы №10: Оқушылардың өзін-өзі дамы-туы мен өзін-өзі тануын педагогикалық қолдау қазіргі мұғалімнің міндеті ретінде.

Сұрақтар:

1. Психологияда даму қалай түсіндіріледі?

2. «Өзін-өзі дамыту» ұғымының анықтасын берiңiз.

3. «Өзін-өзі бекiтуi, өзін-өзі жетiлдiру және өзін-өзі өзектілендіру» ұғымдарының мағынасын түсiндiрiңiз.

4. Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің кәсiби шеберлігі неде?

Тапсырмалар

  1. Сіздің ойыңызша кәсіби маман - әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімі қандай тұлғалық қасиеттердi иеленуі керек

  2. Әлеуметтік педагогтың әлеуметтiк рөлдерiн талдаңыз.

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардың библиографиялық тізімін жасап алу керек. Мақалалар мен жинақталған материалдар бойынша тапсырманы орындай отырып

, ұсынылып отырған тақырыпты еркін меңгеру қажет

Негізгі әдебиеттер: 10,11,12,13,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 34,41,42.
Семинар тақырыбы №11: Оқушылардың өзін-өзі дамы-туы мен өзін-өзі тануын педагогикалық қолдауға мұғалімнің дайындығы

Сұрақтар:

  1. Кәсiби бiлiктiлiктi жоғарылату. Кәсiби дамудағы өздiгінен білім алудың рөлі.

  1. Әлеуметтік педагог мамандығында «МЕН-үлгі» тұжырымдасы қалай айқындалады?

  2. Әлеуметтік педагог қандай қызмет атқарады?

  3. Кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетiлдiру қалай жүзеге асырылады?

Тапсырмалар

1. Тақырыптың негізгі ұғымдарын қолданып сөзжұмбақ құрастыр.

2. «Кәсiби мәдениет», «кәсiби құзыреттiлiк» ұғымдарына анықтама берiңiз.

Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Еске сақтаңыз түсiнiктеме- бұл кiтап, мақаланың қысқаша мазмұндамасы. Түсiнiктеменiң құрастыруы бойынша келесi жаднаманы қолданыңыз: мақсаттық тағайындауды оқырман тағайындауы, түрлері мен тағы басқа ерекшелiктерi, түсiнiктеме құжаттың қысқаша мiнездемесi болып табылады (кітаптың мақаланың) мазмұндық түрғыдан алғанда.

Негізгі әдебиеттер: 11,12,13,14,15.

Қосымша әдебиеттер: 32,41,42.


    1. Лабороториялық сабақтары жоспары – оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған.


2.5 Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өтетін өздік жұмыстарының жоспары.
Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өтетін өздік жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмаларды орындау барысында психологиялық терминдер сөздiгiн, психологиялық әдебиеттерді қолдан.

Баяндаманың көлемі А4 форматында теріліп 10-12 беттен тұруы қажет (титульдік бет пен қолданылған әдебиеттер тізімін қоса есептегенде). Баяндама құрылымы: титульдік бет,жоспар,кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі. Әдебиеттердің минимальды саны – 7.

СОӨЖ тақырыбы №1: Өзін-өзі тану сатылары. Өзін-өзі тану мәні.

Тапсырма:

  1. «Тұлғаның өзін-өзі дамытуына дайындығы» орындаңыз және нәтижелерін өңде:

  2. Пікірге келіссеңіз «+» белгісімен; келіспесеңіз «-» белгісімен белгілеңіз.

  3. Принципін қайта өту: «Әлеуметтік педагог өзін жақсы білуі қажет».

  4. 2.6.1 бөлімнің 1-ші және 2-ші тақырыптарына баяндама дайында.

СОӨЖ өткізілу түрі: жеке,топтық жұмыс, кеңес беру.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1 және 2 тапсырмаларды орындау барысында өзіңізге шынайы және обьективті қатынаста болыңыз. Өзін-өзі зерттеу сізге өзіңіздегі ішкі Мен ді тануға мүмкіндік береді.


3 тапсырманы орындау барысында философиялық және психологиялық әдебиеттерге шолу жасаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер: 1, 2, 3,4,6,9,13,15,20, 22, 23, 37,38,3
СОӨЖ тақырыбы №2 Менің ішкі әлемім. Өзін-өзі тану адамның өзіндік санасының құрылымдық компоненті ретінде.

Тапсырма:

  1. Психологиялық терминдер сөздiгiн толықтыру (семинардың тақырыбы бойынша) және келешек әлеуметтiк педагог және өзін-өзі тану мұғалiмiнiң портфолиосын жаңа материалдармен толықтыру

  2. «Мен және менің әлеммен қатынасым» схемасын жасау (шығармашылық тапсырма).

