Файл: Ф. К. Омарбекова, Т. В. Шумаева Мсіндеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 82

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің перспективалық жоспары





Ай атауы

Оқу қызметі- нің тақыры-

бы


Мақсаты мен міндеттері

Сағат саны

Қыр- гүйек

Ермексаз түйіртпегі

Мақсаты: ермексаз және оның қасиеті туралы түсінік беру.

Міндеттері: ермексазды алақан арасына салып, саусақтарымен ұсақтау тәсілдерін меңгерту. Заттардың ұқсастығын таба білулерін қалыптастыру, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, қолдарын дымқыл сүрткіштермен сүртуге баулу, сөйлеу тілін дамыту. Мүсіндеуге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

1

Қазан

Доптар

Мақсаты: ермексаз, мүсін, мүсіндеу әдістері туралы түсінік беру.

Міндеттері: ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгерту. Сөздік қорларын қалыптастыру. Сөйлеу тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

1

Қараша

Қуыршаққа арналған кәмпиттер

Мақсаты: ермексазды шымшып алуға және домалақ, жұмыр мүсін жасауға жаттықтыру.

Міндеттері:домалақтау, илеу жолдарымен мүсіндеу тәсілдерін үйрету. Қызығушылықтарын арттыру, қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа

тәрбиелеу.

1

Желтоқ- сан

Құймақ

Мақсаты: ермексаздың кесегін алақан арасына салып илеуге үйрету.

Міндеттері: тағамдар туралы білімдерін кеңейту. Ермексаздан әртүрлі пішіндер жасату арқылы баланың саусақ қимылын жетілдіру, қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, есте сақтауларын, сөйлеу тілін дамыту.

Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

1

Қаңтар

Әтешке арналған қоршау

Мақсаты: ермексазды домалақтап алып, алақанның ортасына салып сопақшалап есу арқылы қоршауға баған жасауға болатыны туралы түсінік беру.

Міндеттері: ойын арқылы мүсіндеу қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеу тілін жаттықтыру. Есте сақтауларын жаңғырту. Ойлауы мен зейінін

дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің

1








қозғалысын жетілдіру. Үй құстарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.




Ақпан



Сәуле саңырау- құлақ

жинауда

Мақсаты: сазбалшықтың құрамымен таныстыру.

Міндеттері: әртүрлі пішіндерді біріктіру арқылы саңырауқұлақтарды мүсіндеу, сазбалшықты домалақтап және сопақшалап илеуді үйрету, алақан арасына дөңгелекті салып тегістеу, балалардың сюжетті-ойын ойнау қабілетін дамыту; сөйлеу тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойын кейіпкерлеріне деген мейірімді қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

1

Наурыз

Қуыршаққа арналған

білезік

Мақсаты: әшекейлерді мүсіндеу түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:ермексазды алақан арасына және жазықтықта домалақтау арқылы домалақ және сопақ пішіндерді жасау, білезікті мүсіндеуді үйрету; бір-біріне мықтап басу арқылы ұштарын біріктіру. Заттың түсін, пішінін сезіну, көзмөлшерін, сөйлеу тілін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру; тақырып

бойынша сөздігін белсендіру. Ермексазбен жұмыс жасағанда ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

Сәуір

Иттің итаяғы

Мақсаты: балаларды ермексаздың кесектерін дұрыс пайдалана отырып, домалақтар жасауға үйрету.

Міндеттері: «Ит жеті қазынаның бірі» деген мақалдың мәнін түсіндіру. Шығармашылық, таным ой-қабілеттерін дамыту. Сөйлеу тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балалардың жануарларға деген қарым-қатынасын жақсарту және

жануарларға көмектесуге тәрбиелеу.

1

Мамыр

Ойыншық құламақ

Мақсаты: жеке бөліктерді бір-біріне бекітуді үйрету.

Міндеттері: баланың домалақ пішін жайлы танымын арттыру. Құламақтың денесінің ерекшелігімен таныстыру, кеудесі, басы және аяқ- қолдары домалақ пішіннен тұратынын түсіндіру. Сөйлеу тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

1




Барлығы




9 сағат


Ұйымдастырылған оқу қызметінің үлгі жоспарлары
1 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: шығармашылық, таным.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы: Ермексаз түйіртпегі.

Мақсаты: ермексаз және оның қасиеті туралы мағлұмат беру.

Міндеттері: ермексазды алақан арасына салып, саусақтарымен ұсақтау тәсілдерін меңгерту. Заттардың ұқсастығын таба білулерін қалыптастыру, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, қолдарын дымқыл сүрткіштермен сүртуге баулу, сөйлеу тілін дамыту. Мүсіндеуге деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


жасайды: ермексазды ұсақтайды, жасалынған заттарды атап, ұқсастығын табады;

түсінеді: ермексаздан әртүрлі заттарды мүсіндеуге болатынын;

қолданады: ермексазды алақанға салып, саусақтарымен ұсақтау дығдыларын.

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, әртүрлі түсте ермексаз түйіртпектері, педагогтің жасаған үлгілері: құламайтын қуыршақ, доп, бауырсақ, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал.

Сөздік жұмыс: жұмсақ.

ҰОҚ-нің барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ойын жағдайы. Педагог:

  • Біреу менің үстеліме ермексаз түйіртпегін әкеліп қойыпты. Мен хат жазып отырғанмын, ал ермексаз түйіртпегі болса өздігінен тыныш жатқан. Бөлмеде ешкім жоқ болатын. Кенеттен – біреудің ыңырсығанын естідім: «Мені босатшы, босатшы мені!»

  • Мен жан-жағыма қарадым, ешкім жоқ. «Шкафтың ішіне марғау кіріп алып, шыға алмай жатқан шығар»,– деп ойладым. Есігін ашып едім ешкім жоқ!

  • Қайтадан біреу ыңырсыды: «Мені босатшы, босатшы мені!»

  • Ыңырсыған ермексаз түйіртпегі екенін, сонда ғана түсіндім. Мен таңғалдым.

  • Мен сені қалай босатамын?

  • Қайдан?

  • Ал ол болса жауап берді:

  • Мен жәй ғана ермексаз түйіртпегі болғым келмейді. Мен қандай да бір зат бола аламын. Менен бір нәрсе жасашы. Мысалы: бауырсақ жасауға болады - сонда мен домалап, домалап өлең айтамын. Мүмкін құс жасайсың – сонда мен басқа құстарға ұшып барамын, олармен танысамын, өзіме ұя жасаймын.

Мен ермексаз түйіртпегінің өтінішін орындадым. Педагог оқу қызметі
алдында жасалынған үлгілерді балаларға көрсетеді: құламайтын қуыршақ, доп, бауырсақ.

  1. Негізгі кезең.


Педагог ермексаз түйіртпегін көрсетеді: бұл ермексаз түйіртпегі. Ол әр- түрлі түсте болады: қызыл, жасыл, сары. Ол жұмсақ, одан әдемі және қызықты мүсіндер жасауға болады.

Алдымен алақандарыңа салып, оны жұмсартып көріндер, оның қандай жұмсақ екенін сезініңдер.

Педагог ермексазды саусақтарымен қалай жұмсартуға, пішінін өзгерте отырып, әртүрлі бағытта сығымдауға болатынын көрсетеді.

Балаларға өздігінен ермексаз түйіртпегінен жұмыс жасауға мүмкіншілік береді.

Сөздік жұмыс: жұмсақ.