  3. Семинарға дайындық әдебиеттері тізімінде көрcетiлген кiтаптардың бiреуiне қысқаша түсiнiктеме құрау

  4. Жаттығуды орындаңыз «Өзін-өзі ұсыну немесе Мен кіммін», СӨЖ №1 арналған тапсырма арқылы.

СОӨЖ өткізілу түрі: жеке жұмыс.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

4-ші тапсырманы орындау барысында, СӨЖ №1 арналған тапсырмада (Т. Йоуменсу) тестік жаттығуды орындау арқылы жүзеге асырылады

Ұсынылған әдебиеттер:1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12,13,15,22,23.

СОӨЖ тақырыбы №3: Мен және өзгелер. Өзін-өзі тану процесс ретінде: мақсаты, себептері, әдістері, нәтижелері.

Тапсырма:

  1. Тапсырманы орындаңыз: «Өзін тану деген не?» атты өзін-өзі тануға қабiлеттiлiктiң зерттеуi сұрақтары арқылы (А. И. Красило бойынша).

  2. «Дж. Локктың «адам туғанында таза тақтай секілді, ал онда уақыт әртүрлі жазбалар жаза алады» деген пікірімен Сіз келісесіз бе»? тақырыбында дисскуссия өткізуге дайндалыңдар.

  3. И.С Конның «Өзін өзі іздену» кітабынан «Өзіндік сана психологиясы» бөлімін конспектілеңіз.


СОӨЖ өткізілу түрі: жеке және топтық жұмыс.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

2 тапсырманы орындау үшін педагогика және психология тарихы бойынша ғылыми әдебиеттерді қолданыңыз.Есіңізге түсіріңіз, ағылшын философы, педагог Дж.Локк– психологияның ішкі тәжірибе жөніндегі ғылым, баланың туа біткен қабілеттері болмайтындығын түсіндіретін эмпирикалық психология,теориясын дамытушылардың бірі.

3 тапсырманы орындау үшін № 9 әдебиетті қолданыңыз (.97- 106 беттер).

Ұсынылған әдебиеттер:2,8,9,12,13, 15,16, 20, 23, 33,36,37,39.
СОӨЖ тақырыбы № 4: Менің жақын шеңберім. Теңестіру және рефлексия өзін-өзі тану механизмдері ретінде.

Тапсырма:

  1. «Өзін-өзі қабылдау шкаласы» схемасын толтыр.

  2. Э.Эриксонның «Теңестіру теориясы» мақаласын конспектіле.

  3. «Азаматтық теңестіру »тақырыбында реферат дайында.

СОӨЖ өткізілу түрі: жеке жұмыс, дөңгелек үстел, топтық жұмыс.

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші тапсырманы орындау барысында «Өзін-өзі қабылдау шкаласы» схемасын дәптерде толтырып талдау жаса.

2-ші тапсырманы орындау барысында №9 әдебиетті пайдалан.

Ұсынылған әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8-16,20,32,33,37,41,43.
СОӨЖ тақырыбы №5: Мен және қоғам. «МЕН» және жеке тұлғаның өмірлік сценарилары, өмірлік мағыналары.

Тапсырма:

  1. Өзін-өзі дамытудың жеке тенденцияларын өмірлікмәнді бағыттар ( Д.А.Леонтьев бойынша) тесті көмегі арқылы танып білу.

  2. Тапсырманы орында: әйгілі ғұлама ғалымдардың өмір, өмірдің мәні жайлы цитаталарын жаз.

  3. Психологиялық терминдер сөздiгiн толықтыру (семинардың тақырыбы бойынша). «локус контроля» сөзінің мағынасын жаз.

  4. Портфолиосын жаңа материалдармен толықтыру.

СОӨЖ өткізілу түрі: жеке және топтық жұмыс.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

1-ші тапсырмадағы тесті орындау үшін тест жауаптары кілтін қолдан.

2-ші тапсырманы орындау барысында философиялық, психологиялық әдебиеттерді қолдан.

Ұсынылған әдебиеттер: 1-9,11,12,13,14,15,16, 17,19,21,22.
СОӨЖ тақырыбы №6: Мен және әлем. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту негізінде тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі жетілдіруі.

Тапсырма:

  1. 2.6.1 бөлімнің көрсетілген тақырыптардың біріне баяндама дайында.

  2. Өзін-өзі тану контекстінде адамгершілік-рухани білімберу тақырыбы бойынша дөңгелек үстелде талдау жасауға дайындал.

  3. «Педагогика тарихындағы адамгершілік тәрбие» тақырыбнда сөзжұмбақ құрастыр:

  4. В.Ф.Ряховский бойынша «Қарым қатынастың жалпы деңгейі» тестісін өз курстастарыңа өткізіп оның нәтижелерін өңдеңдер.